Саркомастигофоралар типі Дайындаған:ЖБЛ-113
Қарапайымдылар - бір клеткалы, өте ұсақ, микроскоп арқылы көрінетін жәндіктер. Морфологиялық жағынан қарағанда қарапайымдылар бір клеткалы формалар, ал тіршілік қасиеттері жағынан алғанда дербес өмір сүретін жеке организм, тірі организмге тән зат алмасу, қозғалу, тітіркену, ортаға бейімделу, ас қорыту, зәр шығару, тыныс алу, даму т. б. қызметтерін атқарады.
Қарапайымдылар
Микроспоридиялар типі
Инфузориялар типі
Споралылар типі
Книдоспоридиялар типі
Саркосмастигофоралар типі
Саркомастигофоралар типі - Саркомастигофоралар еркін өмір сүретін және паразитті тіршілік ететін қарапайымдылар. Жалған аяқтары (псевдоподиялары) немесе талшықтарының көмегімен қозғалады. Қозғалу органойдтарының құрылысына байланысты саркомастигофора типі екі класқа бөлінеді: саркодиналар - Sarcodina және талшықтьшар -Mastigophora.
Саркодиналылар класы:
- тамыраяқтылар - Rhizopoda,
- сәулетәрізділер - Radiolaria,
- күнтәрізділер - Heliozoa
Талшықтылар класы;
Тамыраяқты класс тармағы - Rhizopoda
Амебалардың негізгі белгілері: денесінің тұрақты пішіні, қалың қабыршағы, қаңқасының болмайтындығы. Денесінің кез келген жерінен уақытша цитоплазма өсінділерін - жалған аяқтарын шығаратын қасиеттері болады, өкілдерінің жалған аяқтары (псевдоподиялары) әр түрлі пішінді болып келеді: саусақ тәрізді, мысалы, Amoeba proteus, жебе тәрізді - A. cristalica және басқалары. Амебалардың мөлшері әр түрлі - 10-15 мкм-нан 2-3 мм-ге дейін. Ядролары біреу немесе көп болуы мұмкін
Амебалар отряды - Amoebina
Қабыршақты амебалар отряды
Қабыршақты амебалардың құрылысы кәдімгі амебалардың құрылысына өте ұқсас, негізгі айырмашылығы олардың денесі бір камералы қабыршақпен немесе сауытпен қапталынған. Қабыршақтары органикалық заттан не қоймалжың заттан құралған, бұған майда қиыршық құм, тағы басқа бөгде заттар жабысып тұрақты формасын жасайды
Фораминифералар ертеде пайда болған жәндіктер, бұлардың қабыршақтары кембрий дәуірінен кездеседі. Жасыл қиыршық құм, әк, кәдімгі бор, негізінде фораминифералардың қабыршақтарынан құралған. Фораминифералар теңізде тіршілік ететін жәндіктер, ал Miliolina oblonga, Spiroloculina turco түрлері Қарақұм мен Орта Азия далаларының құдық суларынан табылған.
Фораминифералар отряды
Тамыраяқты класс тармағы - Rhizopoda үш отрядқа бөлінеді: амебалар - Amoebina, қабыршақты амебалар - Testacea және фораминифералар - Foraminifera
Достарыңызбен бөлісу: |