Самашова Гульфарида Ергалиевна



бет3/3
Дата03.07.2016
өлшемі457.04 Kb.
#175342
түріДиссертация
1   2   3

Қорытынды

Барлық қоғамдық, өндірістік, және ғылыми қызметтің аясында ақпараттандырудың қазіргі кездегі жағдайы іс қағаздарын жүргізуде жаңа ақпараттық технологияны қолданумен байланысты. Осының барлығы студенттерді оқыту мазмұнының сапасына және деңгейіне деген талаптарға өз әсерін тигізді.

Біздің зерттеуімізде келесілер анықталды:

- заман талабына сай жоғары оқу орны түлегінің іс қағаздарын жүргізуде ақпараттық технологиялармен қарулану қажеттілігі негізделді;

- Қазақстан Республикасында іс қағаздарын жүргізудің даму тарихына шолу жасалды;

- іс қағаздарын жүргізуге оқытуда ақпараттық технологияларды пайдалану бойынша контент-талдау жасалды, сол талдау негізінде «Іс қағаздарын жүргізуге оқытудағы ақпараттық технологиялар» ұғымына авторлық анықтама ұсынылды;

- жасалған талдау негізінде пәндердің өзара байланысы (интеграциясы) анықталды, оның ақпараттық технологиялар арқылы іс қағаздарын жүргізуге оқытудағы мазмұны мен маңызы ашылды;

- пәндер интеграциясы негізінде арнайы курстарды жоғары дәрежеде меңгеру мақсатында пәндерге (Қазақстан тарихы, қазақ тілі және информатика) қосымшалар енгізілді;

- бірқатар мамандықтардың Білім беру стандарттарына және оқу жоспарларына талдау жасалды, сол талдау негізінде оқу жоспарларына айтарлықтай өзгерістер енгізу ұсынылды;

- Қазақстанның бірқатар аймақтарындағы, Қарағанды қаласындағы жоғары оқу орындарында оқытылатын «Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу» пәнінің мазмұнына талдау жасалды; ақпараттық технологиялар арқылы іс қағаздарын жүргізуге оқытудың педагогикалық шарттар жүйесі ұсынылды, мұнда пәндерге (Қазақстан тарихы, қазақ тілі, информатика) қосымша тақырыптар енгізілді; оқытушыларға арналған «Ақпараттық технологиялар арқылы іс қағаздарын жүргізуге оқытуды ұйымдастыру» атты арнайы семинар ұйымдастырылды; «Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу», «Құжаттарды өңдеу технологиясы» атты арнайы курстары енгізілді; ақпаратты-дидактикалық кешен («АВТОҚұжат-Сөздік» автоматты оқыту жүйесі (куәлік №2195, 26.04.2007), «Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу» пәні бойынша электронды оқулық (куәлік №2196, 26.04.2007), «Құжаттану циклы пәндері бойынша терминологиялық сөздік (орыс, қазақ тілдерінде)», «Іс қағаздарын жүргізу және құжаттану» атты оқу-әдістемелік құралы, «Құжаттарды өңдеу технологиясы» пәні бойынша электронды оқулық (куәлік №56, 01.03.2007), «Методические рекомендации к выполнению лабораторных работ по дисциплине «Технология обработки документов»», «Оқу-әдістемелік құжаттаманы рәсімдеу ережелері. Мәтіндік құжаттамаға арналған жалпы талаптар» атты фирмалық стандарт» (қазақ, орыс тілдерінде) жасалды және енгізілді; «Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу» пәні бойынша студенттер арасында университеттік деңгейде факультетаралық олимпиада өткізілді және ұйымдастырылды;

- ақпараттық технология негізінде студенттерді іс қағаздарын жүргізуге оқытудың нәтижесінің өлшемдер жүйесі жасалды;

- ақпараттық технологиялар арқылы іс қағаздарын жүргізуге оқытудың педагогикалық шарттарын анықтау және енгізу нормативті-әдістемелік құжаттар кешеніне қойылатын талаптарға сүйену, яғни жалпы білім беру стандарттары, біліктілік сипаттамасы, типтік оқу жоспарлары, типтік және жұмыс оқу бағдарламалары, сонымен қатар кәсіби іс-әрекеттің білімін, білігін және дағдысын қалыптастыру;

- ақпараттық технологиялар арқылы іс қағаздарын жүргізуге оқытудың педагогикалық шарттар жүйесі өзара байланысты құралдар және әдістер сияқты, ол оқу-тәрбие процесінің ұйымдастырылған, мақсатты түрде бағытталған педагогикалық құбылысы;

- ақпараттық технологиялар арқылы іс қағаздарын жүргізуге оқыту бойынша білім, білік және дағдылардың қазіргі жағдайын зерттеу бойынша жасалған ақпарттық технологиялар арқылы іс қағаздарын жүргізуге оқытудың педагогикалық шарттар жүйесі қажет екендігін көрсетті. Сол себептен, біздің ойымызша, ұсынылып отырған ақпараттық технологиялар арқылы іс қағаздарын жүргізуге оқытудың сапасы педагогикалық шарттар жүйесін енгізсек жоғары нәтижеге қол жеткізер едік;

- Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ-дің бірқатар мамандықтарында өткізілген айқындаушы эксперимент барысында студенттердің ақпараттық технологиялар арқылы іс қағаздарын жүргізуге оқыту деңгейлерінің жеткіліксіз екендігін анықтадық. Соған орай ақпараттық технологиялар арқылы іс қағаздарын жүргізуге оқытудың педагогикалық шарттар жүйесі енгізілді. Енгізу және пайдалану процесі теориялық және практикалық оқытудың өзара байланысында жүзеге асады;

- экспериментті жұмыста математикалық статистика әдістерін қолдана отырып, біз студенттердің ақпараттық технологиялар арқылы іс қағаздарын жүргізуге оқытудағы болып жатқан өзгерістерді анықтадық. Өзіміз көріп отырғандай, жоғары нәтиже біздің жасаған ақпараттық технологиялар арқылы студенттерді іс қағаздарын жүргізуге оқытудың педагогикалық шарттар жүйесін қолданғаннан кейін ғана қол жеткіздік. Қалыптастырушы эксперименттің нәтижелері жасалған технологиядан кейін ғана студенттердің ақпараттық технологиялар арқылы іс қағаздарын жүргізуге оқыту білімдерінің, біліктерінің және дағдыларының айтарлықтай жоғарлағанын көрсетті. Эксперименталды жұмыс қорытынысына қарай жоғары дәрежеге ие студенттердің саны мәнді жоғарлады, яғни бақылау тобымен салыстырғанда орташа есеппен алғанда 15,2%-ға тең болды. Осы нәтиже тәжірибелі жұмыстың шынайылығына негіз болды, ақпараттық технологиялар арқылы студенттерді іс қағаздарын жүргізуге оқытудаың педагогикалық шарттар жүйесін пайдалану кәсіби оқытуды жақсартуда енгізілуі мүмкін.

Ғылыми әдебиеттердің, нормативті дерекнамалардың және іс қағаздарын жүргізушілердің психологиялық-педагогикалық іс-әрекеттерін педагогикалық тұрғыда талдау, оларды кәсіби қызметке оқытудың нақты педагогикалық жолдарын ұсынуға негіз болды, сонымен қатар іс қағаздарын жүргізуге оқытуда білім, білік және дағдыларының қажеттілігін анықтауға мүмкіндік берді.

Зерттеу барысында алынған нәтижелер болашақ мамандарды кәсіби даярлау жүйесінде, сонымен қатар мұғалімдер біліктілігін арттыру және оларды қайта даярлау жүйесінде қолдануға болады.

Бұл мәселе келешекте іс қағаздарын жүргізуге оқытуда жаңа әдістерді және формаларды іздестіруде, ақпараттық технологиялар арқылы іс қағаздарын жүргізуге оқытуда, жоғары оқу орнында студенттерді мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізуге оқытуда әр қилы пәндік сала мазмұнының интеграциясында өз жалғасын табуы мүмкін.
Диссертацияның мазмұны мынадай басылымдарда жарияланды:
1 “Мемлекеттік тілде іс жүргізу” пәнін оқытудың кейбір мәселелері. Современные технологии обучения - основа профессиональной подготовки: Сборник научных трудов. - Караганда: Изд-во КарГУ, 2000. - Б.202-206.

2 К проблеме документа. Современные технологии обучения - основа профессиональной подготовки: Сборник научных трудов. - Караганда: Изд-во КарГУ, 2000. – С.155-160 (С.А.Муликовамен авторлық бірлестікте).

3 Қазақстан Республикасының заңдар жинағы мемлекеттік тілде іс жүргізуді ұйымдастыру аясында. Проблемы образования и науки в условиях разгосударствления экономики страны: Сборник материалов международной конференции. - Жезказган: ЖезУ им. О.А. Байканурова, 2001. – Б.85-91 (С.А.Муликовамен авторлық бірлестікте).

4 “Мемлекеттік тілде іс жүргізу” пәнін оқытудағы проблемалар. Современные проблемы образования и науки в начале века: Сборник материалов международной конференции. - Караганда: Изд-во КарГУ, 2001. – Б.447-450.

5 Құжаттарды мемлекеттік тілде компьютерде өңдеу мәселелері. Формирование профессиональной подготовки инженерно-педагогических кадров: Сборник научных трудов профессионально-художественного факультета КарГУ. - Караганда: Изд-во КарГУ, 2001. – Б.260-264.

6 ККСФ-нің барлық мамандықтарына арналған “Оқу-әдістемелік құжаттарды рәсімдеудің ережелері. Мәтіндік құжаттарға қойылатын жалпы талаптар” атты фирмалық стандарт (қазақ және орыс тілдерінде). Қарағанды: ҚарМУ баспасы, 2001. - 41 б. (С.Ғ.Құрымбаевпен авторлық бірлестікте).

7 Методические рекомендации к выполнению лабораторных работ по дисциплине “Технология обработки документов”. Караганда: ТОО Алем, 2001. - 122 с. (Н.А.Данильченко, Ж.Д.Бакеновамен авторлық бірлестікте).

8 Мемлекетік тілде іс қағаздарын жүргізудің кешесі мен бүгіні. Еуразия гуманитарлық институтының хабаршысы. – 2002. – N2. – Б. 96-100 (М.С.Жапекпен авторлық бірлестікте).

9 Жаңа ақпараттық технологиялардың білім мазмұны мен оқыту үрдісіндегі орны. Подготовка специалистов с использованием современных информационных технологий: Сборник научных трудов профессионально-художественного факультета КарГУ. - Караганды: Изд-во КарГУ, 2002, Б.173-176 (М.С.Мәлібекова, С.Ғ.Құрымбаевпен авторлық бірлестікте).

10 Государственный язык в делопроизводстве. Подготовка специалистов в условиях информационных технологий: Сборник научных трудов профессионально-художественного факультета КарГУ. - Караганды: Изд-во КарГУ; 2003. - Б. 95-98 (С.А.Муликовамен авторлық бірлестікте).

11 Вопросы организации делопроизводства в Республике Казахстан. Қарағанды университетінің хабаршысы. – 2004. – N1 (33). – Б. 4-7 (М.Н.Сарыбеков, С.А.Муликовамен авторлық бірлестікте).

12 Ақпараттық технология элементтерін оқу үрдісінде қолдану. Использование информационных и инновационных техн­логий в процессе обучения: Сборник материалов международной научно-практической конференции. - Караганды: КарЮИ МВД РК им.Е.А.Бейсенова, 2005. – Б.104-107 (С.Ғ.Құрымбаевпен авторлық бірлестікте).

13 Жоғары оқу орны студенттерінде зерттеу білігін қалыптастырудың педагогикалық шарттары. Моделирование профессиональной деятельности в условиях информационной инфраструктуры: Сб. науч. тр. - Караганды: Изд-во КарГУ; 2005. - Б. 150-155.

14 Жоғары оқу орнының оқу процесінде нормативті-анықтамалық басылымдарды пайдалану. Проблемы коммуникативного образования казахстанской студенческой молодежи в условиях открытого общества. Сборник материалов научно-практической конферен­ции. Алматы: Изд.-во КазНУ им.Аль-Фараби, 2005. - Б. 252-256 (С.А.Муликова, С.Ғ.Құрымбаевпен авторлық бірлестікте).

15 Ақпараттық технологияны оқу үрдісінде қолданудың педагогикалық негіздері. Актуальные проблемы общей и профессиональной педагогики: Материалы международной научно-практической конференции, посвященной 80-летию академика Е.А.Букетова, 2005. – Б.55-57 (С.Ғ.Құрымбаевпен авторлық бірлестікте).

16 Құжаттану циклы пәндері бойынша терминологиялық сөздік (орыс, қазақ тілінде) Қарағанды: Санат, 2005. - 98 б. (М.Н.Сарыбеков, С.А.Муликовамен авторлық бірлестікте)

17 Жоғары оқу орнында іс қағаздарын жүргізуді ұйымдастыру. Қарағанды университетінің хабаршысы. – 2006. – N1 (41). – Б. 20-25 (М.Н.Сарыбековпен авторлық бірлестікте).

18 Ақпараттық технологияның оқу курстары нысанында алатын орны. Қарағанды университетінің хабаршысы. – 2006. – N1 (41). – Б.135-139 (Г.О.Тәжіғұлова, С.Ғ.Құрымбаевпен авторлық бірлестікте).

19 «Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу» пәні бойынша оқу-әдістемелік кешенін оқу процесіне бейімдеу кезеңдері. Қазақ ұлттық университетінің хабаршысы. – 2006. – N1 (17) – Б.71-78.

20 Іс қағаздарын жүргізу және құжаттану. Қарағанды: Санат, 2006. - 120 б.

21 «Ғылыми зерттеу әдістері және болжау» пәні бойынша оқу-әдістемелік кешен. Қарағанды: ҚарМУ баспасы, 2006. – 63 б. (С.А.Муликовамен авторлық бірлестікте).

22 Пән бойынша электрондық оқулықты дайындау технологиясы. «Жоғары оқу орнында білім берудің жаңа технологиялары: теориясы және практикасы» І халықаралық дистанциялық конференция мақалаларының жинағы. - Түркістан: Х.А.Ясауи атындағы ХҚТУ баспасы, 2006. – Б. 426-429.

23 «Құжаттарды өңдеу технологиясы» пәні бойынша электронды оқулық // Зияткерлік меншік туралы куәлік №155 01.03.2007.

24 «Ғылыми зерттеу әдістері және болжау» пәні бойынша электронды оқулық // Зияткерлік меншік туралы куәлік №156 01.03.2007 (С.Ғ.Құрымбаевпен авторлық бірлестікте).

25 Место учебно-методического комплекса в структуре учебно-воспитательного процесса. Актуальные проблемы современности: Международный научный журнал. Карағанды: Болашақ-Баспа, 2007. – N1 (14). – С. 268-272 (С.Ғ.Құрымбаевпен авторлық бірлестікте).

26 Ақпараттық технологиялар арқылы студенттерді іс қағаздарын жүргізуге оқытудың қазіргі жағдайы. Қарағанды университетінің хабаршысы. – 2007. – N1 (45). – Б. 119-124.

27 Ақпараттық технологияны қолдану арқылы студенттерді іс қағаздарын жүргізуге оқытудың педагогикалық шарттары. Қазақ ұлттық университетінің хабаршысы. – 2007. – N1 (20) – Б. 157-165 (Л.С.Сырымбетовамен авторлық бірлестікте).

28 «Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу» пәні бойынша электронды оқулық // Зияткерлік меншік туралы куәлік №224 26.04.2007.

29 «АВТОҚұжат-Сөздік» автоматты оқыту жүйесі // Зияткерлік меншік туралы куәлік №225 26.04.2007 (С.Ғ.Құрымбаев, С.А.Муликовамен авторлық бірлестікте).
Резюме
Самашова Гульфарида Ергалиевна
Педагогические условия обучения студентов делопроизводству посредством информационных технологий

13.00.08 – Теория и методика профессионального образования



Актуальность темы исследования. На современном этапе развития казахстанского общества образование вошло в число основных государственных приоритетов, развитие науки и образования становится обязательным условием повышения конкурентоспособности социально-экономической системы. Согласно Государственной программе развития образования в Республике Казахстан на 2005-2010 годы разработка и внедрение прогрессивных технологий и систем обучения является неотъемлемым условием развития высшего образования, обеспечивающим интеграцию казахстанских вузов в мировое образовательное пространство.

В вопросах укрепления государственности и развития национальных интересов немаловажная роль отводится обучению студентов государственному языку. При этом все более насущной становится потребность в использовании и расширенном внедрении информационных технологий.

Поэтому актуальность совершенствования обучения делопроизводству в системе профессиональной подготовки, поиск путей использования информационных технологий в педагогическом процессе высшей школы представляется вполне очевидной.

Объект исследования: педагогический процесс вуза.

Цель исследования: теоретическое обоснование и разработка системы педагогических условий обучения студентов делопроизводству на основе информационных технологий.

Методологическую основу исследования составили: общедиалектичес­кая теория развития личности, философская теория познания; теория целостности педагогического процесса; аксиологические концепции и теория систем, философские, психолого-педагогические учения по изучаемой проблеме, концепции в области педагогических технологий, педагогического эксперимента и математической статистики.

Научная новизна и теоретическая значимость исследования заключаются в том, что:


  • раскрыта сущность информационных технологий обучения делопроизводству;

  • дано определение понятию «обучение делопроизводству на основе информационных технологий»;

  • выявлены структура и содержание обучения студентов делопроизводству;

  • определены критерии и показатели результатов обучения делопроизводству на основе информационных технологий;

  • обоснована и разработана система педагогических условий обучения студентов делопроизводству на основе информационных технологий.

Результаты исследования определяются тем, что в учебный процесс ряда специальностей Карагандинского государственного университета им. Е.А.Букетова внедрены:

- соответствующие проблеме исследования дополнения к учебным программам по истории Казахстана, казахскому языку и информатике;

- спецсеминар для преподавателей «Ақпараттық технологиялар арқылы іс қағаздарын жүргізуге оқытуды ұйымдастыру»;

- спецкурсы для студентов «Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу», «Құжаттарды өңдеу технологиясы»;

- информационно-дидактический комплекс, включающий: автоматизиро­ванную обучающую систему «АВТОҚұжат-Сөздік», электронный учебник «Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу», терминологический словарь «Құжаттану циклы пәндері бойынша терминологиялық сөздік» (на русском и казахском языках), учебно-методическое пособие «Іс қағаздарын жүргізу және құжаттану», электронный учебник «Құжаттарды өңдеу технологиясы», «Методические рекомендации к выполнению лабораторных работ по дисциплине «Технология обработки документов»», фирменный стандарт «Оқу-әдістемелік құжаттаманы рәсімдеу ережелері. Мәтіндік құжаттамаға арналған жалпы талаптар» (на казахском и русском языках);

- организована и проведена межвузовская студенческая олимпиада по курсу «Делопроизводству на государственном языке».

Полученные в ходе исследования результаты могут быть использованы как в системе профессиональной подготовки будущих специалистов, так и в системе повышения квалификации и переподготовки кадров.

Дальнейшее изучение проблемы может быть продолжено в направлении поиска и разработки инновационных методов и форм, информационных технологий обучения студентов делопроизводству, в интеграции содержания различных предметных областей для обучения студентов вуза делопроизводству на государственном языке.



Resume
Samashova Gulfarida Yergaliyevna
Pedagogical terms of teaching the students to correspondence help of informational technologies

13.00.08 – Theory and methods of professional education



The importance of the investigation. The education entered the main governmental priorities on the modern step of development of Kazakhstan’s society, the development of science and education is becoming the main term of increasing the competitiveness of social-economical system. According to the Governmental program the development of education in the Republic of Kazakhstan on 2005-2010 the making and entering of progressive technologies and system of studying necessary for the term of development of higher education, providing the integration of Kazakhstan’s Universities in the world educational environment to the question of strenzening of govern mentality and development of national interests not so important roll gives to the students of naïve language. That’s why the more important became the necessary of using and wide entering of informational technologies. That’s why the importance of improvement of studding of correspondence in the system of professional preparing the finding of ways of using the informational technologies in the studing process of higher school is obvious.

The object of investigation: the studing process of higher school.

The aim of investigation: the theoretical vindication and making of system of pedagogical terms of studing of students of correspondence on the base of informational technologies.

Methodological base of investigation comprises: dialogical theory of development of personality, philosophical theory of knowledge; the theory of pedagogical process; acsiological concepts and theory of systems philosophical, psychology – pedagogical teaching on studing problem, concept in the sphere of pedagogical technologies, pedagogical experiment and mathematical statistics.

Scientifically know – how and theoretical significance of investigation conclude in:

- the role of informational technologies of studing the correspondence is investigated;

- the definition of meaning the studing of correspondence on the base of informational technologies is given;

- the structure and content of teaching the students to documentaring is found;

- the criterias and indicators of results of teaching the correspondence on the base of informational technologies are defined;

- the system of pedagogical terms of teachings the students to correspondence on the base of informational technologies is developed and proofed.



The results of investigation are defined as in the studing process of specialties of Karaganda state University named after Buketov are entered:

- еqual to the problem of investigation the adding to the studing programs on Kazakh language, informatics and history of Kazakhstan;

- special seminar for the teachers “The organization of teaching to the correspondence with the help of informational technologies”;

- special courses for the students “The correspondence on the native language”, “the technology of making the documents”;

- informational didactical complex including: automatiring teaching system “AutoDocument-dictionary”: teaching program “Terminological dictionary on disciplines of correspondence cycles (russian and kazakh languages)”, teaching methodological book “Correspondence and documentaring”, teaching program ”The technology of correspondence”, “methodological recommendations to the making the laboratory work on discipline “The technology of making the documents”, firm standard “The rules of making of teaching – methodological documentation. The general requirements to the text documents” (russian and kazakh languages);

- except these the competition between Universities on the course of “Correspondence on native language” is organized and book place.

Getting results in the process of investigation can be used so in the system of professional preparation of future specialists, as in the system of increasing their qualification and retraining.

Further studing of problem can be continued in the finding and making the innovational methods and forms, informational technologies of teaching the students to correspondence, in the integration of content of different subject spheres for teaching the students of higher school to correspondence on native language.

Басуға 27.08.2007 ж. қол қойылды.

Офсеттік қағаз. Қағаз форматы 60×84 1/16.

Көлемі 1,5 ес.-б.т. Таралымы 130 дана. Тапсырыс №.
Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ баспасының баспаханасында басылып шыққан.

100012, Қарағанды қ., Гоголь көш., 38.







Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет