Модальділік мағына, оның рай категориясымен байланысы
Модальділік хабардың анықтылығын, танықтылығын, ақиқаттылығын, күдіктілігін, күңгірттігін, күмәнділігін, болжалдылығын, жорамалдылығын, ықтияттылығын, тыңғырлықтылығын, үстіртінділігін, шалағайлылығын, орындылығын, мүмкіндігін, ықтималдылығын, шалағайлығын, орындылығын, сондай-ақ сөйлеушінің аяныш, жалыныш, қуаныш, өкініш, реніш, жиреніш, өтініш сияқты көңіл күйін білдірсе, рай осы модальділік категориясын етістіктің формалары арқылы білдіретін амал-тәсілдердің жүйесі болып табылады [108]. Сөйлеушінің қимыл іс-әрекетке көзқарасын, қимылдың, іс-әрекеттің шындыққа, болмысқа қатысын, модальдік мәнін білдіретін, белгілі пардигмалық тұлғалар жүйесінен тұратын етістіктің грамматикалық категориясы рай категориясы деп аталады. Рай категориясы-модальдік (арай) категорияның етістік формалары арқылы берілетін амал-тәсілдерінің жүйесі. Етістіктің райы - мазмұн жағынан да, форма жағынан да - аса бай категория. Мысалы: мен барайын; мен барайыншы; мен барсамшы; мен бара алмаймын; мен бара қояйын; мен бара салайын; мен барып көрейін; мен барып та қалармын; мен барсам етті; мен барып едім ғой; мен барар ма екенмін; мен барсам керек; мен барған екенмін; менің барғым келеді, ...тәрізді жай сөйлемдердегі етістік формаларын алсақ, олардың әрқайсысында өзіне ғана тән, өзгелерінде жоқ моральдік мән (реңк) бар.
Ашық рай (индикатив) деп амал-әрекеттің өткенде, қазірде және келешекте болу я болмауын білдіретін негативті грамматикалық категорияны айтамыз. Ашық райдың мәні етістіктің шақ мағынасын білдірумен тікелей байланысты. Өйткені етістік белгілі шақта жұмсалғанда, сол қимылдың болуы аркылы сөйлеушінің ақиқат шындықты баяндауы байқалады. Мейлі ол өтіп кеткен қимыл, іс-әрскет болсын (өткен шақ), мейлі ол болып жатқан іс-әрекет, кимыл болсын, мейлі ол әлі бола қоймаған, бірақ келешекте болуга тиісті қимыл, іс-әрекет болсын, ашык райдағы етістік әйтеуір ол туралы сөйлеушінің шындық деп баяндауын білдіреді. Мысалы: Әркім өз ойымен отыр (Ғ. М.). Келемін тау ішінде түнделетіп (С. С). Мақсатым тіл ұстартып, өнер шашпақ (А). Ашық рай (индикатив) деп амал-әрекеттің өткенде, қазірде және келешекте болу я болмауын білдіретін негативті грамматикалық категорияны айтамыз. Ашық райдың мәні етістіктің шақ мағынасын білдірумен тікелей байланысты. Өйткені етістік белгілі шақта жұмсалғанда, сол қимылдың болуы арқылы сөйлеушінің ақиқат шындықты баяндауы байқалады. Мейлі ол өтіп кеткен қимыл, іс-әрекет болсын (өткен шақ), мейлі ол болып жатқан іс-әрекет, қимыл болсын, мейлі ол әлі бола қоймаған, бірақ келешекте болуға тиісті қимыл, іс-әрекет болсын, ашық райдағы етістік әйтеуір ол туралы сөйлеушінің шындық деп баяндауын білдіреді. Мысалы: Әркім өз ойымен отыр (Ғ. М.). Келемін тау ішінде түнделетіп (С. С). Мақсатым тіл ұстартып, өнер шашпақ (А). Жер жырттық, қайнады еңбек, егіс салдық (Ж. Ж.). Бұйрық рай етістігі бұйрықты, насихатты, тыйымды және т.б. білдіреді: «Сіз барыңыз!» «Бала кетсін» «Ол жаққа барма!» «Мүмкін, мен барармын» Хинди тілінде бұйрық рай көпше және жекеше түрде 2-ші жаққа ғана қолданылады. Бұйрық рай бірнеші түрде болады: бұйрық, өтініш, қалау, рұқсат, сақтандыру, т.б. Қалау рай. Қалау райы сөйлеушінің белгілі бір амалды я әрекетті жүзеге асыруға бағытталған ниетін, ынта-тілегін, үміт-арманын білдіреді. Бұл райдың көрсеткіштері есебінде -ғы (+м, +ң) сы кел; -са игі еді; ғай еді; -са екен (аналитикалық) форманттары қызмет етеді. Шартты рай формасы етістіктің жалаң (түбір, туынды), күрделі негіздеріне -са (-се) жұрнағы жалғану арқылы жасалады. Шартты райдың бұл формасы мағына жағынан басқа бір амалдың я істің жүзеге асу-аспау шартын білдіреді. Осы мағынасына орай, шартты рай формалары етістік дәйім құрмалас сөйлемнің шартты бағыныңқысының баяндауышы болады да, басыңқы сөйлемнің баяндауышының істелу-істелмеу шартын көрсетеді.
Достарыңызбен бөлісу: |