Махамбет ауданы әкімі аппаратының персоналды басқару қызметі «Б» корпусындағы бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға мемлекеттік қызметшілер арасында ішкі конкурс жариялайды.
Махамбет ауданы әкімі аппараты, 060700, Атырау облысы, Махамбет ауданы, Махамбет ауылы, Абай көшесі №16, аудан әкімдігінің ғимараты, №15 кабинет, анықтама телефондары 8 (71236) 2-12-42, 2-22-58, электронды почтаның адресі: apparat-mahambet@mail.ru
Бақсай ауылдық округ әкімі аппаратының бас маманы,
(санаты Е-G-3).
Лауазымдық еңбек ақысы мемлекеттік қызметте болған жылдарына байланысты 69957.0 теңге 94108.0 теңгеге дейін.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
Жоғары білім. Педагогикалық, экономикалық, техникалық, заңгерлік мамандықтары .
Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
-
мемлекеттік қызмет өтілі мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе E-G-4 санатынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес;
-
мемлекеттік қызмет өтілі орталық, облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың қатардағы құрамындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес;
-
осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;*
-
жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
-
ғылыми дәрежесінің болуы.*
Лауазымдық функционалдық міндеттері:
Мемлекеттік органдардың шешімдері мен өкімдерін, ішкі еңбек тәртібі Ережесін жүзеге асыру; ауылдық округ әкімінің қызметтік бұйрықтар нұсқаулары мен тапсырмалары негізінде жұмыс жасау; ауылдық округ әкімі аппаратының жылдық, тоқсандық жұмыс жоспарын дайындау; ауылдық округке қарасты мекемелер жұмысын ұйымдастырып, ауылдық округ әкімі аппаратының жұмыс кестесін, ішкі тәртібінің сақталуын қадағалап, аппарат қызметкерлерінің жұмысына басшылық жасау; ауылдық округ әкімі аппараты қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын, қызмет өтілін, біліктілік талаптарын, іс-номенклатурасын жасақтап, бекіту; өз құзіреті шегінде әскери міндеттілік және әскери қызмет, азаматтық қорғаныс, сондай-ақ жұмылдыру дайындығы мәселелері бойынша заңдардың орындалуын қамтамасыз ету, ауылдық округ бойынша әскери есепке тұрғандар мен әскери қатарына шақырылғандардың есебін жүргізу; білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет мекемелерімен, жастар саясаты, жасөспірімдер, қоғамдық мекеме және бірлестіктермен, саяси партиялармен және діни конфессиялармен байланыс жасап жұмыстарын ұйымдастыру; сайлаушылар тізімін жаңарту, жасақтау, электрондық базаны толықтырып, аудандық сайлау комиссиясына тапсыру; ауылдық округ әкіміне қол қоюға ұсынылатын нормативтік-құқықтық актілердің (шешім, өкім) және келісім-шарттардың, сондай-ақ басқа да құқықтық сипаттағы құжаттардың Заңға сәйкестігін тексеру; ауылдық округі әкімінің өкімдері мен шешімдерін мемлекеттік органдарда белгіленген мерзімде тіркелуін ұйымдастыру; прокурорлық қадағалау актілерін қарау: наразылық, ұсыныс және т.б ; округ әкімінің өкім, шешім, бұйрық басқа да құқықтық сипаттағы құжаттардың жобасын дайындау; ауылдық округ әкімі аппаратына келіп түсетін арыз- шағымдарды, құжаттардың кіріс-шығыс кітаптарын ережеге сай толтыру, түскен арыз-шағымдармен , кіріс хаттардың мерзімінде орындалуын қамтамасыз ету; тоқсан сайын аудан әкімдігіне №1 АӨ «Азаматтардың өтініштерін қарау туралы» есебін тапсыру; округке қарасты елді мекендердегі мал, ит, санының санағын жүргізіп, уақытылы тізімге алу, тұрғындардың шаруашылық кітабының дұрыс сапалы толтырылып, округ бойынша есепке отырған, есептен шыққан адамдармен жұмыс; мемлекеттік қызмет көрсету бойынша жұмыстарды атқару; Е –лицензия электрондық жүйелерімен қызмет жасау; ауылдық округ әкімі болмаған жағдайларда оның міндетін атқарады.
Құжаттар конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап 5 жұмыс күннің ішінде тапсырылуы тиіс.
Ішкі конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:
-Уәкілетті орган белгілеген нысандағы өтініш;
-Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) бөліммен расталған қызметтік тізім.
Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.
Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берілуі туралы құжаттарының көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.
Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «E-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір сағат бұрын кешіктірілмей береді.
Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап бес жұмыс күн ішінде Махамбет ауданы әкімі аппаратында өтеді.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.
Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.
Байқаушылар әңгімелесу процесінде кандидаттарға сұрақтар қоймайды. Байқаушыларға конкурс комиссиясының жұмысына кедергі келтіретін іс-әрекеттер жасауға, кандидаттардың жеке басы деректеріне қатысты мәліметтерді жариялауға, кандидаттар қатысатын конкурс рәсімдерінде олардың техникалық жазба құралдарын қолдануға жол берілмейді.
Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшірмелерін ұсынады.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.
Конкурс комиссиясының шешімі қабылданған күннен бастап бес жұмыс күннен кешіктірмей уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне конкурс комиссиясының шешіміне шағым беру, уәкiлеттi органның немесе оның аумақтық бөлiмшесiнiң келіп түскен шағым бойынша тиісті шешім қабылдауына дейін конкурс комиссиясының шешімінің қолданылуын тоқтата тұруға негіз болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |