«Сатпаев» учаскесінде «stp-1 және stpv-1 барлау ұңғымалары құрылысының қоршаған ортаға тигізетін әсерін бағалау» жобасы бойынша қоғамдық тыңдау хаттамасы



Дата01.07.2016
өлшемі114.69 Kb.
#169666
«Сатпаев» учаскесінде «STP-1 және STPV-1 барлау ұңғымалары құрылысының қоршаған ортаға тигізетін әсерін бағалау» жобасы бойынша қоғамдық тыңдау ХАТТАМАСЫ

Атырау қаласы 14 тамыз 2014 жыл


Өткізілген орыны: Атырау қаласы, Әйтеке би көшесі 43А, «ҚазНИГРИ» ЖШС-нің отырыс залы.

Қоғамдық отырыс туралы ақпарат қазақ тілінде «Атырау» (№84 26 шілде 2014 жыл), орыс тілінде «Прикаспийская коммуна» (№84 26 шілде 2014 жыл) облыстық газеттерінде жарияланды.


ҚАТЫСҚАНДАР:

Атырау облысының әкімшілік, мемлекеттік және бақылаушы органдардың, өндірістік және ғылыми-зерттеу ұйымдарының, оқу орындарының өкілдері, сонымен қатар еңбек ардагерлері және үкіметтік емес ұйымдар өкілдері.


Қоғамдық тыңдаулардың ұйымдастыруына жауапты: «Сатпаев Оперейтинг» ЖШС мен «SED» ЖШС.
Қоғамдық тыңдауға қатысқандар:

  1. Бисембиев Орақ Әнуарбекұлы - Атырау облысы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары;

  2. Диаров Муфтах - Академик;

  3. Қоғамдық отырыс төрағасы - Бимухамбетов Хисма Бимухамбетұлы;

  4. Жобалық мекеме - «SED» ЖШС;

  5. Кенжеғалиев Акімғали Кенжеғалиұлы - Атырау мұнай және газ институтының жалпы техникалық кафедраның басшысы, профессор, ғылым докторы.

және т.б барлығы 48 адам.
ҚОҒАМДЫҚ ТЫҢДАУЛАРДЫҢ БАҒДАРЛАМАСЫ:

  1. Қоғамдық тыңдаулардың төрағасы мен хатшысын сайлау.

  2. Қоғамдық тыңдаулардың күн тәртібін бекіту.

  3. Баяндама: Каспий теңізінің Қазақстандық секторында болашағы бар «Сатпаев» телімінде мұнайды игеру бағдарламасы (Баяндамашы «Сатпаев Оперейтинг» ЖШС-нің бас директорының өндіріс жөніндегі орынбасары Жолумбаев М. Т.)

  4. Баяндама: «Сатпаев» учаскесінде STP-1 және STPV-1 барлау ұңғымалары құрылысының техникалық жобасына қосымша (Баяндамашы Абатов А.А., «SED» ЖШС-нің директорының орынбасары).

  5. Баяндама: «Сатпаев» учаскесінде айдынның қазіргі қоршаған орта жағдайы және теңіз қоршаған ортасының компоненттеріне STP-1 және STPV-1 барлау ұңғымаларының жоспардағы құрылысына әсер ету бағасы» (баяндамашы «SED» ЖШС-нің аға маманы Шукралиева З.С.).

  6. Баяндамашылардың сұрақтарға жауаптары.

  7. Тыңдауға (талқылау) қатысушыларының сөз сөйлеулері.

  8. Қоғамдық тыңдаудың жабылуы.


Қоғамдық тыңдауды ашты - Атырау облысы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары Бисембиев Орақ Әнуарбекұлы ашып, Қазақстан Республикасы заңнамасының қоршаған орта саласында барлық талаптарын орындау арқылы, өндірістік қауіпсіздікті қамтамасыз ету, теңіз және жағажай аймақтарында инфрақұрылымды дамытудың, аймақтың экономикалық және әлеуметтік жағдайларын жақсартуда Қазақстандық сектор Каспий теңізін игеру бойынша мемлекеттік бағарламаны орындаудың жоғарғы маңыздылығын атап өтіп, осы қоғамдық тыңдаудың төрағасы мен хатшысын сайлауды ұсынды.

Қоғамдық тыңдаудың қатысушылары:

Төрағалыққа Бимухамбетов Хисма Бимухамбетұлын,

Тыңдаудың хатшылығына - Арыстанова Индира Сембайқызын ұсынды.



Шешім бір ауыздан қабылданды.

Атырау облысы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары Бисембиев Орақ Әнуарбекұлы сөз барысын қоғамдық тыңдаудың төрағасы Бимухамбетов Хисма Бимухамбетұлына берді.

Қоғамдық тыңдаудың төрағасы Бимухамбетов Хисма Бимухамбетұлы қоғамдық тыңдаулардың бағдарламасына сәйкес күн тәртібін дауысқа салып бір ауыздан бекітілді. Қоғамдық тыңдаудың төрағасы баяндамашыларға ретімен сөз кезегін берді.

  1. Баяндама: Қазақстандық сектор Каспий теңізінде болашағы бар «Сатпаев» телімінде мұнайды игеру бағдарламасы (Баяндамашы «Сатпаев Оперейтинг» ЖШС-нің бас директорының өндіріс жөніндегі орынбасары Жолумбаев М. Т.);

  2. Баяндама: «Сатпаев» телімінде STP-1 және STPV-1 барлау ұңғымалары құрылысының техникалық жобасына қосымша (Баяндамашы Абатов А.А., «SED» ЖШС-нің директорының орынбасары);

  3. Баяндама: «Сатпаев» теліміндегі айдынның қазіргі қоршаған орта жағдайы және теңіз қоршаған ортасының компоненттеріне STP-1 және STPV-1 барлау ұңғымаларының жоспардағы құрылысына әсер ету бағасы» (баяндамашы «SED» ЖШС-нің аға маманы Шукралиева З.С.) ;

  4. Баяндамашылардың сұрақтарға жауаптары;

  5. Тыңдау (талқылау) қатысушыларының сөз сөйлеулері.


Қоғамдық тыңдаулардың күн тәртібіне сәйкес, келесі баяндамалар тыңдалды:

  • «Сатпаев Оперейтинг» ЖШС-нің бас директорының орынбасары М.Т. Жолумбаев баяндамасында –Бұрынғы жұмыстардың нәтижелері және «Сатпаев» жобасын әрі қарай дамытудың мақсаттары, міндеттері және жоспарларына тоқтады. Баяндама барысында «Сатпаев Оперейтинг» компаниясы қатысқан әлеуметтік жобалар туралы және «Сатпаев» телімінде мұнай және газ кендері табылған жағдайда, аймақта жақсы өзгерістер болатынын атап өтті. Қоғамдық тыңдаулардың қатысушыларына, әсіресе ардагерлерге, құзіретті мемлекеттік органдардың өкілдеріне және жергілікті өзін-өзі басқару органдары мен компания өкілдеріне, серіктестерге алғысын білдірді.




  • «SED» ЖШС-нің директорының орынбасары Абатов А.А- Сатпаев» учаскесінде STP-1 және STPV-1 барлау ұңғымалары құрылысының техникалық жобасының мақсаттары туралы баяндады. Ұңғыманың болжамды стратиграфикалық кескіні, қатар қолданылған қысымдардың кестесі, мұнайлы объектілер орындарының мүмкін болатын аралықтары келтірілді. Ұңғыма құрылымы, жоспарланатын құрылыс кезеңдері, бұрғылау мен сынақ, алынған флюидтің утилизациясы, қолданылатын құрылғы мен бұрғылау ерітінділері сипатталған, қолдануға жоспарланатын Теңіз бұрғылау реттеулерінің: «Астра» ӨКБР, «Сәтті» ӨКБР, «Каспиен Эксплорер» КБР және алып жүру кемелерінің сипаттамалары; өндірістік және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің қаражаттары мен тәсілдері келтірілген.




  • «SED» ЖШС-нің аға маманы Шукралиева З.С,- «Сатпаев» учаскесіндегі қоршаған ортаның қазіргі жағдайы туралы, мұнда 2013 ж. өткізілген өндірістік экологиялық бақылау нәтижелеріне тоқтады. Қоршаған ортаның қазіргі жағдайына баға берілген, теңіз суының гидрофизикалық және гидрохимиялық параметрлеріне талдау нәтижелері, су түбіндегі шөгінділердің, планктонды және бентосты қоғамдастықтардың және теңіз ортасының басқа биотикалық өкілдерінің және атмосфералық ауа жағдайының жалпы сипаттамасы, жұмыс өткізіліетін аймақты экологиялық аймақтандыру келтірілген. Әсер ету бағасына КСКТ іргелес телімдерде «Жемчужины» және «Жамбыл» ұңғымалар құрылысының мониторингтік бақылаулардың мағлұматтары келтірілген.

Сонымен қатар баяндамада ұңғымалар құрылысы кезеңдерінің әсер ету факторлары келтірілген және штатты тәртіпте қоршаған ортаның бөлек бөліктеріне ұңғымалар құрылысының әсер ету бағасы берілген. Жоғарыда аталған әсерлер елеусізден орташаға дейін сипатталады. Әлеуметтік-экономикалық саланың қазіргі жағдайы сипаттлаған және оларға жоспарланатын жұмыстардың әсер ету бағасы берілген. Осы жағдайлардың қаражаттары мен жергіліктендіру әдістері баяндалған. Өндірістік экологиялық мониторингтің (ӨЭМ) жоспарланатын бағдарламасы келтірілген. «Сатпаев Оперейтинг» ЖШС қауіптіліктерді басқару стандарттар шегінде теңіздің экожүйесіне ең төмен әсер ететін барлық табиғатты қорғайтын талаптарды орындаған жағдайда, жоспарланатын жұмыстар кешені экологиялық қауіптілігі төмен болып саналады.
Баяндамашыларға сұрақтар:


  1. Сұрақ: Диаров Муфтах- Академик.

Жалпы айтылып жатқан «Сатпаев» структурасының көкжиек бойынша көлемі қанша болады?

Жауап: Даулетов Асылжан «Сатпаев Оперейтинг» ЖШС-нің бас геологі - жалпы құрылымына тоқталатын болсақ:

  • Боры 25 км2- ауытқу шегі 200м;

  • Орташа юра-76,7км2 –ауытқу шегі 250м;

  • Төменгі юра -57,3км2 –ауытқу шегі 150м;



  1. Сұрақ: Диаров Муфтах- Академик.

Геохимиялық жұмыстар кезінде, қандай элементтер анықталды және олардың қоршаған ортаға әсері қандай жалпы зерттеу жұмыстары қай жерлерде жүргізілді топырақтама әлде судама?

Жауап: Даулетов Асылжан «Сатпаев Оперейтинг» ЖШС-нің бас геологі - Геохимиялық жұмыстар кезінде топырақтан сынамалар алынды, нәтижесінде көмірсутек ауыр металдар және т.б. шықты, олардың қоршаған ортаға әсері жоқ деп есептеймін себебі жалпы мөлшерлері ШРК молшерінен аспайды.

  1. Сұрақ: Диаров Муфтах- Академик

Ауадан, судан, топырақтан қанша сынама алынды, судан сынама неше метрден тереңдіктен алынды (жалпы әдістер бойынша 50,100,500 метр тереңдіктен алынуы тиіс) алыу жұмыстар кезінде қандай балық түрлері кездесті, қазір жағдайда балықтардың жағдайын айтып берсеңіздер?

Жауап: Шукралиева З.С «SED» ЖШС-нің аға маманы - 49 сынама алынды, соның ішінде мониторинг зерттеулер жүргізілді, зерттеулер кезінде көмірсулар, көміртек тотығы, мөлшерлі көмірсулар және т.б. анықталды, барлық анықталған элементтердің мөлшерлері ШРК-дан аспайды, суда сынама алу кезінде көксерке, шортан және т.б. балық түрлері кездесті, қазір балық түрлері бір қаліпті деп ойлаймыз себебі өліп жатқан балықтар кездеспеді.



  1. Сұрақ: Рахметов Махаш - тыңдауға қатысушы

Бұрғылау жұмыстары кезінде шығатын зиянды қалдықтар қайда жиналады, арі қарай оларды не істейсіздер?

Жауап: Шукралиева З.С «SED» ЖШС-нің аға маманы – баяндамада айтылып кеткендей бұрғылау жұмыстар кезінде шығатын зиянды қалдықтар арнайы қалдықтар жиналатын контейнерлерге жиналып, жағаға әкетілінеді, содан кейін келісім шарт бойынша арнайы полигоны бар мекемелерге жөнелтіледі.

  1. Сұрақ: Мырзашев Бауыржан қоғамдық тыңдауға қатысушы.

Техникалық сулар қайда кетеді?

Жауап: Шукралиева З.С «SED» ЖШС-нің аға маманы - техникалық сулардың арнайы жиналатын орындары бар, кейіннен жиналып жағаға әкетілінеді.

  1. Сұрақ: Мырзашев Бауыржан қоғамдық тыңдауға қатысушы.

Жоғарғы қысымдағы ұңғымалардың қызу қалай жүргізіледі?

Жауап: Абатов А.А «SED» ЖШС-нің директорының орынбасары - Бұл ұңғымаларда жоғарғы қысымдар болмайды, гидростатикалық қысым күтеміз.

  1. Сұрақ: Бұрғылау кезінде қандай мониторингктер жүргізіледі жалпы қандай әдістер бойынша жүргізілуі тиіс? Сұрақ қойған Академик - Муфтах Диаров.

Жауап: Абатов А.А «SED» ЖШС-нің директорының орынбасары - жыл сайын мониторингттер жүргізіліп тұрады (жылына 4кезеңде) әдістер бойынша 4 рет мониторинг жүргізіледі олар:

  1. Жұмыс жүргізілер алдындағы мониторинг;

  2. Бұрғылау кезіндегі мониторинг;

  3. Бастапқы жұмыс кезіндегі мониторинг;

  4. Қандай да бір өзгерістер болған жағдайда жасалатын мониторинг.



  1. Сұрақ: Бауыржан мырза - қоғамдық тыңдауға қатысушы. Жалпы аумақтың шекарасын қалай анықтап отырсыздар, соны білгім келеді?

Жауап: Даулетов Асылжан «Сатпаев Оперейтинг» ЖШС-нің бас геологі - геологиялық тілімдегі бұрыштық нүктелері арқылы анықтап білеміз.

  1. Сұрақ: Мурзагалиев Д.М. ғылым докторы - ҚОӘБ жобасын әзірлеу кезінде дала экологиялық зерттеулерінің қандай материалдары қолданылды?

Жауап: 2012-2013 жж кезеңнің климаттық маусымдары бойынша Фондық экологиялық зерттеулер мен өндірістік экологиялық мониторинг нәтижелері қолданылады.


  1. Сұрақ: Ирзагалиев К.И. ғылым докторы - Сатпаев телімінде теңіз суының жалпы қалыптан ауытқыған жоғарғы ластануы бар ма?

Жауап: Фондық экологиялық зерттеулер мен экологиялық мониторинг мағлұматтары бойынша Сатпаев телімінде теңіз суының жалпы қалыптан ауытқыған жоғарғы ластануы белгіленбеген.


  1. Сұрақ: Кенжегалиев А.К. - Атырау мұнай және газ институтының жалпы техникалық кафедраның басшысы, профессор, ғылым докторы.

Қаланың, облыстың әлеуметтік бағдарламаларына қандай қаражаттар бөлінеді?

Жауап: «Сатпаев» телімінде барлау жұмысын жүргізу мен көмірсутек шикізатын алу шартына сәйкес, мердігер жыл сайын жергілікті бюджетке аймақтың әлеуметтік жобаларын дамыту үшін барлау кезінде 200 мың АҚШ долларын аударады.

  1. Сұрақ: Бисембиев Орақ Әнуарбекұлы - Атырау облысы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары.

Компанияның қаражатынан жергілікті қызметкерлерді, студенттерді оқытуға қаражат бөлінеді деп жоғарыда баяндама кезінде айтылып кеткен, сол орындалып жатырма, жалпы 2014 жылы окуға барады ма, адамдар және сол оқуға бару үшін арнайы іріктеулер өткізілеме, кімдер бара алады?

Жауап: Оржанов Сабыржан Табынұлы «Сатпаев Оперейтинг» ЖШС-нің бас директоры.

Жалпы сұрағыңыз орынды «Сатпаев» телімінде барлау жұмысын жүргізу мен көмірсутек шикізатын алу шартына сәйкес, мердігер жыл сайын мұнай операцияларын орындауға тартылған, Мердігерде немесе Операторда еңбек шартымен жұмыс істейтін Қазақстан Республикасы азаматтарының оқытылуына 200 мың АҚШ долларымен қаражаттандырылады, жалпы ол жұмыстар жыл сайын жүргізіліп келеді, осы таңға дейін оқуға барып келгендер «Сатпаев Оперейтинг» ЖШС-нің мамандары.




  1. Сұрақ: Бисембиев Орақ Әнуарбекұлы Атырау облысы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары.

«Сатпаев Оперейтинг» ЖШС-на берілген келісім шарты қашан берілді және қай уақытқа дейін күші бар яғни берілген мерзімін айтып кетсеңіз?

Жауап: «Сатпаев Оперейтинг» Оржанов Сабыржан Табынұлы ЖШС-нің Бас директоры.

«Сатпаев Оперейтинг» ЖШС-на келісім шарт берілді «Сатпаев» учаскесіне барлау жұмысын жүргізу мен көмірсутек шикізатын алу шартына сәйкес, жылы мердігер жыл сайын мұнай операцияларын орындауға тартылған, Мердігерде немесе жылға өзгертілді және тағы Операторда еңбек шартымен жұмыс істейтін Қазақстан Республикасы азаматтарын жылға создырамыз.


Сөз сөйлеулер:

  1. Диаров Муфтах Диарұлы - Академик

Мен барлық баяндамаларды тындадым соған байланысты сұрақтарымды қойып, қойылған сұрақтарыма нақты болмасада жауаптар алдым, қоршаған ортаның қазіргі жағдайы мені қатты мазалайды, соған байланысты бір ұсыныс жасағым кеп отыр баяғы Кеңес үкіметі кезінде экологиялық қор болды, барлық қоршаған ортаны ластаған мекемелерге салынған айыппұлдар сол қорға кетуші еді, кейін ол жабылып қалды, содан кейн 2003 жылдан бастап ол ақшалар яғни салынған айыппұлдар бюджетке түсті,одан ол бюджеттін 50 пайызы ауылдық тұрғындарға, 50 паййызы қоршаған ортаға кетіп жатты, жалпы осы тұрғыда менің айтайын дегенім қоршаған ортаны қорғау үшін фонд ашып сол фондқа түскен қаражатты қоршаған ортаны жақсартуға жұмсалатындай жасайық дегім кеп отыр. Соңғы кездері қоғамдық тыңдауларда бұл мәселені мен көп қозғап жүрмін. Сондықтан сіздерге айтарым осы мәселені қолға алып бір нәтиже шығарайықшы.


  1. Кенжегалиев Акимгали - Атырау мұнай және газ институтының жалпы техникалық кафедраның басшысы, профессор, ғылым докторы.

«Сатпаев Оперейтинг» ЖШС-гі ҚР заңнамасына сай, әрдайым қоғамдық тыңдауларды өткізеді және тұрғындарды өз жұмыстарының нәтижелері мен болашақтағы жоспарларымен хабарлап отырады. Бұдан басқа, «Сатпаев Оперейтинг» теңіз ортасын қорғау үшін көп күш жұмсап және көп қаражат бөлініп отырғанын көріп отырмыз. «Сатпаев» телімінде қазылған алғашқы барлау ұңғымасының мұнай қабаттары ұңғыма жұмыстарының сәтті және нәтижелі жұмыстарының жалғасуына және мұнай кен орнының табылуына үміттенуге мүмкіндік береді. Бұл Қазақстанның экономикалық жағдайы мен жағажай аймақтары тұрғындарының жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді. «Сатпаев Оперейтинг» ЖШС мұнай іздеуде сәттілік тілейік.


  1. Рахметов Мақаш - қоғамдық тыңдауға қатысушы.

Бүгінгі қоғамдық жақсы өтті деп ойлаймын, өйткені көбін мазалайтын сұрақтар қойылды, сол сұрақтарға жауаптарда берілді. Жаңағы қойылған сұрақтардың бәрі орынды. Қазіргі таңда Каспий теңізінің жағдайы бәрімізді де мазалайды, бұрын Каспий теңізі өзін қорғай алатын еді, қазір Каспий теңізі барлығынан айырылды, себебі қаншама мұнайлар алынып жатыр. Кейбір мекемелерде техникалық сулар яғни лас сулар тенізге қайта құйылып жатыр. Енді бұл жағдайда экологтар қарап тексеріп жатырғой дегенменде сондайды болдырмайықшы, барлығымызда патриоттық сезім болсыншы. Бұрғылау кезінде жалпы жұмыс барысында жан-жақты қарап төтенше жағдайлардың алдын алып, қоршаған ортаны қорғауға бірге атсалысайық агайын. Осы таңда тағы бір айтып кететін маңызды мәселенің бірі, тәуелсіз экология бөлімін құру және қазылатын ұңғымалардың қасынан балықтарды үркітетін арнайы қондырғылар орнатылса деген тілегім бар.

«Сатпаев Оперейтинг» ЖШС-на айтарым сіздерге алдағы жұмыстарыңда сәттілік және табыстар тілеймін.


«Сатпаев» учаскесінде «STP-1 және STPV-1 барлау ұңғымалары құрылысының қоршаған ортаға тигізетін әсерін бағалау» жобасы бойынша сұрақтар, сөз сөйлеу мен талқылауларда айтылған ескертулер мен ұсыныстар жұмыс барысында ескерілсін.

Қоғамдық тыңдаулар төрағасы Бимухамбетов Х.Б.
Қоғамдық тыңдаулар хатшысы Арыстанова И.С.




Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет