Сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымдарының құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі туралы ережені бекіту жөнінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2000 жылғы 24 мамырдағы № 243 қаулысы
(2010.15.07. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Сақтандыру заңнамасын жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы қаулы етеді:
1. Сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымдарының құрылтай құжаттарына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу тәртiбi туралы ереже бекiтiлсiн және Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзiлген күннен бастап 10 күн өткеннен кейiн күшiне енгiзiлсiн.
2. Сақтандыруды қадағалау департаментi (Құрманов Ж.Б.):
1) Заң департаментiмен (Шәрiпов С.Б.) бiрлесiп осы қаулыны және Сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымдарының құрылтай құжаттарына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу және олардың ерiктi түрде қайта құрылуына және таратылуына рұқсат беру тәртiбi туралы ереженi Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қабылдасын;
2) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзiлген күннен бастап он күндiк мерзiмде осы қаулыны және Сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымдарының құрылтай құжаттарына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу және олардың ерiкті түрде қайта құрылуына және таратылуына рұқсат беру тәртiбi туралы ереженi Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң орталық аппаратының мүдделi бөлiмшелерiне, облыстық филиалдарына және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына жiберсiн.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Төрағасы Г.А. Марченкоға жүктелсiн.
Ұлттық Банк
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі
Басқармасының 2000 жылғы
24 мамырдағы № 243
қаулысымен
бекітілген
Сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымдарының құрылтай құжаттарына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу
тәртiбi туралы ереже
Осы Ереже Қазақстан Республикасында сақтандыру қызметiн реттейтiн нормативтiк құқықтық кесiмдерге сәйкес әзiрлендi және сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымдарының (бұдан әрi - сақтандыру ұйымдары) құрылтай құжаттарына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу тәртiбiн белгiлейдi.
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Сақтандыру ұйымының құрылтай құжаттарына енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар оларды әдiлет органдарында тiркеуден өткiзгенге дейiн сақтандыру қызметiн реттеу және қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органмен (бұдан әрi - уәкiлеттi мемлекеттiк орган) алдын ала мiндеттi түрде келiсiлуi тиiс.
2. ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 21.04.03 ж. № 129 қаулысымен алып тасталды
2-тарау. Сақтандыру ұйымының құрылтай құжаттарына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзуге келiсiм беру тәртiбi
3. Сақтандыру ұйымы құрылтай құжаттарына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзуге келiсiм беру үшiн уәкiлеттi мемлекеттiк органға мынадай құжаттарды ұсынады:
1) еркiн нысанда жазылған өтiнiш;
2) сақтандыру ұйымының уәкiлеттi органының құрылтай құжаттарына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы (Жарғыға немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес) шешiмi;
3) сақтандыру ұйымының құрылтай құжаттарына енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулардың бұрынғы құрылтай құжатына қосымша түрiндегi немесе жаңа редакциядағы құрылтай құжаты ретiнде (мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде) ресiмделген, нотариат куәландырған үш данасы. Құрылтай құжатқа өзгерiстер мен толықтырулардың не жаңа редакциядағы құрылтай құжатының бiрiншi парағының жоғарғы сол жағында мынадай жазу болуы тиiс: «Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігімен келiсiлдi. Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің төрағасы (Төрағаның орынбасары) «___»_____________.
Түзетiп не қосып жазылғаны, сызылған сөздер мен өзге де расталмаған түзетулерi бар құрылтай құжаттарына өзгерiстер мен толықтырулар қарауға қабылданбайды.
4. Сақтандыру ұйымының құрылтай құжаттарына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзуге келiсiм беру туралы мәселенi уәкiлеттi мемлекеттiк орган құжаттар толық ұсынылған күннен бастап бiр айдың iшiнде қарайды.
5. Сақтандыру ұйымының құрылтай құжаттарына өзгерiстер мен толықтырулардың бiр данасы сақтандыру ұйымының iсiне тiгiледi және уәкiлеттi мемлекеттiк органда сақталады. Қалған даналары мемлекеттiк тiркеуден өткiзу үшiн өтiнiш берушiге қайтарылады.
6. Құрылтай құжаттарына енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулардың бiрiншi парағына уәкілетті мемлекеттік органның Төрағасы (Төрағаның орынбасары) қол қояды және уәкілетті мемлекеттік органның мөрiмен бекiтiледi.
7. Мыналар сақтандыру ұйымының құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізуге келiсiм беруден бас тарту негiздемелерi болып табылады:
1) енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулардың нәтижесiнде кредиторлардың құқығы бұзылса;
2) ұсынылған құжаттар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келмесе;
3) осы Ереженiң 3-тармағында көзделген барлық құжаттар ұсынылмаса.
Уәкiлеттi мемлекеттiк орган сақтандыру ұйымына бастарту себебiнiң негiздемелерiн көрсете отырып, құрылтай құжатына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзуге келiсiм беруден бастарту жөнiнде жазбаша хабарлайды.
7-1. Құрылтай құжаттарына енгізілетін өзгерістер және/немесе толықтырулар, оның ішінде әділет органдарында қайта тіркеуден өткізуді талап етілетін өзгерістер және/немесе толықтырулар мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары он төрт жұмыс күні ішінде уәкілетті органға әділет органында тіркелген белгісімен және мөрімен құрылтай құжаттарына енгізілген өзгерістердің және/немесе толықтырулардың нотариатта куәландырылған көшірмелерін, сондай-ақ мемлекеттік тіркелу (қайта тіркелу) туралы куәліктің және статистикалық карточканың көшірмесін ұсынады.
3-тарау. ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 21.04.03 ж. № 129 қаулысымен аланып тасталды
4-тарау. ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 21.04.03 ж. № 129 қаулысымен аланып тасталды
5-тарау. Қорытынды ережелер
24. Осы Ережеде реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңнамаларына сәйкес шешiледi.
Төраға
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2000 жылғы 24 мамырдағы
№ 243 қаулысымен бекітілген
Сақтандыру және қайта
сақтандыру ұйымдарының
құрылтай құжаттарына
өзгерістер мен толықтырулар
енгізу тәртібі туралы ережеге
№ 1 қосымша
Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкінің Төрағасы
___________ мырзаға
Сақтандыру қайта сақтандыру ұйымын ерікті түрде қайта
құруды жүргізуге рұқсат алуға
Өтініш
_____________________________________________________________________________________________________________________
(өтініш берушінің атауы)
_____________________________"_____"___________ жылғы №_____
(өткізілген жері)
құрылтай жиналысының шешіміне сәйкес __________________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________________________________________________
(сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының фирмалық атауы,
__________________________________________________________________________________________________________________ ерікті
оның мекен-жайы көрсетіледі)
түрде қайта құрылу жүргізуге рұқсат беруді сұрайды.
Сақтандыру қайта сақтандыру ұйымын ерікті түрде қайта құруды жүргізуге рұқсат алуға берілген осы өтінішті ресімдеуге құқық берілген уәкілетті тұлға болып табылатын _____________________________________________________________________________________________
(аты-жөні және
_____________________________________________________________________________________________________________________
аталған өкілеттіктер алу негізіне сілтеме)
_______________________________________________________________________________________________________________________

(осы тұлғаның атқаратын қызметі және үйінің мекен-жайы)
Құрылтайшылар өтінішке қоса берілген құжаттардың және ақпараттардың дұрыстығына, сондай-ақ сақтандыру қызметін реттеу және қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға қосымша ақпараттар мен осы өтінішті қарауға байланысты сұратылатын құжаттардың уақытылы тапсырылуына жауап береді.
Қосымшалар (жіберіліп отырған құжаттардың атап көрсетілген тізімі, олардың әрқайсысы бойынша данасының және парағының саны):
_____________________________________________________________________________________________________________________
(сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының атынан өтініш беруге уәкілетті тұлғаның қолы,күні, ұйым үшін - құжатты тіркеу күні)
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2000 жылғы 24 мамырдағы
№ 243 қаулысымен бекітілген
Сақтандыру және қайта
сақтандыру ұйымдарының
құрылтай құжаттарына
өзгерістер мен толықтырулар
енгізу тәртібі туралы ережеге
№ 2 қосымша
Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкінің Төрағасы
___________ мырзаға
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын ерікті түрде
тарату жүргізуге рұқсат алуға
Өтініш
______________________________________________________________________________________________________________________
(өтініш берушінің атауы)
_____________________________ «_____» ___________ жылғы №_____
(өткізілген жері)
құрылтай жиналысының шешіміне сәйкес _______________________
_______________________________________________________________________________________________________________________
(сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының фирмалық атауы,
_______________________________________________________________________________________________________________________
ерікті оның мекен-жайы көрсетіледі)
түрде тарату жүргізуге рұқсат беруді сұрайды.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын ерікті түрде тарату жүргізуге рұқсат алуға берілген осы өтінішті ресімдеуге құқық берілген уәкілетті тұлға болып табылатын _____________________________________________________________________________________________________
(аты-жөні және аталған өкілеттіктер алу негізіне сілтеме)
_______________________________________________________________________________________________________________________
_______________________________________________________________________________________________________________________
_______________________________________________________________________________________________________________________
(осы тұлғаның атқаратын қызметі және үйінің мекен-жайы)
Құрылтайшылар өтінішке қоса берілген құжаттардың және ақпараттардың дұрыстығына, сондай-ақ сақтандыру қызметін реттеу және қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға қосымша ақпараттар мен осы өтінішті қарауға байланысты сұратылатын құжаттардың уақытылы тапсырылуына жауап береді.
Қосымшалар (жіберіліп отырған құжаттардың атап көрсетілген тізімі, олардың әрқайсысы бойынша данасының және парағының саны):
_______________________________________________________________________________________________________________________
(сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының атынан өтініш беруге уәкілетті тұлғаның қолы, күні, ұйым үшін - құжатты тіркеу күні)
Достарыңызбен бөлісу: |