Семинар Семинар сабағының тақырыбы: Психология ғылымының тарихи даму кезеңі Сабақ жоспары



бет16/26
Дата26.03.2023
өлшемі282.73 Kb.
#471129
түріСеминар
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   26
Оқу әдістемелік нұсқаулық (семинар)

Адамның ерік-жігер қасиеттері:
Біріншіден, еріктің күшіне (тоқтамга келгіштік, кедергілерді жеңе алу, өзін-өзі меңгере алу, батылдық шыдамдылық т.б.);
Екіншіден, адамгершілікке сыйымды ерік сапаларына (жеке мүддені ұжым еркіне, қоғам мүддесіне бағындыра алуда көрінетін ерік сапалары);
Үшіншіден, еріктің адамның дербестігінен байқалатын сапалары жатады (инициатива, принциптілік, тәртіптілік, жинақылық т, б.).
Тоқтамға келгіштік.Тоқтамға келгіштік дегеніміз адамның қиын-қыстау кезеңдерде қажетті шешімдерге келіп, оны жүзеге асыруға қабілетінің болуы. Тез тоқтамға келу үшін адам асығып-аптықпайды. Бұл әрбір істі ой таразысына салуды қажет ететін қасиет. Тек осындай жағдайда ғана адам алдындағы ісін дұрыс бағалап, жоспарлай алады, өзінің барлық мүмкіндіктерін сарқа пайдаланады. Басқалардың ақыл-кеңесін тыңдау, ақылға салу, өзін тежей алу, қателерді көре білу - тоқтамға келгіш адамға тән қасиеттер.
Біреу тоқтамға келуде оншама көп қателікке жол бермейді, ал екінші біреу көптеген қателіктерге ұшырайды, сонысынан кейін үлкен опық жейді, әуре-сарсаңға түседі, ал үшінші бір адамдар жиі-жиі түрлі тоқтамға келеді де, алдына сансыз мақсаттар қояды. Бірақ оларды, көбінесе, орындай алмайды. Ақырында мұның барлығы оның ерік-жігерін жегідей жеп мұқалтады.
Батылдық. Мақсатты таңдау мен оған жету жолын аңықтаудың шапшаңдығы мен ақылға сайлылығынан көрінетін жеке адамның еріктік қасиеттері батылдық деп аталады. Әрекет мақсаттары мен оларға жету тәсілдерін жан-жақты және терең ойлап, қабылданатын шешімнің маңызын түсініп, олардың мүмкін болар нәтижесі жөнінде өзіне-өзі есеп беріп отырады.
Бір қарағанда батыл адам мақсатты оңай және еркін таңдайтын тәрізді болып көрінеді. Бірак, шындығында олай болмайды. Батыл адам да күрделі, азапты ішкі тартысты, қарама-қарсы мотивтер қақтығысын, эмоциялық, тебіреністерді басынан кешіреді. Батылдық - жеке адам еркінің жоғары дәрежеде екендігін көрсететін қасиет. Батылдық қабылданған шешімді жүзеге асыру барысында айқын көрінеді.
Табандылық. Мінез-құлықты ұзақ уақыт бойы белгілі бір мақсатқа сай бағыттап, бақылап отыру қабілетінен көрінетін жеке адамның еріктік қасиетін табандылық деп атайды. Табанды адам жағдайды дұрыс бағалайды, одан мақсатқа жетуге көмектесетін нәрселерді таба біледі. Ол қиындықтан тайсалмайды, тап болған күдікке, тағылған кінәларға мойын ұсынып берілмейді. Өмірден біз табандылығы төменгі дәрежеде қалып қойғандай болып көрінетін адамдарды аз кездестірмейміз. Мұндай адамдар ақылды, тіпті талантты да болуы мүмкін, бірақ біршама күрделі жағдайда немесе алғашкы қиындықтармен кездескенде өз мінез-құлықтарын ұзақ уақыт бойы басқара білуге қабілетсіз болып шығады. Оларға пайда болған кедергі алынбас қамалдай болып көрінеді де сондықтан босқа күш жұмсағылары келмейді.
Бір қарағанда ерекше табанды сияқты болып көрінетін адамдар да кездеседі. Бірақ жақынырақ танысып көрсеңіз, олардың бар болғаны кәдімгі қиқар адамдар екеніне көзіңіз жетеді. Қиқар адам өз пікірін, өз дәлелдерін ғана мойындайды, бұл дәлелдері қате болса да, соларды басшылыққа алады.
Табанды адам алған бетінен қайтпай, көздеген мақсатына қайткен күнде де жетуді ойлайды.
Мектеп оқушыларын табандылыққа тәрбиелеуде мұғалім мына шараларды жүзеге асырып отырады:

  1. Баланы жас көзінен қолына алған ісін ылғи да аяқтатып, оның қолынан іс келетіндігіне сенімін арттырып отыру қажет;

  2. Оқушы дербес әрекет жасауға, өз бетімен қиыншылықтармен күресе білуге үйрету. Қажетті жерінде тәрбиешінің өзі өнеге көрсетіп отырса тіптен жақсы;

  3. Баланы ұжымдағы ортақ мүде үшін күресе білуге баулу, көпшілік алдындағы борышын, жауапкершілігін өтеуге жұмылдыру, оған берілген тапсырмалардың орындалу сапасын қадағалау - табандылыққа тәрбиелеудің басты жолдары.

Ұстамдылық.Ұстамдылық дегеніміз адамның оқыс қимыл-қозғалыстан, орынсыз сөйлеуден, босқа күйіп-пісуден бойын тежей алу қабілеті. Ұстамды адам әр кез терең ойланып, ағат істерге бара бермейді. Мұндай адам өзінің бар күш-жігерін тек алдындағы мақсатын орындауға ғана арнап отырады. Ұстамдылық, өзін-өзі меңгере алу - адамның төзімділік, шыдамдылық, батылдық сияқты ерік сапаларымен тығыз байланысып жатады. Адам осындай қасиеттердің арқасында ғана өзін нағыз ерлерше ұстай білуге үйренеді, өзін қорқу сезіміне билетпей, көңілге алған ісін қажетінше істеп шығады.
Тәртіптілік пен жинақылық. Тәртіптілік дегеніміз адамның өз қимыл- қозғалысын, ойы мен тілегін әр уақытта ұжымның ырқына бағындыра алу қабілеті. Жекешіл, ұжымнан оқшауланып жүретін адамда тәртіптілік жағы аз болады. Кісінің тәртіптілігі оның жинақылығымен, іс-әрекетінің жоспарлығымен тығыз байланысты. Адам әр уақытта бір іске кірісерде оны мұқият жоспарлап алады. Адамның тәртіптілігі мен жинақылығы оның қоғамдық әрекетімен қатар жеке өмірінде де ерекше маңыз алады.
Оқушыларды тәртіптілік пен жинақылыққа тәрбиелеу дегеніміз олардың оқу әрекетін дұрыс ұйымдастыру, әрбір кішкентай істің өзіне тиісінше мән беріп отыруға үйрету қоғамдық істе де, жеке өмірде де қатаң тәртіп сақтау, ыждағаттылыққа, ұқыптылыққа үйрету, бір сөзбен айтқанда, осылардың барлығын олардың қанына "сіңіріп" отыру деген сөз.
Ерлік. Ерлік дегеніміз алға қойған мақсатына шексіз сенген, сол жолда ақтық демі біткенше бел байлаған, моральдық рухы жоғары адамның ғана қолынан келетін қасиет. Сонымен қатар, ерлік - батылдық пен ұстамдылықтың, табандылық пен тез тоқтамға келгіштіктің адамның басында ойдағыдай тоғысуы. Ерлік істеген сәтте адам өзіне өлім қаупі төнсе де сасқалақтамайды, өз рухын жақсы ұстай алады, басына түскен ауыртпалықты мойымай көтереді, өз мақсатын асыл мұратына бағындырып, мұны ең негізгі борышым деп есептейді. Ерлік көбінесе қоғамдық мәні бар істерде көрінеді. Сондықтан да ол адамның өз халқына, Отанына қалайша берілгендігін сипаттайтын негізгі көрсеткіштердің бірі болып табылады. Қазақ халқының тарихында да кір жуып, кіндік кескен жерін көздің қарашағындай сақтап, басқыншы жаудан асқан ерлікпен қорғай білген небір батыр тұлғалар көптеп кездеседі. Мәселен, Қарасай, Қобыланды, Қамбар, Сырым, Бөгенбай, Қабанбай, Наурызбай, Исатай, Махамбет, Амангелді, Бауыржан т. б. осылар секілді әр рухты, намысты қолдан бермей шыбын жанын туған жері үшін құрбан еткен қас батырлардың бейнелері қазіргі тәуелсіз елдің жас ұрпақтарына үлкен өнеге.
Дербестілік. Бұл ерік-жігері күшті адам, кім болса соның айтқанына жүре бермейді. Ол өзінше ойлайтын, өздігінен әрекет ететін кісі. Басқалардың айтқанын, істегенін қайталамай, соларға жай ілесе бермей, әр нәрсеге сын көзбен қарап, өз қатесін кезінде біліп, түзетіп отыратын адамның тамаша сипаты.
Шыдамдылық. Адам өзінің мақсатына жету үшін қиыншылықтардың көптігіне, не болмаса өзінің әрекетінің, жұмысының сәтсіз болуына қарамастан алға тұтқан мақсатын жүзеге асырам деген үмітін, ол еш уақытта бас тартып қайтпай, осы жолда кездесетін қиыншылықтардан қашпай шыдамдылық көрсетіп, қайткен күнде де мақсатына жетпей тынбауын айтамыз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   26




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет