Сапа бойынша нұСҚаулық



бет1/4
Дата07.07.2016
өлшемі1.16 Mb.
#183644
  1   2   3   4


М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті





Бекітемін

М.Өтемісов атындағы БҚМУ

ректоры

____________ А.С. Иманғалиев



18.09.2014 ж.



САПА БОЙЫНША НҰСҚАУЛЫҚ

СМЖ

Орал, 2014




Ақпараттық деректер:


  1. Дайындаған: 16.09.2014 А.С.Тасмағамбетов

  2. 21.12.2011 ж. құжаттың орнына енгізілді

  3. Енгізілген күні: 24.09.2014

  4. Қайта қарау күні: 25.09.2017

  5. Өзгертулер:






Енгізілген күні

Дайындаушының аты-жөні

Қолы

1










2










3










4










5











Мазмұны:





  1. Жалпы ақпарат

  2. Қолданылу саласы
  3. Терминдер, анықтамалар және қысқартулар

  4. Сапа менеджменті жүйесі


  5. Басшылық жауаптылығы

  6. Ресурстар менеджменті

  7. Өнімнің өмірлік циклының үрдістері

  8. Өлшеу, талдау және жақсарту

  9. Жазбалар

  10. Дәйектемелер



  1. Жалпы ақпарат


1.1 Мекеме туралы ақпарат


Ұйым атауы

М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті

Мекен жайы

090000, Қазақстан Республикасы, Орал қаласы, Достық-Дружба даңғ., 162

Басшы

Ректор

Басшылықтың сапа және экология жөніндегі өкілі

Басшылық құрамынан

Телефон-факс

8 (7112) 51-26-32, 51-42-66

Е – mail

zapkazgu@rambler.ru

Web

www.wksu.kz

Заңды тұлғаның негізгі атауы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорыны

Тұрған жері

№1 оқу корпусы -

090000, Қазақстан Республикасы, Орал қаласы, Достық-Дружба даңғ., 162

№2 оқу корпусы -

090000, Қазақстан Республикасы, Орал қаласы, Достық даңғылы, 218/1

№3 оқу корпусы -

090000, Қазақстан Республикасы, Орал қаласы, Сарайшық көшесі, 34

№4 оқу корпусы -

090000, Республика Казахстан, Орал қаласы, Достық-Дружба даңғылы, 137

№5 оқу корпусы -

090000, Қазақстан Республикасы, Орал қаласы, Достық-Дружба даңғылы, 121

№6 оқу корпусы -

090000, Қазақстан Республикасы, Орал қаласы, Қ.Аманжолов көшесі, 38

№7 оқу корпусы -

090000, Қазақстан Республикасы, Орал қаласы, Студенттік көшесі, 4




№8 оқу корпусы -

090000, Қазақстан Республикасы, Орал қаласы, Студенттік көшесі, 1


Университеттің құрылуы

М.Өтемісов атындағы мемлекеттік университет Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылдың 14 ақпан № 236 Қаулысымен ұйымдастырылған.

2002 жылдың 05 қарашасынан Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен Батыс Қазақстан аграрлық техникалық университеті құрамынан Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті 2002 жылы қайта ұйымдастырылған.



Қаражаттық-шаруашылық қызмет

Университет қаражаттық-шаруашылық қызметін өз бетімен жүзеге асырады. Осы қызметіне мемлекеттік бақылауды Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі жүзеге асырады.

Құрылымы мен штаттық кестесі

Университеттің басқару құрылымын Ғылыми Кеңес бекітеді; штаттық кестені - ректор бекітеді.

Жеке меншік түрі

Жедел басқару құқығына сүйенген республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын ұйымдық-құқықтық түріндегі заңды тұлға.

Университет қызметінің мақсаттары мен бұйымы

Қоғам, мемлекет және жеке тұлға сапалы жоғары және ЖОО-дан кейін білім алу қызығушылығын қанағаттандыра отырып, тұтынушылар үшін білімнің және ғылыми-техникалық қызметтерінің оқыту мерзімін, түрлері мен мазмұнын таңдауға кең мүмкіншіліктер береді.

Қызметшілер


Барлығы: 955 адам, соның ішінде 459 – профессорлық оқытушылық құрам, 107 – оқу көмекші, 88 – әкімшілік басқару, 301 – қызмет етуші құрам.




Өндіріс ауданы

Университет алып жатқан барлық аудан 4,7 га.

Ғимарат және бөлмелер барлығы: 33081.5 кв.м, соның ішінде:



  • 25067,8 кв.м. жалпы көлемімен 8 оқу-лабораториялық корпустар, оның ішінде 14513,7 кв.м. – оқу ауданы;

  • 400 орындық студенттік жатақхана - 3875,6 кв.м;

  • 308 орындық студенттік жатақхана – 6053,8 кв.м;

  • 2 спорттық залы – 1997,5 кв.м;

  • 2 жазғы спорталаңдар – 2289,7 кв.м;

  • 8 машина үшін 2 автогараж және 1 материалдық қойма – 582,5 кв.м;

  • 1033440 бірлік кітап қорымен негізгі ғылыми кітапхана – 991,50 кв.м;

  • 260 орындық 3 асхана, 90 орындық 5 буфет;

  • Интернет желісіне шығу мүмкіндігі бар 32 компьютерлік класс.




    1. М.Өтемісов атындағы БҚМУ даму тарихы

М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті 2000 жылғы 14 ақпандағы №236 Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен ұйымдастырылған. Ол Республикада ежелгі А.С.Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтының құқықтық орын басушысы болды, соңынан Батыс Қазақстан гуманитарлық университеті, Батыс Қазақстан аграрлық университеті және Дәулеткерей атындағы Өнер институтымен бірігу жолымен қайта құрылған.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 05.11.2002 жылғы Қаулысымен 2002 жылы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті құрамынан бөліну жолымен қайта құрылған.

2003 жылы ҚР Министрлер Кабинетінің Қаулысымен университетке көрнекті тарихи тұлға, қоғам қайраткері, реалист ақын Махамбет Өтемісов есімі берілген.

2010 жылы университет аккредитацияланған (№000016 институциалдық аккредитациялау туралы куәлік).

М.Өтемісов атындағы БҚМУ 03.02.2010 жылдан ҚР Білім және Ғылым Министрлігінің бұйрығы бойынша 2010 жылы берілген АБ № 0137424 сериялы мемлекеттік лицензияға және лицензиялық карточкаларға сәйкес 50 бакалавриаттың, 24 жоғары ғылыми-педагогикалық білімі беретін (магистратура), докторантура PhD 4 мамандықтар бойынша мамандарды даярлауды жүзеге асырады.

М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің редакциялық баспа орталығы профессор-оқытушылық құрамын қазақ және орыс тілдерінде әдістемелік материалдарын, оқулықтар мен оқу құралдарын басып шығару, сонымен бірге жинақ түрінде ғылыми конференция материалдарын, тоқсан сайын, тарих, филология және педагогика ғылымдары бойынша Жоғары аттестациялық комиссиясының басылымдар тізбесіне енгізілген, «БҚМУ хабаршысы» журналын, ай сайын университеттің студенттік «Өркен» газетін басып беру мүмкіндігімен қамтамассыз етеді.



М.Өтемісов атындағы БҚМУ 1033440 астам бірлігі бар кітап қоры және 421 кв.метр аудан алаңын алатын, ғылыми кітапхана жоғары оқу орнының ғылыми, оқу-тәрбиелік және мәдени-ағартушылық орталығы болып табылады. Университет кітапханасы Мюнхен қаласында шығарылатын «Европалық кітап әлемі» халықаралық анықтамасына енгізілді. Кітапхананың кітап қорында ЮНЕСКО істері бойынша «Әлем құндылықтары» Қазақстандық ұлттық Комитеті дайындайтын Ұлттық деректі мұраның тізіміне қосылған біздің еліміздің тарихи құңдылықтары болып табылатын сирек кездесетін кітаптар бар. Университеттің ғылыми кітапханасы Қазақстанның ЖОО-лар кітапханалар Қаумдастығы құрамына кіреді. 2003 жылы кітапхана «Қазақстан кітапханалар ақпараттық Консорциумы» ассоциация құрамына кірді.

2005 жылы университет «ХХI ғасырдағы Білім және ғылым» II Қазақстанның Халықаралық көрмесінде «Жоғары білікті мамандарды даярлағаны үшін» дипломын алды (Астана қ.).

2005 жылы университет ақпараттық қоғамның дамуына көрсеткен қызметі үшін жоғары халықаралық орденмен марапатталды (Мәскеу қ.).

2005 жылы БҚМУ инновациялық қызметі үшін өнеркәсіпке жәрдемдесу Халықаралық Ассоциациясының «SPI» алтын медалімен марапатталды (Париж қ.).

2005 жылы «Студенттік өзін-өзі басқару органдарының тиімді қызметін арттыру» университеттік бағдарламасын іскі асыру аясында студенттік өзін-өзі басқару органы құрылды (студенттік президент, ректор, декандар, профсоюз, жатақхана кеңесі).

2005 жылдың қыркүйек айында жалпыевропалық білім беру үрдісі стандарттарының жолын қуушылығы мен әлемдік білім беру жүйесіне бейімделуін растайтын Магна Хартия құжатына қол қойылды (Италия, Болонья қ.).

2005 жылдан бастап университетте Түркия, Қытай, Германия шет елдерінен келген студенттер оқиды.

2006 жылы Астана қ. «ХХI ғасырдағы білім және ғылым» III Қазақстан Халықаралық көрмесінде БҚМУ «Интеграцияланған білім беру бағдарламаларды дайындау мен енгізу үшін» дипломына ие болды.

2006 жылы наурыз айында европалық интеграция дамуына қосқан үлесі үшін университет «The United Europe Award» («Бірлескен Европа») халықаралық марапатқа ие болды (Англия, Оксфорд қ.).

2006 жылы университеттің «Арна» би ансамблі Ш.Жиенқұлова атындағы III Республикалық халық би сайысының Бас жүлдесін жеңіп алды.

2006 жылы университет «Ұлттық экономика көшбасшысы» халықаралық сыйлығының Құрмет Белгісіне ие болды (Ресей, Мәскеу қ.)

2007 жылы «БҚО жас ғалымдар Кеңесі» қоғамдық бірлестігі БҚО Ішкі саясат Департаментінің жас ғалымдардың Аймақтық Форумын және «Төзімділік – ксенофобия және саясат экстремизмге балама» тақырыбына облыстық ғылыми-практикалық конференцияны өткізуге 250 мың теңгеден 2 грантты жеңіп алды.

2007 жылы «ХХІ ғасыр білімі және ғылымы» ІV Қазақстандық халықаралық көрмесінде (Астана қ.) М.Өтемісов атындағы БҚМУ «Ең үздік ЖОО басылымы» дипломына ие болды.

2007 жылы сайыс нәтижелері бойынша М.Өтемісов атындағы БҚМУ-дың бес апликантына «Болашақ» стипендиясы берілді. Олардың ішінде төртеуі бакалавр дәрежесіне үміткерлер, біреуі PhD доктор дәрежесіне үміткер.

2007 жылы Халықаралық Биографиялық Орталығы (Ұлыбритания) университет ректоры Т.З.Рысбековке «Халықаралық жыл кәсіпқойы» атағын берді.

2008 жылы менеджмент бағдарламасына қатысқан туралы университетке сертификат берілді (Италия, Милан қ.).

2009 жылы джазды музыка композиторларының Халықаралық фестивальнда БҚМУ-дың оқытушысы М.Попов Гран-при ұтты (Владимиро-Суздаль қ.).

2007-2009 ж.ж. Санкт-Петербург, Барнаул, Батуми және Ташкент қалаларында on-line режимінде өткен бағдарламалау бойынша Халықаралық жарысындағы жетістіктері үшін БҚМУ командасын марапатталды.

2009 жылы БҚМУ студенттері 9 пәндерден 12 Республикалық олимпиадада жеңді.

2009 жылы К.И.Сатпаев атындағы ҚҰТУ-нен Республикалық студенттік олимпиадаға қатысушылардың жоғарғы дайындығы үшін біздің жоғары оқу орны алғыс хатқа ие болды.

2009 жылы жоғарғы мектептің тиімді менеджменті үшін біздің жоғары оқу сертификатқа ие болды (Франция, Париж қ.).

2010 жылы БҚМУ халықаралық институциалды аккредитациядан өтті.

2010 жылы VII Қазақстандық халықаралық көрмесінде «XXI ғасырдың білімі және ғылым» біздің университет жоғарғы оқу орнының ең үздік басылым үшін дипломмен марапатталды.

2010 жылы 12 республикалық олимпиадаларда 9 жүлде мен 5 димпломдарға ие болды.

2011 жылы республикалық олимпиадаларда 22 команда қатысты, 13 жүлделі орын және жеке сынақта 11 дипломдарға ие болды.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет