2. Саяси ғылымның қалыптасуы мен дамуының негізгі кезеңдері
1.Саяси ғылымның әр тарихи кезеңдерде дамуы мен құлдық, ортағасырлық және қайта өрлеу дәуіріндегі саяси ұғымдар мен саясаттың дамуы.
2.Жаңа заман және марксистік саяси идеялар.
3. Қазақ даласындағы саяси ой-пікірлер.
4.ХХ ғасырдағы саяси ілімдер.
Қазіргі өркениетті деп саналатын қоғамдыққұрылыс, демократиялық идеялар бір күн немесе бір жылда пайда болған жоқ. Саясаттың даму тарихын зерделегенде тағы бір есте болатын жайт- қай заманның ойшылдарын болмасын ойландырған не деген сұрақ туады.Сол мәселелерді қарастыратын болсақ........ 1.Құлдық дәуірдегі саяси ойлардың дамуы мен пайда болуы адамзат қоғамы сияқты ғылым мен білім, мәдениет пен әдебиет біркелкі дами қоймады. Олардың дамуы әр кезеңде әр қилы болды. Соның ішінде Батыс мәдениетінің шоқтығы биік.Себебі ол жоғар өркениеттіліктің үлгісін көрсетті. Шығыс елдеріндегі жоғарғы билік шектелместен монархтың, халиф, хан, патша, сұлтан, король, император т.с.с. қолында болды. Яғни билеуші халық алдында емес құдай алдында ғана есеп берді. Билік орнатылған тәртіптің, шындықтың, әділеттіктің, мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз етудің құралы деп есептелді. Батыс елдерінің ішінде саяси идеялар Ежелгі Грецияда қатты дамыды. Көне гректерде саяси ғылымға мол мұра қалдырған ойшылдар көп. Соның бірі Аристотель және Платон. Платон (б.з.б. 427-347жж.) Шын есімі-Аристокл. 200 жуық еңбектері бар. Сократ мектебінен өткен. Платнның айтуынша адамдар қажеттіліктерін жеке-дара өтей алмайды. Олар өмір сүру үшін тамақ, киім өндіруі және үй салуы керек. Платон қоғамдық меншікті қолдап, жеке меншікке қарсы тұрды. Себебі қоғамдағы қарама-қайшылықтарды тудыратын жеке меншік деген уәжді айтты. Мемлекеттік құрылысты 5 түрге бөлді.Олар: аристократия, тимократия, олигархия, демократия және тирания. Аристотель болса (б.з.б. 384-322жж) Платонның ізін жалғастырушы болды. Бала оқытып, көп ізденген ғалым. Өз зерттеулерінде Аристотель саясатқа кең мағына берді. Оған этиканы да, экономиканы да енгізді. Саясатты адам мен мемлекеттің жоғарғы игілігі, оның мақсаты-адамды, мемлекетті жақсы тұрмысқа, молшылыққа, бақытқа жеткізу деп білді. Олда жеке меншікке қарсы болды. Қоғамның тұрақтылығын жақтады. Орта ғасыр мен Қайта өрлеу дәуіріндегі саяси ұғымдарда саясат мәселелері былайша әңгімеленеді. Ол кез феодалдық кезең. У-ХУІғғ. Созылған уақыт. Христиан діні феодалдық қоғам көзқарасының өзегі болған кез. Орта ғасырдағы Батыс Еуропаның саясат тарихында римдік-католиктік шіркеудің, папалықтың және ақсүйектердің қоғамдағы басқарушы рөлі басым айтылады. Шіркеудің саяси талабын дұрысқа шығару мақсатымен оны жақтаушылар патшаға құдіретті шіркеу берді, ал оған мұндай абырой, беделді құдай берді. Христиан дініне көп еңбек сіңірген саяси ойшылдің бірі- А.Августин (354-430жж) Христиан фәлсафасының негізгі қағидаларын зерттеп, жетілдірді. Барлық әлеуметтік, мемлекеттік және құқықтық мекемелер мен заңдарды адамның күнәсінің нәтижесі деп санады. Оның ізін жалғастырушы Ф.Аквинский (1225-1274жж) ол өзін Аристотельдің көзқарастарына бағыттады. Адам жалғыз өзі саяси тірі жәндік. Сондықтан мемлекет болып бірігіп өмір сүру адамдардың пешенесіне әуел бастан жазылған деп түсіндіреді. Сондықтан патшалық билікке бағыну керек. Яғни аспанда құдай, жерде Рим папасы. ХХ ғасырда феодализм ыдырап, капиталистік қатынастар пайда болды Жас буржуазияны жақтаушылар католик шірекуінің озбырлығын әшкерелеп, адам құқығы мен ар-намысын қорғауға шақырды. Адам мәселесі, оның мемлекетпен арақатынасын саяси ілімде маңызды орын алады. Қоғамдық санада бұл «гуманизм» деп аталды. Ал тарихи кезеңнің саяси өмірінде «қайта өрлеу дәуірі» деп аталды. Алдыңғы қатарлы оқымыстылар шіркеу мекемелерін сол кездегі феодализмге, католик дініне қарсы бағытталған әлеуметтік-саяси қозғалыс –реформацияның тұрғысынан сынға алды. Қайта өрлеу дәуіінің өкілі Н.Макиавелли (1469-1527 жж) Өз шығармаларында діни көзқарасқа қарсы бола отырып, шындықтың белгісі сенім емес, тәжірибе деп білді. Мемлекет ерікті болғанда ғана қуатты, абыройлы бола алады. Елдің бірлігі мен мемлекеттің қол астындағы адамдардың бірілігі де соған (мемлекетке) байланысты Мәселені саяси мақсат тұрғысынан қарастырады. Жаңа замандағы саяси ойларда «саясат» мәселесі былайша тұжырымдалады. ХУ ғ. Буржуазиялық революция Англияда болды. Ол капиталистік қатынастардың тез дамуына жол ашты. Сол заманның саяси ойшылы Томас Гоббс (1588-1679 жж). Оның ойынша мемлекет қоғамдық келісімнің негінде жалпыға бірдей бейбіт өмір мен қауіпсіздікті сақтау үшін пайда болды Ол монархиялық мемлекеті ұнатты. Ал Франция ғалымы Шарль Луи Монтескье (1689-1775 жж) әр халықтың адамгершілік бейнесін, оның заңдарының айырмашылығын, қоғамның дамуын географиялық ортаға байланыстырады. Саяси бостандық кез-келген жағдайға әсер етеді. Ал мемлекет азаматтарды өміоге қажетті қаражаттармен қамтамасыз етуге міндетті. Келесі саясатты өзінше тұжырымдаған ғалым Жан Жак Руссо (1712-1778 жж) Еркіндік пен теңдіктің туын көтерген ғалым болды. Тікелей халық билігін көтерді. Депутат халық қызметшісі болуы керек. Жаңа заманда саяси санада айтарлықтай із қалдырған неміс классигі, философы Иммануил Кант (1724-1804 жж). Оның әлеуметтік-саяси көзқарастары әрбір адам арнамысының, шексіз құндылықтың иесі, қандай игілікті жоспар болмасын адам оны жүзеге асырады. Сондықтан қоғамдық өмірде тонау, қорлық, зорлық пен зомбылық, күштеу болмауы керек дегенді айтты. ХУІІІ ғ.аяғы-ХІХғ. Бірінші жартысында Батыс Еуропада капиталистік мәдениет заманалық екі қозғаушы күштің әсерімен дамыды. Біріншісі-капиталистік қатынастарға жол ашқан Ұлы Француз революциясы, екнішісі-Анлгия мен Францияда және Батыс Еуропа елдеріндегі күрделі өнеркәсіп өзгерістері. Марксистік саяси идеялар былайша баяндалады. ХІХғ. 1-ші жартысында капиталистік өндіріс әдісінің қарқынды дамуы, буржуазиялық қоғамның тап қайшылықтарының шиеленісуі, пролетариаттың тез өсуі және оның тарихи күрес майданына шығуы марксизм теориясын тудырды. Ондай пікіріді айтқан Карл Маркс (1818-1883 жж). Өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастардың бірлігі болып табылатын материалдық тұрмыстың өндіріс әдісі қоғамдағы әлеуметтік, саяси және рухани процестерді туғызатындығын дәлелдеді.Олар социалистік революция теориясын дамытты. Қазақ даласындағы саяси ойшылдар : «қазақ халқының рухани мұрасы да саяси ойпікірлерге бай» дей келе,мемлекетті адамдар өз қажетіне жақсы жолмен құруы керектігін, бірлесу арқылы қоғамдық жолмен жақсылап өмірді қанағаттандыруы адамзаттың өзінде. Мұндай айтылғандарды Батыстың кейінгі саясат зерттеушілері орта ғасырдағы ғылымның энциклопедиясы деп атады. Кез-келген қазақ даласының ғұламасын алмайық олардың саясат және халықтың саяси өмірі мен саяси билік туралы айтпағы қазақ халқының рухани мұрасында. Адамның адамгершілік қасиетін арттыруға жұмылдырды. «Біріңді қазақ, бірің дос, Көрмесең істің бәрі бос» , - деп ұлттық бүтіндік, ішкі татулық, ынтымақтастыққа шақырды Өз халқының мүддесі үшін күресте достық, татуластық бірлік керектігіне назар аударды. Қазақ халқының саяси санасының дамуына ХІХ ғ.аяғы-ХХғ. Басында пайда болған алғашқы интеллигенттік топ та зор ықпал етті. ХХ ғасырдағы саяси ілімде – ХІХғ. Аяғы мен ХХғ. Басындағы капиталистік елдерде орасан зор өзгерістер болды. Мемлекеттік-монополистік капитализм монополиялар мен мемлекеттің күшін біріктірді. ХХғ. Батыс елдерінде «солидаризм» ілімі өріс алды. Ондай ілімінің негізін салушы Л.Дюги (1859-1928 жж) әрбір тап өмірде өз міндетін атқаруы, қоғамның ынтымақтастығы мен үйлесушілігін қамтамасыз етуі керек. Келесі бір ұғым «элитаризм». Элита деген сөз ең жақсы, іріктелген, сұрыпталған, таңдаулы деген мағына береді. Ол ұғымдарды енгізген италяндық саясаттанушылар Г.Моска (1856-1941 жж), В.Парето (1848-1923 жж). Олардың ойынша халық өзін-өзі басқара алмайды. Оған қабілеті жетпейді. Сондықтан олар үшін таңдаулы адамдар тобы керек. ХХ ғасырдағы тағы бір саясат мәселесімен айналысушы Макс Вебер (1864-1920 жж). Ол плюрализм идеясын енгізді. Қоғамның барлық саласындағы идеологиялық мүдделер мен діни сананың араларындағы қандай байланыстар бар, соларды ашуға тырысты. Сонымен саясаттанудың қалыптасуы мен дамуының тарихы-адамзат тарихының бұрынғысы мен бүгінгісі және болашағы үшін қажет. Оны оқып-білу-қазіргі қоғамдық және саяси құрылыстың мәнін түсінуге, онда әркімнің өз орнын анықтауға, егеменді еліміздің азаматтық қоғам, құқықтық мемлекет құруына белсене араласуының септігін тигізері сөзсіз.
№
Достарыңызбен бөлісу: |