Жыраулар поэзиясындағы басты бейне



Pdf көрінісі
Дата19.05.2022
өлшемі239.31 Kb.
#457480
E.K.-5-oktyabrya-2013



5.10.2013 
Жыраулар поэзиясындағы басты бейне
 
Алаш жұртының тілегін ту ғып кӛтерген, намыс қып қайраған, қысылғанда қай 
қазақ болмасын есімін медет кӛрген, XVIII ғасырда жоңғар езгісінде жұтылуға 
шақ қалғанда азаттық туын кӛтерген хан Абылайдың есімі елдің жүрегіне ала 
бӛтен жақын. Оның батылдығы, қарағайға қарсы біткен бұтақтай қайсарлығы, 
даналығы, сергек те сезімтал кӛрегендігі туралы ел арасына кең тараған ғажайып 
аңыз-әңгімелер, шытырман хикаялар, тамаша жыр-дастандар аз емес. 
«...Ӛзге ел ӛкілдеріне қазақ хандары ішінен неғұрлым әйгілісі де, халық әде-
биетінде кӛркем бейнесі жарқын мадақталғаны да Абылай екені кәміл... Ол 
жӛніндегі кӛне сӛздердің кӛптігі соншалық Абылайнама деп атарлық мол 
туындылар шоғыры жасалған. Орыс халқының тарихында былина – жырлардың 
ең кӛбі ертедегі «күн дидарлы князь» Владимир дәуіріне арналған десек, қазақтың 
тарихи-этикалық ӛлең-жырларының аса кӛрнекті бӛлігі де Абылай және оның 
айналасындағы батырларға, билерге, шешендерге бағышталған...» деп, жазды 
белгілі әдебиет зерттеушісі, профессор Рахманқұл Бердібаев (Абылай хан. 
Алматы. «Жазушы» 1993, 4-бет). 
Тәтіғара жыраудың «Кебеже қарын, кең құрсақ» деп басталатын жырында Цинь 
империясы мен Абылай жасақтары арасында болған шабуыл сипатталады. 
«Кебеже қарын, кең құрсақ 
Артық туған Абылай 
Кӛтере кӛр бұл істі: 


Кӛп қытайдың жылқысы, 
Тұрымтайдай құнысты, 
Жау жағадан алғанда, 
Ит етектен алғанда, 
Ер Абылай қорыққан жоқ, 
Әшейін еңкейе бере жылысты. 
Бәсентиін Олжабай, 
Оны да мен ер кӛрдім, 
Оқ жіберіп ұрысты». 
Абылай бастаған қазақ әскерлері сан жағынан күші басым қытай-мәнжүр 
әскерлерімен табан тіреп ұрыс сала алмай, шегіне соғысады. Сарбаздардың еңсесі 
түскенін кӛрген Тәтіғара жырау олардың жауынгерлік рухын кӛтеріп, намысын 
қайрау үшін, осы жырды табан астында суырып салып, жырлаған. 
Бұл жырды кезінде қазақ ғалымы Шоқан Уәлиханов орыс тіліне қара сӛзбен 
аударған. 
Жырдағы оқиға 1756 жылы болған. «Дана әмірші, кӛреген дипломат Абылай 
шығыстан шыққан жаңа жұрттың топан суындай қауіпті екенін бірден таниды, 
оны тоқтату үшін қажыр-қайратпен қоса, ақыл-парасат, әдіс-айла керегін, бірер 
күндік емес, ұзақ заманға есептелген жүйелі саясат қажетін жақсы біледі. 
Сондықтан да Жоңғариядағы Цинь басқыншылығына қарсы күреске дем береді. 
Қазақ ордасының әскери күшін топтап, жанкешті ұрысқа әзірленеді. Ақыры, 1756 
жылы жазда Мәнжу-Цинь әскері Хадаха және Дардана дейтін қолбасыларының 
басшылығымен оңтүстік және терістік тараптан, екі лек болып, қазақ даласына 
қарай қаптай тӛгілгенде, Абылай үш алаштан құралған қалың қолды бастап, 
қарсы шығады. 
1756 -1757 жылдардағы қазақ-қытай соғысының тарихы әлі жазылған жоқ. Бұл 
біздің қаһарман халқымыздың ерлік шежіресіндегі ӛзгеше бір тарау. Соңғы кезде 
табылған нақты тарихи құжаттарға қарағанда, жаз бойғы қантӛгіс – алма-кезек 
шабуыл, итжығыс күрес үстінде ӛтеді. Қазақтармен бірге Әмірсана бастаған 
қалмақ шерігі де қайтпай соғысады. 
Абылай басшылық еткен алаш әскері әуелі Жетісуда Қалмақ-Толағай тауының 
етегінде, одан соң Аягӛз бойында Цинь әскерлеріне ауыр соққылар береді. 
(Мұхтар Мағауин. Қазақ тарихының әліппесі. Алматы «Қазақстан» 1995, 117-б). 
Үмбетей жыраудың Бӛгенбайға қатысты екі ұзақ жыры сақталған. Мұның 
біріншісі – Бӛгенбайды жоқтау да, екіншісі – Бӛгенбай ӛлімін Абылай ханға 
естірту. Жоқтау жырында: 
«Қолтығы ала бұғының 
Пәйкесіндей Бӛгенбай, 


Жалаң қия жерлерден 
Жазбай түсіп түлкі алған, 
Білегі жуан бүркіттің 
Тегеуріндей Бӛгенбай», – деп, батырды азалайды, кӛзінің жасын кӛл қылады, 
батырдың халқына жасаған жақсылықтарын айтып, мадақтайды. Екінші жыр 
естірту түрінде келеді. Үмбетей алдымен Абылай ӛмірін, халық басындағы ауыр 
жайларды толғап, одан соң қуанышты күндер, жеңісті жорықтар, батырлардың 
кӛрсеткен ерліктерін мадақтайды. Абылайдың ӛз басының ерліктері 
санамаланады. 
«Жиырма жасың толғанда, 
Қалмақпен соғыс болғанда 
Алғашқы бақты тапқанда 
Шарыштың басын қаққанда, 
Қанжығаңа бас байлап, 
«Жау қашты», деп айғайлап, 
«Абылайлап шапқанда...». 
«Үмбетей шығармасы жырау кеңінен толғаған себепті әдепкі салт ӛлеңнің 
кӛлемінен шығып кеткен. Жырдан сол кезде болған тарихи оқиғалардың 
біразының елесін кӛреміз. Жырдың бас жағында Абылайдың жайы, оның 
«Сарыарқаны жерім деп, қалың қазақ елім деп» Үркеніштен келгендігі, 
алғашында Тӛле бидің түйесін бағып жүргендігі, ер жетіп бұғанасы қатқан соң, 
ойраттармен күрес дәуірінде кӛзге түскендігі айтылады. 
...Сол сияқты, Абылайдың Ташкентте қалмақ тұтқынында болуының жайы сӛз 
етіледі. Қазақтардың сырт жауларға қарсы жасалған сәтті жорықтарының кейбірі 
еске алынады. Сол замандағы дұшпанды мұқатқан қаракерей Қабанбай
қанжығалы Бӛгенбай, Сары, Баян, Сағымбай сияқты батырлардың ерлігі 
мадақталады. Мұның бәрі бізге ел жадында сақталған тарихи әңгімелер мен 
поэмалардан да белгілі. 
Осыларға қарағанда, Үмбетейдің Абылай және XVIII ғасыр батырлары жайын-
дағы жырларды туғызушылардың бірі болғандығы кӛрінеді» (Мұхтар Мағауин. 
Ғасырлар бедері. А., 1991, 79-80-б.б). 
1760 жылдардың аяғында Орта жүз бен Ұлы жүздің батыс бӛлігінің Абылайдың 
қол астына қарауына орай оның ықпалы бұрынғыдан да гӛрі арта түседі. Мұнан 
кейін ол 1770 жылы қалың қол жиып Талас пен Шу бойының қырғыздарын 
тәуелді етеді. Аманатқа адамдарын алады. Қазақ ханы қырғыздардың қайта кү-
шейіп кетуінен қауіптеніп, олардың бірсыпырасын Орта жүз қоныстанған Қазақ-
станның солтүстігіне апарып қоныстандырады. 


Үмбетей жырлауындағы қырғыздар мен қазақтар арасындағы екі айқас – Барақ 
қолының жеңілісі мен Абылай жасақтаған кӛп әскердің 1770 жылғы жеңісі жайлы 
екендігі күмәнсіз. Ал, жалпы сол кезең оқиғасы ауыз әдебиетінде біраз із 
қалдырған. (Валиханов.Ч.Ч. Собрание сочинений в пяти томах. Т. 1. Алма - Ата, 
1961. С. 172-180; Казахский фольклор в собрании Г.Н.Потанина. Алма - Ата: 
Наука, 1972. С. 263-264). 
Абылай хан бейнесін ӛз туындыларына ӛзек еткен кӛптеген ақын, жыршы, 
жыраулардың бастауында тұрған Бұқар жыраудың жыр-толғауларының орны 
ерекше екендігін айтқымыз келеді. Абылай ханға арналған Бұқар жырау 
жырларының тамаша да әсерлі кӛркемдік құндылықтарын әңгіме етпеген күннің 
ӛзінде ӛз дәуірінің, заманының тарихи шындығының тамырына бойлаған 
реалистік қуатты терең бояулар Бұқар жырау жырларының құжаттық мәнін 
айрықша кӛтеріп тұр. Кӛп жағдайларда біздің тарихшы зерттеушілеріміз XVIII 
ғасыр тарихына қатысты зерттеулерде ӛзге ел саяхатшы, зерттеушілерінің жазба 
деректеріне сүйеніп келгені шындық. Соңғы он жылдықтың кӛлемінде ғана 
тарихшы мамандарымыз Бұқар жырау дастандарының тарихи негіздеріне кӛңіл 
аудара бастады. 
Үнді тарихын ағылшындардың кӛзімен емес, үнділердің кӛзімен қайта жазу керек 
– деген Джавахарлал Нерудің ұлағатты сӛздерін еске алсақ, бізге де ӛз тӛл 
тарихымызды, сол тарихтың куәгері боларлық, қайнар бастауларға, сол дәуірдің 
тірі айғақтары ақын-жыраулар мұраларына ғылыми зердемен кӛз жүгіртіп, 
саралап-ӛлшейтін мезгіл жеткен сияқты. Осы тұрғыдан келгенде Абылай ханның 
жарқын тұлғасын бар қайшылықты болмысын, ол ӛмір сүрген заманның 
алмағайып тынысын жан-жақты кӛркем бедерлей алған Бұқар жырау 
мұраларының тарихилық сипаты ғылыми тұрғыдан келгенде бүгінгі күндері 
ӛлшеусіз ӛсе түсетіні даусыз. 
Әсіресе, бір орталыққа бағынатын күшті қазақ хандығын құру идеясы жолында 
табанды мемлекет қайраткері бола білген Абылай ханның шынайы тарихи 
болмысын, оның адами ішкі жан дүниесін, пендешілік осал жақтары мен туған 
халқының болашағы үшін қайтпайтын қайсар рухын диалектикалық тұрғыда 
таразылауда Бұқар сӛздерінің мәні ерекше. 
Бұқар жыр-дастандарына ең алғаш ғылыми мән берген Шоқан Уәлиханов 
болатын. Бертін кездегі ғылыми еңбектерде мұндай жағдай мүлде аз не болмаса 
кездеспейді. Кӛп жағдайда Бұқар жырау мұраларының тарихи қатпарларына қазақ 
әдебиетінің тарихын зерттеуші әдебиетші ғалымдар ғана кӛңіл бӛліп келді. 
Тәуелсіздік алған жылдардан бастап, академик Манаш Қозыбаев бастаған 
тарихшы ғалымдар Бұқар жырау жырларындағы тарихи шындық қатпарларына 
ғылыми зердемен үңіле бастады. Бұл үрдіс болашақта да жалғаса беруге тиіс. 
Бұқар жырларынан кӛптеген тарихи оқиғалардың ізін кӛруге болады. Жоңғар 
мемлекетін жойғаннан кейін Цинь империясы ендігі шекарасын қазақ жеріне 
сұғына кіріп кеңейтпекші болады. Осы мақсатта Цинь императоры Чжао Хой мен 
Фу Де генералдар басқарған 90 мың әскер қытай шеріктері қазақ жеріне 
жылжыған. Мұндай шабуылдар жиілеп басқыншылық саясат толастамайды. Осы 


кезде Абылай хан Бӛгенбай батырды бас етіп, Қытай әскеріне қарсы шабуылға 
шығады. Бӛгенбайдың қолы Цинь әскерін талқандап Тұрфанға дейін ығыстырады. 
Осы тарихи оқиғаны Бұқар: 
Сүйеуге арқа жарайды, 
Мынау кӛрші орысың. 
Сәтсіздеу боп тынып тұр, 
Боғдыханмен соғысың. 
Тұрфанды шапты Бӛгенбай, 
Жаратамын сол ісін. 
Батыр аңғырт десек те, 
Кӛрсеткендей ел күшін, – деп сүйсіне жырлайды. 
Тарихи оқиғаларды негіз еткен, Абылайдың жеке басын дәріптеген Бұқардың 
«Күпшек санды күреңді», «Қалданменен ұрысып», «Басыңа біткен күніңіз» атты 
үш жыры бар. Бұл тарихи жырлар 1771 жылы Алтайға қоныс аударған Еділ бойы 
қалмақтарына қатысты «Шаңды жорық» оқиғасына байланысты шығарылған. 
Бұқар жырау бұл жайлы Абылайға қаратып айтатын үш шығармасында да сӛз 
етеді. Мысалы: 
Қырық сан қара қалмақты, 
Жарлығына қаратқан... 
Лабашы деген бір елді 
Антыменен улатқан. 
Ераншы мен Серенді, 
Тозғындатып шулатқан... 
Жасыл кӛлге мәслихатқа келтіріп, – дейтін жолдардың басқа жұрт емес, Еділ 
қалмақтары жайлы сыр шертетіні хақ. Енді осы жолдардың астарына үңіліп 
кӛрейік. 
Ресей мемлекеті XVIII ғасырдың алғашқы жартысында Еділ бойында отарлау 
саясатын жүзеге асыра бастады. Патша үкіметінің тек орыс дворяндарының ғана 
емес, кӛпестердің де мүддесін кӛздеген бұл қадамы қалмақтарға қолайлы тимейді. 
1731-1732 жылдары Дон казактарының мыңнан астам отбасы Еділ мен Илі 
(Иловлей) ӛзендерінің аралығына кеп қоныстанады. (Очерки истории Калмыцкой 
АССР. Дооктябрьский период. М., Наука, 1967. С. 196). Кӛп ұзамай Жайық 
бойында да казак станицалары бой кӛтеріп, қалмақтар қоныстанған ӛлкенің 
солтүстігіне немістер келіп орнықты. Мұның ӛзі қалмақ феодалдарының 
қоныстарын біраз тарылтады. Соған тӛзім ете алмаған торғауыт ханы Убаши 1766 
жылдары Астрахань губернаторы Н.А.Бекетовке кеп осы жайды екі дүркін 
мәлімдеп, шағым етеді. Осыдан кейін патша ӛкіметі даулы аудандарды картаға 


түсіріп, қалмақтар қонысының шекарасын межелеуге бекінеді (Пальмов. Н.Н. 
Этюды по истории приволжских калмыков. Ч. V. Астрахань. 1932. С. 3-4). Бұл 
шаралар, бірақ, тездетіп жүзеге аса қоймайды. Сӛйтіп, Еділ қалмақтары 1771 
жылдың 5 қаңтарында Алтайға қарай бет түзейді (Очерки истории Калмыцкой 
АССР. Дооктябрьский период. М., Наука, 1967. С. 200-202). Мұны кӛрген орыс 
мемлекеті оларды кері қайтару үшін Орск бекінісінен генерал-майор Трауренберг 
бастаған әскер шығарады. Бұл әскер Нұралы, Қайып, Есім, Пірәлі, т.б. қазақ 
билеушілерінің сарбаздарымен кей тұста біріге отырып, кей жерде ӛз беттерімен 
қашқандардың соңынан біраз жерге дейін қуып барып, кері оралады (Рычков.Н. 
Дневные записи путешествия капитана Н.Рычкова в киргиз-кайсацкой степи в 
1771 году. СПб, 1772. С. 319.). Қашқан халық кері қайтпағанмен сол жолда ата 
жауларының қарсылығына кезігіп кӛп шығынға ұшырайды. Әсіресе, қалмақтар 
үшін қиын тиген кез – олардың Мойынты ӛзеніне жеткен мезгілінде болған 
сияқты. Ӛйткені, осы жерде Убаши жұртын Абылай, Нұралы, Орыс, Әділ қолы 
қоршауға алады. Жоңғарияға барар жол кесіледі. Амалы құрыған торғауыт ханы 
Абылайға елшілер жіберіп, бодандық сұрайды. Ӛз қолындағы бір мыңнан астам 
тұтқындарды қайтаратындығын мәлімдеп, кӛшіп-қонып жүру үшін қоныс 
сұрайды. Осының нәтижесінде екі жақ келісімге кеп, қалмақтарға тұтқындарды 
қайтару үшін үш күндік мұрсат беріледі. Бірақ, қалмақтар үшінші күннің түнінде 
күтпеген жерден қазақтарға тап береді де, қарсыластарын біраз қаймықтырып 
алып, Балқаштың батыс бетімен ілгері қарай бет түзейді. Әйтсе де олар сол жолы 
орасан кӛп адамдары мен малдарынан айырылады. (Очерки историй Калмыцкой 
АССР. Дооктябрьский период. М., Наука, 1967. С. 217-218). 
Демек, Бұқар жырау бұл жерде «Жарлығына қаратқан... Антыменен улатқан» 
деген сӛздер арқылы тарихи фактіні дәл кӛрсетіп отыр. Бір қарағанда торғауытты 
тізе бүктіріп, әмірін жүргізген билеуші деген сӛз артықтау сияқты кӛрінгенмен 
түптеп келгенде оның жоғарыдағыдай тарихи негізі бар. Ал, жыраудың «қырық 
сан қара қалмақ» деген мәліметіне, яки сол жолы Еділден Алтайға қоныс аударған 
Убаши жұртының санына келсек, бұның ӛзінің осы мәселеге қалам тартқан 
авторларда әрқилы кӛрсетіліп жүргенін айта кеткен жӛн. Мәселен, Н.Рычков пен 
А.Макшеев оларды отыз мың үй, яки жүз жиырма мыңдай адам еді деп жазады. 
(Рычков.Н. Дневные записи путешествия капитана Н.Рычкова в киргиз-кайсацкой 
степи в 1771 году. СПб, 1772. С. 55; Макшеев.А. Исторический обзор Туркестана 
и наступательного движения в него русских. СПб. 1890. С. 107.) Ал, Иакинф 
Бичурин сол кездегі Убаши ханның қарамағында 580 мың түтін бар еді. Белгілі 
шеруде олардың үш жүз мыңдайы опат болып, екі жүз сексен мыңдай адамы ғана 
Алтайға жетті. Малының үштен екісі жолда қырылды деп кӛрсетеді (Иакинф. 
Описание Чжунгарии и Восточного Туркестана в древнем и нынешнем состоянии. 
СПб, 1829. С. 186-189, 192-193.) 
Яғни, бұл соңғы мәлімет Бұқар жыраудағы «Қырық сан» тіркесін, яки тӛрт жүз 
мыңдық адамды бес жүз сексен мыңға жеткізіп, кӛтеріңкіреп кӛрсетеді. 
Соған қарағанда жырау бұл туралы да бір шамадан соққан деп есептеуге болады. 
Әрине, Бұқар Абылай қасындағы адам болғанмен оның қолында торғауыттардың 


дәл саны болмағаны анық. Жыраудың сол сӛзді тұтқынға түскен қалмақтардың 
ӛздері жайлы берген мәліметтері арқылы ғана айтуы мүмкін. Әйтпесе, қазақтың 
ауызекі сӛзінде кӛп айтылатын қырық сан сӛзін жырау мұқаған жауының санын 
біраз ӛсіріңкіреп кӛрсету үшін пайдалануы да ғажап емес. 
Осы 1771 жылғы «шаңды жорықта» Абылайдың кӛптеген батырлары ерлік 
кӛрсетіп, жаудың құтын қашырғандығы айтылады. Жырау олардың есімдерін 
былайша тізбелейді: 
Қалданменен ұрысып, 
Жеті күндей тұрысып, 
Сондағы жолдас адамдар: 
Қаракерей Қабанбай, 
Қанжығалы Бӛгенбай, 
Шақшақұлы Жәнібек, 
Сіргелі қара Тілеуке, 
Қарақалпақ Қылышбек, 
Текеден шыққан Сатай, Бӛлек, 
Шапырашты Наурызбай, 
Қаумен, Дәлет, Жәпек батыр қасында, 
Бақ дәулеті басында. 
Сеңкібай мен Шойбек бар, 
Таңсық Қожа, Мәмбет бар, 
Қасқараудан Молдабай, 
Қатардан жақсы қалдырмай, 
Есенқұл батыр ішінде, 
Дукей батыр жиылып, 
Абылай салды жарлықты. 
Абылайды ақсүйектері мен батырларына барлық олжаны үлестіруші қылып 
кӛрсетеді. Сонымен бірге, осы жолғы дүние-мүлік бӛлісуде Абылайдың ӛзіне 
енші боп тиген қалмақ қызынан Қасым туғандығын хабарлайды. Абылайдың сол 
ұлына құтты болсын айта барғандар атынан Бұқар жырау, сондағы қанды 
жорықты, ондағы Абылай қасында болған Қабанбай, Бӛгенбай, Жәнібек, Тілеуке, 
Қылышбек, Сатай, Бӛлек, Наурызбай, Қаумен, Дәлет, Жәпек, Сеңкібай, Шойбек, 
Таңсық, Қожа, Мәмбет, Молдабай, Есенқұл батырлардың есімдерін атай келіп, 
Қасымның шешесінің сонда қолға түскен тұтқын қыз «бӛліске түскен олжаның» 
ең негізгісі, басы екенін аңғартады. Одан әрі жырау: 


– Басыңа біткен күніңіз, 
Құтты болсын ұлыңыз, 
Хан Абылай атандың, 
Дүниеден шықпай мініңіз. 
Алтын тақтың үстінде, 
Үш жүздің басын құрадың. 
Жетім менен жесірге, 
Ешбір жаман қылмадың. 
Әділетпен жүрдіңіз, 
Әдепті еске кірдіңіз. 
Арманың бар ма, хан ием? 
Мәртебелі тӛбеге, 
Жауыңды алып жайладың, 
Жеті күн кіріп ұрысқа, 
Ӛлімге басты байладың. 
Айтар сӛзім осы - дүр, 
Ақылың бар хан едің, 
Мұның түбін ойлағын, – деп, міне, енді сол перзентіңіздің бауы берік болсын, сол 
жолы «жеті күн кіріп ұрысқа» жауыңның жанын жаһаннамға кетірген сенің 
«арманың бар ма хан ием?» – дейді. 
Бұқар жыраудың Абылайға айтқан ӛсиет сӛздерінің ең үлкені ел бірлігі. 
Қазақтардың жер бетінен жоғалып кетпей іргелі ел болуы үшін, дұшпандары 
ығатындай айбарлы күш болуы үшін де мемлекеттік саясаттың ең бастысы, 
маңыздысы елдің «алтыбақан алауыз» болмай, «іштей ірімей» тұтаса ұйысуы 
үшін де ел бірлігінің қажет екенін үнемі жырлаудан әсте тынбаған. 
Кіші қара қалмақ бүлерде 
Бозылардың билігі, 
Бұлт бұрқан болысты, 
Уағыдадан жылысты, 
Буыршындай тіздесті, 
Жамандықты іздесті 
Бірін-бірі күндесті. 
Жаулаған ханын қара оңбас, 


Хан қисайса бәрі оңбас
Ханын қалмақ жаулаған 
Сүйткен қалмақ оңбаған. 
Жырау ойрат жұртының бүлінер, бұлғақ басталар тұсында олардың билігіне «бұлт 
бұрқанның» келгенін айтады. Бұл жоңғар билігіне Лама-Доржыны ӛлтіріп таққа 
отырған Даваци (Дабашы) мен Әмірсана екеуінің арасындағы билік үшін 
қырқыстың басталған кезі. Дабашы мен Әмірсана Сыбан Раптанның Тибет 
билеушісіне ұзатылған қызынан туған жиендері, Тибет ханзадалары еді. Жоңғар 
дәстүрі бойынша жиендер де ұлдан туған хан тұқымдарымен бірдей таққа 
мұрагер бола беретін. Қалдан Сереннің бұл жиендері Тибет далай ламасының 
тәрбиесін кӛрген діни білім мен тәрбие алған, діни атақ, лауазымдарға ие 
болатын. Бұқардың айтып отырған «бұлт бұрқаны» осындай діни лауазым болар 
деп топшылаймыз. Себебі «бұрқан» сӛзі ежелгі түркі, қазақ тілдерінде «будда» 
ұғымын береді. Әр нәрседен білімі мол, кӛпті кӛрген Бұқар сӛзі осыны меңзесе 
керек. 
Даваци мен Әмірсананың билік үшін қырқысуы қалмақ жұртын тоз-тоз қылады. 
Бұл орайда жырау ойрат билеушілері Даваци мен Әмірсананың тақ үшін таласып, 
қарақан бастарының қамы үшін ел қамын, оның бірлігінің қажет екенін ұқпай 
ақыр соңында Цинь, манжур езушілерінің жеміне айналған жан шошырлық 
трагедиясын ханның да, халықтың да үнемі есіне салып отырады. 
Орта Азия хандарының ішінде ӛзінің дипломатиялық шеберлігімен, ақылды терең 
саясатымен Абылай хан ӛз тұстастарынан, ерекшелене кӛзге түседі. Ресей мен 
Қытай секілді екі алыптың арасында жұтылып кетпей, екеуінің де кӛңілін табатын 
ақылды саясат жүргізіп, халқының болашағын ойлау ӛте қиын іс еді. Орыстың 
зерттеуші ғалымы Левшин Абылай туралы: «Абылай тәжірибелі, ақыл-айласы 
жағынан болсын, сондай-ақ, ӛзінің Ресей патшалығымен, Қытайдың 
Боғдыханымен жүргізген тапқыр да, шебер қарым-қатынастары жағынан болсын 
ӛз тұстарындағылардың бәрінен де басым еді. Ол ұстамды, досына қайырымды, 
жауына қатал, қаһарлы кісі еді. Сондықтан жұртты ӛзіне тарта, ерте білетін еді», – 
деп мінездеме береді. (Левшин.А. Описание киргиз-кайсацких орд и степей. СПб, 
1832). 
Бұқар жырау да Абылайдың кемеңгер ел билеушісі ретіндегі қасиет - болмысын: 
Хан Абылай атандың, 
Дүниеден шықпай мініңіз. 
Алтын тақтың үстінде, 
Үш жүздің басын құрадың. 
Жетім менен жесірге, 
Ешбір жаман қылмадың. 
Әділетпен жүрдіңіз, 


Әдепті іске кірдіңіз – деп, жоғары бағалайды. 
Сӛз соңында айтарымыз XVIII ғасырдағы қазақ жыраулары ӛз шығармаларында, 
толғау-жырларында алаш жұртының қамы үшін ер Едігедей арпалысып ӛткен қа-
зақтың әулие ханы Абылайдың кейінгі ұрпақтың жадынан шықпас ӛшпес тұл-
ғасын, жарқын бейнесін мәңгі сомдап кетті. 
Сәбит ЖӘМБЕК, 
филология ғылымдарының 
кандидаты, доцент, 
Төлеген КАЖЫБАЙ, 
жазушы. 
Көкшетау. 


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет