Семинарлық сабақтарға арналған әдістемелік ұсыныс Тақырыбы: Уақыт және адам. Менің жұмыс күнім. Пәні: Қазақ тілі



Дата23.02.2016
өлшемі82.17 Kb.
#10750
түріСеминар
ҚММУ Ф 4/3-05/03

2007ж. 14 маусымдағы №6 НХ.


Қарағанды мемлекеттік медицина университеті

Қазақ тілі кафедрасы

Семинарлық сабақтарға арналған әдістемелік ұсыныс

Тақырыбы: Уақыт және адам. Менің жұмыс күнім.

Пәні: Қазақ тілі

Мамандығы: 5В130200 - «Стоматология»

Курс: I


Құрастырушы: оқытушы Конурова Н.А.

Қарағанды 2014ж.

Кафедра отырысында талқыланды және бекітілді

№1 хаттама 29.08.2014ж .

Кафедра меңгерушісі., п.ғ.к ____________ Насырова А.Б.



Тақырыбы: Уақыт және адам.
Мақсаты: Студентті қазақ тілінде өз ойын еркін жеткізуге, оны тұжырымдауға, ойын дәлелді, нақты жеткізе білуге дағдыландыру, мысалмен дәлелдеуге үйрету, сөйлеу мәдениетін қалыптастырып жетілдіру, ойлау логикасын дамыту. тақырыпқа қатысты лексикалық қорын дамыту, «Уақыт және адам» тақырыбы бойынша берілген тапсырмалар арқылы танымдық ойлау қабілеттерін жетілдіру. Мәтін мазмұнын толық ұғыну. Сөйлемнің түрлері және дұрыс жазылуы, фразеологиялық тұрақты тіркестерді құрастыру, сөздік қорларын молайту, сөздердің орын тәртібін сөйлемде қолдану арқылы сөйлеу мәдениеті дағдыларын қалыптастыру.

Студенттерді өзі тұратын елдің мемлекеттік тілін құрметтей білуге, сыйлауға тәрбиелеу, мемлекеттік тілді әр азамат білуге міндетті екенін үнемі айтып отыру.



Окыту мақсаты: Қазақ тілін меңгерудің әрбір деңгейіндегі негізгі міндеттерді сөйлеу түрлеріндегі модельдер мен қатысым түрлері арқылы жүзеге асыру. Қазақ тілінің орфоэпиялық және орфографиялық заңдылықтары мен заңдарын және фонетикалық, лексикалық,грамматикалық нормаларын толық меңгерту.

Тақырыптың негізгі сұрақтары

- уақыт өлшемдері;

- уақытты тиімді пайдалана білу;

- мемлекеттік тілдің маңыздылығы;

- омонимдер, антонимдер, синонимдер;

- сөз тіркестері, фразеологизмдер;

- сөздердің орын тәртібі.

Білім берудің және оқытудың әдістері:

- шағын топтар;

- оқулықтармен жұмыс істеу;

- сұрақ-жауап жаттығулары;

- тілдік үлгі негізінде сипаттау;

- қысқаша әңгімелеу;

- барлық туындаған сұрақтар бойынша оқытушымен кеңесу;

- жағдаяттық тапсырмалар бойынша жұмыс жасау;

- тестілеу;
Әдебиеттер:

Негізгі әдебиеттер:

1. А.С.Ержанова, С.М.Тажибаева, А.К. Алпысбаева. Медициналық тақырыптар бойынша мәтіндер топтамасы: оқу-әдістемелік құрал. Қарағанды, 2009.



Қосымша әдебиеттер:

2. Г.М.Талиева. Тағам гигиенасы бойынша орысша-қазақша сөздігі: Қарағанды, 2005.

3. Р.Г.Сыздықова, К.Ш.Хұсайын. Қазақша - орысша сөздік: 50 мыңға жуық сөз Алматы, 2008.

4.Л.Ө.Жандарбекова, Г.К.Масабаева, Б.Е.Мукеева, Г.Е.Оспанова.

Лексикалық-грамматикалық тапсырмалар жинағы: оқу-әдістемелік құрал. Қарағанды, 2012.
Бақылау:

Тестер:




1.Аудармасын табыңыз. Цивилизация –

  1. мәдениет

  2. өркениет

  3. мәлімет

  4. әдебиет

  5. дерек

2.Сұраққа жауап беріңіз: Механикалық сағаттар туралы деректер нешінші ғасырда белгілі болды?

  1. Y ғасырда

  2. YI ғасырда

  3. IY ғасырда

  4. YIІ ғасырда

  5. YIІІ ғасырда

3.Жыл мезгілдерін көрсетіңіз

a) кеш, күндіз, түнде

b) қыркүйек, қазан, сәуір

c) күз, көктем, қыс

d) таңертең, кеше, бүгін

e) қыс, жазғытұры, ертең

4.Сұраққа жауап беріңіз: Сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері қандай түрлерге бөлінеді?

a) баяндауыш, бастауыш

b) бастауыш, толықтауыш, пысықтауыш

c) толықтауыш, баяндауыш, анықтауыш

d) пысықтауыш, бастауыш, толықтауыш

e) толықтауыш, пысықтауыш, анықтауыш

5.Қарсылықты бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемнің сұрақтарын көрсетіңіз

a) қайтпейінше? не етпейінше?

b) қашаннан бері? қайтіп?

c) не етпек болып? қалай?

d) қайтсе де? қайткенмен?

e) қайтсе? не еткенде?

6.Шартты бағыныңқы сабақтасты табыңыз

a) Ол қалаға келгенмен, жұмысын бітіре алмады.

b) Студенттер түгел келмегендіктен, сабақ басталмады.

c) Біз оқу үшін, Қарағандыға алыстан келдік.

d) Жаз шықса, жер көктейді.

e) Ол кеткелі, біз оны көргеніміз жоқ.

7.Атаулы сөйлем қандай сөз табынан жасалғанын көрсетіңіз . Түн. Аспан бұлт.

a) есімдік

b) етістік

c) есім


d) зат есім

e) есімше

8.Сұраққа жауап беріңіз: ХХ ғасырдың 70 жылдары қандай сағат кеңінен тарады?


  1. Электронды сағат

  2. Маятникті сағат

  3. Кварцты сағат

  4. Механикалық сағат

  5. Атомдық сағат

9.Синонимнің анықтамасын белгілеңіз
a) мағыналары әр түрлі
b) жазылуы, дыбысталуы бір, мағынасы әр түрлі сөздер
c) сөз бен сөзді байланыстыратын сөздер

  1. жазылуы әр түрлі, мағыналары бір-біріне жақын сөздер

e) мағыналары бір-біріне қарама-қарсы сөздер

10.Сөздердің аудармасын табыңыз. Самозаводящийся –



  1. өздігінен істейтін

  2. өздігінен жүретін

  3. өздігінен қозғалатын

  4. өздігінен бұралатын

  5. өздігіген жүрмейтін

11.Мақал-мәтелді толықтырыңыз. «Уақыт алтыннан да ..... .»

  1. арзан

  2. қымбат

  3. ерекше

  4. маңызды

  5. үлкен

12.Ең алғашқы қол сағатын 1910 жылы ...... компаниясы жасап шығарды.

  1. Мир

  2. Роллекс

  3. Луч

  4. Омакс

  5. Юпитер

13.Синоним сөздерді табыңыз
a) нәресте , сәби
b) адам, қоғам

c) ата-ана


d) ата, әке, бала.

e) нәтиже, дерек

14.Дұрыс жазылған сөз тіркесін табыңыз
a) болады пайда
b) сүретін орта өмір
c) қоршаған орта
d) асырылады жүзеге
e) мәселесі отбасы

15.Бұйрықты сөйлемді көрсетіңіз

a) Күн қандай тамаша

b) Көктем келді, бірақ жерде қалың қар жатыр

c) Сен әжеңе көмектес

d) Демалыс күні серуенге шығамыз

e) Ертең С. Сейфуллиннің театрына барайық

16.Сұраққа жауап беріңіз: Омоним дегеніміз не?

a) мағыналары бір-біріне қарама қарсы сөздер.

b) жазылуы бірдей, мағыналары әртүрлі сөздер.


c) ауыспалы мағынада қолданылатын сқздер
d) айтылуы бірдей, жазылуы бірдей сөздер.
e) жазылуы әртүрлі, мағыналары бір-біріне жақын сөздер.

17.Сөз тіркесін табыңыз

a) Қой аузынан шөп алмайды

b) Көзді ашып-жұмғанша

c) Төбе шашы тік тұрды

d) Әдемі табиғат

e) Ойлы

18.Лепті сөйлемді табыңыз



a) Сіз қазақша сөйлей білесіз бе

b) Ауа қандай таза

c) Біз сабаққа бардық

d) Сен қашан тұрдың

e) Қазақстанның жері үлкен

19.Сөйлемді аяқтаңыз. Мен Қарағанды мемлекеттік медицина университетінде ...

a) өмір сүремін

b) оқиды

c) оқимын

d) жаңалық ашылды

e) күн суытты

20.Шартты бағыныңқы сабақтасты көрсетіңіз

a) Сабағыңды жақсы оқы.

b) Жақсы оқысаң, «бес» аласың.

c) Олар келгенде, біз кеттік.

d) Олар кете берсін.

e) Жақсы студент жақсы оқиды
Мәтінге арналған сұрақтар:


  1. Уақытсыз адам өмір сүруі мүмкін бе?

  2. Бос уақытыңызды қалай пайдаланасыз?

  3. Уақыт өлшемдеріне не жатады?

  4. Алғаш уақыт санауда қандай құрал қолданылған?

  5. Алғаш қолданылған сағаттар қалай аталды?

  6. Механикалық сағаттар туралы не білесіз?

  7. Голландиялық ғалым қандай сағат ойлап тапты?

  8. Сағаттың адам өмірінде алатын орны қандай?

  9. «Уақыт алтыннан да қымбат» тақырыбына эссе жазыңыз.



Деңгейлік тапсырмалар:
«В1» (қарапайым) деңгей

1-тапсырма. Мәтінді мәнерлеп оқып, аударыңыздар. Сөздікті жаттап алыңыз.

Мәтін бойынша келесі сұрақтарға жауап беріңіз.

  1. Уақытсыз адам өмір сүруі мүмкін бе?

  2. Бос уақытыңызды қалай пайдаланасыз?

  3. Уақыт өлшемдеріне не жатады?

  4. Алғаш уақыт санауда қандай құрал қолданылған?

  5. Алғаш қолданылған сағаттар қалай аталды?

  6. Механикалық сағаттар туралы не білесіз?

  7. Голландиялық ғалым қандай сағат ойлап тапты?

  8. Сағаттың адам өмірінде алатын орны қандай?


2-тапсырма. Мәтінге берілген сөздікті пайдаланып сөз тіркестерін құрастырыңыз.

3-тапсырма. Төмендегі сөз тіркестерімен сөйлем құраңыз.

1910 жылы шықты.

ХХ ғасырда кеңінен тарады.

1404 жылы Мәскеуде орнатылды.

бұдан 3500 жыл бұрын пайда болды.

соңғы кезде пайда бола бастады.

күн сағатынан кейін шықты.

киімнің қалтасына салынатын болған.

1929 жылдары пайда бола бастады.

«В2» (орташа) деңгей
1-тапсырма. Тақырыпқа сәйкес сұхбат құрастырыңыз. Мәтін бойынша (бірнеше) сұрақ құрастырыңыз және оған (кітаптың көмегісіз) жауап әзірлеңіз.

2-тапсырма. Мәтінді аударып, етістікті тіркестерді табыңыз.

ХХ ғасырдың 70 жылдары электронды сағат кеңінен тарады. Соңғы кезде өздігінен жүретін сағаттар да пайда бола бастады. Ең алғашқы сағаттар қалта сағаты деп аталған, өйткені олар киімнің қалтасына салынатын болған. Қазіргі кезде қалта сағаты сәннен шыға бастады. Кейіннен қол сағаттары пайда болды. Ең алғашқы қол сағатын 1910 жылы Роллекс компаниясы жасап шығарды. Сағаттың адам өмірінде алатын орны ерекше: жүректің соғуы, күннің шығуы мен батуы, жыл мезгілінің алмасуы – бәрі белгілі бір уақытпен өлшеніп, анықталып отырады.



3-тапсырма. «Бір аптаға жоспарлаған күн тәртібіңізді» жазыңыз.



«С1» (жоғары) деңгей
1-тапсырма. Мәтінді (қазақ тілінде) өз сөзіңізбен әңгімелеп беріңіздер.

а)Уақыт, адам, үнемдеу, өмір сүру сөздерімен сөз тіркестерін жасап, 5 сөйлем құрастырыңыз.

2-тапсырма. а) «Уақыт және адам» тақырыбында қосымша ақпарат жинаңыз. Газет, журнал материалдарын пайдаланыңыз. ә)«Уақыт алтыннан да қымбат» тақырыбына эссе жазыңыз.

3-тапсырма. Жағдаят бойынша топпен жұмыс жасаңыз. Уақыттың адам өміріндегі рөлі қандай? Сіз уақытыңызды бағалай білесіз бе? Егер сізде бос уақыт болса, қалай өткізер едіңіз? немен шұғылданатын едіңіз? Сіздің және топтың пікірі. Пікірталасқа айналдырыңыз.



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет