Сармат ескерткіштері. Орындаған: Демесін Б. Ж. Тексерген: Омаров Ғ. Қ



Дата09.09.2022
өлшемі12.95 Kb.
#460505
Демесін Б. Ж. Қосымша. РЖВ


Сармат ескерткіштері.
Орындаған: Демесін Б. Ж.
Тексерген: Омаров Ғ. Қ.
Сарматтар Қазақстанның батыс өңірін мекен еткен тайпа. Каспий маңында тіршілік еткен болатын. Сарматтар ескерткіштерін 3 кезеңге бөліп қарастыруға болады. Олар: б.з.б. 4-2 ғасырларға жататын Прохоров мәдениеті, б.з.б. 1 – б.з. 1 ғасырына жататын Суслов мәдениеті, б.з. 2 – 6 ғасырларға жататын Шипов мәдениеті.
Прохоров мәдениеті. Олардың мекен еткен жерлері Оңтүстік Орал және Каспий маңын мекен еткен сармат тайпаларының мәдениеті. Бұл 3 мәдениеттер бір мезгілде емес бірінен соң бірнің ізін қуалап жалғап кете береді. Осы кезеңнің мәдениеттерін Мошкова зерттеген болатын. Бұл мәдениетте ұжымдық қабірлерде жиі ұшырасып отырады. Олардың ерекшелігіне тоқталатын болсақ жерлеулерінде. Ер адамның да, әйел адамның да сүйектері бірге қойыла береді. Кішкентай баланың сүйектері көбіне аяқ жақтарына қойылады. Прохоров мәдениетіне тән обалар: Шалқар-3, Барбастау-5, Факел қорымдары жатады.
Суслов мәдениеті. Мәдениет Шығыс Еуропа аумағындағы далаларды алып жатты. Көпшілігі молалар болды. Бұл ең мардымсыз зерттелген кезең. Обаларынан от қалдықтары табылды. Оны негізінен кремациялап жерлеу деген тұжырымдар бар. Молалардың көбісі тар қылып қазылған.
Шипов мәдениеті. Бұл мәдениеттің зерттелуіне көптеген ғалымдар өз үлестерін тигізген болатын. Граков, Смирнов, Скрипкин, Гуцалова т.б. Халықтардың ұлы қоныс аударуы кезеңімен тікелей байланысты. Молалардың басым бөлігінде жеке-жеке жерленеді. Молаға күкірт пен шақпақ тас жаңқаларын қою дәстүрі кеңінен таралған.
1-мыңжылдық алғашқы жартысында Қазақстанның батыс өңірлері ғұн-сармат тайпаларының жарқын мәдениетін сақтаған ірі аудандардың бірі болып қалды. Заттай және рухани мәдениет дәстүрлі түрде жалғаса берді. Уақыт өте келе бұл мәдениеттер басқа мәдениеттермен кірігіп кетті.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет