Саратовка ауылдық округі әкімінің 2011 жылы атқарылған жұмыстар туралы есебі
Ауылдық округінің әкімі өз қызметін Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабында белгіленген құзырлығындағы міндеттер негізінде атқарады.
Құқықтық жағынан ауылдық округ әкімі керекті заңнамалармен, басқа да нормативтік құжаттармен қамтамасыз етілген және қызмет барысында осы құжаттарды басшылыққа алады.
Сонымен қатар, жұмыс регламенті, жылдық және айлық жоспарлар, ауылдық округі әкімінің Қағидасы бойынша өз жұмысын жүргізеді.
Ауыл шаруашылығы
Саратовка ауылдық округінің аумағы 19817 га құрайды. Ауыл шаруашылық маңызы бар жерлердің көлемі 9885,2 га. Оның ішінде егістік жерлердің көлемі – 4080,3 га, шабындық жер – 385 га, мал жайылымына арналған жерлердің көлемі 5419,9 га құрайды.
Округ аумағында 23 шаруа қожалығы, 2 жауапкершілігі шектеулі серіктестігі тіркелген және жұмыс атқарады. Шаруа қожалықтарының 10 өсімдік шаруашылығымен, 3 шаруа қожалығы өсімдік және мал шаруашылығымен айналысуда. Қалған 11 шаруа қожалығы шөп шабумен айналысады. Шаруа қожалықтарында жұмыс атқаратындардың саны 123 адам.
«Солтанбек», «АгроБАМ», «Жайнақ» және «Достық» шаруа қожалықтары мал шаруашылығымен айналысады. 2012 жылдың 1 қаңтарына ірі қара малдың саны 729 басты құрайды, оның ішінде сиырлар - 307 бас, ұсақ малдар – 1248 бас, жылқылар – 207 бас. 2011 жылмен салыстырғанда ірі қара мал - 157 басқа, ұсақ мал – 367 басқа, жылқылар саны – 18 басқа көбейді.
2011 жылы округтегі ауылшаруашылық құрылымдарына мемлекет тарапынан төмендегідей субсидиялар берілді: «АгроБАМ» шаруа қожалығы және «Отрадное» ЖШС - басшысы Касенов Ж.Ж. - 6 млн 246 теңге; «Солтанбек», «Жайнак» шаруа қожалықтары және «Байсаков и К» командиттік бірлестігіне - басшысы Байсаков А.З. – 1 млн 963 мың 700 теңге; «Рахматуллин» шаруа қожалығына – басшысы Рахматуллин А.А. – 661 мың 400 теңге; «Бауржан» шаруа қожалығына -басшысы Бердюгожин Б.Ж. – 349 мың 500 теңге; «Үш биік» шаруа қожалығына – басшысы Тастанбек Н.Б. – 247 мың теңге; «Достық» шаруа қожалығына - басшысы Оспанова Г. Т.– 532 мың 800 теңге; «Евгения» шаруа қожалығына - басшысы Крикуненко В.Г. - 175 мың 700теңге. Қосымша, тынайтқыш алуға «Отрадное» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне 1 млн 90 мың 507 теңге берілді.
2011 жылы «АгроБАМ» шаруа қожалығы 25 млн теңгеге ауыл шаруашылық техникасын сатып алды.
Дәңді – дақылдардың жалпы түсімі орта шығымдылығы гектарына 7 центнер болғанда 6917,3 тоннаны құрады. Қыс мезгіліне 1914 тонна шөп дайындалды.
Қазіргі уақытта шаруа қожалықтарына механизаторлар, жүргізушілер, малшылар, дәнекерлеуші, токарьлар қажет.
Округ бойынша 527 аула бар. Оның ішінде 332 аула - қосалқы шаруашылық иелері.
2012 жылдың 1 қаңтарына 884 бас ірі – қара мал, оның ішінде – 404 сиыр; 2478 бас ұсақ мал, 138 бас жылқы, 100 бас шошқа, 3085 бас құс тіркелген.
Былтырғы жылмен салыстырғанда ірі – қара мал басы 41 басқа азайды, ұсақ малдың басы – 714 басқа, шошқаның саны – 51 басқа көбейді.
2011 жылы – 1522 центнер ет, 13110 центнер сүт, 85 мың дана жұмыртқа өндірілді.
Округте «АгроБАМ» және «Солтанбек» шаруа қожалықтарында мал бордақылау алаңдары ұйымдастырылған. «АгроБАМ» шаруа қожалығында сыйымдылығы - 500 бас, «Солтанбек» шаруа қожалығында сыйымдылығы - 100 бас. 2011 жылы Отрадное ауылындағы «АгроБАМ» шаруа қожалығында мал сою пункті, ал Саратовка ауылында мал қорымы салынды.
Саратовка ауылындағы Шығыс-Қазақстан ауыл шаруашылық колледжінің негізінде мерзімге сәйкес жұмыс атқаратын мал ұрықтандыру пункті жұмыс атқаруда. «Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасы негізінде Ново – Одесское ауылының тұрғыны Г.Абраимова ұрықтандырушы – техник мамандығы бойынша курсты бітірді. 2012 жылы ауданның агрокәсіптік кешенін дамыту мақсатымен ауыл шаруашылығы бойынша «Солтанбек» және «АгроБАМ» шаруа қожалықтарында асыл тұқымды ірі – қара мал өсіру шаруашылығын ашу жоспарланып отыр. 2012 жылдың басында Саратовка және Ново – Одесское ауылдарында ауыл шаруашылық малдарын қолдан ұрықтандыру пунктері ашылды. Отрадное ауылындағы «АгроБАМ» шаруа қожалығының негізінде қолдан ұрықтандыру пункті ашылуы жоспарлануда.
Ауыл шаруашылығын жандандыру мақсатымен тұрғындарға үкімет тарапынан несиелер берілуде. Осы орайда, мал және өсімдік шауашылығымен айналысу үшін, округ тұрғындары А.Мукашева, Г.Егошина, С.Зайнулдинова несие алды.
Кәсіпкерлік
Округте 11 дүкен, 1 асхана, 1 наубайхана, 1 жармалау цехы жұмыс атқаруда. Жалпы жұмысшылардың саны 22 адам.
«Солтанбек шаруа қожалығының наубайханасында 2011 жылы сомасы 1 млн 15 мың 632 теңгеге 21159 бөлке 1 сұрып наны шығарылды. Дүкендерде нанның орташа сатылым бағасы 48 теңгені құрады. Округ аумағына басқа жақтан да нан және нан өнімдері әкелінеді: Белоусовка ауылынан - жеткізуші «ПКФ – Шахан – ата» жауапкерлігі шектеулі серіктестігі, Өскемен қаласынан жеткізуші «Балхаш» жеке кәсіпкерлігі мен «Устун» жеке кәсіпкерлігі және Донское ауылынан жеткізуші «Назаренко» жеке кәсіпкерлігі.
Күнделікті әкімшіліктің маманы негізгі тауарларға бағаның тұрақты болуына мониторинг жүргізеді және ауданның кәсіпкерлік бөлімін ақпаратындырады.
2012 жылы Отрадное ауылында 1 дүкеннің ашылуы жоспарлануда.
2011 жылы 63521 теңге – мүлік салығы, 116799 теңге жер салығы жиналды.
Бюджет
2011 жылы Саратовка ауылдық округі әкімі аппаратының қызметіне және әлеуметтік сұрақтарды шешуге 7 млн 564 мың теңге қаржы бөлінді.
Округ әкімшілігінің қызметін қамтамасыз ету үшін 6 млн 975 мың теңге қарастырылған. Бұл шығыстар бабына әкімшілік қызметкерлерінің еңбек ақысы, қызметтік көлікті пайдалану және жөндеу жұмыстары, оргтехника және компьютерлерді жөндеу, кеңсе тауарларын алу енгізілген.
Көшелердегі жарықты қамтамасыз етуге 409,0 мың теңге бөлінген.
Округ аумағындағы санитарлық жағдайды қамтамасыз ету үшін 100 мың теңге бөлінген.
Бюджеттен бөлінген қаражат толық игерілді.
2012 жылға 8 млн 925 мың теңге қарастырылды.
Әлеуметтік сұрақтарды шешу үшін төмендегідей қаржы бөлінді: округте тазалық орнатуға – 120000 теңге, елді – мекендердегі көшелердің жарықтандыруының өтем ақысына – 442 000 теңге, елді – мекендерді көгалдандыру, көріктендіру жұмыстарына 100 000 теңге бөлінді.
Әлеуметтік қорғау
Округ аумағында зейнеткерлер саны 280 адам, 1,2,3 топ мүгедек адамдар саны 42 адам, мүгедек балалар саны 5 адам, тыл қызметкерлерінің саны – 53 адам, «Алтын алқа» иегерлерінің саны – 21 адам, «Күміс алқа» иегерлерінің саны – 18 адам.
2011 жылы аудандық жұмыспен қамту орталығында тіркеуде 14 адам болды. Жыл ішінде 12 адам қоғамдық жұмыстармен қамтылды. Тұрақты жұмысқа тұрғандардың саны 7 адам. 2012 жылдың 1 қаңтарына халықты жұмыспен қамту орталығында тіркелгендер жоқ.
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек 2011 жылы 6 отбасына (21 адамға) берілді. 18 жасқа дейінгі балаларға жәрдемақыны алуға 27 отбасы (56 бала) өтініш берді. Тұрғын үй жәрдемақысы 84 отбасына берілді.
2011 жылы «Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасы негізінде жүргізілген оқу курстарында 76 тұрғын білім алды. Оның ішінде, «аспаз» мамандығы бойынша 36 адам, «омарташы» мамандығы бойынша – 3 адам, «тракторист-машинист» мамандығы бойынша – 23 адам, «есепші» мамандығы бойынша 3 адам, «шаштараз» мамандығы бойынша – 3 адам, «ЭВМ операторы» мамандығы бойынша – 1 адам, «модельер-закройщик» мамандығы бойынша 1 адам, «ұрықтандырушы» мамандығы бойынша 3 адам оқып, мамандық алды.
Округтегі жалғызбасты зейнеткерлерге көмек көрсету үшін 1 әлеуметтік қызметкер жұмыс істейді. Оның міндетінде 7 жалғызбасты зейнеткерге көмек көрсету бекітілген. Ол пәтер тазалығын, дәрі-дәрмекпен, керек – жарақпен қамтамасыз етеді. Зейнетақыларын жеткізу, су әкелу, құжаттарды рәсімдеу жұмыстарын атқарады. Әлеуметтік қызметкер дәрігерлік амбулаториясымен тығыз қарым – қатынаста және Базылбек Ахметов атындағы орта мектебінде ұйымдастырылған «Қамқорлық» тобымен бірге жұмыс істеуде. Құрамына 19 оқушы кірген «Қамқорлық» тобы округтегі зейнеткерлерге, мүгедек адамдарға қар тазалауға, отын жаруға, аулаларды қоқыстан тазалауға және басқа да жұмыстарды жүргізуге көмек көрсетуде. Жыл көлемінде Дроздова Зинаида Николаевнаға, Ерубаева Қырланға, Клименко Мария Фроловнаға, Москвина Евдокияға, Ахметова Шамшаға, Абильмажинов Даутбек ағаға және басқада тұрғындарға көмек көрсетті.
Білім саласы
Саратовка ауылдық округі аумағында жалпы саны 181 оқушыны құрайтын орта мектеп орналасқан. Мектепке дейінгі 2 сыныпта – 13 бала. Орта мектеп Шығыс – Қазақстан ауыл шаруашылық колледжінің ғимаратында орналасқан. 2011 жылы мектепті 19 оқушы тәмәмдады. Ұлттық тестілеу қорытындысы бойынша орта баллы – 87,5 құрады. 2011 жылы жоғары оқу орындарына 7 түлек, арнаулы орта оқу орындарына 10 түлек, лицейге 1 түлек оқуға түсті. 11 түлек – ақысыз, ал 7 түлек – ақылы оқу орындарында оқуда. Орта мектепте 36 мұғалім жұмыс атқаруда. Оның ішінде, жоғары біліммен – 30, арнаулы – орта біліммен – 6 мұғалім. Бүгінгі күні кадрлар толық.
Саратовка ауылындағы мектепке ауылдардан 123 оқушы тасымалданады. Оның ішінде, Ново – Одесск ауылынан 75 оқушы, Отрадный ауылынан – 48 оқушы. Мектептің автобусы күніне 7 рейс жасайды. Техникалық қамтамасыз етілген жағдайын айта кетсек, орта мектепте 17 компьютермен жабдықталған 1 мультимедиялық кабинет және 10 компьютермен жабдықталған 1 информатика кабинеті бар. Интернет жүйесіне 1 компьютер қосылған.
Ыстық тамақпен қамтамасыз ету Шығыс – Қазақстан ауыл шаруашылық колледжінің асханасында ұйымдастырылған. Барлығы ыстық тамақпен 78 оқушы қамтылған, оның ішінде – 61 бала – 1-4 сынып оқушылары, 17 бала – 5-11 сынып оқушылары.
Орта мектепте волейболдан, баскетболдан, теннистен, еркін күрестен 4 спорттық секция жұмыс атқарады. Қатысатындардың саны 73 оқушы.
Биылғы жылы Ново – Одесск ауылында 130 орындық мектептің құрылысы басталды. 2012 жылдың 1 қыркүйігінде іске қосылуы жоспарлануда.
Шығыс – Қазақстан ауылшаруашылық колледжінде 251 студент, ал лицейде – 46 студент білім алуда.
Сонымен қатар, осы салада қазіргі уақытқа дейін шешімін таппай келе жатқан сұрақтардың бірі – балабақша немесе балаларға арналған шағын орталығын ашу мәселесі. Бұл сұрақ үнемі округ әкімімен, аудан әкімімен кездесулер өткізген кезде көтерілуде. Осы сұрақты шешу жөнінде тұрғындар аудан әкімінің атына, мәслихат депутатының атына да хаттар жолдаған. Бірақ, өкінішке орай, осы сұрақтың шешімі әлі де табылар емес.
Медициналық қызмет
Округте тұрғындарға медициналық қызмет көрсетуді 9 қызметкер жүргізуде, оның ішінде 3 дәрігер, 6 орта медициналық қызметкер. Округте 3 медициналық мекеме орналасқан: Саратовка ауылында дәрігерлік амбулаториясы, ал Ново – Одесск, Отрадное ауылдарында фельдшерлік пунктер орналасқан. Дәрігерлік амбулатория иелігіне 1 қызметтік көлік бекітілген. 2011 жыл көлемінде медициналық көмек 2171 тұрғынға көрсетілген, 425 ауырған адамға үйінде көмек көрсетілген және жедел жәрдем көмегі – 52 тұрғынға шақырылған.
Өткен жылы дүниеге 16 бала келіп, 18 адам дүниеден өтті. Оның ішінде онкологиялық аурумен ауырғандар саны – 5 адам, туберкулез ауыруымен ауырып қайтыс болғандардың саны – 1 адам. Амбулаториядағы күндізгі стационарында жыл көлемінде 148 тұрғын емделді. Емдеу сапасына тұрғындар тарапынан арыздар түскен жоқ.
Амбулатория және фельдшерлік пунктерінде көрнекті құралдармен жабдықталған салауатты өмір салтын сақтау жөнінде ақпараттар жиналған және жас аналарға арналған бұрыштар орналастырылған.
Ново – Одесск ауылындағы фельдшерлік пункті және Саратовка ауылындағы дәрігерлік амбулаториясы қыс мезгілінде электр қуатымен жылынады, ал Отрадный ауылындағы фельдшерлік пункті «АгроБАМ» шаруа қожалығының иелігінде және көмірмен медициналық бірлестік қамтамасыз етеді.
Инфраструктура
Округ тұрғындары телефон байланысымен, электр қуатымен, әкелінетін газбен қамтамасыз етілген. Байланыс абоненттерінің саны 431 адамды құрайды, оның ішінде Саратовка ауылында – 188 жанұя, Ново-Одесское ауылында - 107 жанұя, Отрадное ауылында – 136 жанұя.
Ново – Одесск және Отрадное ауылдарының тұрғындары ауыз сумен өз құдықтарынан қамтамасыз етілген, ал Саратовка ауылындағы су құбыры Шығыс – Қазақстан ауыл шаруашылық колледжінің балансында. Қоғамдық құдықтан су алу кісі басына 78 теңге 26 тиын, жер үйлердегі канализациясыз су құбырлары тартылған үйлерде кісі басы – 150 теңге, ал су құбыры және канализациясы іске қосылған үйлерде кісі басы 234 теңге 78 тиын төлем ақысы белгіленген. Су жүйесіне қызмет көрсету жағынан шешімін таппаған мәселелер бар. Өздеріңізге белгілі, жаз мезгілінде Мелиораторов көшесіне су жетпей қалады, ал қыс мезгілінде, жүйенің ескіргеніне байланысты трубалар жарылып жатады. Әдеттегідей, қаржы тапшылық. Оның үстіне, су пайдалану үшін өтем ақыларын төлемейтін тұрғындар да бар. 2011 жылдың аяғына тұрғындар 190 мың теңге көлемінде қарыздар. Су құбырына қызмет көрсету білім беру мекемесінің үлгілі ережесіне сәйкес келмейтінін басшылыққа алып, КСК немесе басқа да мекемеге беру жөнінде колледждің әкімшілігі бірнеше рет аудан әкіміне, жергілікті әкімге хаттар жолдаған. Қазіргі уақытта су құбырының жүйесін аудандық коммуналдық – шаруашылығы бөлімінің құзырлығына беру бойынша сұрақ шешілуде.
Көші – қон жағдайы
2011 жылы округ аумағына 28 адам тіркеліп, 37 адам тіркеуден шықты. Негізгі көші - қон көрсеткіші бойынша: Қазақстан Республикасының басқа аумақтарына – 2 адам, Шығыс – Қазақстан облысының басқа аудандарына 22 адам, ауданның басқа ауылдарына – 13 адам қоныс аударды. Кетулерінің негізгі себептері - оқуға, тұрақты мекен - жайын ауыстыруларына байланысты.
Құқықтық қорғау
Округ аумағында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, қылмыстардың алдын – алу бойынша 1 учаскелік полиция қызметкері жұмыс атқаруда. Учаскелік полиция қызметкері Е.Сағиұлының әкімшілік учаскесі Саратовка, Ново – Одесское, Отрадное ауылдарын қамтиды. Қызметкердің ойдағыдай жұмыс атқаруы үшін колледждің жатақхана ғимаратының 1 қабатында қызметтік кабинеті орналасқан, қызметтік телефоны 38-301. Учаскелік полиция қызметкеріне 2011 жылы бюджеттік қаржыға қызметтік пәтер сатып алынды және қазіргі уақытта ол отбасымен Саратовка ауылында тұрып жатыр.
Қоғамдық тәртіпті сақтауға көмек көрсетуге 2 адам тартылған.
Учаскелік полиция қызметкерінің профилактикалық есебінде 66 адам тұр. Оның ішінде, мерзімінен бұрын босатылғандар – 3 адам, әкімшілік қарауындағылар – 4 адам, бұрын сотталғандар – 2 адам, шартты түрде сотталғандар – 5 адам, ішімдік өнімдерін шексіз пайдаланатындар саны – 39 адам, есепте тұрған жасөспірімдер саны – 3 адам.
2011 жылы Қазақстан Республикасының әкімшілік кодексін басшылыққа алып әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін 142 хаттама толтырылды, оның ішінде: отбасылық – тұрмыстық аясында құқыққа қарсы іс - әрекеттер жасағандары үшін – 11 іс, бұзақылық жасағандары үшін – 6 іс, қоғамдық орындарда мас күйінде жүргендері үшін – 60 іс, транспорттық құралын мас күйінде жүргізгені үшін – 4 адам, жеңіл дене жарақатына әкеліп соқтырғаны үшін – 4 адам, қоғамдық орындарда шылым шеккендері үшін – 7 адам, көріктендіру тәртібін бұзғандары үшін – 5 адам. 2011 жылдың 12 айы ішінде 83 тұрғынның арыз - өтініштері қаралды.
Тұрғындардың өтініштерін қарау
2011 жылдың 12 айында округ әкімінің атына 18 тұрғыннан және 6 заңды тұлғадан арыз - өтініш келіп түсті. Өтініштер негізінде тұғын үй мәселесі, жер және жерді пайдалану мәселелері, санитарлық тазалық мәселелері жөнінде. Барлық арыз - өтініштер уақытында қаралып, жауаптар қайтарылды.
Аудан әкімінің тапсырмасына сәйкес округте елді - мекендерді көріктендіру, көгалдандыру және санитарлық тазалық жүргізу мақсатымен 2011 жылдың 15 сәуір - 15 - ші маусым аралығында екі айлық өткізілді. Көріктендіру, көгалдандыру және санитарлық тазалауды жүргізу үшін комиссия құрылып, іс – жоспары дайындалды және округтегі әр көшеге тазалық орнату үшін келісім бойынша жауаптылар тағайындалды. Негізгі мақсаты - әр үй, аула, мекеме маңдарында тазалық орнатуын іске асыру. Әр аптаның бейсенбісі «Тазалық бейсенбісі» деп белгіленді. Тазалық жүргізу іс-шараларына ауылдық округ әкімшілігі, мектеп пен колледж, шаруа қожалықтары, дәрігерлік амбулатория ұжымы түгел қатысты. Округте тазалық жұмыстарын жүргізу барысында Аксакалдар, Әйелдер кеңестерінің мүшелері белсенділік көрсетті. Қоқыс төгетін орындарды жинау жұмыстары жүргізілді. 720 түп ағаш көшеттері отырғызылып, 100 шаршы – метр гүлзарлар орналастырылды. Өткізілген 2 айлықтың қорытындысы бойынша Саратовка ауылдық округі аудан бойынша 1 орынға ие болды.
Округте өтетін мәдени шараларды ұйымдастыратын 1 мәдени қызметкер өз жұмысын атқарады. Отрадное ауылында Мәдениет үйі бар. Округте өткізілетін мәдени іс – шараларға колледж, орта мектеп ұжымдары және «Ақ әжелер», «Непоседы» топтарының мүшелері белсене қатысуда. 2011 жылы округте барлық маңызды мерекелерге, атаулы күндерге арналған іс – шаралар өткізілді. Осы орайда, Ұлы Жеңістің 66 жылдығына арналған, Қарттар мен мүгедектер күніне арналған және басқа да атаулы күндер мен мерекелерге арналған ісшаралар ұйымдастырылды.
Өткен 2011 жыл барлық қазақстандықтар үшін жаңа жеңістер мен жетістіктерге толы жыл болды. Ол Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 20 жылдығы аясында өтті.
Ауылдық округте «Туған жерге тағзым» және «20 жарқын іс» акциялары негізінде шаруа қожалықтарының басшылары, жеке кәсіпкерлер, мектеп түлектері, бұрынғы округ тұрғындары 151 млн 211 мың 600 теңге көлемінде демеушілік көмек көрсетті. Ең маңызды шара – ол Отрадное ауылындағы Мәдениет үйін мемлекет қарамағына тапсыру. Осы жөнінде жасалған меморандумның құны 150 млн теңге. Базылбек Ахметов атындағы орта мектебіне шаруа қожалықтарының басшылары және бұрын бітірген мектеп түлектері көп демеушілік көмегін көрсетті. Осы орайда, «АгроБАМ» шаруа қожалығы - диван, «Достық» шаруа қожалығы – кілем, «Алтай» ЖШС - терезелерге жалюздер, «Жайнақ» шаруа қожалығы еңбек кабинетіне іс тігетін электр машинасын сыйға тартты. Бұрын мектепті тәмәмдаған түлектер лазерді принтер, 10 жұмсақ орындық, фотоаппарат тапсырды. Тасөткел ауылының тұрғындары округтегі мәдени іс – шараларды өткізуге музыкалық аппаратурасын сыйға тартты. Жеке кәсіпкер Жанжигитов А. Саратовка ауылындағы Молодежный көшесінің бойына тұрғындарға арнап құдық орнатты. Барлық шаруа қожалықтарының басшылары, жеке кәсіпкерлер аз қамтылған отбасыларына көмекке, оқушыларды тегін тамақтандыруға өз үлестерін қосты.
Президенттің және Үкіметтің саясаты арқасында жылдан жылға округ тұрғындарының тұрмысы жақсара түсетініне сенеміз және де сіздердің көмектеріңізбен округтегі көп сұрақтар шешіледі деп үміттенемін.
Назарларыңызға рахмет.
Достарыңызбен бөлісу: |