белгілерін анықтау, саяси тұрақтылыққа қол жеткізу тәсілдері мен елдегі
- саяси шиеленістердің негізгі нысанасы субъектілердің саяси билік
институттарының үстінен өз ықпалын жүргізу арқылы мемлекеттің
ресурстарын пайдалануға қол жеткізіп, өздерінің ұзақ мерзімді мақсаттары
мен түпкі мүдделерін жүзеге асыру екендігін түсіну керек;
- саяси шиеленістердің субъектілері ретінде мемлекеттік билік
механизмдерін пайдалану арқылы өз мақсат, мүдде және сұраныстарын
жүзеге асыруға ұмтылған түрлі әлеуметтік топтар, биліктің орталық және
жергілікті
органдары,
қоғамдық
ұйымдар,
жеке
тұлғалардың
шығатындығына назар аударыңыз.
Екінші сұрақ бойынша:
- саяси шиеленістердің, нақтырақ айтсақ, тараптардың экономикалық
мүдделерінің қақтығысы, азаматтардың саяси құқықтарының шектелуі,
идеологиялық қайшылықтар, әлеуметтік проблемалардың шиеленісуі,
субъектілердің
этникалық
және
діни
көзқарастары
арасындағы
қайшылықтардың шығуына түрткі болатын себептерге талдау жасаңыз;
-
шиеленістердің мына белгілерін зерделеңіз: қарсыласушы
субъектілердің болуы, екінші тараптың есебінен өз мақсаттарына жетуге
деген ұмтылыс, қатысушылар іс-қимылдарының қарама-қайшы мақсаттарға
жетуге бағытталуы, шиеленіс авторлары позициясының кез-келген ымыраны
жоққа шығаруы;
- саяси шиеленістердің екі жағының бар екендігіне назар аударыңыз:
бірі – тез арада шешімін табуы тиіс қайшылықтар туралы қоғамға ақпарат
жеткізу сияқты жағымды функциясы және қоғамда әлеуметтік үдерістердің
бұзылуына, дағдарыстың тууына себепкер болуы мүмкін дисфункциясы.
Үшінші сұрақ бойынша:
-саяси шиеленістерді болдырмаудың бір жолы – олардың алдын алу
болып табылатындығын, яғни саяси институттардың шиеленіс,
қайшылықтарды танып білуі, айыра білуі шарт екендігіне, артынша мұндай
текетірестерді тудырушы потенциалды факторларды тез арада жоюға әрекет
жасауы тиіс екендігін ескеріңіз;
- шиеленістің аяқталуы жанжалдасушы тараптар үшін айрықша
маңызға ие басты мәселелерде өзара келісімге келуі үшін екі жаққа да тиімді
шешімдерді іздеу мен табу арқылы шешуге болатындығына назар
аударыңыз;
- жанжалдасушы тараптардың текетіресін тоқтату үшін тиімді
шешімдерді қабылдаудың жеткіліксіз екендігін, сонымен қатар қол жеткен
келісімдердің сақталуына және шиеленіс субъектілерінің өз міндеттемелерін
қатал орындауына кепілдік беретін шынайы механизмдерді қалыптастыру
қажеттігін есте ұстау керек.
Бақылау сұрақтары.
1. Саяси шиеленістердің қоғамдағы жағымды өзгерістерге бастама
болатын фактор ретіндегітиімді аспектілері қандай?
2. Саяси шиеленістердің қоғамда әлеуметтік қобалжушылық пен
текетірестік тудыратын келеңсіз тұстары қандай?
3. Саяси шиеленістердің пайда болуы мен дамуына себепкер болатын
факторлар, жағдайлар мен себептерді атаңыз.
4. Ішкі және сыртқы саяси шиеленістердің қандай айырмашылықтары
бар?
5. Әлеуметтік қобалжушылықты бәсеңдету мен саяси шиеленістерді
шешудің қандай саяси механизмдері бар?
6. Саяси үдерістердің тұрақтылығы мен әлеуметтік консенсусты
қолдауда институционалды-нормативті механизмдердің рөлі қандай?
Студенттерге арналған өзіндік жұмыс тақырыбы.
1. Саяси шиеленісті реттеу бойынша жол картасын дайындау - Кейс-
стади.
Достарыңызбен бөлісу: