Сапа менеджмент жүйесінің терминдері мен анықтамалар сөздігі



Дата03.07.2016
өлшемі196.72 Kb.
#175008










С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ




КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д.АСФЕНДИЯРОВА

САПА МЕНЕДЖМЕНТ ЖҮЙЕСІ БӨЛІМІ

СМЖ СӨЗДІГІ



САПА МЕНЕДЖМЕНТ ЖҮЙЕСІНІҢ ТЕРМИНДЕРІ МЕН АНЫҚТАМАЛАР СӨЗДІГІ


Термин

Анықтама

Акт

- бірнеше адамның қатысуымен жасалатын және нақты деректер мен оқиғаларды растайтын құжат.

Талдау

- қарастырылатын нысанның көзделген мақсаттарға қол жеткізудегі жарамдылығын, орындылығын, нәтижелілігін анықтау үшін қолға алынатын іс-әрекет.

Сапаны талдау

- сапа саласындағы жұмыстар мен нәтижелердің жоспарланған іс-шараларға сәйкестігін, сондай-ақ іс-шараларды қолданысқа енгізілу тиімділігі мен олардың көзделген мақсаттарға жету үшін жарамдылығын анықтауға мүмкіндік беретін тәуелсіз жүйелі талдау.

Келісім-шартты (келісімді) талдау

- ұйым тарапынан келісім-шартқа (келісімге) қол қойылғанға дейін сапаға деген талаптардың екіұдайылықтан арылып, нақты айқындалғанына, құжат бойынша рәсімделгеніне және орындалатындығына көз жеткізу үшін қолға алынатын жүйелі іс-әрекеті.

Сәйкессіздікті талдау

- қалыптасқан талаптарға сәйкессіздік себептерін анықтау үдерісі.

Мұрағат

- мұрағаттық құжаттар жиынтығы, сондай-ақ мұрағаттық құжаттарды тұтынушылар мүддесі үшін қабылдауды және сақтауды жүзеге асыратын заңды тұлға немесе заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі.

Мұрағат құжаты

- қоғам мен жекеменшік иесі үшін бірдей маңызды құндылық болып табылатын, сақталатын немесе сақталуы тиіс құжат.

Мұрағат қоймасы

- мұрағат құжаттарын сақтау үшін арнайы жабдықталған орын.

Аудит

- аудиттің (тексерістің) келісілген алғышарттарының орындалу дәрежесін анықтау мақсатында аудит (тексеріс) куәліктерін алу және оның объективті бағалауының жүйелі, тәуелсіз және құжатталған үдерісі.

Аудитор (сапа жүйелерін сертификаттау бойынша сарапшы)

- аудит (тексеріс) жүргізуге құзіретті тұлға.

Валидация

- нақты түрде болжамды пайдалануға немесе қолдануға арналған талаптардың орындалғанын объективті тұрғыда куәландыру арқылы растау.

Верификация

- белгіленген талаптардың орындалғанын объективті тұрғыда куәландыру арқылы растау.

Сыртқы нормативтік құжат

- бөгде ұйымда (ұлттық, халықаралық) дайындалған және ұйымның жұмысында қолданылатын нормативтік құжат.

Ішкі нормативтік құжат

- ұйымда жасалған және басшылықпен бекітілген нормативтік құжат.

Кіріс құжаты

- Ұйымға келіп түскен құжат.

Аудит (тексеріс) қорытындылары

- аудиттің барлық мәліметтерін қарастырғаннан кейін аудит (тексеріс) жөніндегі комиссия ұсынатын аудит (тексеріс) мәліметтері.

Гриф

- құжаттағы айрықша пайдалану тәртібін белгілейтін арнайы жазба.

Мәліметтер

- ұйым жұмысында пайдалану үшін талданған және құпталған кесте, үлгі немесе өзге мүмкін тәсілдермен берілген ақпарат, мағлұматтар, көрсеткіштер, статистика.

Іс

- жеке қапшыққа салынған бір мәселеге немесе жұмыс теліміне қатысты құжаттар жиынтығы немесе құжат.

Іс қағаздарын жүргізу (басқаруды құжатпен қамсыздандыру)

- құжаттауды және құжатпен жұмысты қамтамасыз ететін заңды тұлға іс-әрекетінің саласы.

Ақау

- болжамды немесе белгіленген пайдалануға қатысты талаптардың орындалмауы.

Сенімхат

- бір тұлғаның (ұсынушы, сенім артушы) екінші бір тұлғаға (өкіл, сенімді орындаушы) үшінші тұлғаның алдында ұсыну үшін берілетін өкілдің келісім және өзге құқықтық заңды әрекеттерді ұсынушы атынан жүргізу өкілеттілігі көрсетілген жазбаша өкілеттілігі.

Келісім (келісім-шарт)

- екі немесе одан көп тұлғаның азаматтық құқықтар мен міндеттердің анықталуы, өзгеруі немесе тоқтатылуы туралы келісімі.

Құжат (құжатталған ақпарат)

- теңдестіру үшін материалды тасымалда бедерленген ақпарат.

Құжатталған процедура (ҚП)

- процедураның сипаттамасын қамтитын құжат – іс-әрекетті немесе үдерісті жүзеге асырудың қалыптасқан тәсілі.

Лауазымдық нұсқаулық

- лауазымдық тұлғаның ұйымдық-құқықтық жағдайын анықтайтын, жұмысының тиімділігіне жағдай жасайтын, сондай-ақ келісім-шарт (келісім) шарттарын толықтыратын және нақтылайтын құжат.

Журнал

- белгілі бір үлгіде жасалған және мерзімді жазбаларды, мәліметтерді, оқиғаларды, шешімдерді, кіріс әрі шығыс құжаттарын, т.б. қамтитын құжат.

Тапсырыс беруші

- ұйымға қызмет көрсету жөнінде тапсырыс жасаған ұйым немесе тұлға.

Сатып алу

- өнімді/қызметті өндіруге қажетті және саны мен сапасы жағынан қалыптасқан талаптарға жауап беретін материалды ресурстарды/қызметтерді алу және жеткізу.

Жазба

- қол жеткізген нәтижелерді немесе жүзеге асырылған іс-әрекетті куәландыруды қамтитын құжат.

Тапсырыс

- Тапсырыс берушінің жұмыс\қызметтің орындалуына мұқтаждығын сипаттайтын құжат.

Елеулі сәйкессіздік

- қалыптасқан талаптардың жүйелі түрдегі орындалмауы.

Теңдестіру

- сәйкестікті теңдестіру, анықтау.

Теңдестіру нөмірі

- Қолданыстағы құжаттардың бірыңғай жіктемелік жүйесіндегі қолданыс құжатының орнын көрсететін нөмірі.

Келісімнің өзгертілуі

- тараптардың шарттарды өзгертуге бағытталған келісімі.

Құжаттың өзгертілуі

- құжаттың белгілі бір аралық модификациясы, толықтырылуы немесе алынуы.

Өлшеуіш құрал-жабдықтар

- өлшеуіш құралдар, бағдарламалар, эталондар, стандартты үлгілер немесе қосалқы аппаратура не оның өлшеу үдерісін орындауға қажетті құрамалары.

Нұсқаулық

- іс-әрекетті жүзеге асырудың ұсынылған немесе міндетті амал-тәсілдері мен осы орайда қолданылатын құралдарды белгілейтін құжат.

Ақпарат

- маңызды мәліметтер.

Сынақ

- қалыптасқан процедураға сәйкес бір немесе бірнеше сипаттаманы анықтау.

Сынақ құрал-жабдығы

- сынақ жағдайын іске асыратын техникалық жабдықтар болып табылатын сынақ құралдары.

Шығыс құжаты

- ұйымнан жіберілетін ресми құжат.

Өлшеуіш құралдар калибровкасы

- метрологиялық сипаттамалардың шынайы мән-маңызын және (немесе) мемлекеттік метрологиялық қадағалауға жатпайтын өлшеуіш құралдардың қолдануға жарамдылығын айқындау және растау үшін орындалатын операциялар жиынтығы.

Сапа

- өзіндік сипаттамалар жиынтығының талаптарды орындау дәрежесі.

Құзіреттілік

- өз білімі мен білгірлігін қолданудағы айқын қабілет.

Кеңес беруші

- өз мамандығы бойынша кеңес беретін белгілі бір саланың маманы.

Бақылау

- сәйкестікті тиісті өлшеу, сынақ және калибровкамен жүзеге асырылатын бақылау, пайымдау арқылы бағалау процедурасы.

Құжаттардың орындалуын бақылау

- құжаттардың дер кезінде орындалуын қамтамасыз ететін әрекеттер жиынтығы.

Құжат көшірмесі

- түпнұсқа құжат ақпараты мен оның барлық сыртқы белгілерін толықтай немесе белгілі бір бөлігін ғана қамтитын, заңдық күші жоқ құжат.

Түзету әрекеті

- анықталған сәйкессіздіктің немесе өзге қалаусыз жағдаяттың себептерін жою үшін қолға алынған әрекет.

Түзету

- анықталған сәйкессіздікті жою үшін қолданылатын әрекет.

Аудит (тексеріс) алғышарттары

- сілтеме түрінде қолданылатын саясаттың, процедураның немесе талаптардың жиынтығы.

Маркетинг

- нарықта құндылығы бар тауарлар мен қызметтерді жасау, ұсыну және алмастыру арқылы индивидтер мен топтардың қажеттілігі мен мұқтаждығын өтеуге бағытталған әлеуметтік және басқарушылық үдеріс.

Маркетингтік зерттеу

- түрлі зерттеулерді жүйелі дайындау және жүргізу, алынған мәліметтерді талдау және нәтижелер мен тұжырымдарды ұйым алдындағы нақты маркетингтік міндетке сәйкес ұсыну.

Менеджмент

- ұйым басшылығы мен басқару бойынша айқындалған іс-әрекеттер.

Сапа менеджменті

- ұйым басшылығы мен басқару бойынша сапа тұрғысындағы айқындалған іс-әрекеттер.

Ескертпе – Сапа тұрғыындағы басшылық пен басқару әдетте сапа саласындағы саясат пен мақсаттардың дайындалуын, сапаны, сапаны басқаруды жоспарлауды, сапамен қамсыздандыруды және сапаны жақсартуды қамтиды.



Әдістеме

- кез келген жұмысты мақсатты түрде жүргізу әдістері мен тәсілдерінің жиынтығы, сондай-ақ белгілі бір пәнді оқыту заңдылықтарын зерттейтін педагогикалық ғылым саласы.

Жарамдылықты метрологиялық растау

- өлшеуіш құрал-жабдықтардың өз қызметтік талаптарына сәйкестігін қамтамасыз етуге қажетті операциялар жиынтығы.

Метрологиялық қызмет

- өлшеуді басқару жүйесінің анықталуы мен енгізілуіне жауап беретін ұйым құрылымы.

Метрологиялық сипаттама

- өлшеу нәтижелеріне әсер етуі мүмкін айрықша ерекшелік.

Мониторинг

- нысандар мен үдерістерді үздіксіз бақылау, олардың жұмысын басқарудың құрамдас бөлігі ретінде талдау.

Аудит (тексеріс) бақылаулары

- аудит (тексеріс) алғышарттарына байланысты аудит (тексеріс) куәлігін бағалау нәтижесі.

Сенімділік

- техникалық қызмет көрсету мен жөндеудің әзірлік, жөндеуге жарамдылық және қамсыздану сипаттарына әсер ететін дайындық қасиеттерін сипаттауда қолданылатын жиынтық термин.

Құжат атауы

- жазбаша құжат түрінің белгісі.

Сәйкессіздік

- талаптың орындалмауы.

Іс номенклатурасы

- сақталу мерзімдері көрсетілген, қалыптасқан тәртіп бойынша рәсімделген ұйымда жүргізілетін іс атауларының жүйеленген тізбесі.

Нормативтік-

техникалық құжаттама

- талаптарды белгілейтін құжаттар.

Сапамен қамсыздандыру

- сапа талаптарының орындалатындығына сенімділік орнатуға бағытталған сапа менеджментінің бөлігі.

Объективті куәлік

- кез-кезген нәрсенің бар болуы мен шынайылығын растайтын мәліметтер.

Ұйымдық құрылым

- жұмыскерлер арасындағы жауапкершілік, өкілеттік және өзара қарым-қатынас бөлінісі.

Ұйым

- жауапкершілік, өкілеттік және өзара қарым-қатынас бөлінісі бар жұмыскерлер тобы мен тиісті құрал-жабдықтар.

Үдеріске жауапты

- үдеріске толықтай жауап беретін, үдерісті жоспарлауға, бақылауға және жақсартуға қатысты өкілеттігі бар лауазымды тұлға.

Ресми құжат

- заңды немесе жеке тұлға жасаған, қалыптасқан тәртіппен рәсімделген және куәландырылған құжат.

Құжаттың рәсімделуі

- құжат жасау тәртіптерінде белгіленген қажетті реквизиттердің қойылуы.

Бағалау

- нысанның белгіленген талаптарды орындауға қабілеттілігін жүйелі түрде тексеру.

Персоналды бағалау

- тұлға еңбегін, сапасы мен мүмкіндіктерін орындалатын жұмыс талаптарына сәйкестік тұрғысынан бағалауға бағытталған кадрлық іс-шаралар.

Тасымалдаушыны бағалау

- ұйымды талапқа сай сапалы материалды ресурстармен немесе қызметпен қамтамасыз ететін тасымалдаушы (тасымалдаушылар) мүмкіншіліктерінің нақты мерзімде қолайлы бағаға сәйкес дәрежесін анықтау.

Құжат реквизитінің ауыспалы бөлігі

- құжат бланкін толтыру барысында құжат реквизитінің өзгеретін бөлігі.

Сапа жоспары

- нақты жобаға, өнімге, үдеріске немесе келісім-шартқа қатысты қай процедура мен тиісті ресурстарды, қашан және кім қолданатынын белгілейтін құжат.

Сапаны жоспарлау

- сапа саласындағы мақсаттарды анықтауға бағытталған және өнімнің өмірлік циклының операциялық үдерістері мен сапа саласындағы мақсаттарға қол жеткізуге қажет ресурстарды анықтайтын сапа менеджментінің бөлігі.

Өлшеуіш құралдарды тексеру

- өлшеуіш құралдардың қалыптасқан техникалық талаптарға сәйкестігін анықтау және растау мақсатында мемлекеттік метрологиялық қызмет ұйымдары немесе соған өкілеттігі бар өзге ұйымдар орындайтын операциялар жиынтығы.

Құжаттың (ресми құжаттың) түпнұсқасы

- ресми құжаттың бірінші немесе жалғыз данасы.

Қол

- өкілетті лауазымды тұлғаның немесе құжат авторының жеке қолын білдіретін құжат реквизиті.

Сапа саласындағы саясат

- ұйым жұмысының ресми түрде басшылық рәсімдеген сапа саласындағы жалпы көзарастары мен бағыттары.

Өкілеттік

- мекемеде басқарушылық қызмет атқаратын тиісті тұлға құқығы мен қоса белгілі бір жағдайда құқық нормаларына сәйкес әрекет ету міндетін білдіретін ұйым немесе тұлға құзіреттілігінің құрамдас бөлігі.

Бөлімше туралы ереже

- бөлімшенің орнын, мақсаты мен міндеттерін, қызметін, ішкі құрылымын, құқығы мен жауапкершілігін, сондай-ақ өзге бөлімшелермен ара-қатынасын белгілейтін нормативтік-құқықтық құжат.

Тасымалдаушы

- өнімді жеткізуші ұйым немесе тұлға.

Құжат реквизитінің тұрақты бөлігі

- құжат бланкінде оны дайындау барысында түсірілетін құжат реквизитінің өзгермейтін бөлігі.

Ұдайы жақсарту

- талаптарды орындау қабілеттілігін арттыру бойынша қайталанбалы іс-әрекет.

Тұтынушы

- өнімді алушы ұйым немесе тұлға.

Құқық

- азаматтың немесе ұйымның мүддесін қанағаттандыруға байланысты мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған болжамды іс-әрекетінің заңмен қамтамасыз етілген шаралары.

Келісім пәні

- азаматтық құқықтар мен міндеттердің туындауына, өзгертілуіне немесе тоқтатылуына себепші (мысалы, зат, қызмет, жұмыс немесе мүліктік құқықтар).

Алдын алу әрекеттері

- орын алуы ықтимал сәйкессіздіктің немесе өзге ықтимал қалаусыз жағдаяттың себептерін жою үшін қолға алынатын әрекет.

Шағым

- ұйым жұмысында анықталған немесе болуы мүмкін кемшіліктер, соның ішінде өнім/қызмет сапасы бойынша кемшіліктер туралы арыз.

Құжаттың мерзімді тексерісі

- құжатты қайта шығару, қайта қарастыру немесе нақтылау немесе жою қажеттілігін айқындау мақсатында құжатты қарастыру әрекеті.

Тексерілетін ұйым

- аудит (тексеріс) жүргізілетін ұйым.

Аудит (тексеріс) бағдарламасы

- нақты бір уақыт кезеңіне жоспарланған және нақты мақсаттарға қол жеткізуге бағытталған бір немесе бірнеше аудит (тексеріс) жиынтығы.

Өнім

- үдеріс нәтижесі.

Жоба

- тиісті талаптарға сәйкес мақсаттарға жету үшін қолға алынатын, уақыт, құн және ресуртар жағынан шектеулері бар, бастапқы және соңғы күндеріне дейін белгіленген бағдарды әрі басқарылатын жұмыстар жиынтығынан құралған айрықша үдеріс.

Жобалау және дайындау

- талаптарды белгіленген сипаттамаларға немесе өнім, үдеріс немесе жүйенің нормативтік-техникалық құжаттамасына ауыстыратын үдерістер жиынтығы.

Қадағалау

- зерделенетін нысанның тарихын, қолданылуын немесе орнын қарастыру мүмкіндігі.

Хаттама

- мәжіліс, жиналы, конференция және т.б. мәселелердің талқылануы мен шешімдердің қабылдануын бедерлейтін және орындалған жұмыс пен қол жеткізген нәтижелердің объективті дәлелдемесі болып табылатын құжат.

Процедура

- іс-әрекетті немесе үдерісті жүзеге асырудың қалыптасқан амал-тәсілі.

Сапа процедурасы

- жұмыстың сан алуан түрлеріне немесе олардың нәтижелеріне қатысты жалпыға ортақ және бірнеше мәрте пайдалану ережелерін, жалпы ұстанымдарды, сипаттамаларды белгілейтін және белгілі бір саладағы жоғары дәрежедегі реттеу тәртібіне қол жеткізуге бағытталған Ректор бекіткен консенсус негізінде жасалатын құжат.

Үдеріс

- кіріс пен шығысты өзгертетін жұмыс түрлерінің өзара байланысы мен өзара әрекеттестігі.

Өлшеу үдерісі

- көлемді анықтау операцияларының жиынтығы.

Біліктілік үдерісі

- қалыптасқан талаптарды орындау қабілеттілігін демонстрациялау үдерісі.

Үдерістік ыңғай

- ұйымда қолданылатын үдерістерді, әсіресе сол үдерістердің өзара байланысын жүйелі түрде теңдестіру мен менеджмент.

Жұмыскер

- жұмыскермен еңбек қатынасына түскен және еңбек келісімі негізінде белгілі бір мамандық, біліктілік немесе лауазым бойынша ішкі еңбек тәртібі ережелеріне бағына отырып жұмысты орындаушы азамат.

Келісімді бұзу

- тараптардың келісімді мерзімінен бұрын бұзу туралы келісімі.

Құжатты тіркеу

- құжаттың дайындалуы, жіберілуі немесе қабылдануы туралы деректерді қамтитын құжат жөніндегі есеп мәліметтерінің қалыптасқан үлгіде жазылуы.

Келісімнің тіркеу индексі (нөмірі)

- құжатты тіркеу барысында оған берілетін сандық немесе әріптік-сандық белгі.

Регламент

- белгілі бір іс-әрекет тәртіптерін реттеу ережелері.

Нәтижелілік

- жоспарланған іс-әрекеттің іске асырылу және жоспарланған нәтижелерге қол жеткізу дәрежесі.

Құжат бұрыштамасы

- құжат бетіндегі лауазымдық тұлғаның қабылдаған шешімін жазба түрінде білдіретін реквизит.

Құжат реквизиті

- ресми құжатты рәсімдеудің міндетті бөлігі.

Жөндеу

- сәйкес келмейтін өнімді болжамды пайдалануға қолайлы қалыпқа түсіру үшін қолға алынатын әрекет.

Сапа жөніндегі нұсқау (СН)

- ұйымның сапа менеджмент жүйесін анықтайтын құжат.

Аудит (тексеріс) куәлігі

- аудит (тексеріс) алғышарттарымен байланысты және тексерілуі мүмкін жазбалар, деректерді баяндау немесе өзге ақпарат.

Жүйе

- өзара байланысты және өзара әрекеттестіктегі элементтер жиынтығы.

Менеджмент жүйесі

- саясат пен мақсаттарды жобалау және соларға қол жеткізу жүйесі.

Сапа менеджмент жүйесі (СМЖ)

- ұйымға сапа тұрғысында басшылық ету мен басқару менеджмент жүйесі.

Өлшеулерді басқару жүйесі

- жарамдылықты метрологиялық растауға және өлшеу үдерістерін ұдайы басқаруға қол жеткізуге қажетті өзара байланысты және өзара әрекеттестіктегі элементтер жиынтығы.

Қызметтік қжат

- ұйымның ағымдық жұмысында пайдаланылатын ресми құжат.

Сәйкестік

- талаптың орындалуы.

Құрылымдық бөлімше

- заңды тұлғаның ұйымдық жеке бөлігі және соның құрамындағы өздеріне белгіленген еңбек міндеттемелерін орындайтын, өздеріне жүктелген қызметтердің орындалуына жауап беретін жұмыскерлер. Бөлімшелерге блок, қызмет, бөлім, цех, зертхана, топтар жатады.

Есеп фактурасы

- кредитор борышкер атына рәсімдейтін олардың арасындағы келісімдік қатынастарға және борышкердің ақшалай міндеттеме сомасының бар екеніне куәлік ететін, сондай-ақ тиісті шаруашылық операция мен салық бақылауының бухгалтерлік есебіне қажетті ақпаратты қамтитын есеп.

Ресми құжат мәтіні

- құжат барлық ақпаратын не оның бір бөлігін қамтитын жазудың кез-келген түрі немесе дыбыстық жазудың кез-келген жүйесі арқылы бедерленген ақпарат.

Тестілеу

- стандартталған сұрақтар мен тапсырмалар (тестілер) көмегімен ақпарат алу.

Техникалық сарапшы

- аудит жасалатын нысанға қатысты арнайы білімі мен тәжірибесі бар тұлға.

Талап

- қалыптасқан қажеттілік немесе күту, әдетте болжам жасалады немесе міндетті саналады.

Сапаны жақсарту

- сапаға қойылатын талаптарды орындау қабілеттілігін арттыруға бағытталған сапа менеджментінің бір бөлігі.

Құжаттарды басқару

- құжаттарды сәйкестікке талдау, оларды есепке алу және қолдану, тарату және мүдделі тұлғаларға жеткізу бойынша жұмыстар кешені.

Сатып алуды басқару

- тасымалдаушыларды таңдау мен бағалау, сатып алу сапасын бағалау мен тексеру, ұйымды тиісті сападағы сатып алынған өніммен дер кезінде қамтамасыз ету мақсатына сәйкес қажетті іс құжаттарын жүргізу жұмыстарының кешені.

Қызмет

- тұтынушы қажеттіліктерін қанағаттандыру бойынша ұйым, тұтынушы мен ұйымның ішкі жұмыстарының арасындағы тікелей әрекеттестік нәтижелері.

Сәйкес келмейтін өнімді пайдаға асыру

- сәйкес келмейтін өнімнің алғашқы болжам бойынша пайдаланылуын тоқтату үшін қолға алынатын әрекет.

Ескерте – Сәйкес келмейтін қызмет жағдайында пайдалану қызмет көрсетуді тоқтату арқылы жойылады.



Сапа құжаттарының қоры

- сапа менеджмент жүйесі құжаттарының тиісті ақпараттық-іздеу аппаратымен жабдықталған және ұдайы сақтауға және қолдануға арналған жүйелі түрде жинағы.

Сипаттама

- ерекше белгі, сипат.

Сапа сипаттамасы

- өнімнің, үдерістің немесе жүйенің оған қойылатын талатардан шығатын өзіндік сипаттамасы.

Сапа саласындағы мақсаттар

- сапа саласында көзделеді немесе қол жеткізіледі.

Сарапшы

- аудитті (тексерісті) жүргізуге тағайындалған тұлға.

Пайдалану

- бұйымның сапасы құпталатын немесе қалпына келтірілетін оның өмірлік цикл сатысы.

Тиімділік

- қол жеткізілген нәтиже мен пайдаланылған ресурстар арасындағы байланыс.

Құжаттың заңдық күші

- ресми құжатқа заңды күші бар заңнама, құжатты жасаған заңды тұлғаның құзіреттілігі және қалыптасқан рәсімдеу тәртібі бойынша берілген қасиет.

Заңды тұлға

- жекеменшігінде, шаруашылық жүргізуінде немесе оперативтік басқармасында ерекшеленген мүлкі бар және өз міндеттемелеріне сол мүлкімен жауап беретін, өз атынан мүліктің және дербес мүліктік емес құқықтарды алуы, жүзеге асыруы, міндеттемелерді орындауы, сотта талап етуші және жауап беруші болуы мүмкін ұйым.




178 беттің беті


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет