Сапалы білім беру-бүгінгі күннің басты талабы
Қазіргі заман талабына сай білім беру –бұл қоғам мүшелерінің адамгершілік интеллектуалдық, мәдени дамуының жоғары деңгейлік және кәсіби біліктілігін қамтамасыз етуге бағытталған оқытудың үздіксіз үрдісі екені белгілі.
Қай заманда болмасын, қай жаста да білім алу маңызды. Адам баласы үздіксіз оқудың арқасында өзін-өзі рухани тұрғыдан жетілдіріп , тәрбиелей біледі. XXI ғасыр білім-ғылымның ғасыры десек, Елбасымыздың көрегенді саясатының білім беру саласына көп көңіл бөлгеннің нәтижесінде әлемдік деңгейдегі білім берудің инновациялық технологиясын игеруге ел болып күш салудамыз . Білімді ұрпақты білім нәрімен сусындататын да шәкірттер бойындағы қабілет, дарынды ашатын да ұстаздар қауымы. Бүгінгі таңда уақыт ағымы ұстаздар қауымына жаңа міндеттер , ауқымды таланттар қойып отыр. Оқытушының алдында тұрған ең басты міндет- студенттің білімге деген ынтасын арттыра білу және жаңа деңгейге көтере білу.
Соның айғағы ретінде «Өрлеу» АҚ «Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» оқытушылардың біліктілігін жетілдіру ісінде жоғары деңгейде саналы жұмыс жасап келеді.
Жыл сайын біздің колледжде біліктілігін жетілдіру курсында оқыған ұстаздардың саны артуда. Мұның өзі озық технологияларды меңгерген бәсекеге қабілетті, білікті мамандар даярлауда оқытушыларымыз оң нәтижелерге қол жеткізе беруіне септігін тигізіп еді . Оқытушылар санасына жаңашыл ойлауды, жаңаша көзқарас білдіруді, сыни ойлауды сыналап қағу осы білім жетілдірудің нәтижесі.
Бұрынғы дәстүрлі сабақ үлгісін жаңа әдіс-тәсілмен алмастырып, білім беру саласында түбегейлі өзгеріске бет бұрған Қазақстан әлемдік деңгейде білімді ұрпағымен мақтанатындай болса дейміз.Біз бағындыратын белес, ұрпақ алатын, асу кейінгіге үлгі болар ұлағат бәрі де білім арқылы келеді. Ұстаздардың көпшілігі білім жетілдіру курсынан кейін өздерін жаңа бір қырынан танытып, жаңаша ойлай алатындығын байқатуда.Жаңашыл ұстаздар шәкірттерді өзіне сенімді, өзін-өзі бағалай алатын, тіл табыса білетін , ізденімпаз тұлға етіп тәрбиелеп жатыр деп ойлаймыз. Тынымсыз еңбек үлкен нәтижеге бастайды емес пе?! Білім жетілдіру көптеген ұстаздар қауымына шабыт сыйлап, білім беру ісіндегі талап күшейіп келе жатқандығын айқын сездіреді. Сондай-ақ ақпаратты технологияны тиімді пайдалану , танымдық қабілетті арттыру, жауапкершілікпен әр істі сезіне білу, өзін-өзі реттеу сынды қасиеттерді студенттер осындай ұлағатты ұстаздардан сіңіреді деп айтуға болады.
«Халықтың кемеліне келіп өркендеп өсуі үшін ең алдымен азаматтық пен білім қажет»,-деп Шоқан Уәлиханов айтқандай, халықтың кемелденіп, озық елу елдің қатарына ену үшін адамдарға елжандылық пен білім қажет екенін түсінеміз. Жалпы білім беру сапасының жоғары болуы, кәсіби біліктілігін арттыруда білім жетілдіру курсының берері көп. Болашақ педагогтеріміз қоғамнан қалыспай: жедел ойлаушы, жедел шешім қабылдаушы, ерекше ұйымдастырушылық қабілетті , нақты бағыт-бағдар беруші болып шығуы-бұл қазіргі заманның талабы. Осы талаптар орындалғанда ғана мұғалім мәртебесінің жоғары болатыны анық.
Достарыңызбен бөлісу: |