Семинарлар 1-семинар. Зерттеуші және психология мен педагогикадағы зерттеу әрекеті


Мысалы, зерттеуші П.Ш. Маханова өзінің «



бет63/103
Дата30.11.2023
өлшемі0.81 Mb.
#485019
түріСеминар
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   103
СЕМИНАРЛАР-1

Мысалы, зерттеуші П.Ш. Маханова өзінің «Оқушылардың оқығандығының ? педагогикалық диагностикасы (тарих пәндері негізінде)» атты кандидаттық диссертациясында мектеп оқушыларының оқығандығын диагностикалауды ұйымдастырудың үдерістік моделін ұсынады. Ол үшін әуелі ол тарих пәнінің мазмұнын нақтылайды.
Мектепте тарих курсын оқып-үйренуге берілетін оқу уақытының көлемі шағын, ал пәннің мазмұны үлкен. Сол себептен мұғалім оқыту технологияларын таңдағанда оқығандық диагностикасының орнын анықтап алуы керек. Мысалы, тарих пәнінде педагогикалық диагностиканы жүргізуге қолайлы және мектеп тәжірибесінде кеңінен қолданылып жүрген технологиялардың бірі – модульдік оқыту технологиясы болып табылады. Модульдік оқыту – оқу ақпараттары модульдерге бөлінетін оқыту үдерісін ұйымдастыру. Модульдердің саны пәннің мақсатына, мазмұнына және көлеміне байланысты болады. Модульдік оқытуда мұғалім ұйымдастырушы, жетекші, басқарушы қызметін атқарып, оқушылар мәселені өз бетімен зерттеп-білуге талпынады, белсенділігі артады. Сонымен қатар модульдің аясында ағымдағы және модуль бойынша қорытынды диагностика жүргізуге ыңғайлы.
Сонымен қатар тарих мұғалімі тарих пәні сабақтарында деңгейлік тапсырмалар арқылы жіктемелі (әр деңгейлі) оқытуды да ұйымдастыра білуі тиіс, бұл үшін оқушы қабілеттері дамуының деңгейін (іс жүзіндегі, сондай-ақ теориялық деңгейдегі тарихи білімнің қолда бар көлемі, тарихты оқып-үйренудегі басымдық беретін тәсілдері, оқу пәніне деген көзқарасы, кәсіптік бағыттаушылық деңгейі) анықтау қажеттігі туындайды.
В.П.Беспальконың төрт деңгейлі таксономиясы:
1-деңгей – оқушы. Бұл деңгейдің мақсаты, жағдайы және оны шешу әрекеттері берілген тапсырманы шешуді қарастырады. Осы кезде оқушыдан барлық үш компоненттің тапсырма құрылымындағы сәйкестігі туралы қорытынды жасау талап етіледі. Бұл – танып-білу іс-әрекеті.
2-деңгей – алгоритмдік. Тапсырмада мақсаты мен жағдай беріледі. Оқушыдан оны шешу үшін бұрын меңгерген іс-әрекетті қолдана білу білігі талап етіледі. Бұл – репродуктивтік алгоритмдік іс-әрекет.
3-деңгей – эвристикалық деңгей. Тапсырмада мақсаты берілген, бірақ жағдай түсінікті емес. Мұнда мақсат орындалу үшін оқушыдан жағдайды толықтыру (анықтау) және осы типтік емес тапсырманы орындау үшін бұрын меңгерілген іс-әрекетті қолдану талап етіледі. Бұл – эвристикалық типті өнімді іс-әрекет.
4-деңгей – шығармашылық деңгей. Тапсырмада іс-әрекеттің жалпы мақсаты белгілі, ал мақсатқа жету үшін сәйкес жағдай да, іс-әрекет те іздестіріледі. Бұл – шығармашылық типті өнімді іс-әрекет. Нәтижесінде іс-әрекеттің жаңа бағдарлану негізі жасалады.
Б.У. Родионов пен О.А. Татур да білік құрылымын төрт деңгейге бөліп көрсетеді:
1-деңгей – фактілерді еске түсіру, білу білігін қарастыратын фактіге негізделген деңгей;
2-деңгей – үлгі, белгілі бір ереже бойынша әрекет ете білу білігін қарастыратын операциялық деңгей;
3-деңгей – жағдайдан бастысын бөліп көрсетіп, талдау жасай білу білігін қарастыратын аналитикалық деңгей;
4-деңгей – шешімін таба білу білігін қарастыратын шығармашылық деңгей.
И.Я. Конфедератовтың оқу үдерісінің тиімділігін бақылау жүйесі оқу үдерісінің қорытындысын анықтаудың ретті бес деңгейінен тұрады:
Ажырату (айырып тану) – танымның қарапайым деңгейі. Ажыратуды қолданудың ең бірінші саласы – тест тапсырмалары (ұсынылған жауаптың 4 нұсқасының ішінен дұрысын таңдау). Түсіну туралы жорамалдауға ешқандай мүмкіндік бермейді. Ажыратуды қолданудың екінші саласы – тренаж; бұл кезде автоматизмге өтетін айырып тану керек. Осы жағдайда ажырату түсінуге негізделген, сонымен қатар түсіну айырып-танудың жеңіл мүмкіндігін болжайды.
Есте сақтау – ажыратуға негіз болып табылады әрі түсіну иллюзиясын жасайды. Көптеген тәжірибелер түсінбей-ақ есте сақтауға болатынын көрсетті. Сондықтан меңгеруді бақылау үдерісінде ұсынылған ретті (алдымен есте сақтау, кейін түсіну) қабылдау керек.
Түсіну – оқу материалын меңгерудің негізгі нәтижесінің көрсеткіші болып табылады; тұжырымдалған түсініктерден, олардың өзара байланысы мен жанама түрдегі, себеп-салдарлық байланыстардан көрінеді. Сондықтан түсінуді анықтау үшін көбінесе «неліктен» және «не үшін» деген сұрақтар мен олардың түрлі нұсқалары қолданылады. Егер жауап беру кезінде оқушы меңгерілген материалды өзі ашса, өз жауабына «не үшін» және «неге» деген сұрақтарды енгізсе, онда осы сұрақтарды қою артық болып табылады. Бірақ ол сұрақтар оқушы оқу материалының «көшірмесін» айтса үзілді-кесілді қажет. Мұғалімде осы «көшірме» бойынша меңгеру деңгейі туралы айту үшін деректер болмайды.
Ептілік – икемділікті анықтау үшін қолданылатын сұрақтар; мынадай түрде болуы мүмкін: формулалар, заңдар, түсініктерді қолдану шегін кеңейту; проблеманы шешудің бірнеше нұсқаларының мүмкін болуын, соның ішінде шешімнің жоқ екенін де зерттеу; теориялық білімнің практикамен байланысы, оларды шынайы жағдайда жүзеге асыру.
Тасымал – ғылыми ақпараттардың күрт артуына байланысты барлығын бірдей оқып-үйреніп, жазып алу мүмкін емес қазіргі уақытта оқушыларда бір құбылыс үшін анықталған заңдылықты басқаларына тасымалдау және қорытындылау қабілеттілігі тәрбиеленуі керек.
В.П.Симоновтың бес деңгейлік таксономиясы:
1‑көрсеткіш – танысу деңгейі немесе ажырату (танып‑білу). Ол оқығандықтың төмен дәрежесін сипаттайды. Осы деңгейге дейін оқытылған оқушылар осы объектіні, үдерісті, құбылысты, іс‑әрекетті және т.б. аналогтарынан оларды дайын күйінде берген кезде ғана ажыратады.
2-көрсеткіш – есте сақтау. Оқығандық осы дәрежесінде оқушылар белгілі бір мәтіннің мазмұнын өз сөзімен айтып береді, ережені айтады, қандай да бір заңды тұжырымдап айтып береді, әдетте қандай да заңды тұжырымдап айту оны түсінуіне дәлел болмайды. Есте сақтау – көп дәрежеде сандық көрсеткіш, ол негізінен меңгерілген ақпарат көлемін сипаттайды. Оқығандықтың осы дәрежесін анықтап, оқушы репродуктивті сипаттағы сұрақтарға жауап береді.
3-көрсеткіш – түсіну. Бұл едәуір маңызды көрсеткіш. Оқушылар оқығандық дәрежесі кезінде оқу материалын еске түсіріп қана қоймай, оны түсіндіре де алады.
4-көрсеткіш – қарапайым білік пен дағды (репродуктивті деңгей). Оқығандықтың осы деңгейі кезінде оқушылар алған теориялық білімдерін практикада қарапайым (алгоритмделген) тапсырмаларда қолдану білігін көрсетеді: типті есептерді меңгерген заңдар мен ережелерді пайдалану арқылы шығарады, теориялық материалды талдаған кезде оңай анықталатын себеп‑салдарлық байланыстарды ашып көрсетеді. Бұл көрсеткіш – маңызды көрсеткіштердің бірі. Қарапайым білік пен дағды – оқушыларға өз білім қорын жүзеге асыруға мүмкіндік беретін оқығандықтың жеткілікті жоғары дәрежедегі көрсеткіші.
Оқығандық дәрежесінің 5-көрсеткіші – тасымалдау. Бұл меңгерген теориялық білім қорын практикада жүзеге асырудың шығармашылық деңгейі (бағдарламалық талаптар шегінде кез келген практикалық жұмысты орындау).
Америкалық психолог Б.С.Блум таксономия құрамына танымдық қабілеттілік деп атаған білімнің алты деңгейін кіргізді:

  1. білім – әртүрлі пән саласындағы модельдерді, үдерістерді, ұстанымдарды, фактілерді есте сақтауды көрсететін сұрақтарға жауап бере білу (ерекшеліктерді, іс-әрекеттерді, заңдылықтарды білу);

  2. түсіну (даму) – бастапқы материалды қайта тұжырымдай білу біліктілігін көрсететін ой өресінің (интеллект) бірінші деңгейі (аудару, қайта тұжырымдау, қорытындылау);

  3. жалпы ұстанымдарды ауыстыруға байланысты жаңа жағдаятта қолдану;

  4. талдау – нысанды (объект) құрамды бөліктерге олардың байланысы мен қарым-қатынасын ашып, бөле білу (элементтерді, қарым-қатынасты талдау, жаңа приницптерді ұйымдастыру);

  5. синтез – жеке элементтерді жаңа сапаға ие тұтас элементке біріктіре білу. Ол үшін ерекше, өзіндік және сыншыл ойлағыштық үдерістер қажет (байланыстар, жоспарлар, заңдар жасау);

  6. бағалау (пайымдау) – идея, жұмыс, жағдай және т.б. құндылығын (шынайылығын) дайын немесе жасалған критерийлер мен стандарттар негізінде қарастыра білу (ішкі немесе сыртқы пайымдаулардан қорытынды жасау, бағалау).

Халықаралық салыстырмалы зерттеулерде де (TIMSS, PIRLS, PISA және т.б.) оқушылардың оқығандығын деңгейге бөлу қарастырылған.
Қарастырылған меңгеру модельдері білік деңгейінің түсіндірілуімен ерекшеленгенімен мағынасы ұқсас және білім мен біліктілік арасында тұтастық (бірлік) бар, біліксіз білім жоқ, білімсіз біліктің нәтижесі болмайтынын аңғаруға болады.
Оқығандықты деңгейлерге бөлу мәселелерін зерттеген ғалымдардың еңбектеріне талдау жасай отырып, алдымен оқығандықтың негізгі компоненттерін айқындап алып, осы компоненттерді біріктіретін оқығандықтың деңгейлерін белгілеу керек деп есептейміз. Оқығандықтың негізгі компонеттері: объект туралы жалпы түсінік (танысу), алынған ақпаратты еске түсіру (түсіну), білімі мен білігін тәжірибеде қолдана білу, алған білімі мен дағдыны пайдаланып, кез келген тапсырманы еркін орындай білу қабілеті (тасымалдау) (16-кесте).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   103




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет