Салпаң да салпаң жортармын



Дата26.06.2023
өлшемі14.36 Kb.
#475396
Атадан балаға


Атадан балаға, жыраудан жыршыға көшіп, ертелі-кештң қағаз бетіне түсіп, негізгілері ғана сақталған XV-XVIII ғасырлардағы қазақ поэзиясы оны туғызған жыраулар мен ақындардың талантдарынын әйгілеп, олар өмір сүрген алыс заманалар сырын шертетін көркем шежіре. Жыраулар мен ақындар халық тілі қазынасынан мол сусындап, оны бейнелі де өрнекті, отты да өткір, мағыналы да қанатты түрлерін өз шығармаларында мол пайдалана білген өздері де халықтың сөз қазынасына елеулі үлестер қосқан. XV-XVIII ғасырларда өмір сүрген жыраулар мен ақындардың көпшілігінің эпостық жырларды тудыруға қатысты болған және сол жырлардан өнеге алған, сондықтан да ақын жыраулар толғауларының композияциялық құрылысында эпос әсері айқын аңғарылады. Жыраулар поэзиясының композициялық құрылысындағы бір ерекшеліек жыр жолдарындағы сөздердің не басқа буындарының қайталанып келуі. Ақтамберді толғауларында бұл ерекшелік жиі байқалады Мысалы: “Жел, жел есер жел есер” , “Бұлан,бұлан ,бұлан сан” . Ақын-жыраулар поэзиясындағы тағы бір ерекшелік көзге түсетін мала-архааизмдер. Бұл көненің өылшындай өткен дәуірдің өзіндік сырын аңғартатын шұрайлы да образды сөздер.

Ақтамберді жырау өмір құбылысын т.б суреттеуде бейнелі де бедерлі, қуатты да құнарлы, мағыналы да мінді, щтты да ойлы сөздерді мол қолданған. Жырау мұрасынан ажарлап яки құбылтып, құлпыртып қолданған көркемдік тәсілдерді көптеп кездестіреміз. Құбылту түрлерін тамаша пайдаланған, солардың бірі -ауыстыру (метафора.)


Салпаң да салпаң жортармын,


Сары азбанға қосымды артармын.
Торлаусыз өскен құланмын,
Мезгілсіз жусап өрермін.
Байраққа біткен құрақпын,
Саусағым жерге түсірмен.
Жапанға біткен терекпін,
Еңсемнен жел соқса да теңселмен.
Қарағайға қарсы біткен бұтақпын,
Балталасаң да айрылман.

Сыртым құрыш, жүзім болат,


Тасқа да салсаң, майрылман!
Осы толғауындағы бастапқы екі жолдан басқасы түгелдей метафораға құрылған. Сөзді құбылту арқылы ой образын үстемелей, өсіре келе огың әсеріне күшейтетін күрделі метафоралар жыраудың өз бейнесін кереметтей тамаша шығарған. Ақтамберді жырауда ажарлау мен құбылту ғана емес, айшықтау тәсілдерінің де үлгілерін кездестіреміз.
Қорытындылай келе Ақтамберді жыраудың толғаулары мен жырларпы өзінің өзектілігі мен тәрбиелік мәнін мәңгілік жоғалтпайды. Өткені оның тілінде сөйлейтңн ұрпақ бар, халқы бар, ұлтты бар жерде баба-жырау жырлары біздің төріміздің сөресінен, санамыздың саңлауынан, жадымызда мәңгі сақталады.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет