Сембаев Дәулет Хамитұлы
(20.12.1993 ж. – 10.01.1996 ж.)
1935 жылы 10 тамызда Алматы қаласында дүниеге келген. Еңбек қызметін 1958 жылы Қазақ политехникалық институтын бітіргеннен кейін С.М. Киров атындағы зауыттан бастады, онда 1966 жылға дейін мастер, аға мастер болып жұмыс істеді.
1966 – 1972 жылдары Қазақ КСР Мемжоспарлауда әр түрлі басшы лауазымдарда жұмыс істеді.
1972 - 1983 жылдары Қазақ КСР Министрлер Кеңесі аппаратында кеңесші болып, Хатшылықтың меңгерушісі, Қазақ КСР Министрлер Кеңесі Іс басқарушының орынбасары болып жұмыс істеді.
1983 - 1990 жылдары Қазақ КСР Мемжоспарлаудың бөлім бастығы, Төрағаның орынбасары болып жұмыс істеді.
1990 - 1991 жылдары Президенттік Кеңес мүшесі, Қазақ КСР Жоғарғы экономикалық кеңес төрағасының орынбасары болды.
1991 - 1993 жылдары Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, Бірінші орынбасары қызметін атқарды.
1994 жылы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы болып тағайындалды.
1996 жылы ҚР Президентінің кеңесшісі, одан кейін ҚР Парламенті Сенатының депутаты болды, Экономика, қаржы және бюджет жөніндегі комитетті басқарды.
1999 жылғы мамыр – 2001 жыл аралығында Қазақстан Қаржыгерлерінің қауымдастығы кеңесінің төрағасы, 1999 жылғы сәуірден бастап «Қазкоммерцбанк» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы, 2002 жылғы қыркүйектен бастап төрағаның орынбасары лауазымын атқарды.
«Парасат» (1996ж.), Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет белгісі» ордендерімен, екі медальмен, ҚР Құрмет грамотасымен марапатталды.
Достарыңызбен бөлісу: |