Е. Рахмадиев атындағы Үржар балалар музыка мектебі.
Мемлекеттік мекеме.
Семинарлық жұмыс.
Ән айту дағдыларын қалыптастырудағы вокалдық жаттығулардың ролі.
Еркеғали Рахмадиев атындағы
музыка мектебінің
балалар хорының жетекшісі
Андасова Жанат Заманбекқызы
Ән айту дағдыларын қалыптастырудағы вокалдық жаттығулардың ролі.
Вокалдық педогогиканың талаптары: демді дұрыс алу, әуенділікті сақтай айту, сөзді анық ашық айтылуы, мәнерлеп айтуға дағдылану.
Балаларды ән өнеріне баулуда тәжірибеде қолданылатын арнайы ән жаттығуларының алатын орны ерекше. Сабақтың мақсатына сай, өз орнын тауып қолданылған жаттығулар тек дауыс аппаратын ән айтуға дайындап қана қоймай, белгілі бір орындаушылық шеберлікті дамытуға байланысты дағдыны қалыптастырады. Вокалдық жаттығулар әнді орындау алдында іске асырылады. Алғашқы орындалатын жаттығу жай екпінде айтылып, оқушылардың сезіміне әсер ететін болуы тиіс. Ескере кететін бір жай, 7-8 жастағы балалар ән айтудың көркемдік немесе техникалық қағидасын тек қана әртүрлі буындардың жиынтығынан тұратын жаттығулардан гөрі белгілі бір мазмұны бар әуендер арқылы / попевкалар/ тезірек қабылдайды. Сондықтан қазіргі кезде мектептің мұғалімдері өз тәжірибесінде мұндай ән жаттығуларын жиі қолданып елеулі нәтижеге жетіп жүр. Жұмыстың бұл түріне керекті әуендерді халық әндерінен, балаларға арналған , кейбір жағдайда практикада пайдаланып жүрген жаттығулардың бірін сөз тексімен айту арқылы қолдануға болады. Мысалы тақтаға гүлдің суреті ілініп мұғалім сұрақ жауап арқылы оның әдемілігін, нәзіктігін анықтап айтылатын жаттығудың да сондай әсерлі болуы тиіс екенін ескеріп мынадай әуенді орындауды ұсынады.
Мысалы:
Жаттығулардың «Қ » дыбысынан басталуы балалардың дауыс аппаратын жинақтап, дыбысты бірдей айқын, таза шығаруға жетелейді. Қатаң «қ» дыбысынан кейінгі орналасқан «а» дауысты дыбысының құлаққа жағымды майда болып шығуына сөз тексінің мазмұнына лайықты мәнерлі айтуға септігін тигізеді. «Гүл» деген сөзді айтқанда «ү» дыбысының созыла айтылуын қадағалаған жөн. Жаттығуды орындау барысын барынша талдап түсіндіріп жатқанымыз ән айту мәдениетін қалыптастырудың алғашқы кезеңінде елеусіз ғана көрінетін осындай дағдыларды меңгеруден басталады.
Әуен өз дәрежесінде орындалған соң берілген тональдіктен бастап жарты тон жоғарылатып орындауға болады. Алғашқы жаттығу балалардың орындауына ыңғайлы /премарный звук/ дыбыстардан басталып, екінші октаваның ля, си дыбыстарынан аспау керек.
Шығарманы мәнерлеп нақышына келтіре орындауға дағдыландыратын жаттығудың біріне «Әлди» әуені жатады. Оның баяу да салмақты сипаты шығарманы орындағанда дауыстың қысылмай еркін шығуына жағдай жасайды. Балалар дауысын тәрбиелеп ары қарай дамытуда тиімді нәтиже беріп жүрген халық ән күйлерінен алынған тәжірибеде бар мына жаттығуларды қолдануға болады.
Бұл жаттығулар өзінің мазмұны, ішкі динамикасы жағынан айқайлап, қатты айтуды қажет етпейді. Балалардың дауысына ыңғайлы жазылған. Мұғалім оның әрқайсысын орындағанда «әдемі», «нәзік», «жұмсақ» «ойлана», «тебірене» айтыңдар деген сөздер арқылы белгілі бір мақсат қойып отырады. Ән сөзінің ашық таза айтылуы да әншілікке баулудың негізгі компаненті болып табылады. Орындалатын шығарманың мазмұны тыңдаушыға дұрыс жетуі үшін баланың әрбір дыбысты айқын айта білуінің маңызы зор. Мұғалім дыбыс шығаруға қатысатын ауыз, ерін , тіл, көмекей, төменгі жақ сүйегінің /шықшыт/ жұмысын өзі де жақсы меңгеріп оны балаларға ұғымды тілде жеткізе білуі тиіс.
«Гак», «гик», «гай» буындарында кездесетін «к», «г» дыбыстары таңдай дыбыстарына жатады. Сондықтан бұл дыбыстар бірден дауыстың жоғарғы позицияда құрылуына жағдай жасайды. Ал «ку» , «гу» , «рай» т.б буынындағы «у» дыбысы болса, ежелден дауысты көмекейден қысып шығаратын адамдардың сол дауыс аппаратын босатуға қолданылатыны белгілі. «У» дыбысы ерін дыбыстары қатарына жатқанымен өзінің акустикалық жағынан терең көлемді естіледі. Артикуляция аппаратының жұмысын жандандырып сөз анық таза дәл айтуға жаттықтыру үшін жаңылтпаштарды пайдалануға болады.Алғашында жай екпіннен бастап бірте бірте тездете айтқызуға көшкен жөн.
Халық шығармаларында кварта квинта интервалдары жиі кездеседі және домбыраның бұрауы да осы квартаға /ре соль/ негізделген. Кейбір күйлердің орындалуы квинта бұраунда болады. Музыкада кезектесетін аталған дыбыс аралығын балалардың дауыс ырғағымен дұрыс айта білу үшін «Бала уату» , «Әлди» деп аталатын шығармалардан үзінділер қолдануға болады.
Мысалы:
Бұл әуендер балалардың есту қабілетін дамытуға да септігін тигізеді. Қазіргі кезде жаттығу ретінде балалар әндерінің үйренуге интонациялық, ырғақтық қиындық туғызатын фразалар қолдану іске асырылып жүр. Мұндай әдіс үйрету барысында кездесетін әртүрлі воалдық техникалық қиындықтарды алдын ала шешуге көмектеседі. Мысал; А. Еспаевтың «Ортеке» әнінің 23-26 тактілерін бөліп алуға болады.
Т. Базарбаевтың «Жаңбыр» әнінен «теңселді тал шыбық» деген сөйлемді бөліп алуға болады. Көбінесе оқушылар «теңсел» деген сөздегі буындарға түсетін квинта интервалын /ре ля/ «фа ля» деп қабылдайды және «ді», «тал» буындарының екі дыбысқа созылатын тұстары да белгілі бір қиындық туғызады.
Мүғалім бұл көрсетілген әуендерден басқа мектеп тәжірибесінде қолданылып жүрген жаттығуларға жүгінуіне болады. Әдетте өтілетін сабақтың мақсатына байланысты оқытушы өзі қажет деп тапқан буындарға байланысты әуендерді айтқызады. Бұндай жаттығулардың көлемі шағын, тыныс алу белгілері айқын көрсетілген, әуені құлаққа жағымды болуы тиіс.
Жаттығулардың барлығы негізінен ортаңғы регистрден басталып, әрі қарай қажет болған жағдайда 9-10 жастағы балалар үшін дисканттарға, альт дауыстарға өз алдына жеке жеке айтқызылады. Кейбір халық күйлері мен халық композиторлаының шығармаларынан жаттығу ретінде қолданатың фрагменттер де өте тиімді. Домбыраның күмбірлеген майда қоңыр үні балалардың сол дыбысқа еліктеп дауысты жұмсақ мәнерде шығаруына әсер етеді.Халық өзіндік интонациясы мен нақышы оқушылардың өнер саласындағы талғамының қалыптасуына ықпалын тигізеді.
Дәулеткерей «Қос алқа»
Мұғалім осы берілген фрагменттерден басқа музыкалық құндылығы мол, жас және дауыс ерекшелігіне байланысты жаттығуларды өздері таңдап алуына болады. Жаттығуларды өз алдына оқшау нәрсе емес, күрделі де қиын әншілік өнерге баулудың негізгі құралы деп қараған жөн. Қандай бір жаттығу болмасын вокалды техникалық талаптарды жүзеге асырып қана қоймай сезімталдыққа баулуды қанағаттандыруы тиіс. Әрбір жаттығу егер ол бір ғана дыбыстан тұрсада әуезді, мәнерлі орындалғаны жөн. Бұл жағдайда оқушының әр жаттығуды өз дәрежесіне қойылған талаптарға мәне бере , дауыстың тембрін балалардың үніне жақындатып, орындай білуінің маңызы зор. Балалардың еліктеушілік қасиетін ескере отырып, /үні ашық, сыңғырлаған таза жеңіл/ меццо сопрано, бас, баритон дауыстарына жататын мұғалімдер дыбысты жеңілдетіп айта білу керек. Сол себепті меццо сопрано дыбыстылар І октавада сопрано бояуымен , ал ерлер альтпен немесе соған жақындатып айтуы тиіс.
Әнді хормен айтуға қойылатын талаптар бір бірімен тығыз байланысты. Демді дұрыс алуға, сөзді анық айтуға, әуенділікті сақтай білуге өз алдына жеке жеке үйрету айтарлықтай қанағаттандырарлық нәтижеге жеткізбейді. Арнайы жаттығуларда біршама дыбыстарға жеткенімен шығарманы орындағанда ол дағдылар пайдаланыла алмай қалатын жағдайлар болады. Сондықтан қандай жаттығу болмасын оны орындауға кешенді талап қойылу қажет деп білеміз.
Достарыңызбен бөлісу: |