Қаржы қоғамда нақты өмір сүретін, объективті сипаты мен
айрықша қоғамдық арналымы бар өндірістік қатынастарды білдіретін ақшалай қаржы ресурстары мен қорларды жасау және пайдалану процесіндегі экономикалық қатынастарды қамтып көрсететін тарихи қалыптасқан аса маңызды экономикалық категориялардың бірі болып табылады.
Бүгінде қаржы терминін күнделікті қолданысқа енгізген авторды атау
қиын. Бұл терминнің авторлығын 1577 жылы "Республика туралы алты кітап" деген жұмысын бастырып шығарған француз ғалымы Ж. Боденге қалдыруға болады.
Қаржының пайда болуының бастапқы шарты ақша катынастарымен ортақтастырылған тауар өндірісі болып есептеледі. Тауар өндірісінің негізі тауар өндірушілердің экономикалық оқшауланушылығын шарттастыратын қоғамдық еңбек бөлінісі болып табылады.
Қаржы ғылыми ұғым ретінде қоғамдық өмірде сан алуан нысандарда пайда болатын қызметтермен ассоциацияланады және міндетті түрде ақша қатынастарының қозғалысымен қосарлана жүреді.
Экономикалық өмірде қаржының сыртқы көрінісі қоғамдық өндірістегі әр түрлі қатысушылар қаражаттарының қозғалысы түрінде болып жатады.
"Қаржы" ұғымы ақша нысанындағы қоғамдық өнімді бөлумен байланысты болатын экономикалық қатынастардың кең ауқымын қамтиды. Тауар - ақша қатынастарының жалпы қамтуындағы сипатқа ие болып отырған нарықтық экономика жағдайында қаржы нақтылы және үздіксіз болып жататын ақша айналымын - ақша ағынын бейнелеп көрсетеді.
Қаржы — ақша қатынастарының жиынтығы, олардың ажырағысыз бөлігі, ол әрқашан экономикалық жүйе шеңберіндегі қоғамдық ұдайы өндірістің түрлі субъектілері арасындағы бүкіл ақша қатынастарын емес, тек айырықша ақша қатынастарын білдіреді, сондықтан оның ролі мен маңызы экономикалық қатынастарда ақша катынастарының қандай орын алатындығына байланысты.
Жалпы қоғамдық өнім мен ұлттық табысты жасау, бөлу және кайта бөлу процесінде қалыптаса отырып, қаржы қоғамның түпкілікті пайдалануға жіберілетін материалдық ресурстар бөлігінің акшалай тұлғалануы болып табылады.
Ұдайы өндіріс үдерісі бір-бірімен байланысты және өзара тәуелді өндіріс, бөлу, айырбас, тұтыну тәрізді кезеңдері арқылы жүзеге асады. Қаржы ғылымының теорияларының бірінде қаржының пайда болуын ұдайы өндіріс процесінің екінші кезеңімен байланыстырады, осы кезеңде қоғамдық өнімнің құны мақсатына және субъектілерге өндірілген өнімнен өз үлесі бөлу жүзеге асады. Сондықтан, экономикалық категория ретінде қаржының маңызды нышаны болып қаржылық қатынастардың бөлгіштік сипаты танылады.
Ақша қаражатының нақты қозғалысы ұдайы өндіріс процесінін екінші және үшінші кезеңдерінде, яғни бөлу және айырбас процесінде басталады.
Екінші кезеңде құнның ақшалай түрдегі қозғалысы тауар қозғалысына жекеленген түрде болады және бір иеленушіден екіншіге ауысуымен сипатталады. Үшінші кезеңде бөлінген құн ақшалай нысанда тауар түріне айырбасталады.
Сонымен, ұдайы өндіріс процесінің екінші кезеңінде құннын ақшалай түрдегі қозғалысы - бір жақты, ал үшінші кезеңінде екі жақты қозғалыста болады, олардың біреуі ақшалай түрінде, ал екіншісі тауар түрінде болады.
Ұдайы өндіріс үдерісінің үшінші кезеңінде негізінен айырбас операциялары болғандықтан, олар тек бағалы құралдарды қажетсінеді және мұнда баға тәрізді экономикалық категорияның механизмі қызмет жасайды.
Қаржы — бұл шаруашылық жургізуші субъектілерде және мемлекетте ақшалай табыстар мен корланымдарды қалыптастырумен, сонымен бірге оларды ұдайы үлғаймалы өндіріске, қоғамның әлеуметтік және басқа қажеттіліктерін қанағаттандыруға пайдаланумен байланысты жалпы қоғамдық өнімнің құнын және ұлттық байлықтың бір бөлігін бөлу және қайта бөлу процесінде пайда болатын ақша қатынастары.
Қаржының мәні ақша нысанындағы құн қозғалысынан туындайды. Мұндай қозғалыстың шарты тауар-ақша қатынастарының болуы және экономикалық заңдардың іс-әрекеті болып табылады. Тауар өндірісінің негізі болып тауар өндірушілердің экономикалық ерекшелігіне негізделетін қоғамдық өнімді бөлу табылады. Олардың әрқайсысы өндірістің әр түрлі материалдық-заттық факторларын, әр түрлі деңгейін, біртекті тауарларға әр түрлі жанды және заттандырылған шығындарды жұмсауымен өнім өндіреді. Осы теңсіздіктің салдарынан еңбек шығындары мен нәтижесін анықтайтын ерекше механизмнің объективтік қажеттігі туындайды. Ол ақшаның және экономикалық категориялардың, оның ішінде қаржынын көмегімен жүзеге асырылады.
Қаржының қажеттілігі объективті мән-жайдан - тауар-ақша қатынастарының болуынанжәне қоғамдық дамудың қажеттіліктерінен туындайды.
Қаржы өндірісті тұтыну қажеттіктеріне сәйкес икемдеу, шаруашылық саласында үнемі өзгеріп отыратын қажеттіктерге мүмкіндік беру үшін қажет. Бұл нысаналы мақсатта ақша қорларын құру арқылы жүзеге асырылады. Қоғамдық қажеттіктің артуы шаруашылық жүргізуші субъектілердің иелігіндегі ақша қорларының құрамы мен құрылымының өзгеруіне әкеледі.
Мемлекеттік қаржылар арқылы салалық және аумақтық денгейде қоғамдық өндіріс ауқымын реттеу, сондай-ақ басқа да қоғамдық қажеттіктерді қанағаттандыру жүзеге асырылады.
Қаржы қоғамның даму қажеттіктеріне байланысты объективті түрде керек. Мемлекет қаржы қатынастарының объективтік қажеттігін ескере отырып, оларды пайдалаудың әр түрлі нысанын жасауы мүмкін: әр түрлі төлем түрлерін енгізу және жою, қаржы ресурстарының пайдалану нысанын өзгерту және т.б.
Қаржысыз өндірістік қорлардың кеңейтілген нысандағы жеке және қоғамдық өндіріс айналымын қамтамасыз ету, экономиканың аумақтық және салалық құрылымын реттеу, ғылыми-техникалық жетістіктерді жедел енгізуді ынталандыру және қоғамнын басқа да қажеттіліктерін қанағаттандыру мүмкін емес.
Қаржыға қатысты функция осы экономикалық категорияға тән қызмет тобын, мәннің іс-қимылдағы көрінісін, сапаның өзіне тән категориялары кескінінің айрықшалықты әдістерін білдіреді. Функцияда категорияның қоғамдық арналымы қамтып көрсетіледі, оның экономикалық табиғаты ашылады.
Қазіргі уақытта қаржының бөлгіштік және ұдайы өндірістік тәрізді екі тұжырымдамасы танылып отыр. Бірінші тұжырымдаманыңжақтаушылары қаржы қоғамдық өндірістің екінші стадиясында - ақша нысанындағы қоғамдық өнімнің құнын бөлу процесінде пайда болады, қаржының бөлгіштік сипаты оның іс-әрекет етуінің ерекшелігін көрсетеді деп санайды. Бұл тұжырымдамаға сәйкес қаржы екі функцияорындайды: бөлу және бақылау. Қаржының мәні бөлу қатынастарының ерекше саласы ретінде бөлу функциясымен айқындалады. Осы функция арқылы қаржының қоғамдық мақсаты жүзеге асырылып және әрбір шаруашылық жүргізуші субъектілер қажетті қаржы ресурстарымен қамтамасыз етіледі.