СЕМИНАР Құралай: Сәлеметсіздер ме, құрметті әріптестер! Біздің жаңартылған білім беру - заман талабы атты семинарымызға қош келдіңіздер!
Мақсаты - Мұғалімдерге педагогикалық тәжірибесін жетілдіру мен бағалай білуге көмектесу, сындарлы ойлауға бағыттау. Жаңартылған білім беру бағдарламасы негізінде оқыту мен оқу тәжірибесіндегі жаңа тәсілдердің тиімді жақтарын көрсету, білімалушылардың алған білімдерін өмірде пайдалана білу, олардың функционалдық сауаттылығы мен танымдық белсенділігін арттыруға, өз бетінше білім алуға, шығармашылығын қалыптастыруға ықпал ету.
Ұлсана: Міндеттері
жаңартылған білім беру бағдарламасының құрылымымен, ондағы материалдардың күрделілігініғң өсу ретімен, мазмұнымен және мақсаттарымен таныстыру;
жаңартылған білім беру бағдарламасына сәйкес келетін педагогикалық тәсілдерді түсінуін және қолдана білуін қамтамасыз ету;
жаңартылған білім беру бағдарламасындағы оқу мақсаттарына қол жеткізу мақсатында критериалды бағалау жүйесін түсініп, қолдана білуін қамтамасыз ету;
Мұғалімдердің бойында орта білім мазмұнын жаңарту жағдайында пән бойынша жаңартылған білім беру бағдарламасын іске асыру үшін қажетті дағдыларды қалыптастыру.
Құралай: Сергіту сәті: «Миға шабуыл» әдісі. Семинарымызды бастамас бұрын, осында отырған әріптестермен кішігірім ойын ойнасақ. Қәзіргі таңда заманауи мұғалімдерді қалай елестесіздер? Сол жайлы сіздерге плакат береміз осы плакатқа 2 топ болып сурет салсаңыздар. Және соны топ болып қорғасаңыздар. Ұлсана: Біздің президентіміз Қ.Тоқаев айтқандай - отандық білім беру жүйесінің үздік үрдісін сақтай отырып, бір орында тұрып қалмай, әрдайым даму жолында болу керектігін атап өтті. Президенттің айтуынша, бәсекеге қабілетті балаларды қалыптастыруда басты үміт мұғалімдерге артылады.
Бұл – ең алдымен мұғалімдердің біліктілігіне, оқулықтардың сапасына, заман талабына сай инфрақұрылым мен материалдық қорға байланысты мәселелер.
Ұлсана: Бүгінгі таңдағы оқыту үрдісі жаңа әдіс-тәсілдерді, жаңаша идеяларды қолдануды тaлап етеді. Әр мұғалім өз іс-тәжірибесінде көптеген қиындықтармен, кедергілермен кездеседі. Ол зaман көшіне ілесу үшін өз білімін жетілдіріп отыруы қaжет. Ақпараттық-коммуникациялық технологияны пайдалану оқытудың тиімді әдістерінің бірі Әдіс-тәсілдер білімалушы белсенділігін дамытудың негізі.
Құралай: Біз өз іс-тәжірибемде кеңінен қолданылып жүрген әдіс-тәсілдерімізбен бөлісейік: Олар: түрліше әдіс-тәсілдер.
Ұлсана: Slidesmania платформасын сіздерге түсіндірсек.
Ойын: осы платформадағы дайын шаблонды алып біз сіздермен ойнасақ?! Сіздерге логикалық сұрақтар қоямыз. Сол сұраққа жауап берген әріптеске бізден сыйлық, яғни сіздерге сыйлықтармыз бар.
Сұрақтары: Ахметтің әкесінің 6 ұлы бар 1) Ержан, 2) Нұржан, 3) Ерлан, 4) Нұрлан, 5) Ербол, 6) ?.. Алтыншы ұлының есімі кім?
Жауабы: (Ахмет)
Торда 12 құс отыр. Оның 11-нен басқасы ұшып кетті? Торда қанша құс қалды?
Жауабы: 12 құс. (Тордан ұша алмайды)
Айдынның Асқардан бойы ұзын, бірақ Жанаттан кіші. Кім ұзын?
Жауабы: Жанат ұзын.
Тауық өзін құспын деп айта ала ма? Жауабы: Жоқ, ол сөйлей алмайды
Жаңбыр екі күн қатарынан жаууы мүмкін бе?
Жауабы: Жоқ, өйткені олардың арасында түн бар.
Жаңбырдың кезінде кімнің шашы суланбайды? Жауабы:Тақырбас адамның
Көшеде екі әкесі, екі баласы, және атасы немересімен қыдырып жүр. Көшеде неше адам жүр? Жауабы: үшеу
Допты лақтырғанда, доп сол ізімен кері қайту үшін оны қалай лақтыру керек? Жауабы: жоғары
Ол сізге тиесілі, бірақ адамдар оны сізден жиі қолданады? Жауабы: Сіздің есіміңіз.
Құрметті әріптестер қорытындылай келе біз сіздермен ойын ойнасақ. Сұрақтары: Ұлсана: 1. Кім ешқашан кешікпейді?
Құралай: 2. Кім ешқашан айқайламайды?
Ұлсана: 3. Кім барлығымен өте сыпайы?
Құралай: 4. Кімнің даусы өте әдемі?
Ұлсана: 5. Кім әзілқой?
Құралай: 6. Кім өте адал?
Ұлсана: 7. Кім өте мейірімді?
Құралай: 8. Кім жұмыста киім үлгісін сақтамайды?
Ұлсана: 9. Кім жұмыста ұйықтайды?
Құралай: 10. Кім үнемі ашуланып жүреді?
Ұлсана: 11. Кім үнемі кешігіп жүреді?