Егемен Қазақстанның партиялардың қаыптасуы
Біздің бүгінгі өмірімізде Қазақстанда көп партиялық жүйе қалыптасу кезеңін басынан кешіруде, әлбетте бұл жүйеге өтпелі кезеңге сай тұрақсыздықта тән екенін де айтпауға болмайды.
1990 жылы КСРО-ның «Қоғамдық бірлестіктер туралы» заңы қабылданды. Ортақ мүдде жолында халықтың бірігу мүмкіндігінің жоғарғыдай заңдастырылуы, қоғамда саяси ұйымдардың құрылуына жол ашты. Сол кезде олардың басым көпшілігі уақыт көрсеткендей, биліктің қажетіне жарайтын саясатты жүргізуге лайықталған қолдан жасалған «қуыршақ» партиялар болды. Жалпы саяси партия-пікірлестердің ұйымдасқан тобы, ол халықтың белгілі бір тобының мүддесін білдіріп, оған мемлекеттік билікке келу немесе оны жүзеге асыруға қатысуға мүмкіндік жасайды, соған жетуді мақсат етіп құрылатындығы әлемдік тәжірибеде әлдеқашан дәлелденген.
Бүгінгі таңда белгілі Қазақстандағы мемлекеттік-саяси жүйесінің қалыптасу үрдісінің кезенің дамытып, келесі 5 кезендерді белгілеуге болады:
1986 ж. аяғы – 1990 ж. басы (бейресми бірлестіктердің құрылуы);
Бастапқы кезең: 1990-1991 ж.ж. (партиялардың, қозғалыстардың, ұйымдардың құрылуы);
Орта кезең: 1991 ж. аяғы – 1995 (партиялардың, қоғамдық бірлестіктердің тіркелуі);
Кейіңгі кезең:1995-1999 ж.ж. (бір қатар саяси партиялардың құрылу кезеңі);
Қазіргі кезең: бұл кезең Қазақстан Республикасының соңғы сайлау күннең басталады және сайлау жүйесінің рәсімдеу аяқтлуымен ерекшеленеді.
Қазіргі кездегі негізгі мәселе – республикамызда тәуелсіз әлеуметтік бағыт алған, демократиялық, құқықтық мемлекет құру барлық партия оған келіседі, тек қандай тәсіл-әдістер, құралдар қолдану керек.
Республикадағы барлық партиялар өздерінің бағдарламаларында демократиялық құндылықтарды жақтайтындығын, нарықтық-экономикаға тырысатындығын білдіріп, азаматтық келісім мен тұрақтылық болғанын қалайтындықтарын білдіреді.
Қазақстанның заңына сәйкес 1999ж. қырқүйегінде және 2002 ж. қазаныңда өткен парламентте сайлау нәтижесінде сенаттың (парламенттің жоғары палатасы) жарты құрамы жаңарды. 1999ж. ҚР-ның Конституция,а өзгерістерді енгізуіне сәйкес Орталық Азияда алғаш рет мәжеліске (парламенттің төменгі палатасы) аралас схемасы бойынша сайлаулар өткізілді.
2004 ж. қырқүйегінде Қазақстан Республикасының мәжілісіне үшінші шақырылуы бойынша сайлауы өтті. Сайлауға 12 саяси партиялар (солардың ішінде 4 партиялар – екіблоктық сайлау құрамында) қатысты. Сайлаудың нәтижесінде мәжіліске 77 депутат өтті, солардың ішінде 59 депутат саяси партиялардың өкілдері болып шықты.
2007 ж. жаздың басында Қазақстан Республикасы Президенттінің бастамасымен Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Бұл түзетулер биліктің жоғары заң органдарының құқығың кенейтіп, мемлекет басшысының өкілеттігің нығайтты. Конституцияға өзгертулер нәтижесінде 2007 ж. 18 тамызында Қазақстанда мәжіліске кезектен тыс сайлаулар жаңа схемасы бойынша өтті. Республика тарихында қазақстан тұрғындары сол күні алғаш рет мәжіліс депутаттарының үміткерлеріне емес, партияларға дауыс берген. Бұл сайлаулар еліміздің демократия мен парламентаризмнің тарихында жаңа толқының ашты.
Егер Республика аумағында белді рөл атқарған бірнеше партиялардың бағдарламаларына тоқталсақ.
Қазақстан социалистік партиясы (ҚСП)
Республиканың саяси өмірінде бұл партия 1991 жылы 7 қыркүйекте пайда болды. Қазақстан Компартиясының кезектен тыс съезі өзін Қазақстанның социалистік партиясы деп атау жөнінде шешім қабылдады.
Қазір ол 1586 жергілікті партия ұйымдарын, 47 мыңнан артық ҚСП мүшелерін біріктіреді. Партияғылардың 42 пайыздан астамы 40 жастан асқандар, 24 пайызы 40-50 арасындағылар. Олардың аррсында көптеген мемлекеттік жүйенің басқарушылары, халық депутаттары бар.
ҚСП атқарушы органы болып Политиском (саяси атқару комитеті) анықталған. Ұйымдық жағынан партия территориялық, облыстық, қалалық, аудандық атқару комитеті және бастауыш ұйым болып бөлінеді. Соңғы мәліметтер бойынша, ҚСП Оңтүстік Қазақстан облысында – 16,5 мың, Қызылорда облысынада – 5 мыңнан аса, Солтүстік Қазақстанда – 4 мыңнан аса, Жамбыл облысында – 4 мыңнан аса мүшелері бар. 40-қа тарта ұлт пен ұлыс өкілдері – ҚСП мүшесі.
Партия Еуразия кеңістігіндегі Одақты конфедеративтік негізде қайта құруға мүдделік танытты. ҚСП мүшелері дүниедегі адамгершілік, ізгілік принциптері әлемдегі социалистік теориялардың түрлі бағыттағы тұғырнамаларының негізі болды деп есептеді. Оның тең төрағалары болып Петр Своик пен Ғазиз Алдамжаров сайланды.
Қазақстан халық конгресі партиясы (ҚХКП)
Партия 1991 жылы 5 қазанда құрылған. Партияның тең төрағалары болып «Невада – Семей» қозғалысының жетекшісі, белгілі ақын, саясаткер О.Сүлейменов пен «Аралды қорғау» қоғамдық қозғалысының жетекшісі, ақын, саясаткер М.Шаханов сайланды. Кейінен М.Шаханов төрағалықтан кетіп, «Арал – Азия – Қазақстан» қозғалысына ауысты. Сондықтан партияның төрағалық қызметін В.Рогалев, Г.Ерғалиева атқарды. Оның құрылтайшылары Семей-Невада, Арал-Азия-Қазақстан қозғалыстары, Әйелдер одағы, Тәуелсіз бірлесу кәсіподағы, Қазақ тілі қоғамы мен республика жас құрылысшылары ассоциациясы және ұлттық мәдени орталықтар болды.
ҚХКП партиясының Солтүстік Қазақстан облысынан басқа 18 облыста өз ұйымдары болды. ҚХКП – жас азаматтар партиясы. Оның мүшелерінің 50 пайыздан астамы - 40-50 жастағылар. Партия өзінің бас органы «Халық Конгресі», «Народный Конгресс» газеттерін 20000 тиражбен шығарып тұрды. Партия саяси, экономикалық, әлеуметтік өмір салаларына белсенді араласып, көптеген жаңа пікірлер мен ұсыныстар енгізіп отырды. Қазіргі уақытта партия жұмысын тоқтатты.
Қазақстан халық бірлігі партиясы (ҚХБП)
Қазақстан халық бірлігі одағы 1995 жылы ақпан айыннан бастап аталмыш партияға айналды. Халық бірлігі одағының құрылтай съезі 1993 жылы 6 ақпанда өтті. Онда саяси Кеңес сайланып, оның құрамына 71 адам мүшелікке енді. «Қазақстан халық бірлігі» одағының лидері болып Президент Н.Назарбаев сайланды. Одақтың төрағасы болып халық депутаты С.Әдірахманов бекітілді. Басқару органдарына мемлекеттік билікте отырған бірнеше жас саясатшылар кірді. 1993жылы 2 қазанда халық бірлігі одағының бірінші съезі болды. Бұған дейін республиканың 14 облысында, 20 қаласында, 19 қалалық және 102 селолық аудандарында құрылтай конференциялары өткен болатын. Съезде одақтың лидері Президент Н.Назарбаев сөйледі. Одақтың төрағасы болып, Қ.Сұлтанов сайланды. Сонымен қатар съезд жаңа Жарғы мен Бағдарламасын қабылдады. Одақты қозғалыс деп біліп, соған қарамай мүшелікке алуда жекелік принципті ақтау ұйғарылды. Халық бірлігі одағының мақсат-мүддесі, іс-әрекетімен көпшілікті таныстыру жүйесі ретінде «Жас алаш» және «Экспресс К» газеттері белгіленді. Кейінен одақ орыс және қазақ тілдерінде «Время», «Дәуір» атты газет шығарып тұрды. 1995 жылы Қ.Сұлтанов Қытай Халық Республикасына елші болып кетуіне байланысты, одақтың төрағасы болып А.Бижанов сайланды. 1999 жылы наурыз айында бұл партия «Отан» партиясының құрамына кірді.
Қазақстан Республикасының партиясы (ҚРП)
Партия өз тарихын 1990 жылдың шілдесінен бастайды. Бұл күні «Азат» азаматтық қозғалысының құрылтай конференциясында Қазақстанның «Азат» азаматтық қозғалысының негізгі мақсаты мен принциптер» деген декларация қабылданды.
«Азат» тез қарқынмен дамып, көп ұзамай-ақ республика көлемін қамтыған қозғалысқа айналды. Оның ұрандары мен талаптары көпшіліктің, әсіресе қазақ қауымының көңілінен шығып отырды.
1991 жылы 4 қыркүйекте 30 өкіл қатысқан «Азат» партиясының құрылтай конференциясы өтті. Ол парламенттік типтегі Қазақстан республикалық партиясы «Азаттың» құрылғаны жөнінде шешім қабылдады. Сонымен қатар партияның Жарғысы мен Бағдарламасы қабылданды.
Сонымен, енді біртұтас «Азат» қозғалысы екіге «Азат» - Қазақстан азаматтық қозғалысына және «Азат» - Қазақстан республикалық партиясына бөлініп шыға келді. Бұл,әрине, оның қоғамдағы беделін күрт төмендетіп жіберді. Оның үстінен «Азаттық» көтеріп жүрген көптеген ұрандары, тәуелсіздік, мемлекеттік тіл, ұлттық ақша мәселелері жүзеге асты.
Осы тұста бытырап кеткен ұлттық демократиялық қозғалыстардың басын қосып бір арнаға түсіру мақсатымен «Азат» азаматтық қозғалысын, «Азат» республикалық партиясын «Желтоқсанды» - үшеуін бір партияға біріктіру идеясы ұсынылды.
1992 жылы 11 қазанда біріктіру съезі өз жұмысын бастады. Мұнда «Азат» республикалық партиясы шеңберінде ұйымдасты деген шешім қабылданды. Жаңа республикалық «Азат» партиясының төрағасы болып Қазақстан Ұлттық Ғылыми Академиясының корреспондент-мүшесі пофессор К.Ормантаев сайланды. Оның бірінші орынбасары болып Хасен Хож Ахмет, бас кеңесшісі болып Жасарал Қуаныш-Әлі сайланды. Партия бүгінгі күні өз жұмысын тоқтатты.
«Алаш» партиясы
1999 жылы қыркүйекте Қазақстанның Республикалық партиясы «Алаш» ұлттық партиясы болып өзгерді. Ұлттық бағыттағы бұл партияға қазақ зиялыларының біраз өкілдері енді. Мақсаты: қазақ ұлтының мүдделерін қорғау ашық айтылды. Партия лидері Сәбетқаз Ақатай 2003 жылы өмірден өтті. Ол 60-жылдары Мәскеуде қазақ жастары құрған атақты «Жас тұлпар» студенттік ұйымының мүшелерінің бірі болған.
Қазақстан социал-демократиялық партиясы (ҚСДП)
Партия 1990 жылғы 26-27 мамырда құрылтай-конференциясында құрылған. Конференцияға 34 өкіл қатысты, олар республиканың 15 облысының өкілдері еді. Партия ресми тіркеуден өтпеген. Партия мүшелерінің екі түрлі мәртебесі белгіленген: белсенділер және жақтау-шылар. Белсенді мүшелер париялық жарна төлеуге, партиялық қызмет, тапсырма алуға міндетті. Екіншілерді іс жүзінде партияға іш тартушылар деп үққан жөн. Партия мүшелерінің жалпы саны мыңға жуық. Социал-де-мократиялың партияның 10 облыстың бөлімшелері бар. Партия төрағасы - Дос Көшімов.
"Желтоқсан" ұлттық-демократиялық партиясы
1992 жылғы қазаннан бері республикалың "Азат" партиясының құрамына енген "Желтоқсан" қозғалысының негізін 1986 жылғы Алматыдағы желтоқсақ оқиғасына қатысушылар қалады. Ұйымдық жағынан "Желтоқсан" қозғалысы 1989 жылы қалыптасты. Бұл қозғалысты ұйымдастыруға тікелей себеп болған оның белсенділерінің 1986 жылғы Алматыдағы желтоқсан оқиғаларының себептері мен оған берілген ресми бағамен келіспеуі болды.
Қозғалыстың басында сазгер Хасен Қожа Ахмет тұрды. Ол ресми саясатпен келіспеуіне байланысты жауапқа тартылып, 1986 желтоқсан оқиғасына қатысты тағы да сотқа тартылды. Дәл осы жағдай 1991 жылғы Қазақстандағы президенттік сайлау кезінде "Алаш", "Азат" қозғалыстарының Хасен Қожа Ахметтің кандидатурасын қолдауына себеп болған.
1990жылы мамыр айында "Әділет", "Ақиқат", "Азамат", "Жерұйық", "Кәусарбұлақ", "Форум", қоғамдық ұйымдарының бастамасымен құрылтай съезі шақырылып, "Желтоқсан" қоғамдық комитеті негізінде "Желтоқсан" партиясын құру жөнінде декларация қабылданды.
Құрылтай съезіне Алматыдан республиканың бес облысынан, Қырғызстан, Өзбекстан, Мәскеуден, КСРО-ның басқа да аймақтарынан келген 80 өкіл қатысты.
Партияның лидерлері болып Х.Қожа Ахмет пен А.Нәлібаев сайланды. Партия бағдарламасында республиканың саяси-экономикалық тәуелсіздігі үшін күрес, желтоқсан құрбандарын ақтауға қол жеткізу, қазақ тілінің мемлекеттігін бекіту, шет елдердегі қандастарымызбен тығыз байланыс орнату көрсетілген. Сонымен қатар үлкен маңыз алып келе жатқан ислам факторына да көңіл бөлген.
Қазақстан демократиялық прогресс партиясы
Құрылтай конференциясы 1991 жылы 24 қарашада өтті. Республиканың алты облысында, негізінен орыс тілді тұрғындар басым облыстарда 1000-нан астам мүшелері бар. Партия ресми тіркеуден өтпеген. Негізгі әрекеті саяси саланы қамтиды. Партия мемлекеттік құрылымдарды Жоғарғы Кеңес пен Өкіметті қатаң сынға алумен айналысады. Партияның негізін орыс тілді зиялылар тобы құрайды. Партияның төрағасы - А.Докучаева. Бұл партиялардан басқа партиялар да бар. Қорыта келе, қазіргі қоғамның өмірінде саяси партиялар алдыңғы қатардағы орынның бірін алады. Олар осы мемлекеттік билікті қорғап, нығайту немесе оны өзгерту үшін құрылады. Партиялар бұқара халықтың мүддесін топтап, жинақтай білгенде күшейе түседі. Олар қоғамның саяси дамуының маңызды көрсеткіші болып саналады
Қазақстанның республикалық Еңбек саяси партиясы
"Қазақстан инженерлер Одағы" қоғамдық саяси қозғалыс негізінде 1996 жылы 10 қаңтарда құрылған. Алғашында 11 облыста филиалы жұмыс істеді. Олар өздері центристік бағыт ұстайтындарын мәлімдеді. Мақсаты -демократиялық мемлекет қүру. Әлеуметтік базаны инженер-техникалық зиялылар қауымы құрады. Партиялық тізім бойынша Парламент сайлауына қатысып, 1,38 пайыз дауыс жинады. Алғаш төрағасы Мәжіліс депутаты Ө.Жолдасбеков, кейіннен Б.Т. Жұмағүлов болды.
Халықтық-кооперативтік партия (ХКП)
Өздерін аса ірі, таптық және әлеуметтік жіктелулерден ада, негізінен кооперация мен ауыл шаруашылығы саласындағы қызметкерлерге арқа сүйеп отырған бірден-бір партиямыз деп жариялады. 1994 жылы 20 ақпанда құрылды.
Қазақстанның "Дәуірлеу" партиясы
Өздерін парламенттік типтегі партия деп атады. Партия төрайымы болып 1995 жылдың қаңтар айының 27-де өткен құрылтай съезінде Алтыншаш Жағанова сайланды. ҚДП-ның басты ұстанар жолы руханилық пен ізгіліктің қайта жанданып, дәуірлеуіне күш салу болды. Қазіргі кезде "Дәуірлеу" партиясының мұрагері "Руханият" қоғамдық бірлестік партиясы болып табылады.
Қазақстанның Демократиялық партиясы
1995жылдың 1шілде айында құрылды. Партияның бастапқы кезеңіндегі төрағалары президенттің кеңесшісі Төлеген Жүкеев және Алтынбек Сәрсенбаев болды. Бұлар 1999 жылы наурыз айында "Отан" партиясының құрамына кірді.
Қазақстанның республикалық Халық партиясы
Оның төрағасы - бұрынғы экс-премьер Ә. Қажыгелдин. 1998 жылы 17 желтоқсанда құрылды. Оның шетелге кетуге мәжбүр болуына байланысты партияны саяси кеңесінің төрағасы Ә.Қосанов басқарады. Бір кездегі партия жетекшілігінде болған Ғ. Алдамжаров 2001 жылы қаңтар айында кенеттен бұл партиядан шығып, Президент әкімшілігіне ауысты, кейін Қазақстанның Беларусь мемлекетіндегі елшісі қызметіне ауысты. Партияның алға қойған мақсаттарының бірі адамның құқығы мен бостандығы қорғалатын құқықтық мемлекет құру деп жарияланды. Партия мемлекеттік биліктің бір қолға шоғырлануына қарсы шықты. Бұл бағытта бірнеше шаралар жасауға талпыныс білдірді. Партия мүшелерінің қайта тіркелуі үшін 50000 мүшесі болу керек деген заң талабына байкот жариялап, өз жұмысын тоқтатты.
"Азамат" Қазақстанның демократиялық партиясы
1996 жылы 20 сәуірде өмірге келген "Азамат" қоғамдық қозғалысының негізінде құрылған. Тең төрағалары - М.М.Әуезов, Ғ.Әбілсейітов, П.В. Своик жетекшілерінің әр түрлі қызметтерге ауысуына байланысты партия өз жұмысын тоқтатты.
Қазақстанның "Азаматтық партия"
Төрағасы-Азат Тұрлыбекұлы Перуашов. Ол 1996-1998 жылдары Президент әкімшілігінде Стратегиялық зерттеулер орталығының сектор меңгерушісі қызметінде болған. Партия 1998 жылы 17 қарашада Ақтөбеде өзінің құрылтай съезін өткізді. Бұл партияны құрған бастамашылар - "Алюминий Қазақстан" АҚ (Павлодар), Жезқазған мыс қорыту зауыты, Ақтөбе ферросплав зауыты, Балқаш тау-кен байыту комбинаты, "Восточный" Екібастұз көмір кені, Рудный "ССГПО" АҚ, Ақсу, Еуразиялың энергетикалық корпорациясы кәсіпорындары ұжымдары.
Партия әуел бастан Президенттің саяси курсын қолдайтынын ашық жариялады. Ал, Президент өзі бұл партияның құрылтайына қатысып, ол партияның саяси лидері болуға келісімін берді. Қазір Әділет министірлігі партияны қайта тіркеуден өткізген кездегі мүшелердің саны 63458 адам деп отыр. Ал, партия жетекшілері өз мүшелерін 105303 адам деп жариялауда. 2006 ж. 22 желтоқсанда партия «Отан» партиясына қосылды.
"Қазақстанның демократиялық таңдауы" халықтық партиясы
21 ақпан 2004 жылы бұл партияның құрылтай съезі Алматы қаласында "Анкара" қонақ үйінде өтті. Оған ҚДТ-ның 1200 мүшесі атынан сайланған 167 өкіл қатысты. Құрылтайда ұйымдастыру комитетінің төрағасы Асылбек Қожахметов баяндама жасады. Халықтық партия Қазақстанның саяси билік жүйесіне түбегейлі өзгерістер енгізу арқылы оның демократия жолына біржолата түсуін қамтамасыз етуді басты мақсат етіп қойып отыр. Ғалымжан Жақиянов бірауыздан партияның лидері болып танылды. Құрамы 33 адамнан тұратын Саяси кеңес пен құрамы 7 адамнан тұратын Саяси кеңес Төралқасы сайланды. Осы құрылтай съезінде партия Саяси Кеңесінің төрағасы болып Асылбек Қожахметов сайланды. Партия бүгінгі күні өз жұмысын тоқтатты.
"Қазақстан әйелдері ұйымдарының саяси бірлестігі" партиясы
1999 жылы маусым айында құрылтай съезін өткізді. Осы жылы 11 тамызда Әділет министрлігінен тіркеуден өткен. Негізгі мақсаты Қазақстан әйелдерінің саяси, экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтары мен бостандықтарын қорғау және жүзеге асыру деп жариялады. Бұлар Аграрлық партиямен бірігіп, партиялық тізіммен Парламент Мәжілісіне сайлауға қатысты. Партия жетекшісі - Раушан Бергібайқызы Сәрсембаева.
Қазақстанның Аграрлық партиясы (ҚАП)
Төрағасы - Ромин Ризүлы Мадинов, Мәжіліс депутаты. 1997-1999 жылдары бұынғы Премьер-министр Н.Балғымбаевтың кеңесшісі болған және партия жетекшілігін қатар атқарған. ҚАП өз қүрылтайын 1999 жылы 6 қаңтарда өткізді. Қазір партия қатарында 98000 мүше бар. Қайта тіркеуден 2003 жылы 6 наурызда өтті. Идеологиялық жұмысының басты міндеті ол ауылдың дағдарысқа ұшырауынодан әрі болдырмау деп біледі. Сондай-ақ, халықың әл-ауқатын көтеруді өзіне міндет етіп алған. 2006 ж. 22 желтоқсанда партия «Отан» партиясына қосылды.
"Асар" партиясы
"Асар" қозғалысы 2003 жылы 25 қазанда саяси партияға айналды. "Асар" партиясының құрылтай съезіне 1200 делегат қатысты. Партия жетекшісі - Дариға Назарбаева. "Асар" партиясы центристік бағыт ұстанады. 2006 жылы 4 шілде айында "Отан" партиясымен бірікті.
Бүгінде Қазақстанда аттары аталғанмен әлі тіркеуден өте алмай жүрген саяси партиялар, «Отандастар» (алғашында Қазақстанның «Орыс партиясы» деген атпен мәлім болған)- тең төрағалары Жақсыбай Бәзілбаев пен Геннадий Беляков, «Қазақ елі» ұлттық бірлестік партиясы төрағасы Әбілқасымов Ерасыл және 27 наурызда құрылтай съезін өткізген «Абырой» атты Қазақстанның әлеуметтік қорғау партиясы – жетекшісі Сенат депутаты Уалихан Қайсаров т.б. бар.
2005 жылдың наурыз айында 35 оппозицинер құрылтайшы болған «Әділетті Қазақстан» қоғамдық қозғалысы, сәуір айында «Нағыз Ақжол», «Алға ДВК» секілді партиялар өз құрылтайларын өткізді.
Қазіргі ресми тіркелген партиялар
2002 жылғы шілденің 15-інде «Саяси партиялар туралы» жаңа заң қабылданды. Оған дейін елімізде 19 партия болған. Соңғы заң бойынша партия болу үшін оның елу мың мүшесі болу керек. Соған орай бүгінгі таңда Қазақстанда ресми түрде келесі 9 партиялар жұмыс істейді.
"Нұр Отан" Халықтық Демократиялық Партиясы
1999 жылы ақпан айында Алматыда өткен құрылтай съезінде Қазақстанның Демократиялық партиясы, Қазақстанның Халық бірлігі партиясы, Қазақстанның Либералдық және "Қазақстан-2030" қоғамдық қозғалыстарының бірігуі барысында «Отан» Республикалық социал-демократиялық партиясы құрылды. «Отан» партиясының құрылуына баламалы Президент сайлауында Н.Ә.Назарбаевтың кандидатурасын қолдау жөнінде республикалық штат қызметі аса зор әсер етті. Елде реформаны жүзеге асыруға мүдделі, аса зор әлеуметтік топ қалыптасты. Съезд делегаттарының құрамында 300 адам болды. Бұлар — мемлекеттік қызметшілер, бизнесмендер, мұғалімдер, дәрігерлер, өнеркәсіп, аграрлық және басқа да экономика салаларының өкілдері еді. Олардың барлығы әлеуметтік экономикалық жаңғыруға, демократияландыруға және ұлтаралық келісімге арналған бағытты қолдады.
Съезге катысушылар Н.Назарбаевты бір ауыздан партия төрағасы етіп сайлады. Алайда, Конституция бойынша Президент әлдебір партияға мүше бола алмайтындықтан Н.Назарбаев «Отан» партиясындағы өзінің мүшелігін тоқтатты. Алғашында бұрынғы экс-премьер С. Терещенко партияның төрағасы болып сайланды. 2004 жылы 12 наурызда кезектен тыс VI съезінде партия төрағасының орынбасары болып Қазақстан Парламенті Мәжілісінің төрағасы Жармұқан Тұяқбай мен бұрынғы вице-премьер Александр Сергеевич Павлов сайланды.
2006 жылы «Отан» партиясына «Асар», Қазақстанның азаматтық және аграрлық партиялары қосылды. Сол жылдың аяғында «Отан» РСДП атауы өзгеріп, «НұрОтан» ХДП ретінде танылды. 2007 ж. ҚР-ның Конституциясына өзгертулер мен толықтырулар нәтижесінде «НұрОтан» партиясынды Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев басқарды.
2007 ж. өткен мәжіліске сайлау нәтижесінде партия 88,41% дауыс жинап, парламентте 98 орынға ие болды. 2007 ж. 4 шілдеде НұрОтан ХДП-ның ХІ кезектен тыс съезінде - НұрОтан ХДП-сы жалпыұлттық қүш деп жарияланған. Бүгінгі таңда НұрОтан ХДП-сы егемен Қазақстанның басқарушы партиясы болып табылады.
Қазақстан коммунистік партиясы (ҚКП)
1991 жылдың күзінде коммунистердің XIX съезі өтті.
Съезде 17 облыстан келген 148 өкіл, 87 арнайы шақырыл-
ған қонақтар қатысты. Онда саяси жағдай туралы баяндама тыңдалды.
Қазақстан Компартиясын жандандыру және оның кезек күттірмес мәселелері жөнінде әңгіме болды. Съезд делегаттары жүріп жатқан реформаларға қарсы шықпай, демократиялық және әлеуметтік әділеттік орнату қажеттігі жайлы пікірлер айтты.
Соңғы деректер бойынша, компартия қатарында 55 мыңнан астам мүше бар. Олардың бәрі арнайы тіркеуден өткен. Коммунистердің орта жасы 42-ге тең. Партияның жергілікті ұйымдары Республиканың Талдықорған облысынан басқа облыстарының бәрінде де бар. Қазақстан Компартиясы Республика Әділет министрлігіне үш рет құжаттарын дайындап, тек төртінші ретте 1994 жылы ғана ресми тіркеуден өтті. Алғашында партияның төрағасы бұрынғы ҚКП Орталық Комитеті жанындағы партия тарихы институтының директоры академик Б.Төлепбаев, кейін 1996 жылы сәуір айында ҚКП Орталық Комитетінің бірінші хатшысы болып Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің бұрынғы төрағасы С. Әбділдин сайланды. Қазірде ҚКП қатары біраз өзгерген. Екінші хатшы Сорокиннің орнына Мәжіліс депутаты В. Косарев сайланды да, 2004 жылы ол және партияның өзге де 11 мүшесі партия қатарынан шықты. Жақында Компартияның хатшылығына жаңадан тағы бір мәжіліс депутаты - Т.Тоқтасынов сайланды.
Қазақстанның "Патриоттар" партиясы
Басқарушысы - Ғани Есенгелдіұлы Қасымов, Мәжіліс депутаты, бұрынғы Кеден комитетінің төрағасы, генерал. Партия 2000 жылы 1 шілдеде өзінің құрылтай съезін шақырып, өмірге келгенін жариялады. 2003 жылы 21 наурызда Әділет министрлігінен қайта тіркеуден өтті. Құрамында 51188 мүше бар. Олар қазақ ұлтының топтасып бірігуіне, олардың Отанды сүюшілік сезімдерін қалыптастыруға атсалысатындықтарын, оны рухани тәрбие арқылы іске асыратындықтарын жариялады. Партия жетекшілері қазіргі саяси билікті сынаудан бас тартатындықтарын білдіргенімен, Қасымовтың өзі депутат ретінде халық мүддесін қорғау барысында үнемі белсенділік танытып келеді.
Қазақстанның социал-демократиялық " Ауыл " партиясы
2000 жылы 30 қаңтарда өткен құрылтай съезінде құрылды. Осы жылғы 30 наурызда Әділет министрлігінен тіркеуден өткен. 2000 жылдың 1 тамызында ҚСД " Ауыл" партиясының қатарында 10000 мүше болған. Олардың көпшілігі ауыл шаруашылықтарының басшылары мен шаруалар болды. Мақсаты - ауыл еңбеккерлерінің мүдделерін қорғау, аграрлық секторға мемлекеттік қолдауды күшейтуге атсалысу, қоғамды одан әрі демократияландырудағы саяси және экономикалық реформаларды жүргізуді тездету, елдегі тұрақтылықты баянды ету. Партияның төрағасы - Қазақстан Парламенті Мәжілісінің депутаты Ғани Әлімүлы Қалиев.
Қазақстанның демократиялық " Ақ жол" партиясы
2002 жылы 29 қаңтарда, Қазақстанның демократиялық «Ақжол» партиясын құру туралы ол кездегі әлі ҚДТҚ-ның қоғамдық саяси кеңесінің мүшелері мәлімдеген болатын. Қазақстанның демократиялық «Ақжол» партиясының құрылтай съезі 2002 жылы 16 наурызда болды. 3 сәуірде Әділет министрлігінен тіркеуден өткен туралы куәлік алды. Сөйтіп ҚДТҚ-ы екіге бөлінді. Бұл қозғалысты құрушылардың екінші бөлігі радикалды оппозициялық бағытқа түсті. Ал «Ақжолды» құрушылар ұстамды саясат ұстанды. «Ақжол» өзінің негізгі мақсаты етіп Конституцияға адам құқығы мен бостандығының толық сақталуын және билікті орталықсыздандыруды қойды. Оның ішінде барлық деңгейде әкімдерді сайлап қоюды іс жүзіне асыруды көздеуде. Партия қатары 115 мың мүшеге жетті. Негізінен олар мемлекет қызметкерлері, кәсіпкерлер, бюджет саласында істейтіндер мен интелигенция өкілдері. «Ақжол» партиясының құрылтайшыларының ішінде Қазақстан қаржыгерлер ассоцияциясының төрағасы Дәулет Сембаев, директорлар кеңесінің төрағасы Нұржан Суханбердин және т.б. элита өкілдері бар.
Тең төрағалары бұрынғы Парлпмент Мәжілісінің депутаты Болат Мұқышұлы Абилов, бұрынғы Еңбек министрі Әлихан Байменов, бұрынғы вице-премьер Ораз Әлиұлы Жандосов кейін тағы екі тең төраға қосылды, ол сайланғандар бұрынғы Қазақстанның Ресейдегі елшісі Алтынбек Сәрсенбаев және зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтың бас директорының бірінші орынбасары Людмила Аркадьевна Жуланова. 2005 жылы ақпан айында «Ақжол» партиясы 2-ге бөлінді. Б.Абилов, А.Сәрсенбаев, О.Жандосовтар оппозициялық бағыт ұстанып, 2005 жылы 9 наурызда құрылған «Әділет Қазақстан» атты саяси қозғалысқа қосылды.
Достарыңызбен бөлісу: |