Семинар тапсырмалары және әдістемелік нұСҚаулар



бет1/15
Дата07.02.2024
өлшемі149.5 Kb.
#491179
түріСеминар
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
4. Ауесбаева. Семинар. Казак Ф.прозасы


«Фольклордың прозалық жанрларының баяндау үлгілері мен текстологиясы» пәні бойынша
СЕМИНАР ТАПСЫРМАЛАРЫ ЖӘНЕ ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР:


1-семинар. 1-апта. 2 сағат.
Тақырыбы: Фольклорлық прозаның түрлері, ғалымдардың пікірі.
1. Фольклорлық проза жайында орыс, қазақ ғалымдарының пікірі
2. Фольклорлық прозаның түрлері жайында толық мәлімет беру.
Сабақтың мақсаты: Фольклорлық проза жайында ғалымдардың пікірін саралай отырып, оның түрлерін жіктеп көрсету.
Әдістемелік нұсқаулар: Фольклорлық прозаға талдау жүргізген еңбектерді көрсетіп, әрқайсысының өзіндік ерекшелігін анықтап, түсіндіріп беру.


Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Қондыбай С. Арғықазақ мифологиясы. – Алматы: Үш қиян, 2003.
2. Әдебиеттану терминдер сөздігі. – Семей: Талер – пресс, 2006.
3. Қасқабасов С. Жаназық. – Астана: Аударма, 2002.
4. Қасқабасов С.А. Таңдамалы. 1-том: Қазақтың халық прозасы. – Астана: Фолиант, 2004. – 320 б.
5. Қондыбаев С. Қазақ мифологиясына кіріспе. Алматы: Зерде, 1999. – 304 б.
6. Қазақ фольклоры мен әдебиет шығармаларының текстологиялық зерттелуі. – Алматы: Ғылым, 1983. – 264 б.
7. Қазақ фольклоры текстологиясының кейбір мәселелері. (Т.Әлбеков, Қ.Алпысбаевамен бірге) –Алматы, 2004. – 143 б.
8. Кейбір халық әдебиеті үлгілерінің текстологиясы. // ҚР Білім және Ғылым министрлігі М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты.- Алматы: Әдебиет және өнер институты, 2007. – 170-бет.
9. Фольклор мәтінтануының өткені мен бүгіні. – Алматы, 2009. – 288 б.


2-семинар. 2-апта. 2 сағат.
Тақырыбы: Мифтегі құбылушылықтың түрлері
Миф жанры жайында түсінік беру. Қазақ мифінің табиғаты мен түрлері жөнінде жан-жақты мағлұмат беру. Мифтің функциясы – таза практикалық функция, жаратылысты танып-білу екендігін ұғындыру. Көне тотемдік мифтерде бір рулы ел мен белгілі бір жануарлар тобының тотемдік атасы – бір аң деп баяндалады. Бұл мифтердегі кейіпкерлердің өзгеруі – әлі таза құбылу емес, бұл мақсатты құбылуға апаратын жол.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет