Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:
С-О-4 санаты үшін: жоғары білім; мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік; жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс*: 1) мемлекеттік қызмет өтілі бір жарым жылдан немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе В-5, С-5, C-O-5, C-R-3, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес; 2) мемлекеттік қызмет өтілі екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде орталық, облыстық немесе қалалық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың кіші басшы құрамындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес; 3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жарым жылдан кем емес; 4) жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы; 5) ғылыми дәрежесінің болуы. сот орындаушысына жұмыс тәжірибесі талаптары қолданылмайды.
С-О-5 санаты үшін: жоғары білім; мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік; жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс: 1) мемлекеттік қызмет өтілі мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе C-O-6, C-R-4, D-O-6, Е-5, E-R-4, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес;
2) мемлекеттік қызмет өтілі орталық, облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың кіші басшы құрамындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес; 3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес; 4) жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы; 5) ғылыми дәрежесінің болуы.
С-R-1 санаты үшін: жоғары білім; мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік; жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс: 1) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-4, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес; 2) мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде орталық, облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың орта басшы құрамындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес; 3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде басшылық лауазымдарда бір жылдан кем емес; 4) жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы; 5) ғылыми дәрежесінің болуы.
С-R-4 санаты үшін: жоғары білім; мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік; жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс: 1) мемлекеттік қызмет өтілі мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе C-R-5, E-R-5, E-G-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес; 2) мемлекеттік қызмет өтілі орталық, облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың қатардағы құрамындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес; 3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес; 4) жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы; 5) ғылыми дәрежесінің болуы.
"Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасудың кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 12 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде
2015 жылы 30 желтоқсанда № 12639 болып тіркелді.
Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақысы
Санат
|
Еңбек сіңірген жылдарына байланысты
|
min
|
max
|
С-О-4
|
109932
|
148242
| С-О-5 |
83282
|
112430
| С-R-1 |
142412
|
192381
| С-R-4 |
73288
|
99105
|
I. «Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету Департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының) Алматы облысы бойынша соттар әкімшісі» РММ, 040000, Талдықорған қаласы, Тәуелсіздік көшесі, 53 А, анықтама үшін телефондар: 8 (7282) 55-87-75, факс: 55-87-74, электрондық мекен-жайы: 728-0207@sud.kz, бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасуға ішкі конкурс жариялайды:
Алматы облысы бойынша соттар әкімшісі:
1. Талдау және жоспарлау бөлімінің басшысы, (С-О-4, 1 бірлік).
Функционалды міндеттері: бөлімнің жұмысын басқару және ұйымдастыру, бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына жауап беру және атқарылуын бақылау. Сот статистикасын жүргізуді бақылау. Жергілікті соттардың кеңсе қызметкерлерінің іс-әрекеттеріне қатысты түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарауды ұйымдастыру.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары құқықтық білім. Мемлекеттік тілді білуі, компьютерде жұмыс істей білу.
2. Талдау және жоспарлау бөлімінің бас маманы, (С-О-5, 2 бірлік) оның ішінде 1 бірлік негізгі қызметкердің бала күтімі жөніндегі демалысы кезеңіне 01.01.2019 жылға дейін.
Функционалды міндеттері: бөлімнің жұмысын жүргізу, бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына жауап беру және атқарылуын бақылау. Сот статистикасын жүргізу. Жергілікті соттардың кеңсе қызметкерлерінің іс-әрекеттеріне қатысты түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары құқықтық білім. Мемлекеттік тілді білуі, компьютерде жұмыс істей білу.
3. Ақпараттық технологиялар және ақпараттық ресурстарды қорғау бөлімінің бас маманы-ақпараттық технологиялар бойынша, (С-О-5, 1 бірлік).
Функционалды міндеттері: Облыстық және жергілікті соттарда ақпараттық жүйелердің үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету. Алматы облыстық сотының ақпараттық технологиялары бойынша («Төрелік» бағдарламасы, дыбыс-бейне жазба, IP VPN қызметі және т.б) жұмыстарын жүргізу.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары құқықтық, техникалық ғылымдар (автоматтандыру және басқару, есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету, ақпараттық жүйелер, математикалық және компьютерлік моделдеу, ақпараттық қауіпсіздік жүйесі), педагогикалық (информатика) білім. Мемлекеттік тілді білуі, компьютерде жұмыс істей білу.
4. Ішкі қауіпсіздік және соттардағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бөлімінің бас маманы, (С-О-5, 1 бірлік).
Функционалды міндеттері: Облыс бойынша судьялар мен сот қызметкерлерінің ішкі қауіпсіздігін қамтамасыз ету, соттарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жұмыстарын жүргізу.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары құқықтық білім. Мемлекеттік тілді білуі, компьютерде жұмыс істей білу.
5. Талдау және жоспарлау бөлімінің жетекші маманы, (С-О-6, 1 бірлік).
Функционалды міндеттері: Бөлімнің жұмысын жүргізу, бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына жауап беру және атқарылуын бақылау. Сот статистикасын жүргізу. Жергілікті соттардың кеңсе қызметкерлерінің іс-әрекеттеріне қатысты түскен жеке жіне заңды тұлғалардың өтініштерін қарау.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары немесеортадан кейінгі құқықтық білім. Мемлекеттік тілді білуі, компьютерде жұмыс істей білу.
Аудандық және оған теңестірілген соттардың кеңселері бойынша:
6. Алматы облысының №1 кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының кеңсесі кеңсе меңгерушісіне (С-R-1, 1 бірлік): негізгі қызметкердің бала күтімі жөніндегі демалысы кезеңіне 12.11.2016 жылға дейін.
Функционалды міндеттері: сот кеңсесінің жұмыстарын жоспарлау және ұйымдастыру, сот статистикасын жүргізуді және талдауды ұйымдастыру.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары құқықтық білім. Мемлекеттік тілді білуі, компьютерде жұмыс істей білу.
7. Бас маманына (С-R-4, 6 бірлік): -Сарқан аудандық соты(негізгі қызметкердің бала күтімі жөніндегі демалысы кезеңіне 03.06.2018 жылға дейін); -Еңбекшіқазақ ауданының №2 аудандық соты; -Қапшағай қалалық соты; -Қарасай аудандық соты; -Алматы облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты (негізгі қызметкердің бала күтімі жөніндегі демалысы кезеңіне 24.07.2018 жылға дейін); -Текелі қалалық соты.
Функционалды міндеттері: Кіріс және шығыс хат хабарларды тіркеу, кіріс хат-хабарларды тіркеу журналын жүргізу және судьяларға, мамандарға істерді уақытылы тапсыру, нарядтарды, арыздарды тіркеу журналын жүргізу, хаттарды, хабарламаларды жолдау, статистикалық есептерді, қаралған істер бойынша талдау жүргізу, автоматты түрде істерді бөлу.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары құқықтық білім. Мемлекеттік тілді білуі, компьютерде жұмыс істей білу.
8. Бас маман-сот мәжілісінің хатшысына (С-R-4, 17 бірлік): -Алакөл аудандық соты(негізгі қызметкердің бала күтімі жөніндегі демалысы кезеңіне 17.02.2017 жылға дейін); -Қапшағай қалалық соты – 2 бірлік; -Еңбекшіқазақ аудандық соты; -Еңбекшіқазақ ауданының №2 аудандық соты (негізгі қызметкердің бала күтімі жөніндегі демалысы кезеңіне 04.10.2018 жылға дейін); -Жамбыл аудандық соты (негізгі қызметкердің бала күтімі жөніндегі демалысы кезеңіне 19.10.2018 жылға дейін); -Іле аудандық соты – 2 бірлік (негізгі қызметкерлердің бала күтімі жөніндегі демалыстары кезеңдеріне 1 бірлік 22.07.2017 жылға дейін; 1 бірлік 25.09.2017 жылға дейін);-Райымбек ауданының №2 аудандық соты; -Талдықорған қалалық соты; -Ескелді аудандық соты (негізгі қызметкердің бала күтімі жөніндегі демалысы кезеңіне 30.11.2018 жылға дейін); -Қарасай аудандық соты; -Алматы облысының №2 кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты; -Ақсу аудандық соты (негізгі қызметкердің бала күтімі жөніндегі демалысы кезеңіне 29.09.2017 жылға дейін); -Талдықорған мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты (негізгі қызметкердің бала күтімі жөніндегі демалысы кезеңіне 12.11.2018 жылға дейін); -Кербұлақ ауданының №2 аудандық соты; -Талғар аудандық соты.
Функционалды міндеттері: Қарауға тағайындалған істер бойынша жұмыстар атқару; сотқа шақыру; құжаттарды жазып дайындау; қосымша іске қатысты түскен құжаттардың есебін жүргізу; сот мәжілісінің хаттамасын дайындау; шағымдарды қабылдау; іске қатысқан тараптардың өтініші бойынша құжаттармен таныстыру; тігілген істердің тізімдемесін толтыру; ілеспе хаттарды дайындау; үкім және шешім көшірмелерін іске қатысқан тараптарға жолдау; атқару парағын жазу.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары құқықтық білім. Мемлекеттік тілді білуі, компьютерде жұмыс істей білу.
9. Аға сот приставына (С-R-4, 3 бірлік): Алакөл ауданының №2 аудандық соты; Балқаш аудандық соты;Еңбекшіқазақ ауданының №2 аудандық соты.
Функционалды міндеттері: сот отырысы кезінде залда қоғамдық тәртіпті сақтау, сот приставтарының есебін жүргізу, іс жүргізу әрекеттерін орындауда сотқа жәрдемдесу.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары құқықтық, әлеуметтік ғылымдар, экономикалық және бизнес (қаржы, экономика, есеп және аудит),педагогикалық (дене шынықтыру және спорт, бастапқы әскери дайындық) білім. Мемлекеттік тілді білуі, компьютерде жұмыс істей білу.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.
Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.
Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, осы Қағидалардың 30-тармағында көрсетілген ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшірмелерін ұсынады.
Осы Қағидалардың 15-тармағында көрсетілген тұлғаның келісімі бойынша конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады. Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар: 1) "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасудың кейбір мәселелері туралы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш; 2) тиісті персоналды басқару қызметімен расталған қызметтік тізім. Құжаттар, конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап 5 жұмыс күні ішінде тапсырылуы тиіс.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің сайты: www.kyzmet.gov.kz.
Достарыңызбен бөлісу: |