Кек жолында
1
Базаралы қайтқалы айдай боп, бәрі оны шақырып қонақ етіп жатты.
Абайдың күзегіне де келіп, қонақ болды. Көп қызық әңгімелер айтылды.
Базаралы қанша орыстың көмегімен қашқанын мың алғыс білдіре отырып
айтатын. Арада Абай Әйгерімге «Татьянаның әнін» айтқызады. Одан
бөлек, Дәрменнің «Еңлік-Кебек» дастанын біраз бастап қойғаны бар
екен. Домбыраны қолына алып, соны жырлай жөнелді. Басталуы Еңліктің
сұлу келбетін баяндайды. Хан тауының баурайындағы ауылдың бойы,
Ықанның қызы. Дәрменнің дастаны Еңлік пен Кебектің ең алғашқы
кездескен жерінде тоқтады. Үй іші барлығы даурыға, түрлері өзгеріп
кетті. Базаралы қайтарда Абайға өткендегі Әзімбайдың қылығын тағы да
есіне салдырып кетті. Сосын Базаралы өзінің қарт досы Дәркембайға
жолығуға жол алды. Олар ашық әңгімелесті. Бірде Дәркембай Құнанбай
өлтірткен Қодардың немере інісін ертіп алып, Меккеге жол алып бара
жатқан Құнанбайдан жетім баланың несібесін сұраған болатын. Кейін ол
баланы өз інісі перзентсіз жүрген Көркембайға берген екен. Көркембай
қайтыс болғаннан кейін баланы Дәркембай өзі асырап, кейіннен Абайдың
қолына тапсырыпты. Сол баланың ержетіп қалғанын, оның аты Дәрмен
екенін айтады. Дәркембай соңғы кездері ешкіммен осылай ашылып
сөйлеспеген еді.
2
Күзектің сұрқыл суығы. Бүгінде Уақ жеріндегі Қашама күзегінде
Тәкежан ауылы орын тепкен. Абай, Ербол, Дәрмен, үшеуі, осы ауылға
келіп түсті. Абай Тәкежанға екі жұмыспен келген болатын. Біріншісі,
осыдан он бес күн бұрын Семейтаудан ұрланған бір айғыр үйір. Артынан
іздеп шыққан жоқшылар ұрыны Тәкежанның ауылындағы Серікбай деп
отыр екен. Екіншісі, Әзімбай мен Жігітектің жеті ауылы арасындағы
қыстық шөптің дауы еді. Тәкежан Абайдың бұл айтқан екі дауын да
мойындамады. Сөз барысында екеуі қатты айтысып та қалысты. Абай
Тәкежанның осы ісіне ашуланып, сол жерде өлең шығарады:
Достарыңызбен бөлісу: |