Сборник  Scientific works’ collection №1, 2008 жыл · 2008 жылдың маусымынан шығады



бет1/2
Дата21.06.2016
өлшемі0.7 Mb.
#151759
  1   2


ЗЕРТТЕУШІ  ИССЛЕДОВАТЕЛЬ  THE RESEARCHER

Ғылыми жинақ  Научный сборник  Scientific works’ collection
№1, 2008 жыл · 2008 жылдың маусымынан шығады

Бұл жинақта мектептегі пән мұғалімдерінің ғылыми зерттеу тақырыптары бойынша жинақтаған іс-тәжірибелері, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға, ғылыми зерттеуге қызығушылығын калыптастыру мақсатындағы ізденіс-зерттеу жұмыстары енгізілген.



Үш тілде оқытатын Н.Нұрмақов атындағы №2 мамандандырылған облыстық дарынды балалар мектеп–интернаты, 2008

М А З М Ұ Н Ы


КІРІСПЕ........................................................................................................................................3
Б.Қ.Исина. Тұлғаны өзіндік әрекетке бағыттайтын оқыту технологиялары.......................4-6
К.Х.Нұрдільдина. Жеке тұлғаның қарым - қатынастық біліктілігін

қалыптастырудағы ағылшын тілін үйретудің ерекшеліктері...................................................7-9


Ж.Б.Ибраева. Ақпараттық – коммуникативтік технологияны

оқыту процесінде қолдану.....................................................................................................10-12


Жас зерттеушілер жазбаларынан
Н.Т.Омарғалиев. Қара металлургияның дамуы және оның

экологиялық проблемалары..................................................................................................13-17


А.Бекмағанбетова. Орталық Қазақстандағы жер-су аттарына

байланысты аңыздық прозаның шығу тегі мен дамуы......................................................18-19



А.Исина. Қазақ тілінің басқа тілдермен байланысы...........................................................20-23
Н.Сейітов. Мағжан Жұмабаев шығармаларындағы

фольклорлық дәстүр көрінісі ..............................................................................................24-26


М.Жүнісова. «Н.Нұрмақов – аса ірі мемлекет және қоғам қайраткері»

электрондық оқытушы бағдарламасы..................................................................................27-31


Г.Үркенина. Дәрілік тырнақгүл өсімдігі..............................................................................32-33
Б.Тілегенова, А.Машенов. «Мектеп сайтының құрылуы және қолданылуы»................. 34-37
А.Жұманова. Принцип вежливости в речевом общении................................................... 38-41
«Әдебиет» секциясы.............................................................................................................. 42-53
«Математика» секциясы........................................................................................................54-58
«Экономикалық жүйелер» секциясы....................................................................................59-68
«Тарих» секциясы...................................................................................................................69-75
«Биология» секциясы............................................................................................................76-80

К І Р I С П Е


Бүгінгі ғаламдану кезеңінде Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін әлемдік білім беру кеңестігінің даму тенденциясынан ажыратып қарастыру мүмкін емес. Әлемдік білім кеңістігіне толығымен кірігу білім беру, даму жүйесін халықаралық деңгейге көтеруді талап ететіні сөзсіз.

Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының стратегиясының бағыттарына сәйкес, халықаралық білім кеңістігіне кірігу және жалпы орта білім берудің мемлекеттік стандарттарын модернизациялау жалпы орта білімнің мазмұнды және процессуалды жақтарын ұйымдастырудың жаңа әдіснамалық негізіне көшуі нәтижеге бағдарланған білім моделі арқылы жүзеге асырылатыны көрсетілген.

Осыған орай, мектепте білім мазмұнын жақсартудың алғы шарттарының бірі - дарынды балаларды тәрбиелеп жетілдіру, бойындағы ерекше қасиеттерін дамытуға мүмкіндік туғызу. Баланы оқыту мен тәрбиелеуде психо-педагогикалық жағдайды шешу үшін түрлі іздену жұмыстары арқылы дарындылығын анықтап және олардың жетілуіне тиімді жағдай жасау жолға қойылған.

Оқушылардың ғылыми қоғамы - оқушыларды ғылыми ұғымдармен, зерттеу әдістері жайлы білімдермен қаруландыруға, зерделенетін әдістерді практикада қолдана алу үшін қажет біліктілігін жетілдіруге, оқушылардың ғылыми ойлауын және шығармашылық қабілеттерін дамытуға, жауапкершілікке, ғылыми мәдениетке, ғылыми жүмыстың әлеуметтік ролін түсінуге тәрбиелеуге үйретеді. Биылғы оқу жылында белгілі бір ғылым саласында өз білімін дамытуға бағытталған ерікті шығармашылық бірлестік жұмысының нәтижесінде облыстық ғылыми жоба сайысында жүлделі орындарды иелендік. Атап айтқанда: Қоршаған ортаны қорғау секциясынан «Қара металлургияның дамуы және оның экологиялық проблемалары» тақырыбынан Омарғалиев Нұрсұлтан I орын алып, республикалық байқауда жүлделі орын, Грецияда өткен халықаралык ғылыми жобалар сайысында жүлделі II орын иеленді. Биология секциясынан Уркенина Гүлжан «Дәрілік өсімдік - Календула» тақырыбында қорғаған ғылыми жұмысы II орын; Әдебиет секциясынан Бекмағанбетова Айгерім «Орталық Қазақстандағы жер-су аттарына қатысты аңыздық прозаның шығу тегі мен дамуы» тақырыбындағы ғылыми жүмысы I орын; Қазақ тілі секциясынан Исина Айзада «Қазақ тілінің басқа тілдермен байланысы» тақырыбындағы ғылыми жұмысы II орын; Тарих секциясынан Мұқашев Ардақ «XX ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақстанда құрылған әскер бөлімдері» тақырыбындағы ғылыми жұмысы I орын; Информатика секциясынан Жүнісова Мадина «Электрондық оқытушы бағдарламасын құрастыру» тақырыбындағы ғылыми жұмысы II орын иеленді.



Директордың ғылыми-әдістемелік жұмыстар жөніндегі орынбасары

Ибраева Зәуреш Жұмағалиқызы



Ғылыми мақалалар – Научные статьи
ТҰЛҒАНЫ ӨЗІНДІК ӘРЕКЕТКЕ БАҒЫТТАЙТЫН ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ
Исина Бақытжан Қапанқызы

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
«Аймақтық білім беру сапасын арттырудың факторы –

қазіргі білім беру технологиялары» атты республикалық

ғылыми-практикалық конференцияда оқылған баяндама
В статье рассматривается практическое использование обучающих технологий, занимающих важную роль в повышении качества знаний, в организации самостоятельной деятельности личности.

The subject of the article is the practical use of the educational technologies which takes a good role in improving the knowledge quality of individual s activity of organization.


Бүгінгі таңда оқытудың мектептен тыс білім сияқты эмоционалдық күшке ие болуы аса маңызды. Білім беру үрдісінде оқытудың өзектілігі - өзіндік сана , өзіндік білім алу , өзара қарым-қатынас , өз өмірінің субьектісі сияқты сапаларды дамытумен ерекшеленеді. Ол үшін оқушыға оқырмандық қызығушылығын арттыратын дұрыс мәселелерді ; сонымен қатар оқу бағдарламасына енген материалды оқу барысында меңгерілетін және нәтижеге әкелетін мәселелерді оқуға беру біздің қолымыздағы нәрсе.Білімнің даму барысы білім алушыны жетекші рольге қойғандығы; ақпараттың , технологияның дамуы, оқытушы мен білім алушының рольдеріне өзгеріс енгізуі;педагогикалық тұжырымдамалардың оқу барысында білім алушыда еркіндіктің болуын уағыздауы үздіксіз білім алудың басты шарттары болып табылады.Білім берудің тұлғалық бағдарлы мазмұны білім беру жүйесінде болып жатқан өзгерістер адамгершілік пен рухани құндылықтар негізінде тұлғалық, ұжымдық және рефлексиялық әрекеттердің үнемі дамып отыруын көздейді. Осы бағытта қандай технологияларды басшылыққа аламыз? Әрине, оқушының өздік жұмыстарын,іздену қабілеттерін жетілдіретін, қарым-қатынастық шарттар (субьектаралық, ұжымдық-диалогтық, тұлғалық-рефлексиялық) негізінде тұлғаның субьектілік қызметтерін кеңейту, орындаушылық ролін өз әрекетін ұйымдастырушы ролімен алмастыру , белгілі бір әрекеттерді өз бетімен орындауға жағдай туғызатын бірден-бір тиімді технологиялар ретінде жобалау, кредиттік оқыту , сын тұрғысынан ойлау, кейс (нақты жағдаяттармен оқыту әдісі) сияқты оқыту технологияларын ерекше атауға болады.

Аталған технологияларда демократиялық білім берудің педагогикалық шарттары тиімді жүзеге асырылады. Ал кредиттік оқыту жүйесі оқытушыға оқыту әдісі мен мазмұнын анықтауда еркіндік беретіндіктен әлдеқайда демократиялы. Сонымен қатар, оқытушыға бірқатар жұмыстар жүктейді: оқу-әдістемелік кешенін, оқушының өздік жұмысын қамтамасыз ететін және байланыс орнататын силлабус әзірлеу қажеттігі туындайды. SYLLABUS- оқытылатын пәннің оқу бағдарламасына негізделіп әзірленетін оқытушы мен білім алушының арасындағы келісім шарт, жұмыс құжаты.Берілген пәнді (курсты) жүргізетін оқытушының курсы жайлы жүйелі және қысқа суреттемесі.Ол пән (курс) мақсатын, ол мақсатқа жету үшін білім алушы атқаратын міндеттерді, жұмыс түрлерін, сондай-ақ бағалау түрлері мен өлшемдерін қамтиды. Мақсатымыз оқушының өздік жұмысын ұйымдастыру жолдарын көрсету болғандықтан, өзіміз әзірлеген силлабуста қамтылатын оқушылардың сыныптық (ОМӨЖ) және сыныптан тыс (ОӨЖ) уақыттағы өзіндік жұмыстарын ұйымдастыруға байланысты нақты тапсырмалар жүйесіне тоқталмақпыз. 9-сыныптың қазақ әдебиеті оқулығында берілген әдеби білім мазмұнына сай әзірленген силлабуста қамтылған семинарлық сабақ пен өздік жұмыстарының тапсырмалар жүйесінен мысалдар ұсынбақпыз. «Ер Тарғын» жыры бойынша сұрақтар:



  1. Жырда қандай әлеуметтік оқиғалар көрініс тапқан ?

  2. Жырда қандай өзекті мәселелер көтерілген және оның маңыздылығы неде?

  3. «Ер Тарғын» жырының тарихилық сипаты неде?

Тапсырмалар:

1. Тарғын бейнесіне талдау жаса



Тарғын батырдың ерлік іс-әрекеттерінің мәтіндегі сипаты

Тарғынның іс - әрекетіне талдау жаса, баға бер

Бүгінгі таңдағы батырлық ұғымы туралы өз көзқарасың

2. Ақжүніс бейнесіне талдау жаса

Ару Ақжүністің мәтіндегі сипаты


Жыршының сұлулық туралы көзқарасына талдау жаса

Сұлулық туралы өз көзқарасың


3. Жырдағы ұлттық болмыс көрінісі туралы нақты дәлелдер келтір.

Ұлттық мінез сипаты

Салт-дәстүр көрінісі







Оқушылардың өзіндік жұмысына байланысты тапсырмалар:

1. «Ер Тарғын» жырының сюжеттік – композициялық құрылымына талдау жаса.



Жырдың басталуы (экспозициясы)




Оқиғаның байланысы




Оқиғаның дамуы




Шиеленісуі




Шарықтау шегі




Шешімі




Пролог




2. «Ер Тарғын» жырының көркемдік ерекшелігіне талдау жаса.

Эпитет

Теңеу

Шендестіру

Ұлғайту

Баяндау
















Жоба қорғау үшін ұсынылатын тақырыптар: ( өз таңдауы бойынша)

  1. Сыпыра жырау – тарихи тұлға

  2. «Ер Тарғын», «Қобыланды батыр», «Едіге батыр» жырларындағы тақырыптық- идеялық бірлік пен поэтикалық ерекшелік

  3. Батырлар жырындағы арулар бейнесі

Сондай-ақ , Абай шығармашылығына байланысты өзіндік жұмысқа тоқтала кетсек:

Абай Құнанбайұлының «Болыс болдым мінеки» өлеңін талдау.



  1. Өлеңді түсініп оқы .

  2. Сөздік жұмысын жүргіз.

  3. Болыстың мәтіндегі сипатын аш.

Болыстың күйі

Болыстың мәтіндегі сипатына талдау жаса

Мінездеме бер, өз көзқарасыңды білдір

Болыстың ел басқару сиқы







Болыстың ояз келгенге дейінгі әбігері







Ояз келгендегі әрекеті







Ояз кеткеннен кейінгі әрекеті







Егер тақырыпты өңдеп және шешімін табуды қажет ететін мәселе түрінде ұсынса, сол арқылы оны оқушыға жақындатса , бұл әрекет оқушыда қызығушылық тудырады, мұғалім тарапынан нақты проблеманы ұсыну, шешімін бірлесіп шығару талап етіледі. Бұған Дьюидің жауабы: «1. Оқыту – оқу бағдарламасы мұғалімнен оқушыға бағытталған - бір жақты қозғалыс емес.Оқыту интерактивті процесс. 2. Жанама оқыту керек, яғни сабақта мәселені оқушылар өздері анықтайтындай және содан кейін оқу бағдарламасын осы мәселелерді зерттеп, шешімін табу үшін пайдаланатындай етіп құру керек – осының нәтижесінде пәнмен байланыс орнығады» - деп есептейді. Осыған орай, оқушының өз бетінше әрекеттенуіне басшылық жасауды тиімді ұйымдастырудың негізі болып табылатын әрі бағдарлы оқытуды жүзеге асырудың бірден-бір тиімді жолы - кредиттік оқыту технологиясы екенін айтқымыз келеді. Ендігі қарастыратынымыз: жаңа оқыту технологияларын кіріктіре отырып қолдану мен жобалау технологиясының маңыздылығы мәселесіне тоқталмақпыз. Атап айтқанда , оқу бағдарламасын модульдік оқыту жүйесіне негіздей отырып: кіріспе бөлімдегі дәріс оқуда проблемалы оқыту әдісін басшылыққа алу; сөйлесу бөлімінде «Сын тұрғысынан ойлау» технологиясының (Жигсо-I, II , Проблемамен саудалас, Өзара оқыту, Әдебиет үйірмесі т.б.) стратегияларын,нақты жағдаяттармен оқыту әдісі технологиясын , қорытынды бөлімде жобалау технологиясын қолдану, яғни кіріктіре қолданудың оқу тиімділігін арттырудағы мәні зор.Жобалау технологиясын күрделі тарауларды жинақтауда, модульдік оқыту технологиясының қорытындылау бөлімінде қолдану тиімді. Қорытынды сабақта қарастырылатын жоба тақырыптары кіріспе бөлімдегі оқу модулінің құрылымымен таныстыру барысында ұсынылады. Жоба сөзінің өзіне түсінік бере кететін болсақ, жоба- орыс түсіндірме сөздігіне сай бұл – ниет, жоспар; ағылшын түсіндірме сөздігіне сай – белгілі мақсатқа жету үшін мұқият ұйымдастырылған және ойластырылған жұмыс бөлігі. Жоба қорғауға баулу оқушыларды өздік жұмысына бағыттаудың бірден-бір тиімді жолы болып табылады. Жоба қорғау үшін ұсынылатын тақырыптар зерттеуге, ізденіске бағыттайтындай пән негізіндегі талдау түрлерін қамтитындай сипатта болу керек. Жоба тақырыбының бірнеше нұсқалығы оқушы таңдауына мүмкіндік туғызады және қандай түрде қорғайтыны оқушылардың өзінің қалауына қалдырылатын болғандықтан, қызығушылығын арттырады. Осы тұста айта кететіні оқушыдан тақырып негізінде жоба тақырыбының мақсат-міндетін анықтау, болжамын қоя білу талап етіледі. Жобаны әзірлеу барысындағы оқушының өзіндік ізденісі мен еңбектенуі аса маңызды. Бұл оқушылардың ғылыми ізденімпаздық қабілетін арттырады әрі шығармашылыққа баулиды. Ал жоба қорғау сабағында оқушылардың өз жұмысына және өзгенің жұмысына сараптама жасауы жауапкершіліктерін арттырады. Жобаға сарапшылар төмендегідей өлшемдер бойынша төрелік етіп, сараптама жасайды:

  1. Тақырыпты мақсаты мен өзектілігіне сай аша білуі. Болжам қоя білуі.

  2. Ғылыми ізденісі , жаңалығы, шығармашылығы.

  3. Талдай білуі, көрнекілік қолдануы .

  4. Сөйлеу мәдениеті және шешендік қабілеті.

Әзірленген жоба туралы пікір айтқанда оқушылардың басшылыққа алатыны:

  1. Әзірленген жобаның маңыздылығы

  2. Жобаның күшті жағы

  3. Жобаның әлсіз жағы

Жоба қорғау барысында оқушылардың өзара қойған сұрақтары да, мұғалім тарапынан қойылған бағыттаушы сұрақтар да аса маңызды. Жобалау технологиясы негізінде өткізілген сабақтар оқушы тұлғасының іс-әрекет барысында қалыптасуына жағдай жасайды.

Қорытындылай келе, білім беруді аталған оқыту технологиялары негізінде ұйымдастыру – оқушының өзінің дербес мүмкіндіктерін ескере отырып, белсенді іс-әрекет жасауына , оқушының тұлға ретінде үнемі дамуына , өзін-өзі тәрбиелеп дамытуына , жеке ерекшеліктерін ескеруге жағдай туғыза алуымен маңызды екенін ерекше атап өтпекпіз.



Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. «Идеи Дьюи и наша практика» Алматы: КазАЧ, 2005.

  2. C.Мирсеитова «Словарь RWCT» Алматы 2005.

  3. Қазақ әдебиеті оқулығы , хрестоматиясы 9-сынып Алматы «Мектеп» 2005.

  4. Қ.М.Жүсіпов «Әдебиетті оқыту әдістемесі» Павлодар 2000.

ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫҢ ҚАРЫМ - ҚАТЫНАСТЫҚ БІЛІКТІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ АҒЫЛШЫН ТІЛІН ҮЙРЕТУДІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ


Нұрділдина Клара Хамитқызы

Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі

В статье рассматриваются новые технологии и инновационные методы обучения английскому языку.

New technologies and modern methods of teaching of English are discerned in this article.
Әлемдік білім беру кеңістігіне ену мақсатын көздеген республика білім беру жүйесінде қазіргі кезде көптеген реформалар жүруде. Осы реформаларға сэйкес республика мектептерінің оқу үрдісіне инновациялық педагогикалық технологияларды енгізу белсенді түрде қолға алынып жатыр.

Жеке түлғаның қалыптасуын қамтамасыз ететін оқытудың модулдік, деңгейлеп саралап оқыту, сын тұрғысынан оқу мен жазу, электрондық оқыту, жобалап оқыту т.б. оқушыларды дамыта отырып оқытуға негізделген технологиялардың негізгі қағидалары: балаға ізгілік тұрғыдан қарау; баланың танымдық күшін қалыптастыру және дамыту; оның өз бетімен эрекеттену эдістерін меңгерту; баланың танымдық жэне шығармашылық қабілетін дамыту; барлық оқушылардың дамуы үшін жүйелі жұмыс істеуі болып табылады.

Осы міндеттерді шешу әр мұғалімнің күнделікті ізденісі арқылы жүзеге асады. Ал мұғалім іздненісі дегеніміз қажетті өзгерістерді, жаңа мағлұматтарды, жаңа эдіс - тэсілдерді дер кезінде қабылдап, дұрыс пайдалана білу. Осындай жүмыстармен айналысып жүрген әр ұстаз мінезі жағынан инабатты, адал, кешірімді, әдепті, төзімді, ұстамды;

білімі жағынан ой - өрісі кең, жан - жақты білімді, өз мамандығын сүйетін, оқушылары арасында беделді, ұжымы арасында сыйлы;

ізденісі жағынан теорияны өмірмен ұштастыра алатын, педагогика жаңалықтарымен танысатын, үнемі өз бетімен оқитын, әдістемелік жаңалықтармен танысатын адам болу керек

Тілді, тіл мэдениетін игеру - әр баланың сәби шағынан бастап іске асады да, ары қарай біртіндеп жетіліп отыратын үрдіс.

Тіл - өмір сүрмей тұра алмайды, ол уақыттан да биік тұр. Тіл ұлттық дамуды белгілеп, дүние танудың кілті. Тіл - мэдениет деп айтатын дүниенің мәңгілік ажырамас бөлшегі, бүкіл қоғамды алға жылжытушы.

Тіл - дүниетанудың негізі. Ол - қарым - қатынас құралы. Тіл игеру арқылы бала айналасындағы дүниені таниды, басқалармен қарым - қатынасқа түсе отырып оның танымдық қызметі оянады. Тілді үйреткенде, бала сол тілде еркін сөйлей алса болды дегенді қанағат етпей, тілді баланың бүкіл мүмкіндігін, қабілетін ашатындай дэрежеде оқыту керек.

Мектебіміз үштілділік оқытуға енді. Осыған орай ағылшын тілі пэнін меңгертуде өзгешеліктер енді: 1. Британдық "LONGMAN" бacnacынан шыққан "Opportunities" оқулығы ұсынылып, оқушылар тегіс оқулықпен қамтамасыз етілді. 2. Апталық жүктеме сағат саны көбейді. 3. Пәнді салаларға бөліп - тіл дамыту, грамматика, фонетика, үйден оқу - оқыту қолға алынды. Үйден оқу саласы бойынша да оқушылар қосымша осы баспа кітаптарымен камтамасыз етілді.

Еңбек нарығындағы бәсекеге қабілетті, кәсіби жоғары мэдениетті, оқытудың инновациялық, ақпараттық технологияларын жетік меңгерген ұстаздың кэсіби эрекетінің негізгі бағыттары: оқу - тэрбиелік жүмысы, эдістемелік жұмысы, білімін жетілдіру, ғылыми - зерттеу жұмысы болу керек деп есептеймін. Мен ағылшын тілінің тіл дамыту саласын жүргіземін. Осыған байланысты менің алға қойған мақсатым: оқушылардың сөйлеу дағдысын қалыптастыру, олардың білім деңгейін тереңдету,оқушыларды еркін де сенімді сөйлеуге үйрету, коммуникативті тәсіл арқылы алған білімін өз ортасында орынды қолдануға дағдыландыру, ойлаған жағдаяттарды негіздей алуға үйрету. Енді осы мақсатты қалай жүзеге асырып жатырмын деген сүраққа келейік.

Ағылшын тілін үйретудегі негізгі әдістемелік бағыттар:


  1. Біздің пән бойынша оқу процесі оңайдан қиынға қарай дамыта оқытуға бағытталған.

  2. Тілдік материалдар қазіргі өмір шындығынан алынған және оқу процесінде әбден шыңдалып, өңделген тілдік материалдар. Сондықтан бүл материалдардан күнделікті тіршіліктегі жағдаяттарда қолданылатын ағылшын тілін үйренуге болады.

  3. Басты көңіл бөлінетін нэрсе - сөйлеу жэне оқу. Оқушылар сөйлеу мен оқуды меңгергеннен кейін жазуды үйренеді.

Сөйлеу мен оқу эрекеттері арқылы дұрыс нэтижеге жеткен оқушы өз ортасында ағылшынша еркін сөйлеп , тілді қатынас қүралы ретінде пайдалана білу үшін мынадай: ұжымдық жүмыс, жекелей жүмыс, жүптық жүмыс, топпен жүмыс оқыту тэсілдерін қолданамын.

Оқушының сөйлеу іскерлігін дамыту үшін мынандай: сүрақ - жауап талқысы, салыстыра отырып әңгімелесу, проблемалық сүрақтарды талдау, мәтін не әңгіме бойынша өз ойын ортаға салу, ой алмасу, шарт қою, диалог түрінде сөйлеудегі ойды көрсете білу, пайымдау, логикалық ой тұжырымын дамыта отырып сөйлеу, түйіндеу, дэлелдеу, жоспарлау арқылы сөйлеу, ситуацияға байланысты сөйлеу, ойындар арқылы сөйлеу, сүраққа жауап беру, қорытындылау, өз пікірін айту сияқты сөйлеудің түрлерін қолданамын; әрі бұлар менің сөйлеуді үйретудегі бағыттарым болып та табылады.



Оку. Мәтін - негізгі қарым -қатынас қүралы. Мәтінді оқымас бүрын сүрақтар беріледі. Ол сұрақтар бойынша сол мәтіндегі мәселеге байланысты оқушы не біледі, не білмейді, соны анықтау бір мақсат болса, екінші мақсат - өз білімі деңгейінде ойын айтқызып, мәтіндегі оқиға жайлы білуге ұмтылдыру, ынталандыру. Бүл жүмысты бүкіл топ болып немесе 3- 4 оқушы бірігіп және жұптасып талқылауға болады.

Мәтінді оқыған соң оқушы ұғымын тексеруге арналған "True or False" жаттығуын қолдануға болады, "What is your opinion?" "What do you think about ...?" сұрақтарын қою арқылы оқушылардың мэтіндегі мэселе бойынша өз ойын ортаға салып, пікірін айтуға, еркін сөйлеуге үйретіледі. Оқушыны еркін сөйлеуге төселдіру үшін сөздерді қайталату, оларды еркін де дүрыс қолдана білуге үйрету, грамматикалық материалдарды, сөйлем құрылымын орынды қолдануға үйрету де басты назарда болу керек.

Бұдан басқа да мәтін оқығанға дейінгі, оқығаннан кейінгі әр трлі әдіс – тәсілдерді қолданып балалардың сөйлеу қабілеттерін дамытуға болады.

Тыңдап - айту. Сөйлеуге тыңдап түсінусіз үйрену мүмкін емес. Қазір біз тілді меңгертуде шетел мамандарының сөйлеуімен жазылған үнтаспаларды, видео - фильмдерді қолданып, оқушылар үшін ағылшын тілінде жүретін телебағдарламаларды көруді үхынамыз.

Диалогты, әңгімелерді, мәтіндерді тыңдап, одан не түсінгенін анықтау үшін де әр түрлі әдіс - тәсілдерді кең қолданамын. Әдетте тыңдауға арналған мәтіндер оқылған тілдік материалға негізделіп құрылады. Оның ішінде 3-4% таныс емес лексикалық материалдар қосуға болады. Әңгімені алғашқы ретте тыңдауға жіберілген уақыт 1 - 1,5 минут көлемінде болуға тиіс. Тыңдалган эңгіме бойынша төмендегідей жүмыс түрлерін орындаймын: 1.сұрақтар бойынша оқушы түсінігін тексеру; 2.кілт сөздерді анықтау, сөз тіркестерін жазу; 3.тыңдалған әңгімеге ат қою; 4.жоспар құру; 5.ауызша қысқаша / толық мәтіннің мазмұнын беру. 6.әңгіме туралы негізгі ойын, пікірін білу; 7.әңгіме кейіпкеріне немесе жағдаятқа мінездеме беру; 8.әңгімеде естігенді өмірмен байланыстыру.



Жазу - сөйлеуге үйренудің басты құралы болып табылады. Жазуды көбінесе грамматикалық жаттығуларды орындағанда, мәтін немесе тақырып туралы не айтқысы келгенін білдіру үшін қолдануға болады.

Сабақ - шығармашылық ізденіс дейміз. Өз сабақтарымдағы басты бағдар -оқушылардың шығармашылық мүмкіндіктерін дамыту жэне оларды шынайы өмірдегі дара түлға етіп әзірлеу екенін жақсы түсінемін. Сондықтан да әрбір жаңа сабақ өткен сабақтың атериалымен байланыстырудан басталады. Мұғалім оқушының сабақтағы эрбір әрекетін алдын ала жоспарлап отырса, оқушының ойлау, болжау, тұжырымдау сияқты негізгі зерделік көрсеткіштерін де қалыптастыра алады.

Сонымен қоса қазіргі кезде ең негізгі мэселелердің бірі болып оқушыларға тек қана ғылыми білімдер жүйесін беру ғана емес, оларды танымдылық пен тәжірибелік сипаттағы іскерлік жэне дағдымен қаруландыру болып табылады. Осыған байланысты сыныптан тыс өткізілетін іс - шаралардың оқушылар үшін маңызы зор деп ойлаймын. Бүл жүмыс мүғалімнің сабақ үстінде жүзеге асыратын тэрбие жүмысын толықтыра жэне тереңдете отырып балалардың таланттары мен қабілеттерін толық ашудың, олардың белгілі бір нэрсеге қызығуын , ынтасын оятудың формасы болып табылады. Мектебіміз үш тілділік оқыту жүйесіне енгеннен бері ағылшын тілі пәні бойынша біршама іс - шаралар өтті. Олар: мектеп тарихында түңғыш рет өткен "XXI ғасыр көшбасшысы", "Миллион кімге бұйырады? (ағылшын тілінде)" интеллектуалдық ойындары, "Поэзиялық альманах" - аударма ісі жайындағы эдеби кеш , "Кездеседі алыптар жыр кешінде"атты ұлы ақындар Абай, Пушкин,Байронға арналған поэзия кештері.

Мектебімізде тұңғыш рет қуыршақ театры ұйымдастырылып, жыл басынан бері үш рет сахна қойылымын көрсетті. Драмалық театр жұмысы жандандырылып театр мүшелері төрт рет өздері дайындаған туындыларды сахнаға шығарды.

Алғаш рет ағылшын тілінде "New Generation (Жаңа үрпақ)" атты мектепішілік газет шығару қолға алынып, оның бірінші номері жарық көрлі. Осы іс - шаралардың бэріне мектеп оқушылары белсенді ат салысты. Қазіргі кезде мектеп оқушыларының ағылшын тілінде сөйлесем екен деген ынтасы артып, олар сабаққа кірген алғашқы минуттан бастап өздері сөйлеу ортасын жасауға тырысатындары, эрине, қуанарлық жағдай.

Мектеп оқушылары ішінен халықаралық Интернет жүйесін қолданып Россия, Америка, Малайзия, Англия елдеріндегі оқушылармен хат жазысып жүргендер де бар.

Сонымен интерактивті әдіс – тәсілдермен сабақ жүргізген кезде оқытушы - кеңесші ролін атқаратыны белгілі. Ал оқушылар белсенді түрде эрекет ете отырып, бірін - бірі қолдау, толықтыру арқылы сөйлеуге үйренеді. Осындай игі істер арқасында балалар өзін - өзі батыл, еркін сезінеді; үйреніп жатқан тілге деген қызығуы артады; өзіне бөлінген тақырып бойынша сөйлеу барысында ізденуге, шығармашылықпен жүмыс істеуге үйренеді.

Ендеше, әлі де болса ойлаған жағдаятты негіздей алатын, міндетке сйкес жүмысты шешімді тиянақтай алатын, проблеманы анықтап жэне қүрастыра алатын, өойылған мақсаттарға жетуді негіздей алатын, нақты өмірлік жағдаяттарда ағылшын тілінде ауызша жэне жазбаша түрлі коммуникативтік құралдарды қолдана алатын оқушылар легін тэрбиелеуге тырысамын.



Пайдаланылған әдебиеттер:

Қалиева М. Білім беру технологиялары жэне оларды оқу - тәрбие үрдісіне ендіру жолдары. Алматы, 2002

  1. Г.Н. Александрова. Управления самообразованием педагогов в условиях внедрения новой технологии учебной
    и педагогической деятельности. "Директор школы ", 2002


  2. К.Ж. Бүзаубацова. Жаңа педагогикалыц технологиялар. Алматы, 2003


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет