«Сақталу заңдары» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Оқу мақсаты
9.2.3.1 Дене импульсі мен күш импульсін ажырату;
9.2.3.2 Импульстің сақталу заңын тұжырымдау және есептер шығаруда қолдану
9.2.3.6 – Жұмыс пен энергияның байланысын түсіндіру
9.2.3.7 Энергияның сақталу заңын тұжырымдау және есептер шығаруда қолдану
Бағалау критерийлері
Дене импульсі мен күш импульсін анықтайды
Импульстің сақталу заңын түсіндіреді және есептер шығаруда қолданады;
Жұмыс пен энергияның байланысын көрсетіп, есеп шығаруда қолданады;
Энергияның сақталу заңын тұжырымдайды және есептер шығаруда пайдаланады
Ойлау дағдыларының
деңгейі Білу және түсіну, қолдану
Орындау уақыты 25 минут
І - нұсқа
Тапсырмалар
1.
a)Кестеден дұрыс нұсқаны таңдаңыз: [1]
№
|
Жүйедегі барлық денелер импульстардың векторлық кесіндісіне тең емес
|
Дене импульсінің өзгерісі осы өзгерісті тудыратын күш импульсіне тең
|
Дене импульсінің бағыты жылдамдық бағытымен сәйкес келеді
|
А
|
шын
|
жалған
|
шын
|
В
|
жалған
|
шын
|
шын
|
С
|
жалған
|
жалған
|
шын
|
Д
|
шын
|
жалған
|
жалған
|
b) Күш импульсінің формуласын табыңыз [1]
A) . B) . C) . Д)
c) Массасы 50 т самолет 20 км биіктікке 900 км/сағ жылдамдықпен ұшады. Оның толық механикалық энергиясын табыңыз. [3]
2. 1-суретте екі шардың соқтығысуға дейінгі, ал 2 суретте абсолют серпімсіз соқтығысудан кейінгі күйлері бейнеленген.
а) Соқтығысуға дейінгі 1-шардың импульсін анықтаңыз
…………………………………………………………………………………[1]
в) Соқтығысуға дейінгі 2-шардың импульсін анықтаңыз
………………………………………………………………………………… [1]
с) Импульстің сақталу заңының формуласын жазыңыз
……………………………………………………………………………………[1]
d) Импульстің сақталу заңын түрлендіріп жылдамдық формуласын жазыңыз
…………………………………………………………………………………… [1]
е) Шарлардың соқтығысқаннан кейінгі жылдамдығын есептеңіз
............................................................................................................................... [1]
Достарыңызбен бөлісу: |