Салыстырмалы талдау



бет2/3
Дата14.11.2023
өлшемі56.87 Kb.
#483203
1   2   3
психология

Көшбасшылық (ағылшын тілінен lead – басқару, ал leadership – басқара алу қабілеті деген мағынаны білдіреді) – бұл адамдарды өз-өзін белгілі бір мәнерде ұстауына мәжбүр ету арқылы олардың мінез-қылықтарына әсер ету үшін басқарушының қолданатын құралы. Көшбасшы (ағылшынша leader – басқарушы деген мағына білдіреді) – бұл басқа адамдарды, олардың алғашқы ниеті қандай болғанына қарамастан, өзі қалаған нәрсені жасауға көндіре алатын адам болып табылады, сонымен қатар топтағы адамдардың қасиеттері мен қабілеттерін қолдана отырып, оларды көшбасшы мақсатын іске асыруға бағыттай алады. Көшбасшылықты әдетте ақыл, сауаттылық деңгейі, сенімділік пенәлеуметтік қатысу, әлеуметтік-экономикалық статус түсініктерімен байланыстырады.Көшбасшы мен Басшы деген ұғымдардың мағынасы ажырата білу керек. 
Көшбасшы адамдарды жандандырады, мақсатқа жетуде болашақты көру қасиеті арқылы адамдарды ортақ мақсатқа бағыттайды.
Лидер— басшы, жетекші. Топта, ұжымда әдетте жетекшілік міндетін өзіне алатын бір адам болады. Әлеуметтік психологияда мұндай адамды "лидер" деп атайды. Лидер топты ұйымдастыруға және басшылық етуге сайланады не ұсынылады. Лидер әдетте топтың іс-әрекеті жайлы, оның құрамы мен мүмкіндіктері жайлы мейлінше хабардар болады. Ол топ мүшелерімен қатынаста өзін еркін, сенімді ұстайды. Психологиядағы зерттеулерде лидердің мынандай қатынаста қызмет аткаратындығы айқындалған:
*ол топ алға қойған мақсатқа жетудің жолдары мен құралдарын жоспарлайды;
*топ мүшелері арасында атқарылатын іске жауапты адамдарды белгілейді;
*егер топтың алдына маңызды іскерлік мүдде қойылған болса және бұл топ өндірістік еңбек ұжымы болса, белгілі бір топтық шырай орнатады; *топ мүшелерінің әлеуметтік белсенділігін дамытады.



Көшбасшылық пен жетекшіліктің негізгі ерекшеліктерін келесідей түрде көрсетуге болады:
-Жетекші топтағы тұлғааралық қарым-қатынасты реттеп отырады,басшы топтың ресми қарым-қатынасын реттеп отырады.
-Жетекшілікті микроорта жағдайында белгілеуге болады,ал басшылық макроорта элементі.
-Басшының шешім қабылдау процесі күрделі әрі топтың қатысуынсыз жүзеге асырыла береді,ал жетекшінің шешім қабылдауы шартты түрде топпен бірге жүреді.
-Жетекшінің іс-әрекет аумағы негізінен шағын топтар, басшының іс-әрекет аумағы әлдеқайда кең әлеуметтік жүйе.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет