Семинар Сатылай кешенді талдау кезеңдері «Б. Соқпақбаев «Менің атым Қожа»



Дата24.03.2024
өлшемі4.22 Mb.
#496386
түріСеминар
6семинар әдебиет


Бердібек Соқпақбаев
“Менің атым- Қожа”
№ 6семинар Сатылай кешенді талдау кезеңдері
«Б.Соқпақбаев «Менің атым Қожа» әңгімелеріндегі эпизодтар мен оқиғалардың маңызды тұстарын талдау
Орындағандар-
Ибрагим.Л
Ергеш.Ф
Сансызбаева.Н
Ерболқызы.Б

1. Авторы: Б.Соқпақбаев 2. ⁠Тақырыбы: Менің атым Қожа 3. ⁠Жанр түрі: повесть, балалар көркем шығармасы, комедия 4. ⁠Идеясы: негізгң идеясы Қожаның мінезі 5. Сюжеттің басталуы: өзім туралы 5.1. Сюжеттің байланысы: мен үміт еткен қоңырау 5.2. Шиеленісуі: педсовет жайлы 5.3. Шарықтау шегі: қожаның қателігін түсініп, бұзық болмайтының айтады 5.4. Шығарманың шешімі: түбінде адам болатын бала


Бақаның әлегі
Педсовет
Жолдама алған Жантас
Оқулық емес, қант аламын
1
2
3
4
5
Өзіне-өзі есеп беруі
Оқиғалар тізбегі
Шығарма кейіпкерлері
Қожа — Шын аты Қожаберген. Бір сыныпта екі Қожа болғандықтан, шатастырмас үшін оны "Қара Қожа" деп атайды. Кейде келемеждеп «Қара Қожа» деудің орнына «Қара Көже» дейді. Фамилиясы Қадыров. Бір кезде «Қадырұлы» деп те жазып жүрді. Шашы қайратты. Бойы - орта бойлы, әжесі "әкең тәрізді сұңғақ боласың" дейді. Мектепте дәрігер өлшегенде бір жүз отыз тоғыз сантиметр шыққан. Жасы он екіде. Бесінші сыныпты бітірген. Арманы: оқу бітіріп, ер жету, университетке түсу. Жазушы болу.
Жанар — Қожамен бірге оқиды. Қожаның ойынша "кластағы ең әдемі қыз" дауысы әдемі, ән салады. Басына үкілі тақия киіп, мың бұралып «Қамажайға» билейді. Өнерлі қыз. Сыныптағы бірінші үздік оқушы.
Сұлтан — ол Қожаның жан досы. Бойы ұзынша арық келген жігіт. Қожадан екі-үш жас үлкен. Әкесі Сүгір жылқы бағады. Бірақ ол біраз жыл бұрын оқуды тастап кеткен және жаман қылықтарға әуес.
Қаратай — көрші колхоздағы комбайншы. Қаратайдың әйелі дүние салған. Ол Қожаның анасына үйленбекші. Қожа оны жек көреді.
Жантас — Ол Қожамен бір сыныпта оқиды. Жантас пен Қожа бір бірін ұнатпайды. Себебі Жантас Қожаны үнемі «Қара көже» деп мазақтайды және екеуі де Жанарды ұнатқандықтан үнемі сөзге келіп қалады. Сол себепті өз сыбағасын алады.
Майқанова — Қазақ тілі пәнінің мұғалімі (Майқанова Сәбира). Қожа оқитын сыныптың жетекшісі. Ол адамгершілігі мол әрі ақылды ұстаз.
Әжесі — Қожаны қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай қызғыштай қорғап өсіреді. Өзінің ерке немересін еш жамандыққа қимайтын жанашыр жан.
Анасы — Қожаның анасының аты — Миллат. Ол ақылды, тәрбиелі адам. Ауылдың үлкен-кішісінің бәрі бірдей алдынан қия басып өтпей, хан көтеріп, құрметтеп тұрады. Екі бірдей сайлауда қатарынан аудандық советке депутат етіп сайланған.
Сәйбек қарт — мектеп күзетшісі. Ол Қожаның әкесі Қадырдың досы, әкесі туралы көп білетін әрі Қожаға ақыл айтқан кісі.
Оспанов — зоология пәнінің мұғалімі. Қожаның жақсы көретін мұғалімдерінің бірі. Ол Қожаның әкесінің көзі тірі кезіндегі жан досы болған.
Жақанов — Қожаның сыныптасы.
А.Михайловна — Толық аты: Анфиса Михайловна. Орыс тілі пәнінің мұғалімі. Қожаның айтуынша, "мұғалімдердің ішіндегі алтын адам".
Сүттібайдың Қожасы — Қожаның сыныптасы. Сүттібайдың үлкен баласы. Бір сыныпта екі Қожа болғандықтан, шатастырмас үшін оны өңіне қарап "Сары Қожа" деп атайды.
7. Портрет. Портрет дегеніміз- көркем әдебиетте адамның сырт бітімін, кескін-кейпін, жүріс-тұрысын суреттеуді айтамыз. Қожа портреті: Екі танауыма екі саусағым еркін сиып кетердей, қос ауыз мылтықтың ауызындай үңірейіп тұр. Екі шекемнің шығыңқылығыы болмаса, басым қарбыз тәрізді доп – домалақ, тап-тақыр
.8. Мінездеме: Қожаның мінезі сотқар, бұзық, бірақ, өте ақкөңіл бала.
алғыр, пысық, ақылды,
сотқар, тентек, мейірімді, әділетті, ақын, әзілқой, тапқыр, қателіктерін түсіне біледі.
Жантас
Қожа
өтірікші, қу, зымиян, шыдамсыз, тиянақсыз, арамза, жағымпаз
КЕЙІПКЕРЛЕРГЕ МІНЕЗДЕМЕ
КЕЙІПКЕРЛЕРГЕ МІНЕЗДЕМЕ
9.Тұрақты тіркестер: Ел аяғы бссылды-ау, ауыздықты сыбырламастай етіп
10. ⁠Диалект сөздер: портфель, Күзеу- күзгі жайылым
Кəсе- кесе
Кəуіп- қауып қатер
Келемеш- келеке
Кигіз- киіз
Көзгеілдірік-Көзілдірік Тұқым – жұмыртқа,
шәугім - шәйнек, сым - шалбар, әпке-апай-апа-тәте,жейде - көйлек, құдағай - құдағи,Əскер-көп,пиала-кəсе-кесе,азанда-таңертең педсовет,т.б.
⁠11.Түйіні тәрбиелік мәні:
Балалар ақыны ретіндегі Б. Соқпақбаев шығармаларының өзіндік ерекшеліктері мол, тақырыбын тапқан ақын. Тақырып – өмір, тақырып – бүкіл шығармашылық. Балалар өміріне не нәрсе тән – ақын соны шығармалары арқылы жеткізе білген. «Менің атым – Қожа» шығармасында қазақ балалар өмірін кеңінен бейнелеп көрсетті .Шығармаларында негізінен ¥лы Отан соғысы жылдарындағы, одан кейінгі ауыл өмірінің тіршілік-тынысы және жастардың махаббаты суреттеледі.Жазушының артына өшпес із қалдырған шоқтығы биік шығармасының бірі – "Менің атым – Қожа" атты повесі. Өз шығармшылығындағы жалпы балалар әдебиетіндегі үлкен бір белесі. Халықтар тіліне және шет ел тілдеріне де аударылды. Осы шығарманың оқиға желісі мен түсірілген фильмнің Францияда жоғары бағаға ие болғанын айтып кеттік. Қожа – қазақ балаларының Том Сойер іспетті сүйікті кейіпкері."Менің атым – Қожа" повесі Марк Твен тәрізді әлемдік аты бар жазушылардың шығармаларымен теңдес. Қазақ топырағының шындығынан туындаған талантты шығарма.Бердібек, Соқпақбаевтың қай еңбегін алсақ та тілі шебер, өзіне тән стилі бар, оз айтар ойы бар, дербестігі және бар, тәрбиелік мәні зор шығармалар.Әр сатыдағы оқушылардың жас мөлшеріне сай лексиконды таңдап ала отырып, қандай күрделі ойды да аз буынға сиғыза айтып беру де осы бейімделудің көрінісі. Оның сөздік қоры соншалықты бай және көркем

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет