Сабақтың мақсаты: Білімділік оқушылардың асқорыту жүйесі бойынша алған білімдерін толықтыру, тереңдету, жүйелеу



Дата30.06.2016
өлшемі66.48 Kb.
#167732
түріСабақ
Сабақтың тақырыбы: Асқорыту жүйесі бөлімі бойынша қорытынды сабақ

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік – оқушылардың асқорыту жүйесі бойынша алған білімдерін толықтыру, тереңдету, жүйелеу.

2. Дамытушылық – оқушылардың 6-7-сыныпта алған білімдерін жетілдіру, логикалық ойлау қабілеттіліктерін, салыстыру операцияларын дамыту, ой-өрістерін кеңейту, өз ойын еркін білдіріп, нақты мысалдармен дәлелдеуге, шапшандылыққа үйрету.

3. Тәрбие берушілік – оқушылардың еске түсіру қабілеттерін дамыту, әңгімелесу мәдениетін қалыптастыру, көпшілік алдында өзін-өзі ұстай білуге үйрету, достық сезімдерін жандандыру, сынып алдындағы жауапкершіліктерін, қызықты материалдар арқылы білім алуға құштарлықтарын арттыру.



Сабақтың типі: қорытынды.

Сабақтың түрі: ойын сабағы.

Сабақта қолданылатын әдістер: сөздік: баяндау, диалог, дәріс; көрнекілік: дыбысты көрнекілік; практикалық: эксперимент.

Қолданылатын көрнекіліктер: бейнематериалдар.

Пәнаралық байланыс: химия, физика, тарих, қазақ әдебиеті, орыс әдебиеті, орыс тілі, ӨҚН.

Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру.

(Сабақ басталар алдында жарға дұрыс тамақтану туралы плакаттар ілініп қойылады. Үстелдерге асқорыту жүйесінің макеттері, жеміс-жидек муляждары салынған вазалар қойылады.)

- Қайырлы таң, оқушылар!

- Бүгінгі асқорыту жүйесі бөлімі бойынша қорытынды сабағымыз ойын түрінде өтпек. Сайысымызға сыныптан 3 топ жасақтаймыз.

(Оқушыларға асқорыту мүшелері жіктелген пазлдарды үлестіріп, 3 топ жасақтаймын.)

- Енді, әрбір оқушы топ мүшелерінің арасынан сүйікті тағамы, тамақтану режимі, асқорыту жүйесінің аурулары сияқты мәселелер бойынша өз сыбайластарын табу керек.

(Диалог құруға 2 минут уақыт беремін.)

- Диалог нәтижесін жария ету үшін әр топтан 1 ойыншыға сөз беремін.


  1. Жаңа материалды бекіту.

- Ал, енді сайысымызды бастайық!

- Сайысымыздың І туры - «Бәйге». Бұл турда әр топқа 1 минут ішінде асқорыту жүйесі бөлімі бойынша жеке сұрақтар қойылады. Сол сұрақтарға әр топ мүшелері шапшаң, білмесе «әрі қарай» деп жауап беруі қажет. Әр дұрыс жауап – 1 ұпай. Ассистентіміз 1 минут ішінде берілген дұрыс жауаптар санын санап отырады. І болып өз ойлау қабілеттіліктерінің шапшаңдығын І топ мүшелері көрсетеді.

(Экраннан 1 минут өткеннен кейін дыбыс шығаратын сағат көрсетіледі)

- І топқа қойылатын сұрақтар:

(Дұрыс жауап сұрақтан кейінгі жақша ішінде берілген)


  1. Адамдағы тістің жалпы саны? (32)

  2. Асқорыту бездері? (бауыр, ұйқы және сілекей бездері)

  3. Ауызда не ыдырай бастайды? (көмірсу)

  4. Сөйлеуге қатысатын ауыз қуысының мүшесі? (тіл)

  5. Судың реабсорбциясы қайда жүреді? (тоқ ішекте)

  6. Сілекей құрамындағы бактериоцидті фермент? (лизоцим)

  7. Тілдің бүйірі қандай дәмді сезеді? (қышқылды)

  8. Қарындағы рН? (қышқылдық)

  9. Сілекей нәруызы? (муцин)

  10. Нәруыздар не түрінде сіңіріледі? (амин қышқылдары)

- ІІ топқа қойылатын сұрақтар:

  1. Ауыз қуысындағы сілекей бездерінің саны? (3 жұп)

  2. Асқорыту жолы неше қабаттан тұрады? (3)

  3. Тілдің бұлшықет ұлпасы? (көлденең жолақты)

  4. Тілдің түбі қандай дәмді сезеді? (ащыны)

  5. Астың сіңірілуі қайда жүреді? (аш ішекте)

  6. Крахмалды мальтозаға ыдырататын фермент? (амилаза)

  7. Сүтті ірітетін фермент? (химозин)

  8. Ауыздағы рН? (сілтілік)

  9. Асқазанның сілемейлі қабығында түзілетін гормон? (гастрин)

  10. Көмірсулар не түрінде сіңіріледі? (глюкоза)

- ІІІ топқа қойылатын сұрақтар:

  1. Асқорыту жолы неше қабаттан тұрады? (3)

  2. Тілдің ұшы қандай дәмді сезеді? (тәттіні)

  3. Ауыз қуысының қай мүшесінде лейкоциттер болады? (таңдай бадамшаларында)

  4. Тамақ ауыз қуысынан қайда өтеді? (жұтқыншаққа)

  5. Аш ішектің алдыңғы бөлімі? (ұлтабар)

  6. Дисахаридтерді глюкозаға ыдырататын фермент? (мальтаза)

  7. Жұмыртқа ақуызын ыдырататын фермент? (пепсин)

  8. Аш ішектегі рН? (сілтілік)

  9. Ұйқы безінің ақуызды ыдырататын ферменті? (трипсин)

  10. Майлар не түрінде сіңіріледі? (май қышқылдары мен глицерин)

- «Бәйге» турымыздың нәтижелерін жариялау үшін сөзді ассистентімізге берейік.

- Сайысымыздың келесі туры «Брейн-ринг» деп аталады. Бұл турда барлық топтарға ортақ логикалық сұрақтар қойылады. «Уақыт» деген сөзден бастап 1 минут ішінде әр топ өзінің тек қана 1 ойын жеткізуге құқылы. 1 минуттан кейін немесе сұраққа дұрыс жауап берілсе, бұл сұрақтың дәл дұрыс жауабын айтамын. Бағалау сұрақтың қиындығына байланысты. Ассистентіміз әр топтың ұпайларын санап отырады.

(Экраннан 1 минут өткеннен кейін дыбыс шығаратын сағат көрсетіледі)

- Сонымен, І сұрақ 2 ұпайлық: Неліктен кішкентай балалар ащы, қышқыл тамақтарды жемейді? «Уақыт»

Жауабы: («Кішкентай балалардың ащы, қышқыл тамақтарды жемеуі туралы сұраққа жауап» бейнематериалы қосылады)

- Келесі сұрақ 3 ұпайлық: Көне Үнді елінде адамның кінәлілігін анықтау үшін құрғақ күріш жегізген. Айыпталушы құрғақ күріш жей алмаса кінәлі деп танылған. Бұл сынақ неге негізделген? «Уақыт»

Ж: Күрішпен сынау адам қорыққан кезде сілекей бөліну тоқтап, ауыздың құрғайтынына, ал құрғақ күрішті жеу мүмкін еместігіне негізделген. Әрине, бұл кезде жазықсыз адам да кінәлі деп танылуы мүмкін еді.

- Келесі сұрақ 2 ұпайлық: Неліктен қарнын ашқанда калориялы тамақ туралы ойлайсың? «Уақыт»

Ж: («Қарнын ашқанда калориялы тамақты ойлау туралы сұраққа жауап» бейнематериалы қосылады)

- Келесі сұрақ 4 ұпайлық: Неліктен тәтті сорпа дайындау үшін кесілген етті салқын суға, ал пісірілген ет дайындау үшін ірі кесектерді ыстық суға салу керек? «Уақыт»

Ж: Суды баяу қыздырғанда еттің құрамындағы экстрактивті заттар сорпаға өтеді. Сондықтан сорпа етке қарағанда тәттілеу болады. Ал етті бірден ыстық суға салса, ет бетіндегі ақуыз жоғары температураның кесірінен ұйып, көптеген саңылауларды бітеп тастайды. Нәтижесінде экстрактивті заттар етте қалып, ет сорпаға қарағанда тәттілеу болады.

- Келесі сұрақ 2 ұпайлық: Неліктен құрғақ ауызбен дәмді сезбейсің? «Уақыт»

Ж: («Құрғақ ауыздың дәм сезбеуі туралы сұраққа жауап» бейнематериалы қосылады)

- Келесі сұрақ 3 ұпайлық: («Кеште тамақ ішудің қант диабетіне әсері туралы сұрақ» бейнематериалы қосылады) Кеште тамақ ішу мен қант диабетінің арасында қандай байланыс бар? «Уақыт»

Ж: («Кеште тамақ ішудің қант диабетіне әсері туралы сұраққа жауап» бейнематериалы қосылады)

- Келесі сұрақ 2 ұпайлық: Неліктен кеспе ұзақ уақыт ашығу сезімін тудырмайды? «Уақыт»

Ж: («Кеспенің ұзақ уақыт ашығу сезімін тудырмауы туралы сұраққа жауап» бейнематериалы қосылады)

- Келесі сұрақ 4 ұпайлық: Тұз бен гипертонияның арасында қандай байланыс бар? «Уақыт»

Ж: («Тұздың гипертонияға әсері туралы сұраққа жауап» бейнематериалы қосылады)

- Келесі сұрақ 2 ұпайлық: Неліктен адам тамақ ішіп жатқан кезде шашалып қалуы мүмкін? «Уақыт»

Ж: («Шашалып қалу туралы сұраққа жауап» бейнематериалы қосылады)

- Келесі сұрақ 3 ұпайлық: Неліктен құрамында ақуыз көп тағам ұзақ уақыт ашығу сезімін тудырмайды? «Уақыт»

Ж: («PYY гормонына ақуыздың әсері туралы сұраққа жауап» бейнематериалы қосылады)

- Келесі сұрақ 2 ұпайлық: Неліктен біз тұмау тигенде дәм сезбейміз? «Уақыт»

Ж: («Тұмау тигенде дәм сезбеу туралы сұраққа жауап» бейнематериалы қосылады)

- Келесі сұрақ 4 ұпайлық: ХІV ғ. Еуропада обаның эпидемиясы басталады. 35 млн. адамның өмірін қиған аурудан Францияның оңтүстік жағалауында Коллиур ауылының тұрғындары ғана аман қалады. Аталмыш елді мекеннің тұрғындарын не құтқарып қалды? «Уақыт»

Ж: («Тұздың обаға әсері туралы сұраққа жауап» бейнематериалы қосылады)

- Соңғы сұрақ 3 ұпайлық: Неліктен сүт өнімдері арықтауға мүмкіндік береді? «Уақыт»

Ж: («Сүт өнімдерінің майдан құтылуға әсері туралы сұраққа жауап» бейнематериалы қосылады)

- «Брейн-ринг» турының нәтижелерін жариялау үшін сөзді ассистентімізге берейік.

- Сайысымыздың «Ас – адамның арқауы» деп аталатын соңғы турына да келіп жеттік. Бұл турымызда әрбір топ кезекпен тамақтану туралы мақал-мәтелдер, жаңылтпаштар, жұмбақтар айтулары керек. Топ қоржынына әр нақыл сөз үшін 1 ұпай қосылады. Ассистентіміз әр топтың ұпайларын санап отырады.

- Турымызды ІІІ топ бастайды.



- «Ас – адамның арқауы» турының нәтижелерін және сайысымыздың қорытындысын жариялау үшін сөзді ассистентімізге берейік.

  1. Қорытынды.

- Бүгінгі ойынымыздың жеңімпаздарын құттықтап, баршаңызға белсене қатысқандарыңыз үшін алғысымды білдіремін.

  1. Бағалау.

  2. Үй тапсырмасын беру.

(Өзім тақтаға, оқушыларға дәптерлеріне жаздыртамын:) Үйге: Х бөлім.

  1. Сабақты аяқтау.

(Оқушыларды орындарынан тұрғызып,)

- Сабақ аяқталды. Сау болыңыздар.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет