Сценарийі Тақырыбы: «Еліміздің халық ақыны-Иманжүсіп Құтпанұлы»



Дата24.02.2016
өлшемі42.66 Kb.
#13009
түріСценарий
Мектептен тыс тәрбие жұмысы

Ақын-импровизатор Иманжүсіп Құтпанұлының 150 жыл толуына орай «Еліміздің халық ақыны-Иманжүсіп Құтпанұлы» атты дауыстап

оқуының сценарийі

Тақырыбы: «Еліміздің халық ақыны-Иманжүсіп Құтпанұлы»

Мақсаты: Қазақ даласында өскен, өз заманының атақты-батырларының бірі Иманжүсіп Құтпанұлы туралы мәлімет алу.

Көрнекіліктері: кітаптар көрмесі, ақынның суреттері мен жазба әдебиеттері

Өткізілетін уақыты: 10.01.2013 жыл сағат 11.00

Өтілетін орны: Павлодар қаласының №8 кітапханасының оқу залы

Кітапхана меңгерушісі: Кумалакова С.К

Кітапханашылар: Абильшаикова Б.К., Власова С.И

Қатысушылар: Дарынды балаларға арналған Абай атындағы №10 лицей-мектебінің 5 «Ә» сынып оқушылары және сынып жетекшісі Байбекова Г.З мектеп кітапханашы Тоқтарбаева А.Е

Меңгеруші: (Кумалакова С.К)

Қайырлы күн құрметті қонақтар, оқырмандар! Халық ақыны, импровизатор Иманжүсіп Құтпанұлының 150 жыл толуына орай «Еліміздің халық ақыны» атты іс-шараға хош келдіңіздер! Бүгінгі шара облысымыздың 75 жылдық мерей тойының шеңберінде өткізіліп отыр.


Жүргізуші: (Абильшаикова Б.К)

Иманжүсіп Құтпанұлының 1863 жылы Арқа өңірінде, дәлелдеп айтсақ, қазіргі Павлодар облысы Ерейментау ауданының Алтыбай деген жерінде дүниеге келген. Арғы атасы Тұрғынбай Сыр бойын мекендеген қыпшақтар ішіндегі жетіру шыққан атақты датқа. Қазақ даласына заманында атақ-даңқты кең жайылған ардақты батырлардың бірі Иманжүсіп Құтпанұлы еді. Иманжүсіп елдің азаттығы үшін арпалысып өткен ежелгі әулеттің асыл нәсілі болатын. Оның атасы Тұрғанбай датқа Сергебай ұлы Қоқан хандығына қарсы азаттық қозғалысты бастап шығып, Түркістан шаһарында қапияда қазаға ұшырады. Иманжүсіп туралы архив деректері, естеліктері де, ел ішіндегі аңыз-әңгімелер де жеткілікті. Алматыдағы Орталық Мемлекеттік архивте Омбы дала губернаторларының іс-қағаздары ішінен Иманжүсіп Құтпановқа қатысты біраз құжаттар табылды. Сонымен бірге Иманжүсіппен әр кезеңде қоңсылас отырған қариялар аузынан жазылып алыңған естелік әңгімелер бар. Иманжүсіп үш ағайынды екен. Ағалары Ақшабай мен Шонай төңіріндегі еліне белгілі, дәулетті кісілер болған. Осы ағаларының арқасында Иманжүсіп бала жасынан ерке-шолжың, бірбеткей болып өседі. Иманжүсіптің анасының аты-Үміш, туысы-Арғынның Басетиін тармағынан. Ат жалын тартып мінгеннен өзі ақ Иманжүсіптің атағы Сарыарқаға тез тарай бастайды. Иманжүсіптің ерлік, серілік ғұмырын оның өз айтқанына-ақ білуге болар еді:

Абылай аспас Арқаның сары белі

Қуандық пен Сүйіндік жайлайды елі

Қырық жылқы су ішсе лайланбас

Нияздың Аюлы мен Қара көлі

Сен елімде жүргенде жұрттан астым

Менменсіген талайдың көңілін бастым

Жаныма ерген жігітке олжа салып

Бір түнде қызды алып қаштым!

деп, шырқап жүреді Иманжүсіп сол бір тұстарда.

Оқушылардың қатысуы

Иманжүсіптің монологі

1-оқушы (Нуртазина Аружан)

Жасымнан адал өсіп ем

Ақысын жемей кісінің

Сарыарқа сайран жерімде

Қызығын көрдім армансыз

Даланың аң мен құсының

Адалдарға кішімнің

Арамзаның сұсымын

Есіл, Нұра-қос өзен

Ерейментау, көп Баян

Көз алдымнан кетпейді

Ерке сұлу мүсінің

Енді міне қарасаң

Қол-аяғын ыңғыжырлап

Темір кісен салдырған алтын басын арақты

Абақтыла қалдырған

Уа, ағайын, мен болам

Өзіңнің-Иманжүсіпің. (жазған Серік Тұрғынбек)



Қара өткелдің бауырында қалың шұбар

2-оқушы (Тлебалдыева Лағыл)

Қара өткелдің бауырында қалың шұбар

Басымдағы бұл-дағы бағым шығар

Сағын сынар сәтке де жаның шыдар

Жалған дүние жалт еткен сағым сынар

«Қара өткелдің бауырында қалың шұбар». (жазған Ғалым Жайлыбай)



Ақын ағаға сыр

3-оқушы (Оразбай Мирас)

Сарыарқасына сыймай бір өткен

Иманжүсіптей қайраттым

Арыстанбаптай айбатты

Маңғыстаудағы Қатепті Қаранар болсаң

Соңынан ерген тайлақпын

Қызыл заманда жалтақтамаған қоғамға

Сендей ағаны ана дүниеден табам ба?

Өттік біз қанша қаһарлы есік, қақпадан

Алдында сенің несіне бүгін ақталам

Қатерлі кезде қара көздердің

Ақ махаббатты сақтаған

Тек солар ғана қиын сәттерде сатпаған.

4-оқушы (Болатов Арғын)

Сыр сұрапыл мұң алып қайтқан аршадан

Жүрегін бүгін барлығын сезген, шаршаған

Жан аға, сенің асау да асқан жырыңа

Басын иген күн, ізгі ниетті барша адам

Аққан бір судай сабырлым, жаранадайын төзімдім

Жастарын көрем жырыңнан

Жасаурап тұрған көзіңнің

Қабырғаларым қайсысы, мағынасынан сөзінің

Алдымда шапқан асылым, ардақтай алар өзімнің

Ойлардан ойлау бұл түнде

Талықсып барып көз ілдім.



«Сармойын» әнінің үзіндісі

5-оқушы (Жасқайрат Рахат)

Жапалақ жарбаңдайды жар басында

Немене, жоқтың күні барқасыңда

Дос болып, қас қылғанның сақта құдай

Қасқыр да қас қылмайды жолдасына.

Жүргізуші: (Абильшаикова Б.К)

Ғасырлар қойнауымен ұштасып жатқан Қазақ мәдениетінің тарихында халық ауыз әдебиеті мен өнерінің, әнші сазгерлердің, сал-серілердің орыны ерекше екені мәлім. ХІХ ғасырдың екінші жартысы сол кездегі қазақ музыка өнерінің шырқау шыңына жеткен кезі болатын. Халық арнасынан шыққан өнер саңлақтары Құрманғазы, Тәттімбет, Дәулеткерей, Сарымалай, Біржан-сал, Мехат Мералы ұлы, Ақан сері, жаяу Мұса, Балуан Шолақ, Мәди және басқалары қазақ музыкасының классикалық туындыларын дүниеге әкелді.



(Әдеби шолу, кітапхана көрмелерімен танысу)
Кітапханадағы қызықтар




Назарларыңызға рахмет! Сау болыңыздар!

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет