Сарбаз. – 2010. - № 48. – 3-9 желтоқсан
Әли С.
Әскери тәрбиенің тарланы
Запастағы полковник Альберт Игнатьевич Рихтер - өсіп келе жатқан буынға әскери-спорттық, патриоттық тәрбие мен білім беруде мол тәжірибе жинақтаған өнегелі аға офицер. Әскери ұстаз өз саласының маманы.
Әскери қызметтің дәмін ерте татты. КСРО Қарулы Күштерінің қатарында взвод, рота, батальон командирі болды. Кейінірек қазіргі Агротехникалық университет және Қазақтың гуманитарлық-заңгерлік университетінде аға оқытушы, оқу бөлімінің және әскери кафедраның бастығы қызметін атқарды. Бүгінде елорданың №17 мектеп-гимназиясында осындағы алғашқы әскери дайындық пәнінің оқытушы-ұйымдастырушысы болып қызмет ететін Альберт Игнатьевич әскери-патриоттық және спорттық тәрбиенің маңызы туралы ой түйіндеп,өзекті мәселе жайлы әңгімелеген.
... Әскери қызметіңіз және осы саладағы ұстаздық тәжірибеңіз
жайында айтып өтсеңіз?
- Мен 1971 жылы Ташкенттегі жалпыәскерлік жоғары командалық әскери училищені «лейтенант» шенінде үздік бітірдім. Содан, 1971-1974 жылдары Алматыдағы сол кездегі жалпыәскерлік жоғары командалық әскери училищесінде взвод командирі қызметін атқардым. Саран қаласындағы әскери бөлімге рота командирлігіне ауыстырылдым. 1978 жылы капитан шенінде сол кездегі Целиноград ауылшаруашылығы институтының әскери кафедрасына оқытушы болып орналастым. Осында 1989 жылы аға оқытушы, 1993 жылы әскери кафедраның оқу бөлімінің бастығына жоғарылатылдым. 1997-1999 жылдары осында әскери кафедра бастығының міндетін атқардым. 1999-2002 жылдары Қазақ мемлекеттік гуманитарлық-заңгерлік университінің әскери кафедрасында аға оқытушы, цикл бастығы қызметін атқардым. Міне, биыл екінші жылға аяқ басты елордадағы №17 мектеп-гимназиясында алғашқы әскери дайындық пәнінің оқытушы- ұйымдастырушысымын. Осылайша білім мен тәжірибені жас ұрпаққа отаншыл рухта тәрбиелеуге, азаматтық парызды адал атқаруға бекем бел буған жағдайым бар.
- Әңгімеңізге рахмет!
Достарыңызбен бөлісу: |