Семей қаласының ШӘКӘрім атындағы униерситеті баяндама тақырыбы: Оқушылардың жеке түзету білім беру бағдарын және жеке даму бағдарламаларын әзірлеудің маңыздылығы



Дата15.12.2023
өлшемі18.67 Kb.
#486723
инкл білім беру 15


СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ УНИЕРСИТЕТІ


Баяндама тақырыбы:
Оқушылардың жеке түзету білім беру бағдарын және жеке даму бағдарламаларын әзірлеудің маңыздылығы

Орындаған: Муратханова Н.Е.


Тексерген: Асанова М.А.

Қазіргі таңда дүниежүзінің назарын аударып отырған мәселе ол - балалардың жеке сұраныстары мен ерекшеліктеріне ортаның және отбасының қатысуымен білім беру үрдісіне толық қосуды қарастыратын инклюзивті білім беру болып табылады. Яғни, инклюзивті білім беру - ол баршаның сапалы білімге қол жетімділігін қамтамасыз етуге бағытталған білім беру жүйесін тарату процестерінің бірі болып табылады. Инклюзивті білім беру балалардың әр түрлі дене, психикалық, зияткерлік, мәдени - этникалық, тілдік және өзге де ерекшеліктеріне қарамастан, сапалы білім беру ортасына айрықша білім алу қажеттіліктері бар балаларды қосуды, барлық кедергілерді жоюды, олардың сапалы білім алуы үшін және олардың әлеуметтік бейімделуін, социумге кірігуін көздейтін оқыту түрі болғандықтан, ерекше білім беруді қажет ететін оқушылардың жеке түзету, білім беру бағдарын және жеке даму бағдарламаларын әзірлеудің маңызы зор.


Біздің елімізде мүмкіндігі шектеулі балаларды жалпыға білім беру ортасына қарай бейімдеу 2002 жылдан басталды. Сол жылы Қазақстан ТМД елдерінің арасында алғаш рет «Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік және медика-педагогикалық тұрғыдан қолдау» туралы заңды қабылдады. Осы заң аясында балаларға ерте бастан білім беру мәселесіне мән берілген. Соған орай, бүгінгі таңда мемлекет тарапынан мүгедектер үшін көптеген бағдарламалар жасақталып, жұмыстар жүргізіліп жатыр. Ерекше білім беруді қажет ететін балаларды әлеуметтік, медициналық тұрғыда қамтамасыз ету қарастырылған.
Осыған орай, ерекше білім алуды қажет ететін балаларға арналып, арнайы мектептер мен арнайы сыныптар немесе үй жағдайында білім алуына жағдайлар жасалынып отыр деп ойлаймын. Ерекше білімді қажет ететін оқушылардың танымдық қабілеттерін жетілдіру мақсатында , олардың жеке психофизикалық ерекшеліктерін ескере отырып түзете дамыту сабақтары өткізілетінін көріп жүрміз. Ерекше білімді қажет ететін оқушылардың бойындағы кемшіліктерді түзету, жан- жақты жүргізілетін оқу- тәрбие жұмысының
нәтижесінде оқушыларды қоғамдық өмірге бейімдеу, сонымен қатар зейінін қалыптастыру, ойлау, есте сақтау қабілеттерін және тілдерін дамыту, яғни танымдық қызметін дамытуда оқытушылар және арнайы маман иелері (дефектолог, логопед, психолог т.б) түрлі заманауи технологияларды қолданып келеді. Мысалы: соның ішінде ең көп кездесетін технологиялардың бірі Монтессори әдісі, ойын терапиясы, арт терапия, құм терапиясы т.б. Сонымен қатар интерактивті құралдардың көмегімен мұғалімнің, оқушының шығармашылықпен жұмыс істеуіне жол ашылып отыр және жалпы білім беретін орта мектептерде олардың оқып, білім алуына жағдай жасау қазіргі кезде қолға алына бастады деген ойдамын. Тек қана білім беріп қоймай, әр оқушының қызығушылығын, икемділігін, өзіндік дарындылығын ескере отырып, әр балаға арналған жеке даму бағдарламасын жасау маңызды.
Сол себепті, менің ойымша, инклюзивті оқытудағы арнайы бағдарламалар мен әдістердің бала өмірінде алатын орны, маңызы үлкен деп ойлаймын. Себебі:
- барлық балаларға мектепке дейінгі оқу орындарында, мектепте және мектеп өміріне белсене қатысуға мүмкіндік береді;
- оқушылардың тең құғығын анықтайды;
- ұжым іс-әрекетіне қатысуға мүмкіндік береді;
- адамдармен қарым-қатынасқа қажетті қабілеттілікті дамытуға мүмкіндік береді.
Кез – келген бала, соның ішінде ерекше білім алуды қажет ететін бала да қоғаммен, адамның көмегіне, қамқорлық пен махаббатқа құқығы бар. Бұл шындық! Және осындай әрбір баланың ата-анасы, өз баласын дамуы қалыпты балалар қатарынан көргісі келеді. Сондықтан, инклюзивті білім беруді жүзеге асырушы, сол балалардың, ата – аналарының арманын жүзеге асырушы - біздер, ұстаздар!
Олай болса, өз ойымды қорытындылай келе эссемді Шалва Александрович Амонашвилидің "Өзіңнің жүрегіңді ашу керек. Тағы бір міндет-мұқтаж адамды шабыттандыру. Оған сенім білдіру арқылы шабыттандыру. Мұндай педагогика мүмкін, ол бар және де ол жағдайларға тәуелді емес. Жағдайларды жасаушы мен болып табыламын. Мен қайда болсам,менің педагогикам - менің жүрегім,менің санам- сонда" деген сөздері арқылы аяқтағым келеді.
Ерекше білім беруді қажет ететін оқушылардың жеке түзету,білім беру бағдарын және жеке даму бағдарламаларын әзірлеудің маңыздылығы
Еліміздің Ата заңында барлық бала жалпы орта біліммен қамтылуы тиістігі жазылса да, өкінішке қарай, мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту өзекті мәселе күйінен түспей тұр. Олардың қатары жыл сайын өсіп жатқандықтан, жарымжан балаларға білім беру жүйесін жетілдіру қажет.
«Инклюзивті білім» ұғымы, біздің өмірімізге 1996 жылдан бастап енді, қазір көп елдерде заң жүзінде бекітілген. Бұл Батыс Европада да, Америкада да, Латын Америкасына да қатысты. Шет мемлекеттерде де табыспен жүзеге асуда. Сонымен, инклюзия бұл-қазіргі кездегі қажеттілік. Әр баланың жеке тұлғасы қымбат бола тұра, біздер сенімдіміз, ерекше қажеттілігі бар балаларға әлеуметтік ортаға кіру үшін отбасынан басқа орта керек, басқа балалармен араласу керек, ата-анадан басқа мұғалім қажет.
Инклюзивті білім берудің негізінде балалардың қандай да бір дискриминациясын жою, барлық адамдарға деген теңдік қатынасты қамтамасыз ету, сонымен бірге оқытудың ерекше қажеттілігі бар балаларға арнайы жағдай қалыптастыру мақсаты жатыр.
Қобда ауданындағы мектептерде инклюзивті білім беру жағдайында қойылатын талаптар:
-МШБ оқыту мен тәрбиелеу үшін жағдай жасау;
-мектептің физикалық тұрғыдан қол жетімділігін қамтамасыз ету (лифтілер, пандустар, арнаулы жиһаз);
-кадрлармен қамтамасыз ету:
- жалпы білім беру үдерісіне ендірілген балаларға психологиялық-педагогикалық қолдау жасау;
-арнаулы техникалық жарақтармен қамтамасыз ету (есту, көру, сөйлеу мүшелерінің ақаулықтары бар балалар үшін);
-педагогтарға, мүмкіндігі шектеулі және сау балаларға, оқушылар ата-аналарына, сондай-ақ мектептің техникалық персоналына кеңестер беру.
Инклюзивті білім беру –балаларды жалпы білім беру процесіне толықтай қосу үшін балаларды бір-бірінен ажыратып,кедергілерге ұшырамауға бағытталған және олардың жасына, жынысына, этикасына, дініне қарамастан әлеуметтік бейімдеуге бағытталған мемлекеттік саясат.
Сонымен қатар дамудағы қалыс қалу немесе экономикалық мәртебесіне, отбасына белсенді қатысуы, коррекциялық-педагогикалық және балалардың жеке мұқтаждарын әлеуметтік адресті қолдаудағы бейімдеудің баланы емес, ортаны жеке ерекшеліктерімен білімдік қажеттіліктерін білім беру жағдайларын тиімді жолмен құру.
Мүмкіндігі шектеулі балаларға білім беру жағдайын сараптауда, отандық тәжірибеде ерекше мұқтаж балаларды жалпы білім беру процесіне қосуда әр түрлі елдердегі шетел ғалымдары инклюзивті процестерін халықаралық құқықтық акт туралы жұмыстарда игеру қажет. Осы әр түрлі жер бетіндегі елдердің мәдени-тарихи және әлеуметтік- экономикалық деңгейлерінің дамуына байланысты инклюзивті білім беру принциптері анықталады:
Жалпы білім берудің жоғарғы сапалары;
Балалардың отбасындағы жағдайы;
Оқытумен тәрбиелеу кезіндегі ата-анасының қатысуы;
Мұғалімдердің әр түрлі өзгерістерге дайын болуы, балалардың құқықтарымен қабілеттерін есепке алып отыру;
Жалпы білім беру мекемелерінде тиімді білім жағдайларын туғызу
Нәтижелі әлеуметтендірумен оқытудың жүзеге асырылуы инклюзивті білімді қолдану кезінде ғана табысқа жетілуі;
Демократиялық қоғамға орналастыру және жеке тұлғалық құқықтарын сақтауға кепілдеу;
Мүмкіндігі шектеулі балаларды тиімді білімділікпен, коррекциялаумен, әлеуметтік жағдайларына араластыру
Ата –аналар, мұғалімдер, тәрбиешілер мен мамандар іс-әрекетінде бірлестік, жүйелілік болса ғана инклюзивтік тәрбие жұмысы жақсы нәтиже көрсетеді.
Мүмкіндігі шектеулі балаларға ерекше білім беру назарсыз қалмауы үшін әр педагог әдіс-тәсілдерін нақты ойластыру қажет. Тек қана балаға бейімделген тәрбие оның ішкі потенциялын ашуға мүмкіндік туғызады, әр адамға қарап, сабырлылыққа тәрбиелейді, отбасыларымен қарым-қатынастықты нығайтып, оқу барысына кірістіреді. Инклюзивті тәрбиенің ұтымдылығы қанша және кім пайдасын көреді?
«Табиғаттың мүмкіндігі шектеулі деп есептемейік! Адамның өнері арқылы бұл мүмкіндіктін шектеусіз сипатқа ие болуы да ықтимал», Ж. Ламетри айтқандай, қазіргі таңда барлық әлемде жеке қажеттілікті түзету, педагогикалық қолдау мен бейімдеу баланы емес, балалардың білімдік сұраныстары мен жеке ерекшеліктеріне ортаның, отбасының белсенді қатысуымен білімт беру үрдісіне толық қосуды қарастыратын барлығы үшін бір мектеп немесе инклюзивті білім беру туралы айтуда.
Инклюзивті білім беру – мүмкіндіктері шектеулі балаларды оқытып үйретудің бір формасы. Бұл арнаулы білім беру жүйесінде дәстүрлі түрде қалыптасқан және даму үстіндегі формаларды ығыстырмайды. Нағыз инклюзив білім берудің екі жүйесін жалпы және арнаулы жүйелерді бір біріне қарама-қарсы қоймай қайта жақындатады. Олардың арасындағы шекараны ашады. Инклюзивті білім берудің Қазақстанда өріс алуы қажеттілік әрі перспективалық іс екенін мойындаймыз. Осы кезде ғылыми ортада педагогикалық қауымдастықтар арасында инклюзивтік білім беру (баршаға қол жетімді және бәріне бірдей білім беру жүйесіне қосу) идеясы кең етек алып келеді.
Жалпы білім беретін мектепте сау балалар мен мүмкіндігі шектеулі балалардың бірлесіп (интеграциялы) түрде оқуын ұйымдастыру консилиум арқылы әзірленеді. Консилиумға мектептің пән мұғалімдері, педагог-дефектологтар, психологтар қатысады. Жеке бағдарлама есту, сөйлеу, көру қозғалу мүшелері мен интеллектідне ақаулықтары бар оқушылардың танымдық мүмкіндігіне бейімдетіледі.
Инклюзивті білім беру жағдайындағы жалпы білім беретін мектептерде білім беру процесін ұйымдастыру типтік және қолданыстағы оқу жоспарларына сәйкес жүргізілуі, жылдық күнтізбелік оқу жоспары және сабақ кестесі арқылы регламенттелуі тиіс. Бұл ұсыныстар мүмкіндігі шектеулі бар балалар оқитын бастауыш сынып мұғалімдері мен пән мұғалімдеріне оқу бағдарламаларын әрбір жеке жағдайға байланысты оқушылардың білім жөніндегі талап-тілегіне бейімдеуді жүктейді. Білім беру бағдарламалары мектептің педагогикалық және әдістемелік кеңестерде бекітілу керек.
Инклюзивті білім беру жағдайында сынып жетекшілерінің рөлі де артып күрделене түседі. Мүмкіндігі шектеулі оқушыларға арнаулы қолдау көрсетілуін: шәкірттердің оқу процесі аясында жұмысты ұйымдастыруына көмектесу; оңды қарым-қатынастар негізінде балалар ұжымын қалыптастырып, дамыту; ата- аналармен тығыз ынтымақтастық орнату мәселелерінің реттелуін нақ солар қамтамасыз етуі тиіс.
Мүмкіндігі шектеулі оқушылардың оқып- үйренуіндегі қиындықтарын дер кезінде анықтап, оларға коррекциялық- педагогикалық қолдау көрсету үшін, сондай- ақ жалпы білім беретін мектептегі білім игеруге байланысты қол жеткізілген деңгей туралы оқушылар мен ата-аналарды хабардар етіп отыру үшін тұрақты түрде психологиялық, педагогикалық мониторинг өткізіліп тұруы тиіс. Бұл интеграциялық оқыту сыныбы мұғалімнің арнаулы (коррекциялык) сынып мұғалімімен, пән мұғалімдерімен, психологпен, арнаулы және әлеуметтік педагогтармен тығыз ынтымақтастықта бірлесіп жұмыс жүргізу нәтижесінде іске асады. Инклюзивті білім беруді дамытуды мүмкіндіктері шектеулі балалардың білім алу жүйесін жетілдірудің басты бағыттарының бірі ретінде қарастырған жөн. Бала және оның ата-анасының тұрғылықты жеріне сәйкес жалпы типтегі мекемелерге мұндай балаларға білім беруді ұйымдастыру, оларды ұзақ мерзімге мектеп-интернатқа жіберуден сақтап, отбасында тәрбиеленіп тұруы үшін жағдай жасайды, қалыпты деңгейдегі дамыған құрдастарымен күнделікті қарым- қатынас жасауды қамтамасыз етеді, әлеуметтік бейімделуі және қоғамға кіріктіруге қатысты мәселелерді тиімді шешуге мүмкіндік береді. Денсаулығына байланысты мүмкіндігі шектеулі балалардың барлық осы ерекшеліктері бірлескен оқу мен тәрбиелеу төңірегінде шиеленіседі және педагогтың ерекше назары мен жағдайын талап етеді.
Жобаны тиімді түрде жүзеге асыруда кездесетін кедергілер, қиындықтар болуы мүмкін .Жалпы білім беретін мектептердегі мүмкіндігі шектеулі балалар оқу материалын меңгеруде, жеке тәсілдің жоқтығы, арнайы коррекциялық – түзету, психологиялық, педагогикалық, әлеуметтік қолдаудың жеткіліксіздігі салдарынан әлеуметтік дағдыларды игеруде елеулі қиындықтарға тап болады.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет