Семинар «Д окторлық зерттеулердiң ұйымдастырылуы және профилі»



Дата26.06.2016
өлшемі36.62 Kb.
#159062
түріСеминар
ҚЫСҚАША МӘЛІМЕТ

Жоғары білім беруді реформалау бойынша серіктес- елдердегі сарапшыларға арналған тақырыптық семинар «Докторлық зерттеулердiң ұйымдастырылуы және профилі»

Ливан, 11-12 наурыз 2013 жыл (Lebanon)

PhD докторлардың ұйымдастыру және дайындау мәселелеріне III кезеңдік Еуропа Одағы жоғары білім беруді реформалау ақпараттық жобаның шеңберінде 11-12 наурызда Ливан елі, Каслик Университетінде (Kaslik University of Holy Spirit - USEK) «Докторлық зерттеулердiң ұйымдастырылуы және профилі» атты тақырыптық семинар өтті. Семинар Ливан еліндегі Ұлттық Темпус кеңсесі, Еуропа елдері астаналарының университеттер желісі және Каслик Университетінің ұйымдастыруымен және білім, мәдениет пен аудиовизуалды құралдар жөніндегі Атқарушы Агенттігінің әдiстемелiк және қаржылай қолдауымен өтті.

Семинарға 14 елдің 77 өкілі, соның ішінде Қазақстан Республикасының 6 азаматы қатысты. Қатысушылардың толық тізімімен www.kaslik2013.bolognaexperts.net сайтында танысуға болады.

Семинардың мақсаты – қатысушы елдердің PhD докторлық бағдарламаларының ұйымдастыру тәжірибесімен танысу, докторларды даярлаудың тәртібі, рәсімдері мен шарттары және докторлық мектептердің қызметі жөнінде талқылау жүргізу, бағдаламаларды басқару, докторанттардың, ғылыми жетекшілердің және оқу орындарының рөлі мен міндетін, сонымен қатар PhD докторлардың жұмысқа орналасу мүмкіндіктерін арттыру сұрақтары болып табылады.

Дайындық кезеңінде барлық қатысушы-елдер өздерінің докторлық бағдарламаларды жүзеге асыру тәжірибесімен таныстырды және соның негізінде семинар тақырыбы бойынша жарияланым дайындалды.
Семинар бағдарламасына сәйкес ашылу салтанатынан кейін қатысушылар Загреб Университетінің проректоры, профессор Мелита Ковачевичтің негізгі презентациясымен танысты. Пікірталасқа профессор Д. Саватовский, Сорбон университеті докторантура бөлімінің бастығы, профессор Эрно Кесзей, ЕLTE университетінің ғылым, инновация және зерттеулер жөніңдегі проректоры (Будапешт) және Александра Битусикова, Еуропа Университеттер Ассоциациясының докторлық білім беру кеңесінің аға кеңісшісі қатысты. Баяндамашылар докторларды дайындау бағдарламасына гуманитарлық пәндерді қосу, докторанттар мен ғылыми жетекшілер ара-қатынасы, оқудан кейін жұмысқа орналасу сияқты мәселелерге көніл бөлді.

Ливан үкіметі елдегі жоғары білімнің дамуына Темпус бағдарламасының қосқан үлесін жоғары бағалайды. Баяндамашылар тарапынан бұл идея ашылу рәсімінде бірнеше рет атап өтілді. Ашылу рәсімінде Ливанның Білім министрі Хассан Диаб, университет ректоры Хади Махфуз, Ұлттық Темпус бағдарламасының үйлестірушісі Ареф Алсуфи сонымен қатар, Ливандағы ЕО-ның өкілдігі қатысты. Темпус Атқарушы Агенттігі департаментінің жетекшісі Клаус Хаупт қабылдаушы жақтың қонақ-жайлылығы мен семинарға зор көңіл бөлгендіктеріне алғысын айтып, қатысушыларды бағдарламаға келешекте енгізілетін өзгерiстерімен таныстырды.

Қатысушылар көрсетілген бейнероликтен USEK тарихымен, сонымен қатар университеттерді экологияландыру, яғни, «Жасыл университетке» айналдыру, студенттердің білім алуына және оқытушылардың, әкімшілік және техникалық құрамының жұмыс жасауына ыңғайлы жағдай жасау мақсатында атқарылып жатқан жұмыстармен танысты. Қатысушылар университет ғимараттарын аралау кезінде материалды және адами ресурстарды тиімді пайдалануға, жоғары деңгейде сараптамалық зерттеулер жүргізуге мүмкіндік беретін орталықтандырылған зертханамен танысты.

Одан кейін қатысушылардың барлығы қатарлас сессияда жұмыс істеу мақсатында топтарға бөлінді. Сессия барысында докторлық мектептердің құрылымы, PhD докторлардың профилі және іріктеу өлшемдері, сапаны қамтамасыз ету жүйесі, ынтымақтастық және интернационалдандыру туралы мәселелер талқыланды.


Қатарлас сессия сараптамасының нәтижелері ұсыныс түрінде тұжырымдалды және қорытынды сессиясында жарияланды. Негізгі қорытындылары келесі:

  • PhD докторлық дайындықтың қалыптары барлық елдер үшін бірыңғайланған, ортақ болуы мүмкін емес

  • докторанттарды таңдау, зерттеу нәтижелерiн бағалау үшін айқын

белгілерді өндіру өте манызды

  • ғылыми жетекшілерге жалпы талаптарды өңдеп ұсыну қажет

  • докторанттарға ұтқырлық мүмкіндігі маңызды, бірақ оның ұтқырлығынан гөрі нәтижелеріне ерекше назар аудару керек




  • ішкі/сыртқы сапамен қамтамасыз ету саралауданда маңызды. Оны барлығының назарына жеткізу керек.

  • ғылыми ортаны бағалау

  • докторанттардың профилін аңықтау кезінде еңбек нарығы талаптарымен санасу керек

  • докторанттар өз зерттеулерінің нәтижелерін таныстыра алатын және ынтымақтастықты кеңейту, ғылыми айырбас орнату үшiн конференциялар ұйымдастырылу қажет

  • сапа бағалау және сапаны растау сұрақтарымен тікелей байланысты.


Ұсыныстар мен қорытынды талқылаудан кейін К. Хаупт семинардың қорытындысын жеткізді. К. Хаупт жемісті жұмыс жасағандары үшін қатысушыларға және ұйымдастырушыларға алғысын жолдады. Ол атқаралып жатқан жұмыстар жаңа жобаларда «Эрасмус Барлығы Үшін» жаңа бағдарлама шеңберінде жалғасын табатындығына сенімін білдірді. Докторлық зерттеулер басым бағыт болып табылады. Көптеген сұрақтарды жаңа жобаларда шешуге болады. К. Хаупт UNICA шеңберінде техникалық көмек мүмкiндiгін кеңірек пайдалануға шақырды.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет