"Эвакуациялық шараларын ұйымдастыру және өткiзу жөнiндегi Нұсқаулықты" бекiту туралы
Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi Агенттiгi Төрағасының 2000 жылғы 23 маусымдағы N 140 бұйрығы ("Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттiк органдарының нормативтiк құқықтық актiлерi", 2001 ж. N 5, ст.320) Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде 2000 жылғы 22 тамызда тiркелдi. Тiркеу N 1229
Қазақстан Республикасының "Нормативтi құқық актiлерi туралы "1998 жылғы 24 наурыздағы N 213-1 ҚРЗ Заңына, "Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң құрамына енетiн және енбейтiн орталық атқарушы және басқа да орталық мемлекеттiк органдарының нормативтi құқық актiлерiн тiркеу ережесiне және Қазақстан Республикасының жергiлiктi, өкiлеттi және атқарушы органдарының актiлерiне" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 12 желтоқсандағы N 1278 қаулысымен бекiтiлген және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 24 қаңтардағы N 122 қаулысы бойынша енгiзiлген өзгерiстерiмен сәйкес,
БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса берiлiп отырған "Эвакуациялау шараларын ұйымдастыру және өткiзу туралы Нұсқаулық" бекiтiлсiн.
2. Осы бҰйрық мемлекеттiк тiркеуден өткеннен кейiн күшiне енгiзiлсiн.
Төраға
ҚР ТЖ жөнiндегi Агенттiгiнiң
бұйрығымен бекiтiлген
2000 жылғы 23 маусым
N 140
Эвакуациялық шараларды ұйымдастыру және
өткiзу жөнiндегi
НҰСҚАУЛЫҚ
Нұсқаулық орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың, ұйымдардың Азаматтық қорғаныс бастықтары, облыстардың, қалалардың, аудандардың төтенше жағдайлар жөнiндегi басқармаларының (бөлiмдерiнiң) бастықтары үшiн нұсқаулық болып табылады. Онда эвакуациялық шараларды ұйымдастыру, жоспарлау және өткiзу жөнiндегi талаптар қамтылған.
1.Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасының азаматтық қорғанысы жалпы мемлекеттiк қорғану шараларының құрамдас бөлiгi болып табылады және бейбiт және соғыс уақытында халық пен экономиканы табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар мен осы заманғы зақымдау құралдарын қолданудан қорғау жөнiндегi шараларды жүзеге асыруға арналған. Оған шаралар кешенiн жүзеге асыру арқылы қол жеткiзiледi, эвакуациялық шараларды алдын-ала әзiрлеу және ұйымдасқан түрде өткiзу солардың бiрi болып табылады.*1
*1 Эвакуациялық шаралар ұғымында: соғыс кезiнде жұмысын одан әрi жалғастырушы объектiлердiң жұмысшылары мен қызметшiлерiн бытыраңқы орналастыруды, категорияланған қалалар мен қауiптi төтенше жағдайлар аймақтарынан халық пен материалдық жабдықтарды эвакуациялауды түсiнемiз.
2. Эвакуация - адамдардың өмiрiн сақтау және өндiрiстiң жұмыс iстеуiне жағдай жасау мақсатында халық пен материалдық құндылықтарды төтенше жағдайлар аймақтарынан және осы заманғы зақымдау құралдары қолданылуы мүмкiн аудандардан ұйымдасқан түрде әкету (шығару).
Эвакуацияланған барлық халық қауiпсiз аймаққа орналастырылған пункттерде тiршiлiк қызметiне қажеттiлерiмен аз шамада қамтамасыз етiлуге тиiс.
Төтенше жағдай тәртiбiн енгiзе отырып, соғыс кезiнде, сондай-ақ табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларда эвакуациялауды Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмi бойынша жергiлiктi атқарушы органдар, ұйымдар жүргiзедi. Шараларды жоспарлауды төтенше жағдайлардың туындауы қаупi мен осы заманғы құралдармен зақымдау ошақтарын ескере отырып, орталық, жергiлiктi атқарушы органдар, ұйымдар алдын-ала жүргiзедi.
Барлық категориядағы халықты әкетудi (шығаруды) және оларды қауiпсiз аймаққа орналастыруды олардың жұмыс iстейтiн, оқитын, тұратын жерлерi бойынша жергiлiктi атқарушы органдар, ұйымдар ұйымдастырады.
Халықты эвакуациялау сабақтас тәсiлмен - халықты жаяу немесе көлiктiң барлық түрiмен көп мөлшерде әкетудi үйлестiру жолымен жүзеге асырылады. Көлiктi берудi есептеулер табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар қаупi төнгенде және пайда болған кезең мен қорғану шараларының мүдделерi мен халықтың жеке пайдалануындағы көлiктiң қолда барын ескере отырып, соғыс кезеңiне жекеше жасалады.
Осы заманғы зақымдау құралдарын қолдану қаупi төнген кезде өндiрiсте iстемейтiн және қызмет көрсету саласындағы халықты (зейнеткерлер, жоғары оқу орындарының, мамандандырылған арнаулы оқу орындарының төменгi курс студенттерi, колледждердiң, лицейлердiң, мектеп-интернаттардың оқушылары, балалар үйлерi мен арнаулы балалар мекемелерiнде тәрбиеленушiлер, мүгедектер мен қарттар үйлерiнде орналасқандар, әкiмшiлiк пен олардың отбасы мүшелерiмен бiрлесе отырып) көлiк жұмысының кестесiн бұзбастан эвакуациялық шаралар басталғанға дейiн iшiнара эвакуациялауға жатады. Төтенше жағдайлар қаупi туындағанда халықты қауiптi аймақтардан қауiпсiз жерлерге уақытша көшiру жүзеге асырылады.
Эвакуация мүмкiндiгiнше қысқа мерзiмде жүргiзiледi. Халықты қауiптi аймақтардан тыс жерлерге жеткiзу (шығару) мерзiмi оның аяқталуы болып саналады.
Қауiптi аймақта эвакуацияланатын халық өз облысының аумағында орналастырылады. Әрбiр ұйымға орналастыру ауданы (пунктi) белгiленедi.
Халықты соғыс кезiнде орналастыру аудандары (пункттерi) күнi бұрын белгiленедi, жергiлiктi атқарушы органдармен келiсiледi, және солардың шешiмiмен (қаулысымен) бекiтiледi. Осы шешiмдер, (қаулылар) негiзiнде әрбiр ұйымға ордер берiледi, оның көшiрмесi тиiстi қызметтерде сақталады.
Iшiнара эвакуациялау кезiнде халықты орналастыру аудандарын (пункттерiн) Республика Үкiметi, жергiлiктi атқарушы органдар белгiлейдi.
Эвакуацияланатын халықты бiр облыстың қауiпсiз аудандарына толық орналастыру мүмкiн болмаған жағдайда, оның бiр бөлiгi облыс әкiмдерiнiң келiсiмi бойынша көршi облыстарға жеткiзiлуi мүмкiн.
3. Бытыраңқы орналастыру - соғыс кезiнде өндiрiстiк қызметiн одан әрi жүргiзiп отырған ұйымдардың жұмысшылары мен қызметшiлерiн категорияланған қалалардан, ұйымдасқан түрде әкету және қауiпсiз аймаққа орналастыру.
Категорияланған қалаларда соғыс кезiнде жұмысын тоқтатпаған ұйымдардың жұмысшылары мен қызметшiлерi қауiпсiз аймаққа орналастырылады. Әр ұйымның жұмысшылар ауысымын тасымалдау үшiн жұмысшылар ауысымын жұмыс объектiлерiне көшiруге және қайта әкетуге кететiн уақыттың мейлiнше аз жұмсалуын (2-3 сағаттан көп емес) ескере отырып, темiр жолға, автомобиль және су жолына жақын орналасқан орналастыру орындары бөлiнедi.
4. Бытыраңқы орналастыру мен эвакуациялауға жататын барлық халыққа эвакуациялық тiзiм (1 қосымша) жасалады.
Тiзiмдер ұйымдар мен пәтерлердi иеленушiлердiң кооперативтерi (ПИК) бойынша күнi бұрын жасалады және эвакуациялық шараларды жүргiзуге арналған өкiмдi алған Уақытта нақтыланады. Жұмысшылар мен қызметшiлердiң өндiрiсте және қызмет көрсету саласында iстемейтiн отбасы мүшелерi отбасы қожасының жұмыс iстейтiн орны бойынша тiзiмге алынады.
5. Эвакуациялық тiзiмдер үш данада жасалады:
1) бiреуi - ұйымда немесе пәтерлердi иеленушiлер кооперативiнде қалады;
2) екiншiсi - эвакуациялық шараларды жүргiзуге өкiм алысымен жиналатын эвакуациялық пунктте (тiзiмдi анықтағаннан кейiн) жiберiледi;
3) үшiншiсi - бытыраңқы орналастыру мен эвакуация басталысымен эвакоқабылдау комиссиясына жiберiледi.
Эвакуациялық тiзiмдер мен төлқұжаттар бытыраңқы орналастырылатын және эвакуацияланатын халықты қауiпсiз аймақта есепке алатын, орналастыратын және жабдықтайтын негiзгi құжаттар болып табылады.
Қауiпсiз аймақта бытыраңқы орналастырылатын және эвакуацияланатын халықты орналастыруға, жабдықтауға және қорғау үшiн қажеттi жағдай жасауға бағытталған дайындық шаралары алдын-ала жүргiзiледi.
Орналастыру аудандарын алмастыруға айрықша жағдайларда ғана жол берiледi.
2. Азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдайлар басқармалары
бастықтарының эвакуациялық шараларды басшылыққа алу жөнiндегi
мiндеттерi
6. Бытыраңқы орналастыру мен эвакуацияға орталық және жергiлiктi атқару органдарының азаматтық қорғаныс бастықтары, ал қауiпсiз аймаққа (селолық жерлерге) келушiлердi қабылдау мен орналастыруға - аумағына халық келетiн селолық аудандардың азаматтық қорғаныс бастықтары басшылық жасайды.
7. Халықты бытыраңқы орналастыру және эвакуациялау мақсатында азаматтық қорғаныс пен барлық деңгейдегi азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар қызметтерiнiң бастықтары төтенше жағдайлар жөнiндегi басқармаларымен (бөлiмдерiмен) бiрлесе отырып, шаралар кешенiн алдын-ала ұйымдастырады және жүргiзедi, оған мыналар жатады:
1) бытыраңқы орналастыру мен эвакуациялауды жоспарлау;
2) азаматтық қорғаныс жоспарында көрсетiлген эвакуациялық шараларды орындауға төтенше жағдай мен азаматтық қорғаныс қызметтерiнiң басқару құрамы мен басқармалардың, бөлiмдердiң қызметкерлерiн даярлау;
3) эвакуациялық органдарды өздерiне жүктелген мiндеттердi орындауға даярлау;
4) халықты эвакуациялық шараларды орындауға даярлау;
5) көлiктiң барлық түрлерiн халықты әкетуге даярлау;
6) стансаларды, аймақтарды және кемежайларды халықты отырғызатын және түсiретiн пункт ретiнде жабдықтау, көлiк коммуникациялары мен кiре берiс жолдарын отырғызу және түсiру пункттерi мен эвакуацияның аралық пункттерiне ұластыру;
7) халықты жаяу алып шығуға арналған жолдар мен сап түзеу жолдарын таңдау, барлау және даярлау, марш схемасын пысықтау мен егжей-тегжейлi зерттеу;
8) бытыраңқы орналастырылатын және эвакуацияланатын халықты орналастыратын аудандарды даярлау, жерасты құрылғыларын, жеркепелердi және басқа да халықты жасыруға болатын орындар мен құрылыстарды анықтау және оларды одан әрi жабдықтау;
9) азаматтық қорғанысының басқару пункттерiн, байланыс және хабарлау құралдарын даярлау;
10) қауiпсiз аумақта (селолық жерлерде) материалдық жабдықтардың, азық-түлiк пен дәрi-дәрмектердiң қорын жасау, сумен қамтамасыз ету пункттерiн жабдықтау.
Халықты бытыраңқы орналастыруға және эвакуациялауға даярлау жөнiндегi бүкiл жұмысты азаматтық қорғаныстың бастықтары эвакуациялық комиссиялар арқылы жүргiзедi.
8. Орталық атқару және басқа да орталық мемлекеттiк органдарға бытыраңқы орналастыру мен эвакуациялау бойынша мынадай мiндеттер жүктеледi:
1) орталық аппарат қызметкерлерi мен олардың отбасы мүшелерiн, мекемелер мен ведомствоға қарасты ұйымдарды қауiпсiз аймаққа (селолық жерге) орналастыру орындарын зерттеу және даярлау;
2) ведомствоға қарасты ұйымдардың эвакуациялық шараларды жоспарлауына, дайындауына және жүргiзуiне бақылауды жүзеге асыру.
3. Эвакуациялық органдар
9. Халықты бытыраңқы орналастыру мен эвакуациялауды жоспарлауды және өткiзудi тiкелей жүзеге асыру үшiн эвакуациялық органдар құрылады:
1) эвакуациялық комиссиялар (2, 3 қосымшалар);
2) эвакоқабылдау комиссиялары (4, 5 қосымшалар);
3) жиналымды эвакуациялық пункттер (6 қосымша);
4) эвакуациялық қабылдау пункттерi (7 қосымша).
10. Эвакуациялық комиссиялар республикада, облыстарда, қалаларда, қалалық аудандар мен ұйымдарда, сондай-ақ министрлiктерде, агенттiктерде, эвакуациялық қабылдау комиссиялары - аудандарда (селолық)*, елдi мекендерде және аумақтарында эвакуацияланған халықты орналастыру жүргiзiлетiн меншiктiң барлық түрiндегi ауыл шаруашылық ұйымдарында құрылады.
Эвакуациялық комиссиялар облыстардың, қалалардың, қалалық аудандардың, орталық және жергiлiктi атқарушы органдар мен ұйымдардың азаматтық қорғаныс бастықтарының жұмысшы органдары болып табылады. Олар халықты бытыраңқы орналастыру мен эвакуациялау жөнiндегi шаралардың бүкiл кешенiн орындауға және осы шараларды жан-жақты қамтамасыз етуге жауап бередi.
Эвакуациялық комиссиялардың құрамын орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың тиiстi басшылары бекiтедi. Бiрiншi басшының орынбасарының бiрi эвакуациялық комиссияның төрағасы болып тағайындалады.
Эвакуациялық комиссия құрамына орталық және жергiлiктi атқару органдарының, азаматтық қорғаныс қызметтерiнiң, бiлiм, әлеуметтiк қамтамысыз ету бөлiмдерiнiң, әскери комиссариаттардың, ұйымдардың және басқалардың өкiлдерi енедi.
11. Эвакуациялық қабылдау комиссияларына эвакуация кезiнде келетiн халықты қарсы алуды есепке алу мен орналастыруды ұйымдастыру, сондай-ақ келетiн халықты тұрмысқа қажеттiлермен қамтамасыз етудi ұйымдастыруға бақылау жасау жүктеледi.
Эвакуациялаудың аралық пункттерi болып табылатын елдi мекендердегi эвакуациялық қабылдау комиссияларына, сондай-ақ оны орналастырудың соңғы пункттерiне халықты жөнелтудi қамтамасыз ету жүктеледi.
Эвакуациялық қабылдау комиссияларын селолық аудандар мен қалалардың жергiлiктi атқару органдары басшыларының, меншiктiң барлық түрiндегi ауыл шаруашылық кәсiпорындары басшыларының орынбасарлары басқарады. Олардың құрамына жергiлiктi атқару органдарының, азаматтық қорғаныс қызметтерiнiң және келетiн халықты қабылдауға, орналастыруға және жан-жақты қамтамасыз етуге қатысушы басқа да ұйымдардың қызметкерлерi енгiзiледi.
*Бұдан әрi аудан әкiмшiлiк бiрлiк ретiнде айтылғанда селолық аудан
ұғымын бiлдiредi; қаладағы аудан айрықша ("қалалық аудан")
көрсетiледi.
12. Эвакуациялық жиналу пункттерi (ЭЖП) эвакуацияланатын халықты жинау мен тiркеуге және оларды көлiкке отырғызу пункттерi мен бастапқы аттану пункттерiне жiберуге арналады.
Құрылатын эвакуациялық жиналу пункттерiнiң саны мен олардың тұрған жерлерi бытыраңқы орналастырылатын және эвакуацияланатын халықтың санын, эвакуациялау маршруттарына отырғызу пункттерiнiң саны мен олардан жөнелтiлетiн пойыздар мен кемелердiң үдемелiлiгiн ескере отырып белгiленедi. Эвакуациялық жиналу пункттерi әдетте халықты эвакуациялау маршруттарына, темiржол станцияларына теңiз және өзен аймақтары мен кемежайларына жақын жерлерге, адамдарды эвакуациялау маршруттарының бастапқы пункттерi мен отырғызу пункттерiне жиналу мен уақытында жеткiзуге жағдай жасайтын жерлерге орналасады. Жаяу эвакуациялау маршруттарында олар, әдеттегiдей, халықты әкетудi жеделдету мақсатында қалалардың шетiнде орналасуға тиiс.
Эвакуациялық жиналу пункттерiн орналастыру үшiн әралуан қоғамдық бөлмелер пайдаланылады. Эвакуациялық жиналу пункттерiнде немесе олардан тiкелей жақын жерде халықты қорғау үшiн тiршiлiктi қамтамасыз етуге арналған (медицина, тамақтандыру, күзет және т.с.с.) орындар әзiрленедi.
Әрбiр эвакуациялық жиналу пунктiне рет нөмiрi берiледi және оған шаруашылық жүргiзу объектiлерi мен пәтерлердi иеленушiлердiң кооперативтерi тiркелiп жазылады. Эвакуациялық жиналу пунктi қалалық, аудандық, объектiлiк эвакуациялық комиссиялармен, жаяу эвакуациялау маршруттарының бастапқы пункттерiмен, отырғызу пункттерiмен және көлiк органдарымен тiкелей байланыспен қамтамасыз етiледi.
Эвакуациялық жиналу пунктiнiң әкiмшiлiгi қалалар мен қалалық аудандар әкiмдерiнiң қаулысымен және бұйрығымен, ұйымдар басшылығының бұйрығымен күнi бұрын тағайындалады. Эвакуациялық жиналу пунктi әкiмшiлiгiнiң саны оған тiркелiп жазылған халықтың санына байланысты болады. Қажет болған жағдайда эвакуациялық жиналу пунктiнде эвакуациялық халыққа газтұтқыштар беру пункттерi құрылады.
13. Эвакуациялық қабылдау пункттерi (ЭҚП) бытыраңқы орналастырылатын және эвакуацияланатын халықты түсiру мен оларды орналастыру орындарына жөнелту пункттерiнде өрiстетiледi. Оларды аудандардың эвакоқабылдау комиссиялары өрiстетедi.
Эвакуациялық қабылдау пункттерiнiң әкiмшiлiк құрамы келушi халықтың саны мен оны қамтамасыз етуге байланысты шаралар көлемiн ескере отырып белгiленедi.
14. Бытыраңқы орналастырылатын және эвакуацияланатын халық арасында ұйымшылдық пен тәртiптi қамтамасыз ету мақсатында халықтың жаяу жүруi кезiнде жаяу саптардың бастықтарды (8 қосымша), автомобиль көлiгiмен тасымалдау кезiнде - автомобиль легiнiң жетекшiсi (9 қосымша) тағайындалады.
Жаяу саптардың қозғалысын ұйымдастыру үшiн жаяу эвакуациялау маршруттарының бастықтары тағайындалады (11 қосымша). Олар қалалық ауданның (қаланың) жауапты қызметкерлерi, ал жекелеген жағдайларды ұйымдардың басшылары болуы мүмкiн.
Жаяу эвакуациялау маршруттары бастықтарының жанынан байланыс пен хабарлаудың қажеттi құралдары бар басқару топтары құрылады; маршруттар бастықтарына қоғамдық тәртiптi қорғау мен барлау жүргiзу үшiн күштер мен жабдықтар берiледi.
Басқару тобының құрамына пәтер иеленушiлер кооперативтерiнiң, және аумағында өтетiн аудандардың өкiлдерi сондай-ақ облыстың, қаланың, қалалық ауданның азаматтық қорғаныс қызметтерiнiң өкiлдерi енгiзiледi.
Басқару тобының және қоғамдық тәртiптi қорғау қызметiнiң берiлген күштерi мен құралдары құрамынан маршрут бастығы қозғалысты реттеу күзеттерiн құрады. Күзеттер бастапқы пункттерге, демалатын жерлерге, бұрылыстар мен жолдардың қиылыстарына, өткелдерге және маршруттың басқа да қиын асуларына қойылады.
Реттеу күзеттерiнiң негiзгi мiндеттерi: маршруттағы қозғалысты реттеу; маршруттың бекiтiлген учаскелерiнде қоғамдық тәртiптi ұстау; маршрут бастығының саптардың қозғалысы мен маршруттағы жағдай туралы ақпарат беру; саптардың бастықтарына сигналдар мен маршрут бастығының әкiмдерiн жеткiзу; бақылау жасау болып табылады.
Басқару тобының жеке құрамының бiр бөлiгi аралық пунктте халықты барлық қажеттiлермен қамтамасыз етуде және оны ақырғы орналастыру пунктiне жөнелтуге аудандардың азаматтық қорғаныс жөнiндегi бөлiмдерiне көмек көрсету үшiн эвакуацияның аралық пунктiне жiберiледi.
4. Эвакуациялық шараларды жоспарлау
15. Халықты бытыраңқы орналастыру мен эвакуациялауды жоспарлау азаматтық қорғаныстың, азаматтық қорғаныс қызметтерiнiң, барлық деңгейдегi эвакуациялық және эвакуациялық қабылдау комиссиялары бастықтарының, төтенше жағдайлар жөнiндегi басқармалар (бөлiмдер) бастықтарының аса маңызды мiндетi болып табылады.
16. Облыста эвакуациялық шараларды жоспарлау әрбiр қала мен облыстың әкiмшiлiк орталығының қалалық ауданы үшiн жүзеге асырылады. Көлiктi, жолдарды, елдi мекендер мен аумақтарды пайдалану мәселелерi тиiстi қызметтермен келiсiледi.
Эвакуациялық шараларды орындаудың көлемi мен мерзiмiн, халықты бытыраңқы орналастыруды, бөлiнетiн көлiктi және эвакуациялауды жүргiзуге қажеттi басқа да деректердi көрсете отырып, эвакуациялық жоспардан алынған үзiндiлер қалалар мен аудандардың төтенше жағдайлар жөнiндегi басқармалары мен бөлiмдерiне жеткiзiледi.
Қалалар мен қаладағы аудандардың төтенше жағдайлар жөнiндегi басқармалары үзiндiлер негiзiнде өздерiнiң азаматтық қорғаныс жоспарларында эвакуациялық шараларды әзiрлейдi, оларды, ұйымдарға жеткiзедi және олардың бытыраңқы орналастыру мен эвакуациялау жоспарларын жасауды бақылауға алады.
Аудандар мен қалаларда, меншiктiң барлық түрiндегi ауыл шаруашылық кәсiпорындарында бытыраңқы орналастырылатын және эвакуацияланатын халықты қабылдау, орналастыру мен жабдықтау жөнiндегi шаралар жоспарланады.
Аудандар мен қала ұйымдарының азаматтық қорғаныс жоспарлары бытыраңқы орналастыру және эвакуациялау мәселелерi бойынша аудандардың, меншiктiң барлық түрiндегi ауыл шаруашылығы кәсiпорындарының азаматтық қорғаныс жоспарларымен келiсiледi.
17. Мыналар жоспарлау үшiн негiзгi бастапқы мәлiметтер болып табылады:
1) қалалар мен қауiпсiз аймақта тұратын, жұмылдыру қағазы бар және Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiне шақыруға жататын халықтың саны;
2) категорияланған қалаларда өзiнiң қызметiн төтенше жағдай мен соғыс уақыты, қызметшiлер және олардың отбасыларының жалпы саны, сондай-ақ неғұрлым жұмыс iстеушi ауысым саны мен ауысымдардың жұмыс уақыты көрсетiлген ұйымдар тiзбесi;
3) өзiнiң қызметiн төтенше жағдай мен соғыс уақыты жағдайында қауiпсiз аймаққа ауыстыратын ұйымдардың жұмысшыларының, қызметшiлерiнiң және олардың отбасы мүшелерiнiң тiзбесi;
4) студенттер, оқушылар, балалар санын, сондай-ақ оқытушылар құрамы мен қызмет көрсетушi персонал саны көрсетiлген жоғары және орта арнаулы оқу орындарының, кәсiптiк-техникалық училищелердiң, жалпы бiлiм беретiн мектептердiң, мектеп-интернаттардың, бала бақшалардың және ведомстволық балалар мекемелерiнiң саны;
5) категорияланған қалалар айналысындағы төтенше жағдайлар мен күштi қарулар болуы мүмкiн аймақтар, осы аймақтарда тұратын халық саны;
6) бытыраңқы орналастырылатын және эвакуацияланатын халықты орналастыруға тиым салынған аудандар мен пункттер;
7) бытыраңқы орналастырылатын және эвакуацияланатын халықты орналастыру жөнiндегi аудандар мен қалалардың мүмкiндiктерi;
8) халықты орналастыратын аудандарда қорғаныс құрылыстарының (паналар, радиацияға қарсы бассауғалар, тау-кен орны, жерқабаттар мен жеркепелер), сондай-ақ сумен қамтамасыз ету көздерiнiң болуы;
9) эвакуациялық тасымалдауға тартылатын көлiктiң мүмкiндiгi;
10) жол торабы, оның жай-күйi мен босату қабiлетi;
11) халықты жаяу тәртiппен эвакуациялау үшiн маршруттардың болуы және iс жүзiнде пайдалану мүмкiндiгi;
12) бытыраңқы орналастыру мен эвакуациялау туралы халыққа хабарлауға, сондай-ақ эвакуациялық шараларды басқаруға арналған байланыс құралдары мен жүйелер;
13) халықты бытыраңқы орналастыру мен эвакуациялауды жүргiзуге әсер ететiн жергiлiктi жағдайлар мен маусымдық климаттық ерекшелiктер;
14) көршi облыстардан келетiн халық саны және олардың келу мерзiмi.
Эвакуациялық шараларды жоспарлау үшiн қажеттi бастапқы мәлiметтердi төтенше жағдай жөнiндегi басқармалар мен, бөлiмдер, азаматтық қорғаныс қызметтерi мен эвакуациялық комиссиялар статистикалық, шаруашылық, көлiк және басқа ұйымдар арқылы алады. Алынған мәлiметтер жинақталып қорытылады және тиiстi қызметтермен келiсiледi.
18. Халықты бытыраңқы орналастыру және эвакуациялауды жоспарлау кезiнде ұйымдардың өндiрiстiк қызметi ескерiледi.
Категорияланған қалалар мен қауiпсiз аймақта төтенше жағдай мен соғыс уақытында өз қызметiн тоқтатпауға тиiс ұйымдардың тiзбесiн орталық және жергiлiктi атқару органдары белгiлейдi.
Осы тiзбенiң үзiндiлерi облыстар мен қалалардың төтенше жағдай жөнiндегi басқармаларына жiберiледi.
19. Бытыраңқы орналастыру мен эвакуациялау тәртiбiн және кезегiн анықтау үшiн қажеттi шаралар күнi бұрын жүзеге асырылады.
20. Төмендегi негiзгi топтар бойынша халықты есепке алу жүргiзiледi:
1) бiрiншi топ - соғыс кезiнде қалада өз жұмысын тоқтатпайтын, сондай-ақ оның тiршiлiкке қабiлетiн қамтамасыз ететiн ұйымдардың жұмысшылары мен қызметшiлерi, олардың отбасы мүшелерi;
2) екiншi топ - соғыс кезiнде өз қызметiн қауiпсiз аймаққа көшiрушi ұйымдардың жұмысшылары мен қызметшiлерi, олардың отбасы мүшелерi, министрлiктер мен агенттiктердiң орталық аппараттарының қызметкерлерi, соғыс уақытында өз қызметiн тоқтатын ұйымдардың жұмысшылары мен қызметшiлерi, олардың отбасы мүшелерi;
3) үшiншi топ - жоғарғы оқу орындарының студенттерi, орта арнаулы оқу орындарының, кәсiптiк техникалық училишелердiң оқушылары, профессорлар мен оқытушылар және қызмет көрсетушi персонал, мектеп-интернаттардың оқушылары, балалар үйлерi мен арнаулы балалар мекемелерiнде тарбиеленушiлер, оқытушылар, тәрбиешiлер мен қызмет көрсетушi персонал, мүгедектер мен қарттар үйiндегi зейнеткерлер, қызмет көрсетушi персонал, жалғыз басты тұратын зейнеткерлер, жұмыссыздар.
21. Облыстың азаматтық қорғаныс жоспарының орналастыру мен эвакуациялауға қатысты бөлiмiнде мыналар көрсетiледi:
1) категорияланған қалалар мен төтенше жағдай аймақтарынан орналастырылатын және эвакуацияланатын халық саны;
2) халықты қауiпсiз аймаққа орналастыратын аудандар;
3) орналастыру мен эвакуациялау мерзiмдерi (басталуы және аяқталуы);
4) халықты көлiкпен әкетудi ұйымдастыру;
5) халықты жаяу тәртiппен әкетудi ұйымдастыру;
6) халықты қауiпсiз аумаққа қабылдау және орналастыру жөнiндегi шаралар;
7) қауiпсiз аймаққа орналастырылатын және эвакуацияланатын халықты қамтамасыз ету жөнiндегi бассауғалауларды дайындау тәртiбi мен мерзiмдерi, жекеше қорғану құралдарымен қамтамасыз ету және басқа шаралар;
Достарыңызбен бөлісу: |