Сапа
Сапа - объектінің белгіленген немесе болжамалы қажеттілікті қамтамасыз етуге сәйкес көрсеткіштер жиынтығы (ИСО 8402).
Өнім - процестің немесе көрсетілген қызметтің нәтижесі.
Процесс - өнімнің өмірлік циклінің процестерін қоса алғанда, қандай да бір тапсырылған нәтижеге жету жөніндегі өзара байланысты және дәйекті іс-қимылдар (жұмыстар) жиынтығы.
Тауар - ерікті иесіздендірілетін, бір тұлғадан екінші тұлғаға сатып алу - сату келісімі бойынша өтетін кез келген зат.
Сапаның екінші элементі - қажеттілік. Қажеттілік сатылы түрде болады. Оның төменгі сатысында тамақ өнімдерінің көмегімен қамтамасыз етілетін қауіпсіздікке қажеттілік .
Көрсетілетін қызмет - беруші мен тұтынушының тікелей өзара іс-қимылының және берушінің тұтынушы қажеттіліктерін қанағаттандыру жөніндегі ішкі қызметінің қорытындылары.
Сапаның үшінші элементі - көрсеткіштер. Көрсеткіштер сапалық және сандық болып екіге бөлінеді.
Сапалық көрсеткіштер - материалдың түсі, бұйымның түрі, т.б.
Сандық көрсеткіштер- тауарды қолдану шеңбері мен жағдайын анықтау және сапаны бағалау үшін қолданылады.
Сапаны бағалау - объектінің қойылған талаптарды орындауға қаншалықты мүмкіндігі бар екендігін жүйелі тексеру (ИСО 8402).
Өнім сапасын тексеру - өнімнің сапалық және сандық сипаттамаларын тексеру. Сапаны тексеру жұмыстарына өлшеу, талдау, сынау операциялары кіреді.
Өнімді талдау - материалдар мен шикізаттардың құрамы мен құрылымын талдау сараптамалық әдістермен жүргізіледі.
Сынау - сынау объектісінің сапалық және сандық сипаттамаларын эксперименттік әдіспен анықтау.
Сынау жүргізудің сапа көрсеткіші - дәлдік және нөтижелердің қайталануы. Бұл талаптарды орындау метрология ережелерін сақтауға тікелей байланысты.
Ресурстар - қызмет көрсетушілер, қызмет ету құралдары, құрал-жабдықтар, технология.
Процесс (ИСО 8402) - қолданылатын элементтерді (өнімге қатысты - шикізаттар, материалдар) дайын өнімге айналдыратын өзара байланыстағы ресурстар мен іс-қимылдар.
Сапа жүйесі - сапаны жалпы басқаруды жүзеге асыру үшін қажетті ұйымдастыру құрылымы, әдістеме, процесс және ресурстар жиынтығы.
Альтернативті белгі – бойынша өнімнің сапасын бақылау
органнолептикалық немесе визуальды болады. Бұл жағдайда адамның дене мүшелері қолданылады, көбіне, көзі. Сондықтан күшейткіш амалдар (оптикалық, механикалық, химиялық) қолданылады, сонымен қатар эталондар мен үлгілердің әр түрлері қолданылады.
Өнімді сынау – бұл нысанның сандық және сапалық мінездеме амалы, яғни оған әсер ететін факторлар нәтижесі. Бұл жағдайда бақылау амалы мен сынауу амалы теңестіріледі. Тексеріліп отырған параметрлердің бұрмаланбауынан бақылау амалының нақтылығы шығады.
Техникалық бақылау дегеніміз – техникалық талаптарды қабылдайтын, нысанды сәйкестендіретін сынақ түрі. Техникалық бақылаудың объектері болып өнім, оны шығарудағы үдеріс, қолдану, сақтау, техникалық қызмет көрсету мен жөндеу жұмыстары сонымен қатар техникалық құжатқа сәйкестігі жатады. Техникалақ бақылаудың негізгі әрі басты бөлігі болып өнім сапасы басқару болып табылады.
ОТК-ның басты мақсаты – техникалық талаптар мен стандарттар көрсеткішіне сай келмейтін өнімді шығарудың алдын алу. Соны-
мен қатар, өндірістік пәндерді дамыту мен сапалы өнім шығаратын кәсіпорындардың атын шығарумен айналысады.
Өндірістік құрылым – цех пен кәсіпорынның қызметінің құрылымын олардың арасындағы нұсқаумен байланыстыру.
Жұмыс орны – жұмысшылар, қызмет көрсететін техникалық қондырғылар орналасқан кәсіпорының бірлікті жүйесі.
Өндірістің түрі – бұйымның дайындалу әдісін (мысалы, сваркалы қолданатын өдірістің классификациялық категориясы.
Бірлікті өндіріс – бірдей бұйымдарды аз мөлшерде шығаруды сипаттайтын өндіріс.
Достарыңызбен бөлісу: |