Сценарий посвященный Международному женскому дню – 8 Марта.
Фанфары, жүргізушілер шығады.
1-жүргізуші: Армысыздар, аналар, ұстаздар, қыздар! Міне, жыл аралатып көктемнің алғашқы күндерімен келетін 8-наурыз Халықаралық әйелдер күні де келіп жетті.Жер бетіндегі тіршіліктің өзегін келешекке жалғаған, өсер ұрпағына құндақтағы шағынан ізгіліктің дәнін еккен аналар мерекесі бұл. Сіздерге әрқашан сыр бермес денсаулық, өмірдің шапағатын тілейміз. Бұл күні өздеріңізге бағытталған тілектер періштенің құлағына шалынсын. Әрдайым мейірім шуағын шашып жүре беріңіздер.
2-жүргізуші:
8 Марта - день торжественный,
День радости и красоты,
На всей земле он дарит женщинам
Свои улыбки и цветы!!!
Добрый праздничный день, дорогие наши женщины: учителя, мамы, бабушки, сестры и одноклассницы! Хочется в этот день уделить вам особое внимание, по-новому сказать о своих чувствах, бросить к вашим ногам все цветы мира, дарить самые красивые подарки и исполнять все желания.
Слово для праздничного приветствия предоставляется акиму сельского округа села Ушкарасу Нурбекову Габдоле Жаксылыковичу
2-жүргізуші:
8 марта наша страна отмечает самый прекрасный праздник - Женский день. Мы привыкли в этот день поздравлять самую прекрасную половину нащего человечества. А любим мы этот день за улыбки наших мам, а значит всех женщин. Мама самый близкий, самый родной и самый ласковый человек на земле. Сегодня на наш праздник пришли прекрасные мамы, бабушки, наши учителя - ветераны: Скрипниченко Нина Алексеевна, Цыганова Мария Ивановна, Кисельникова Лидия Александровна, Шаймарданова Елена Александровна, Шадрина Валентина Андреевна, Меджитова Светлана Федоровна. Мы рады Вас видеть, и говорим СПАСИБО за теплоту, доброту и большой вклад в развитие нашей школы. Низкий Вам поклон!
Сценка - «Три мамы»
Ведущий:
Наши дети так упрямы!
Это каждый знает сам.
Говорят им часто мамы,
Но они не слышат мам.
Танюша под вечер
С прогулки пришла
И куклу спросила:
Входит Таня, подходит к столу и присаживается на стул, куклу берет на руки.
Таня:
Как, дочка, дела?
Опять ты залезла под стол, непоседа?
Опять просидела весь день без обеда?
С этими дочками просто беда,
Скоро ты будешь, как спичка, худа.
Иди-ка обедать, вертушка!
Сегодня к обеду ватрушка!
Ведущий:
Танюшина мама с работы пришла
И Таню спросила:
Входит мама, садится на стул около Тани.
Мама:
Как, дочка, дела?
Опять заигралась, наверно, в саду?
Опять ухитрилась забыть про еду?
Обедать кричала бабуся не раз,
А ты отвечала: сейчас да сейчас.
С этими дочками просто беда,
Скоро ты будешь, как спичка, худа.
Иди-ка, обедать, вертушка!
Сегодня к обеду ватрушка!
Ведущий:
Тут бабушка — мамина мама — пришла
И маму спросила:
Входит бабушка с палочкой, подходит к столу и садится на третий стул.
Бабушка:
Как, дочка, дела?
Наверно, в больнице за целые сутки
Опять для еды не нашлось ни минутки,
А вечером съела сухой бутерброд.
Нельзя же весь день сидеть без обеда.
Уж доктором стала, а все непоседа.
С этими дочками просто беда.
Скоро ты будешь, как спичка, худа.
Иди-ка обедать, вертушка!
Сегодня к обеду ватрушка!
Все едят ватрушки.
Ведущий:
Три мамы в столовой сидят,
Три мамы на дочек глядят.
Что с дочками сделать упрямыми?
Все трое: Ох, как не просто быть мамами!
2-жүргізуші:
Учитель! Даже через много лет
Зажженный Вами не погаснет свет!
И сердце, знаю, будет молодым
Пока огонь священный будет с ним.
Твоя душа от всяческих невзгод
Врачующее пламя сбережет.
Оно еще поможет, нам впути
Хитрейшие загадки превзойти.
Оно еще поможет, и не раз,
Учитель мой, в делах продолжить Вас!
Учитель!Даже через много лет
Зажженный Вами не погаснет свет!
___________________________________________________________________________________________
1-жүргізуші:
1910 жылы Копенгагенде жұмысшы әйелдердің қатысуымен II халықаралық конференция өтті.Социал-демократ партиясының әйелдер тобының көшбасшысы Клара Цеткин 8 наурыз халықаралық әйелдер күнін жыл сайын белгілі бір күнде тойлау керектігі туралы ойын ортаға тастады.Оның бұл ұсынысын өз құқықтары үшін күресуге бел буған қалың әйелдер тобы іліп әкетіп, келесі жылы-ақ, яғни 1911 жылдан бастап, Австрия, Дания, Германия және Швейцарияда 8 наурыз мейрам ретінде тойланды.
___________________________________________________________________________________________
2-жүргізуші:
Сіздерден өскен балалар
Батырлар мен даналар.
Құттықтаймыз мейраммен,
Құрметті абзал аналар.
__________________________________________________________________________________________
1-жүргізуші:
Ұстаз болу-жүректің батырлығы,
Ұстаз болу-сезімнің ақындығы,
Ұстаз болу-мінездің күн шуағы,
Азбайтұғын адманың алтындығы
Ұстаз-ана ұлы сөз ұлағатты,
Ол болмаса, кім береді парасатты.
Асылын жиып беріп шәкіртпенен баласына,
Ағартқан сол үшін де қара шашты.
Ұстаз-ана ұлы сөз ұлағатты,
_____________________________________________________________________________________________2-жүргізуші'>_____________________________________________________________________________________________1-жүргізуші'>______________________________________________________________________________________________2-жүргізуші'>____________________________________________________________________________________________
2-жүргізуші:
Все начинается с женщины! Веселье, смех, дуэли, разочарованья, Любовь, забота, тепло и боль, и многое другое все это из за Вас и для Вас наши дорогие! В каком бы Вы не были возрасте, вы всегда будете оставаться лучшей половиной человечества. Сколько хороших слов храним мы в душе о маме, бабушке, учительнице! Жизнь была бы без Вас не полна, а печальна, и грустна, так живите и радуйте нас!!!
____________________________________________________________________________________________
1-жүргізуші:
Әйел-Ана, Әйел-Өмір, Әйел-тіршілік өзегі. Өмір бесігінде іңгә тербетіп, адамзат баласына ұрпақ сыйлар ұлы құдірет иесінің есімі әрқашанда қастерлі, сөзі-өсиет, тұғыры биік. Алтын құрсағынан адамзаттың алабы жаратылған асыл ананың жүрегі үлкен, жүзі мейірімді, қолы қайырымды. Көңіл шуағына мейірім төгілген аяулы жанның өмірден алар несібе жемісі-алтын босағасы мен сүйкімді перзенті болар. «Анаңды Меккеге үш рет арқалап апарсаң да қарызыңнан құтыла алмайсың» деген ұлы ғұламалардың сөзі бар. Шынымен солай. Адамзат жүріп өткен небір ауыр жол, алмағайып заманнан ұрпағын аман-есен бүгінгі күнге жеткізген әйел-ана құдіретін жырмен өрнектеп, әнмен әлпештеп, сөзбен айтып тауысу мүмкін емес. Ана-болашақтың демеушісі,ұлттың жебеушісі,сәбилердің бақыты.
___________________________________________________________________________________________
2-жүргізуші:
9 лет школьной жизни навсегда останутся у нас в памяти и какими будут эти воспоминания зависят от учителей, которые находятся возле нас. Ведь верно говорят, учитель – 2-ая мама. Кто жизни научит, словом поможет, похвалит, поддержит, а такие дела без любви не творят.
____________________________________________________________________________________________
2-жүргізуші:
Мы в вечном, неоплатном долгу перед матерью, чья любовь сопровождает нас всю жизнь. Поэтому нежно любите, уважайте, берегите ее, не причиняйте матери боли своими словами и поступками. Отблагодарите ее за труды и заботу о вас, будьте добрыми, чуткими, отзывчивыми к ней. Постоянной заботы, внимания, сердечности, сочувствия, доброго слова ждет от вас мама. Как приятно видеть детей, которые помогают матери: убирают квартиру, ходят в магазин, стирают белье, готовят обед.
____________________________________________________________________________________________
1-жүргізуші:
Мұхаммед пайғамбар айтқан: «Жәннәт-аналардың аяғының астында» деп.Ислам діні сияқты, барлық діндерде әйел адамын ерекше құрметтейді.Егер де бір үйде қыз бала дүниеге келсе, береке, молшылық, бейбітшілік болады, ата-анасына қуаныш әкеледі дейді.
___________________________________________________________________________________________
1-жүргізуші:
Үкілі кәмшат, бүрмелі көйлек.
Тұрғандай өзі, қимылсыз билеп,
Иықтан шашып, төгіліп жерге,
Күмісті шашбау, жарасып белге – демекші, ендігі кезекте биге береміз, қабыл алыңыздар.
___________________________________________________________________________________________
2-жүргізуші:
«Любовь к Родине начинается с любви к матери. А человек начинается с его отношения к матери. И все лучшее, что есть в человеке, достается ему от матери».
1-жүргізуші:
Ана, әрбір адамның жарық дүниедегі ең жақыны, жанашыры, қадірлісі, қамқоршысы, ақ сүтін емізіп аялаған, жанын да аямаған ардақтысы. Мен ана
деген сөзді қанша айтсам да жалықпаймын. Өйткені ол дүниедегі ең ардақты
жан. Ана баланы тоғыз ай көтеріп, толғатып, дүниеге келтіріп қана қоймайды, оны көзінің қарашығындай қорғап, аялап өсіріп аяғынан тік тұрғызады. Өмір есігін жаңа ашқан баланың бойына елінің рухын сіңіретін, жасын тыйатын ана. Ана баланың амандығын , бақытты, абыройлы болуын тілейді. Бойымыздағы ең жақсы қасиеттер бізге алдымен анадан тарайды.
__________________________________________________________________________________________
2-жүргізуші:
Аладарыңызда көрініс: «Әжесі мен немересі», «Дүниеде не қымбат?»
Немересі: - Әже деймін, әже,
Сұрақ қойғым келеді сізге.
Мен түсінбейтін бір жәйт бар.
Түсіндірші соны бізге.
Бірінші сұрағым сізге:
Дүниеде не қымбат?
Әжесі: - Адам қымбат, қалқам.
Немересі: - Адамға не қымбат?
Әжесі: - Бала қымбат, қалқам.
Немересі:- Балаға не қымбат?
Әжесі: - Ана қымбат, қалқам.
Немересі: - Иә, десеңші әже!
Түсінбеппін осы жайды.
Тағы бір сұрағым бар сізге,
Қатты мен жұмсақ жайлы.
Әжесі: - Сұрай ғой, қалқам. Не сұрасаң да жауап берейін.
Немересі: - Әже дүниеде не тәтті?
Әжесі: Ананың сүті тәтті.
Немересі: - Дүниеде не қатты?
Әжесі: - Атаның жүрегі қатты.
Қарағым, сауал қойдың көп маған.
Бір ақыл айтайын саған
Тату болса – ағайын жақын,
Ақылшы болса - апайың жақын.
Бауырмал болса - інің жақын,
Алдыңа тартқан адал асың,
Қимас жақын қарындасың.
Немересі:- Түсіндім, әже. «Дүниеде не қымбат екенін?» енді мен айтайын:
Алтын ұяң - Отан қымбат,
Құт берекең - атаң қымбат.
Аймалайтын - анаң қымбат.
Мейірімді - әжең қымбат.
Асқар тауың - әкең қымбат.
Бәрінен де ұят пенен ар қымбат!
1-жүргізуші:
Ана –барлық қиындықты жеңетін сарқылмайтын күш,тіршіліктің қайнар бұлағы.қазақ әйелінің дастарханы тоқ,қонағы ырза,дүниесі түгел.Олар үшін бірінші орында отбасының берекесі тұрады.Бөбегін бесікке бөлеп,әлдилеп аялаған ана бақыт құшағында емес пе?!
Бір өзіңнен бастап өмір жолдарын,
Жүрегіңе,жүрегімді жалғадым.
Өзің мына сыйға берген өмірде
Ақ сүтіңді ақтап өту-арманым.
Барша ана,құтты болсын мерекеңіз
Әрқашанда ана сізбен берекеміз.
Ақтасақ ақ сүтіңді,асыл анам.
Сонда біз кісілікке теңесеміз.
Осы айтылғандардың бәрі шындық, бәрі шын, аналар ажалдан күштірек, жапанға бір тоқтамсыз данышпандарды, ақындарды, ерлерді тауып беретін аналар. Барлық жақсылықты себетін де аналар. Ендеше сол аналар алдында бас иелік!
________________________________________________________________________________________
1-жүргізуші:
Құрметті аналар! Деңдеріңізге саулық, бала-шағаларыңызға амандық тілейміз. Жүздеріңізден күлкі қуаныш пен шаттықтың нұры кетпесін. Еңбектеріңіз табысты болып, шаңырақтарыңызға құт – береке дарысын!
Құрметті қонақтар,біздің «Ана-тіршілік тірегі» атты мерекелік кешімізді көңіл қойып тамашалағандарыңызға көп-көп рахмет.
Демеңіз біз өнерді аяп қалды,
Мезгіл де біраз жерге таяп қалды.
Қош болып тұрыңыздар көріскенше,
Осымен концертіміз аяқталды.
Сау-саламатта болыңыздар!
_________________________________________________________________________________________
2-жүргізуші:
Дорогие друзья! Наш торжественный вечер завершен. Еще раз поздравляем вас с праздником, счастья вам и благоденствия. Дети, мы видим как вы любите своих мам! И вам конечно приятно, когда улыбка не сходит с ее лица. Так старайтесь, как можно меньше огорчать своих мам, чтобы они всегда были красивыми и счастливыми, как сегодня, в этот праздник.
Достарыңызбен бөлісу: |