Табиғат – көріністері
Сабақтың мақсаты: білімділік – оқушылардың жалпы табиғат жөніндегі түсінігін, білімдерін жетілдіру, табиғат тіршілік көзі, адамның ақыл – ойы, табиғаттың ұлы заңымен үйлесімді екенін түсіндіру; дамытушылық – ой – өрісін кеңейту, жеке тұлғасын, тілдік, сөздік қорын, ізденісін ояту, сөйлеу дағдысын дамыту; тәрбиелік – туған табиғатты, Жер – Ананы көздің қарашығындай сақтап, қастерлеп қадірлеуге, отанды сүюге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: қанатты сөздер, табиғат суреттері, слайд, мультфильм.
Барысы.
Ұйымдастыру.
Топқа бөлу.
Суретпен жұмыс (слайдтан көрсету).
Балалар, наурыз көктемнің алғашқы айы. Сонымен қатар қар астынан қылтиып шығатын бәйшешек гүлі бүршік жарады. Көктемнің көркі – бәйшешек. Ол ең алғаш гүлдейтін гүл. Басқа гүлдерден ерекшелігі де осында. Қырда өскен бәйшешекті алғаш сіздер көрсін деп, мен бәйшешек гүлін теріп әкелгенмін. Сол гүлдерді мен ортаға шашайын, сіздер әрқайсыларын біреуден теріп алып, артында жазылған топ бойынша орнымызға отырайық.
Ертегі. (слайдтан көрсету)
Өте ерте заманда жер шарының көп бөлігін су басып жатты. Ол заманда өсімдіктер мен жануарлар әлемі пайда болмаған. Суларда тек түйіршік тәрізді тіршілік иелері болды. Біртіндеп жер бетіндегі сулар азайып, құрғақ жерлер көбейе бастады. Бұрын суда өсіп келген балдырлар құрғақ жерлерге өсуге бейімделіп, жапырақты өсімдіктер, шөптер, ағаштар пайда бола бастайды. Кейін құрғақ жерлер көбейіп, суда да, жерде де мекендейтін бақа сияқты қосмекенділер пайда болған. Ұзақ уақыт өте келе ауа райы өзгеріп, суық бола бастаған. Бұл жағдай өсімдіктер мен жануарларға қатты әсер етіп, көбі өзгеріске ұшырап жаңа ауа райына бейімделді.
Уақыт өте келе жер беті қазіргідей түрге еніп, табиғат осылайша пайда болған.
Табиғат деген сөз жер Ана, туған жер, атамекен сөздерімен қатар тұрады.
Осы Табиғат сөзін естігенде көз алдымызға не елестейді? (Оқушылардың ойлары тыңдалады).
ТАБИҒАТ
Адам табиғатсыз өмір сүре алмайды. Адамдар табиғат байлықтарын есепсіз пайдаланып, экологиялық ойсырауға ұшырады. Елді мекен маңындағы ағаштардың кесілуі, бұлақ көздері мен өзендерінің ластануы, қоқыстардың көбеюі, кейбір аңдар мен құстардың жойылуы – бұл экологиялық мәселе. (табиғат сюжеттерін көрсету)
Достарыңызбен бөлісу: |