2- семинар.
Ғалымдардың «әдіснама» ұғымына берген анықтамалары мен тұжырымдамаларын кесте арқылы көрсетіңіз.
Әдіснама — әдістер туралы ілім, әдістер теориясы, зерттеліп отырған объекті жөніндегі мәліметтерді және жаңалықтарды бірізге келтіру тәсілдерінің жүйесі. Ғылыми әдістің негізгі мақсаты — объективтік ақиқатты aшy. Зерттеудің нәтижесі де, оған апаратын жол да, әдіс те ақиқат болуы қажет. Әдіснаманың негізінде белгілі бір білімдер (ұғымдар, заңдылықтар) жүйесі жатады. Әдіснаманың ақиқаттығы оның негізінде жатқан теорияның ақиқаттығына байланысты.
№
|
Ғалымдар
|
Тұжырымдамасы
|
1
|
В.С. Аванесов
|
Педагогикалық өлшемдерді әдіснамалық негіздеу мәселесі В.С. Аванесовтің пікірінше, пәнаралық болып саналады: философиялық, әлеуметтік, педагогикалық және логикалық, математикалық, статистикалық т.б.
|
2
|
Э.Г. Юдин
|
Əдіснамалық білімдер тобы төрт деңгейлі келеді (Э.Г. Юдин): философиялық, жалпы білімдік, нақты ғылымдық жəне технологиялық.
|
3
|
И.Я.Лернер
|
Әдіснама – педагогикалық құбылыстарды, әлеуметтену заңдылықтарын, оқу-үйретім және тәрбие заңдылықтарын тану жөніндегі ғылым
|
4
|
Г.Гегель
|
Әдіс – мазмұнның сырттай формасы емес, оның жаны және түсінімі
|
5
|
В.В.Краевский
|
В.В.Краевский педагогиканың әдіснамасы педагогикалық шынайы болмысты бейнелейтін педагогикалық теорияның құрылымы мен негіздері, білімдер жасауға қажет тұғырлар мен тәсілдердің қағидалары туралы білімдер жүйесі, сондай-ақ, арнайы ғылыми-педагогикалық зерттеулердің бағдарламаларын, логикасын және әдістерін, сапасын бағалау туралы білімдерді алу бағытындағы әрекет жүйесі деп тұжырымдайды.
|
6
|
М.А. Данилов
|
Педагогиканың әдіснамасы педагогикалық қызметті көрсететін педагогикалық теорияның құрылымы мен негіздемелері туралы, білімді алу тәсілдері мен әдістері, қағидалары туралы білім жүйесі болып табылады
|
Педагогикалық өлшемдердің әдіснамасын зерттеген ғалымдардың еңбектерін зерделеп, Canva.com цифрлық құралы көмегімен презентация жасаңыз
Презентация:
https://www.canva.com/design/DAFdP-9HDXw/6sLiz7-FvFx0tvGVIf1Jrw/edit
Google форманы пайдаланып педагогикалық өлшемдердің әдіснамалық амалдарына тест құрастырыңыз
https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSegpz9319j0QbAtVfBQIlBP2cvkk9ZZ7bzm2yV64-Hl2k2rgw/viewform?usp=sf_link
Достарыңызбен бөлісу: |