Сауда мақсатында теңiзде жүзу туралы



бет2/10
Дата03.07.2016
өлшемі0.66 Mb.
#174143
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

             сақтандыру

      1. Сауда мақсатында теңiзде жүзу саласындағы ерiктi сақтандыруды жеке және заңды тұлғалар өздерiнiң ерiк бiлдiруiне қарай жүзеге асырады. Ерiктi сақтандырудың түрлерi, талаптары мен тәртiбi тараптардың келiсiмiмен белгiленедi.


      2. Сауда мақсатында теңiзде жүзу саласында азаматтық-құқықтық жауапкершiлiктiң мiндеттi сақтандырылуға тиiстi түрлерiне:

      1) жолаушының өмiрiне, денсаулығына және мүлкiне зиян келтiру салдарынан туындайтын мiндеттемелер бойынша тасымалдаушы жауапкершiлiгiнiң тәуекелi;

      2) (алынып тасталды - ҚР 2009.12.30 № 234-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-б. қараңыз) Заңымен);

      3) қауiптi жүктердi тасымалдау кезiндегi, сондай-ақ кемелерден аққан (екi мың және одан да көп тонна мұнай тасымалдау кезiнде) мұнаймен теңiздi ластаудан келтiрiлген залал үшiн тасымалдаушы жауапкершiлiгiнiң тәуекелi жатады.


      Сауда мақсатында теңiзде жүзу саласындағы мiндеттi сақтандыруды жүргiзудiң талаптары мен тәртiбi Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленедi .
      Қызметкерлер еңбек (қызметтiк) мiндеттерiн орындаған кезде Қазақстан Республикасының мiндеттi сақтандыру туралы заңнамалық актiсiне сәйкес жазатайым оқиғалардан мiндеттi түрде сақтандырылуға жатады.
      Ескерту. 7-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2009.12.30 № 234-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-б. қараңыз) Заңымен.

      8-бап. Сәйкестiктi растау

      1. Сауда мақсатында теңiзде жүзу саласындағы қызметке жататын өнiмдi және оның өмiрлiк циклi процестерiнiң сәйкестiгiн растау Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      2. Шет мемлекет берген сәйкестiктi растау жөнiндегi құжат Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес танылады.


      Ескерту. 8-бап жаңа редакцияда - ҚР 2006.12.29. N 209 Заңымен.

1-1 тарау. Сауда мақсатында теңiзде жүзу саласындағы қауiпсiздiктiң жалпы талаптары

      Ескерту. 1-1-тараумен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2006.12.29. N 209 Заңымен.

      8-1-бап. Жалпы талаптар

      1. Тасымалдау процесiне қатысушылар адам өмiрi мен денсаулығы, қоршаған орта үшiн қауiпсiздiк жағдайларын қамтамасыз етуге, сондай-ақ сауда мақсатында теңiзде жүзу қауiпсiздiгiне қойылатын талаптарды сақтауға мiндеттi.

      2. Сауда мақсатында теңiзде жүзу қауiпсiздiгi адам өмiрi мен денсаулығын, қоршаған ортаны қорғауға, тасымалдау процесiне қатысушылардың авариясыз жұмыс iстеу жағдайын ұйымдастыруға, су жолдарын теңiзде жүзетiн қалыпта ұстауға, кемелердi, порттарды, жағалаудағы объектiлердi және iшкi су жолдарындағы құрылыстарды техникалық жарамды жағдайда ұстауға, сондай-ақ кемелерде авариялардың алдын алуға бағытталған ұйымдастырушылық және техникалық iс-шаралар кешенiмен қамтамасыз етiледi.

      Сауда мақсатында теңiзде жүзу саласындағы техникалық реттеу объектiлерi:


      1) сауда мақсатында теңiзде жүзу үшiн пайдаланылатын кемелер, порттар, жағалаудағы объектiлер және су жолдарындағы құрылыстар;
      2) сауда мақсатында теңiзде жүзу үшiн пайдаланылатын кемелердi, порттарды, жағалаудағы объектiлердi және су жолдарындағы құрылыстарды жасау (салу, жөндеу, реконструкциялау), пайдалану процестерi болып табылады.

      8-2-бап. Сауда мақсатында теңiзде жүзу үшiн


               пайдаланылатын кемелердi, порттарды,
               жағалаудағы объектiлердi және су жолдарындағы
               құрылыстарды жасау (салу, жөндеу,
               реконструкциялау) кезiндегi қауiпсiздiк
               талаптары

      1. Сауда мақсатында теңiзде жүзетiн кемелердi жасау (салу, жөндеу, реконструкциялау) кезiнде олардың жобалау құжаттамасы мен Қазақстан Республикасының сауда мақсатында теңiзде жүзу туралы заңнамасының талаптарына сәйкестiгi қамтамасыз етiлуге тиiс.

      2. Сауда мақсатында теңiзде жүзетiн кемелердi жасау (салу, жөндеу, реконструкциялау) кезiнде дайындаушы жобалық құжаттамада айқындалған қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөнiндегi шаралардың бүкiл кешенiн орындауға және теңiзде жүзу қауiпсiздiгiне қатысты болатын барлық технологиялық операциялардың орындалуын бақылау мүмкiндiгiн қамтамасыз етуге тиiс.

      3. Егер сауда мақсатында теңiзде жүзетiн кемелердi дайындау процесiнде немесе одан кейiн қауiпсiздiктi қамтамасыз ету үшiн сынақ жүргiзу талап етiлсе, онда олар жобалық құжаттамалардың барлық талаптарын орындай отырып, толық көлемде жүргiзiлуге тиiс.

      4. Әрбiр кеме корпусы сәйкестендiру нөмiрiмен таңбалануға тиiс. Таңбалау көрiнетiн, анық және өшiрiлмейтiн болуға тиiс.

      5. Кеме борттан асып құлап кету қаупiн болғызбайтындай және борттан тыс қалған адамдарды құтқаруды қамтамасыз ететiндей түрде әзiрленуге тиiс.

      6. Негiзгi рульдiк басқару орны айналаны шолуды қамтамасыз етуге тиiс.

      7. Кеме пайдалану жөнiндегi нұсқаулықпен жабдықталуға тиiс, онда өрт туындау және бату қаупiне ерекше назар аударылуы керек.

      8. Жағалау объектiлерiн жобалау, орналастыру, салу және пайдалану уәкiлеттi органмен келiсiм бойынша жүзеге асырылады.
      Ескерту. Заң 8-2-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2010.12.28 N 369-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      8-3-бап. Сауда мақсатында теңiзде жүзу үшiн


               пайдаланылатын кемелердi, порттарды,
               жағалау объектiлерi мен су
               жолдарындағы құрылыстарды пайдалану
               кезiндегi қауiпсiздiк талаптары

      1. Кемелер, порттар, жағалау объектiлерi мен сауда мақсатында теңiзде жүзу процесiмен байланысты теңiздегi құрылыстар қауiптiлiгi жоғары аймақтар болып табылады және сауда мақсатында теңiзде жүзу саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерi мен Қазақстан Республикасы Үкiметi актiлерiнiң талаптарына сәйкес келуге тиiс.


      2. Кемелердi, порттарды, жағалау объектiлерiн және теңiздегi құрылыстарды пайдалануды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлғалар сауда мақсатында теңiзде жүзу саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерi мен Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң актiлерi талаптарының орындалуын қамтамасыз етуге тиiс.
      3. Сауда мақсатында теңiзде жүзу үшiн пайдаланылатын кемелердi пайдалану адам өмiрi мен денсаулығына және қоршаған ортаға терiс әсер етпеуге тиiс.
      4. Кеме кiтабында мемлекеттiк тiркеуге жататын кемелер шағын көлемдi кемелердi техникалық қадағалау қағидаларының талаптарына сәйкес келуге тиiс.
      5. Кеме кiтабында мемлекеттiк тiркеуге жататын кемелердi техникалық қадағалауды уәкiлеттi орган бастапқы, жыл сайынғы және кезектен тыс техникалық куәландырулар жүргiзу, сондай-ақ арнайы және бақылап тексерудi жүргiзу арқылы жүзеге асырады.
      6. Кеме кiтабында мемлекеттiк тiркеуге жататын кемелердi және олардың тұрағына арналған базаларды (құрылыстарды) пайдалану Шағын көлемдi кемелердi және олардың тұрағына арналған базаларды (құрылыстарды) пайдалану қағидасына сәйкес жүзеге асырылады.
      7. Кеме кiтабында мемлекеттiк тiркеуге жататын өздiгiнен жүзетiн кемелердiң кеме жүргiзушiлерi кеме жүргiзушiлердi даярлау бағдарламасы бойынша оқытудан өтуге және оларда шағын көлемдi кеменi басқару құқығына куәлiгi болуға тиiс.
      Шағын көлемдi кеменi басқару құқығына арналған куәлiк берудi, кеме жүргiзушiлердi даярлау бағдарламасын келiсудi және шағын көлемдi кемелердiң кеме жүргiзушiлерiн даярлау жөнiндегi курстарды есепке алуды уәкiлеттi орган кеме жүргiзушiлердi шағын көлемдi кеменi басқару құқығына аттестаттау қағидаларына сәйкес жүзеге асырады.
      Ұйымдар шағын көлемдi кемелердiң кеме жүргiзушiлерiн даярлау жөнiндегi курстарды ашу кезiнде уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшесiне:
      1) оқытушылар құрамының су көлiгi саласындағы мамандық бойынша жоғары немесе орта техникалық бiлiмi туралы дипломдарының көшiрмесiн;
      2) кеме жүргiзушiлердi шағын көлемдi кеменi басқару құқығына аттестаттау қағидаларына сәйкес шағын көлемдi кемелердiң кеме жүргiзушiлерiн даярлаудың үлгi бағдарламасы негiзiнде әзiрленген шағын көлемдi кемелердiң кеме жүргiзушiлерiн даярлау бойынша оқу бағдарламасын;
      3) оқу процесiн ұйымдастыру үшiн меншiк құқығындағы немесе жалға алынған үй-жайдың болуын растайтын құжаттың көшiрмесiн қоса бере отырып, қызметтi бастағаны туралы хабарлама жiбередi.
      Хабарлама жасау «Әкiмшiлiк рәсiмдер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.
      Ескерту. 8-3-бап жаңа редакцияда - ҚР 2010.12.28 N 369-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен, өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2012.07.10 N 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

2-тарау. КЕМЕ

      9-бап. Кемеге меншiк құқығы

      1. Кемелер:
      1) мемлекеттiң
      2) Қазақстан Республикасының азаматтары мен мемлекеттiк емес заңды тұлғаларының
      3) егер Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде өзгеше көзделмесе, шет мемлекеттердiң, шетелдiктердiң, азаматтығы жоқ адамдардың, шетелдiк заңды тұлғалардың меншiгiнде болуы мүмкiн.

      2. Кеменiң меншiк иесi кемеге қатысты өз қалауы бойынша кез келген әрекет iстеуге, соның iшiнде кеменi басқа тұлғалардың меншiгiне берiп, иелiктен айырылуға, меншiк иесi болып қала отырып, оларға кеменi иелену, пайдалану және оған билiк ету құқығын беруге, кеме ипотекасын белгiлеуге және оған басқа да әдiстермен ауыртпалық салуға, өзге де түрде билiк етуге құқылы.

      10-бап. Кеме атауы. Кеменi дараландыру тәртiбi

      1. Теңiз кемелерiнiң мемлекеттiк кеме тiзiлiмiнде немесе кеме кiтабында мемлекеттiк тiркелуге тиiстi кеменiң өз атауы болуға тиiс.


      Меншiк иесi уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен кеме атауын қояды және өзгертедi.

      2. Кеме атауының өзгертiлгенi туралы меншiк иесi кеменiң тiркелген кепiлдерiн кепiлге ұстаушыларға дереу хабарлайды.

      3. Спутниктiк байланыстың кеме станциясының шақыру сигналын және сәйкестендiру нөмiрiн беру тәртiбiн байланыс саласындағы уәкiлеттi орган айқындайды.
      Ескерту. 10-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2004.10.22 N 601 (өзгерiс 2005.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2010.12.28 N 369-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      11-бап. Кеменiң ұлттығы. Қазақстан Республикасының


              Мемлекеттiк туын көтерiп жүзу құқығы

      1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туын көтерiп жүзу құқығын пайдаланушы кеме Қазақстан Республикасының ұлттығында болады.

      2. Қазақстан Республикасының ұлттығын иеленушi кеме Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туын көтерiп жүзуге мiндеттi.

      3. Кеме осы Заңның 16-бабының 1-тармағында аталған Қазақстан Республикасының кемелерi тiзiлiмдерiнiң бiрiнде мемлекеттiк тiркелген кезден бастап, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туын көтерiп жүзу құқығына ие болады.

      3-1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туын көтерiп жүзу құқығы:
      1) мемлекеттiң
      2) азаматтардың және Қазақстан Республикасы заңнамасында белгiленген тәртiппен тiркелген мемлекеттiк емес заңды тұлғалардың меншiгiндегi кемелерге;
      3) өнiм бөлу туралы келiсiмге сәйкес Каспий теңiзiнде қызметiн жүзеге асыратын шетелдiк заңды тұлғалардың меншiгiндегi кемелерге (мердiгерлiк компаниялар, оператор, агенттер) берiледi, бұл ретте осындай кемелерге Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туын көтерiп жүзу құқығын берудiң ерекшелiктерi Кемелердi және оларға құқықтарды мемлекеттiк тiркеу қағидасымен айқындалады.

      4. Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде меншiкке иемденiп алынған кеме Қазақстан Республикасының консулдық қызметi мұндай құқықты куәландыратын және кеме Теңiз кемелерiнiң мемлекеттiк кеме тiзiлiмiнде немесе кеме кiтабында мемлекеттiк тiркелгенге дейiн жарамды болатын, бiрақ бiр жылдан аспайтын уақыт қолданылатын уақытша куәлiк берген кезден бастап, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туын көтерiп жүзу құқығын пайдаланады.

      5. Кемелердi және оларға құқықтарды мемлекеттiк тiркеу қағидасында көзделген тәртiппен уәкiлеттi органның шешiмi негiзiнде Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Туын көтерiп жүзу құқығы бербоут-чартер бойынша:
      1) қазақстандық жалға кеме алушыға;
      2) өнiм бөлу туралы келiсiмге сәйкес Қазақстан Республикасында белгiленген тәртiппен тiркелген филиалдары арқылы Каспий теңiзiнде қызметiн жүзеге асыратын шетелдiк заңды тұлғаларға (мердiгерлiк компанияларға, операторға, агенттерге, қосымша мердiгерлерге) пайдалануға берiлген, шет мемлекеттiң кемелер тiзiлiмiнде тiркелген кемеге уақытша берiлуi мүмкiн.

      6. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туын көтерiп жүзу құқығын пайдаланбайтын кемеде осы тудың көтерiлгенi үшiн кiнәлi адамдар Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленген жауаптылықты мойнына алады.


      Ескерту. 11-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2004.10.22. N 601 (өзгерiс 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2005.06.02. N 55 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2010.12.28 N 369-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

        12-бап. Кеменi шет мемлекет туын көтеруге


              уақытша көшiру

      Теңiз кемелерiнiң мемлекеттiк кеме тiзiлiмiнде немесе кеме кiтабында тiркелген кеме бербоут-чартер бойынша шетелдiк кеме жалдаушының иеленуiне немесе пайдалануына берiлген жағдайда мұндай кеме уәкiлеттi органның шешiмi негiзiнде, кейiннен әрбiр екi жыл сайын ұзарту құқығымен екi жылдан аспайтын мерзiмге, бiрақ бербоут-чартердiң қолданылу мерзiмiнен аспайтын мерзiмге тиiстi тiзiлiмге тiркелiп және Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туын көтерiп жүзу құқығы тоқтатылып, шет мемлекеттiң туын көтерiп жүзуге уақытша көшiрiлуi мүмкiн.


      Ескерту. 12-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2005.06.02. N 55 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.

       13-бап. Кеменi сенiмгерлiк басқаруға беру

      1. Егер шартта өзгеше көзделмесе, кеменiң меншiк иесi меншiк иесiнiң мүдделерiне сыйақы алу үшiн кеменi басқаруды сенiмгерлiк басқару шарты бойынша жүзеге асыру үшiн сенiмгер басқарушыға беруге құқылы.
      Шаруашылық жүргiзудегi немесе оралымды басқарудағы кеменi меншiк иесiнiң немесе уәкiлеттi органның келiсiмiнсiз сенiмгер басқаруға беруге болмайды.
      Кеменiң сенiмгерлiк басқаруға берiлуi оған меншiк құқығымен сенiмгерлiк басқарушыға ауысуына әкеп соқпайды.

      2. Кеменiң сенiмгерлiк басқаруға берiлуi Теңiз кемелерiнiң мемлекеттiк кеме тiзiлiмiнде немесе кеме кiтабында мiндеттi түрде мемлекеттiк тiркелуге тиiс.

      3. Кемелердi басқару және оларды пайдалану саласында құзыреттi тұлға сенiмгер басқарушы бола алады.

      4. Кеменi сенiмгерлiк басқару шарты Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарында көзделген талаптарға сәйкес келуге тиiс.


      Ескерту. 13-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2004.10.22. N 601 Заңымен (өзгерiс 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi).

        14-бап. Кеме құжаттары

      1. Қазақстан Республикасының Үкiметi тiзбесiн, нысанын және жүргiзу тәртiбiн айқындайтын кеме құжаттары кемеде болуға тиiс.
      Көшiрмесiн осы құжатты берген орган растауы немесе нотариус куәландыруы тиiс кемеге меншiк құқығы туралы куәлiктi қоспағанда, кеме құжаттарының түпнұсқалары кемеде болуға тиiс.

      2. Шетелде жүзуге шығатын кемелердiң, Қазақстан Республикасының суларында жүзуге арналған тиiстi қағидада көзделген құжаттардан басқа, Қазақстан Республикасының заңнамасында және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда белгiленген құжаттары болуға тиiс.

      3. Шет мемлекеттердiң Қазақстан Республикасының аумақтық суларына кiретiн кемелерiнде Қазақстан Республикасының заңнамасында және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда белгiленген құжаттар болуға тиiс.
      Ескерту. 14-бап жаңа редакцияда - ҚР 2010.12.28 N 369-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      15-бап. Кемелердi техникалық байқау, куәландыру және


               оларды сыныптау

      1. Кеме теңiзде жүзу қауiпсiздiгi талаптарын қанағаттандыратыны анықталғаннан кейiн ғана жүзуге жiберiлуi мүмкiн.

      2. Кемелердi техникалық байқауды, куәландыруды және оларды сыныптауды Кеме қатынасының тiркелiмi немесе шетелдiк сыныптау қоғамдары жүзеге асырады.
      Бұл ретте кемелердi куәландыру жөнiндегi өкiлеттiктер және оларды шетелдiк сыныптау қоғамдарының беру шарттары уәкiлеттi орган мен шетелдiк сыныптау қоғамдары арасындағы келiсiмдерде айқындалады.
      Кемеге сынып беру Кеме қатынасының тiркелiмi немесе шетелдiк сыныптау қоғамы беретiн сыныптау куәлiгiмен куәландырылады.
      Қазақстан Республикасының өзге мемлекеттiк органдары мен заңды тұлғаларының кемелерге және кеменiң жекелеген элементтерiне техникалық байқауды жүзеге асыруына тыйым салынады.

      3. Кеме құжаттары болмаған кезде немесе шетел туын көтерiп жүзiп жүрген кеме Қазақстан Республикасының теңiз портына келген кезде, тиiстi құжаттарының болуына қарамастан, теңiзде қауiпсiз жүзудiң техникалық регламенттерде белгiленген талаптарын қанағаттандырмаса, уәкiлеттi орган мұндай кеменi Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Туын көтерiп жүзушi кемелермен бiрдей негiзде куәландырудан өткiзуге құқылы.


      Ескерту. 15-бап жаңа редакцияда - ҚР 2010.12.28 N 369-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

3-тарау. КЕМЕЛЕРДI ЖӘНЕ ОЛАРҒА ҚҰҚЫҚТАРДЫ
МЕМЛЕКЕТТIК ТIРКЕУ

      16-бап. Қазақстан Республикасының кеме тiзiлiмдерi

      1. Кеме Қазақстан Республикасы кеме тiзiлiмдерiнiң (бұдан әрi - кеме тiзiлiмдерi) бiрiнде:

      1) Теңiз кемелерiнiң мемлекеттiк кеме тiзiлiмiнде;

      2) кеме кiтабында;

      3) бербоут-чартер тiзiлiмiнде мемлекеттiк тiркелуге тиiс.

      2. Кемеге меншiк құқығы және өзге де заттық құқықтар (оған ауыртпалықтар) Теңiз кемелерiнiң мемлекеттiк кеме тiзiлiмiнде немесе кеме кiтабында мiндеттi түрде мемлекеттiк тiркелуге тиiс.

      3. Мемлекеттiк тiркелуге тиiс, жасалып жатқан кеме жылжымайтын мүлiкке теңестiрiледi.


      Жасалып жатқан кемеге меншiк құқығы киль салынған немесе сарапшының қорытындысымен расталған тең бағалы құрылыс жұмыстары жағдайында жасалып жатқан кемелер тiзiлiмiнде тiркелуi мүмкiн. Жасалып жатқан кемеге меншiк құқығын мемлекеттiк тiркеген кезде тиiстi куәлiк берiледi.

      3-1. Кемеге немесе жасалып жатқан кемеге тiркелген құқықтар (құқықтар ауыртпалықтары) туралы мәлiметтер жылжымайтын мүлiкке тiркелген құқықтардың бiрыңғай мемлекеттiк тiзiлiмiне (құқықтық кадастр) енгiзiлуге тиiс.

      4. Теңiз кемелерiнiң мемлекеттiк кеме тiзiлiмiнде теңiз, жолаушылар, жүк-жолаушылар кемелерi, мұнай құйып тасушы, сүйретiп жүзушi кемелер, қалқымалы бұрғылау құрылғылары, құрғақ жүк тасушы кемелер, қалқымалы крандар және техникалық флот кемелерi (жер снарядтары және басқалар), сондай-ақ қуаттылығы елу бес киловаттан кем емес бас двигательдi өздiгiнен жүретiн кемелер және сыйымдылығы сексен тоннадан кем емес өздiгiнен жүрмейтiн кемелер тiркеледi.

      5. Кеме кiтаптарында бас двигательдердiң қуаттылығына және сыйымдылығына қарамастан, спорттық, серуендiк кемелер, сондай-ақ осы баптың 4-тармағында аталмаған кемелер тiркеледi.

      6. Теңiз кемелерiнiң мемлекеттiк кеме тiзiлiмiнде және кеме кiтаптарында гидроұшақтар, сондай-ақ шлюпкалар мен кеменiң керек-жарақтары болып табылатын өзге де қалқымалы құралдар тiркелмейдi.

      7. Бербоут-чартер тiзiлiмiнде Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туын көтерiп жүзуге уақытша құқық берiлген кемелер Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Туын көтерiп жүзуге уақытша құқықтың қолданылу мерзiмiн әрбiр екi жыл сайын одан әрi ұзарта отырып, екi жыл мерзiмге, бiрақ бербоут-чартердiң қолданылу мерзiмiнен аспайтын мерзiмге тiркеледi.


      Кемелердiң тiркелу мерзiмiн ұзарту Кемелердi және оларға құқықтарды мемлекеттiк тiркеу қағидасында белгiленген, оңайлатылған тәртiппен жүзеге асырылады.

      8. Теңiз кемелерiн мемлекеттiк тiркеу, қайта тiркеу және мемлекеттiк тiркеудi куәландыратын құжаттың телнұсқасын беру үшiн Қазақстан Республикасының салық заңдарында белгiленген тәртiппен және мөлшерде алым алынады.


       Ескерту. 16-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2004.10.22 N 601 (2005.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2005.06.02 N 55 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2007.07.26 N 311 , 2010.12.28 N 369-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2011.03.25 N 421-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

        17-бап. Кеме тiзiлiмiне енгiзiлетiн мәлiметтердiң


              өзгертiлуi

      Кемелер тiзiлiмiне енгiзiлуге тиiстi мәлiметтердiң кез келген өзгерiсi туралы кеменiң меншiк иесi немесе оны бербоут-чартер бойынша кеменi жалдаушы кеме тiркелген порттың теңiз әкiмшiлiгiне екi апта iшiнде хабарлауға мiндеттi.

      18-бап. Мемлекеттiк органдар пайдаланатын кемелердi
              мемлекеттiк тiркеу

      Әскери корабльдердi, әскери-қосалқы кемелер мен шекара корабльдерiн қоспағанда, Қазақстан Республикасының меншiгiндегi және мемлекеттiк органдар өздерiне жүктелген функцияларды атқару үшiн пайдаланатын кемелердi мемлекеттiк тiркеу мемлекеттiк кеме тiзiлiмiнде немесе кеме кiтабында Кемелердi және оларға құқықтарды мемлекеттiк тiркеу қағидасына сәйкес жүзеге асырылады.


      Ескерту. 18-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2004.10.22. N 601 (өзгерiс 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2005.06.02. N 55 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2010.12.28 N 369-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      18-1-бап. Кемелердi қайта тiркеу

      Егер кеме оқиғаның немесе кез келген басқа себептiң салдарынан Теңiз кемелерiнiң мемлекеттiк кеме тiзiлiмiне немесе кеме кiтабына бұрын енгiзiлген мәлiметтерге сәйкес келмей қалған жағдайда, куәландырылғаннан және жүзуге жарамдылығы туралы куәлiктi алғаннан кейiн Кемелердi және оларға құқықтарды мемлекеттiк тiркеу қағидасында белгiленген тәртiппен кеменi мемлекеттiк қайта тiркеу жүзеге асырылады.
      Қазақстан Республикасының меншiгiндегi және мемлекеттiк органдар өздерiне жүктелген функцияларды орындау үшiн пайдаланатын кеменi коммерциялық мақсатта пайдалану да кеменi қайта тiркеу үшiн негiз болып табылады.
      Ескерту. 18-1-баппен толықтырылды - ҚР 2005.06.02 N 55 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен, өзгерту енгiзiлдi - 2010.12.28 N 369-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      18-2-бап. Кеменi Теңiз кемелерiнiң мемлекеттiк кеме


                тiзiлiмiнен немесе кеме кiтабынан шығару

      Теңiз кемелерiнiң мемлекеттiк кеме тiзiлiмiнен немесе кеме кiтабынан:

      1) опат болған немесе хабарсыз жоғалып кеткен;

      2) конструкциялық жағынан күйреген;

      3) қайта жасау немесе кез келген басқа да өзгерiстер салдарынан кеме сапасын жоғалтқан;

      4) осы Заңның 11-бабының 3-1-тармағында көзделген талаптарға сәйкес келмей қалған кеме шығарылуға жатады.


      Ескерту. 18-2-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2005.06.02. N 55 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      19-бап. Кеменi және оған құқықтарды мемлекеттiк



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет