Семинар-тренинг Тақырыбы: «Отбасы мен балабақша ынтымақтастығы»



Дата04.09.2022
өлшемі21.09 Kb.
#460192
түріСеминар
тренинг ата аналарга


Ата-аналарға арналған тренинг


Семинар-тренинг
Тақырыбы: «Отбасы мен балабақша ынтымақтастығы»
Мақсаты: Балабақша мен ата – ана арасындағы ынтымақтастықты құру. Жас отбасы, балабақша білікті педагогтары мен көп балалы ата-аналардың тәжірибесі арасындағы қарым –қатынасты нығайту. Жағымсыз көңіл-күйден арылу, күш-қуат жинау, өзін-өзі тану, құрметтеу, өзін еркін сезінуге көмектесу. Бала тәрбиесінің маңыздылығы, психолог маманының ақыл кеңестерін жүзеге асыру. Өз бетінше өзіне талдау жасауды дамыту және психологиялық кедергіні жеңуінің ұсталығын, өз ойынды толық жеткізуге тежеуді жеңуге, белсенді ойынның әрекеттестігінің коммуникативті дағдыны дамыту. Бала тәрбиесінде ата-ананың алатын орнының ерекше екенін түсіндіру; ата-ана бойына өздерін тәрбиеші мұғалім ретінде қарауда қызығушылықтарын дамыту; баламен дұрыс тіл табысуға, сөйлеу мәдениетін үнемі қолдауға ой салу. Ата-ана мен баланың арасындағы қарым-қатынастың ерекшеліктерін психологиялық жаттығулар арқылы көрсету.
Міндеттері: Ата-аналардың балабақшамен, тәрбиешілермен тығыз байланысын арттыру, балаларын білімге, сйіспеншілікке, мейірімділікке, ұстамдылыққа тәрбиелеудің жолдарын көрсету.
Қажетті құрал-жабдықтар: семинар бағдарламасы, бала тәрбиесіне арналған жаднама , үлестірме қағаздар, А4 формат, қалам, доп, ватман, маркерлер және т.б.
Әдістері: пікір алмасу, сұрақ-жауап, тест, психологиялық жаттығулар.
Тренинг бағдарламасы:

  1. «Танысу» жаттығуы;

  2. Топқа бөлу;

  3. Ой жинақтау;

  4. Ситуациялық сұрақтар

  5.  «Сілкіп таста» релаксациялық жаттығуы.

  6. «Суретті тест» жаттығуы. Тақырыбы: « Менің отбасым»

  7. Ойын « Қоқыс жәшігі»

  8. Қорытынды. «Майшам» жаттығуы. 

Тренинг барысы:
Психолог сөзі: Сәлеметсіздер ме, құрметті ата-аналар,әріптестер .Бігінгі біздің «Отбасы мен балабақша ынтымақтастығы» атты семинар-тренингімізге хош келдіңіздер! Біздер-балабақша ұжымы мен ата-аналардың мақсат-міндеттері бір . Ол,әрине балаларымыздың тәртіпті, білімді елі –жері мақтан ететін ұл-қыз өсіріп тәрбиелеу. Баланың ыстық суығына күймейтін, жақсылығына сүйінбейтін ата-ана жоқ шығар. Бүгінгі ұл ертеңгі әке, ол әкеге қарап өседі. Бүгінгі қыз ертеңгі ана, ол шешеге қарап өсіп, бой түзейді. Балаға білім, тәрбие беруде басты тұлға ұстаз болса оны жалғастырушы, демеуші – ата-ана. Сондықтан да бүгінгі семинар –тренингіміз сіздер үшін.

  1. «Танысу» жаттығуы:

Ата-аналар шеңбер бойымен тұрып, әрқайсысы өзінің есіміне сын есім қосып және бала тәрбисіндегі өнегелі сөздерді кезекпен айтып шығады.

  1. Топқа бөлу:

Ата-аналар сол тұрған күйлерінде түрлі-түсті гүлдерді таңдайды. Түстер бойынша топ құрып, үстелдерге жайғасып отырады.

  1. Ой жинақтау:

Екі топқа тақырып беріледі.
Ата-аналар сол бойынша өз ойларын ортаға салады.
I-топ. 1. Балаңызды балабақшаға әкелерде қандай сөздерді айтасыз2.Балаларды теріс әрекеттері үшін жазалайсызба?
II—топ. 1. Бала үшін тәрбиеші мен ата-ана арасында қандай байланыс болу керек? 2. Балабақшадағы педагогикалық ұжымды білесізбе?(қандай үйірмелер бар?)

  1. Ситуациялық сұрақтар:

Ата-аналар үстел үстіндегі үлестірме қағаздарды бөліп алып, сұрақтарға жауап береді.
А) Балаңыз балабақшаға келгісі келмей жыласа сіз не істейсіз (сіздің әрекетіңіз) Ә) Баламен сөйлесе білу де үлкен өнер. 4-6 жастағы бала күніне көптеген сұрақ қоятын көрінеді. Мысалы, түн неге қараңғы, күн қайда кетті, ұшақ қалай ұшады….деген сияқты таусылмайтын сауалдар көп. Сіздің балаңыз да осындай сауалдарды көп қойса, жауап беруге тырысасыз ба, жоқ әлде, елеусіз қалдырасыз ба?

  1.  «Сілкіп таста» релаксациялық жаттығуы.

Мақсаты: жағымсыз, қажет емес, кедергі жақтардан құтылу, сенімділікті орнату. Нұсқау: мен сіздерге жағымсыз, сенімсіз сезімдерден арылып, өзіңізді қалыпқа келтірудің жолын көрсетемін. Кейде біз көп күшімізді алатын ауырлықтарды көтереміз. Мысалы: Ойымызға! Тағы да жолым болмай қалды.Балам ауырып қалады. Айтқан тілді алмайды. 
Айналамызға орын қалдырып, еркін тұрып, алақаныңызды сілкіңіздер, білегіңізді сілкіңіздер, иығыңызды сілкіңіздер. Аяқтарыңызды саннан тобыққа дейін сілкіңіздер. Қандай да бір дауыс шығарсаңыз да болады, беттеріңізді сілкіңіздер. Сеніңіздер, сіздің бойыңыздан ауыр жағымсыз жүктің түскенін. Сіз біртіндеп сергек, көңілді болудасыз немесе көңілді күй жағдайдасыз. Енді сеніммен мына сөздерді қайталаңыз: мен ақылдымын, менің жаным тыныш, мен қиындықтан қорықпаймын, мен жаспын, әдемімін, менің қолымнан көптеген жақсылық келеді, маған сенімділік күш береді, мен дайынмын. 
6. «Суретті тест» жаттығуы. Тақырыбы: « Менің отбасым».
Сурет бойынша Отбасындағы жағдайларын айтып кету.

  1.  Ойын « Қоқыс жәшігі»

Адамға қоқыс жәшігі не үшін керек? Не үшін қоқысты лақтырамыз? (Қатысушылар жауабы) Сезімдермен де солай болады. Керексіз, пайдасыз сезімдер жиналғанда, олардан да арылу қажет. Арылғыңыз келген сезімдеріңізді қағазға жазыныздар.(Балаларыңыздыңда жағымсыз қылықтарын жазуға болады) “Мен ренжимін .....”“Мен ызаланамын...”“ Мен қорқам....”, қағазды умаждап, қоқыс жәшігіне лақтыр.
8. Қорытынды. «Майшам» жаттығуы. 
Қазір мен майшамды жағамын. Барлығымыз бір-бірімізбен бірігіп, жұмыс жасағанымыз үшін бір-бір жылы сөз айтып, майшамды беріп отырамыз. Қоштасуға майшамды алғанымыз, жарық деген жақсы нәрсе, сондықтан да алдарыңыз ашық, жарқын болсын деген тілекпен, бүгінгі тренингімізді аяқтаймыз. Рахмет!

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет