Фразеологизмдер аркылы «жаксылық/жамандык» концептілерінің берілуі «Адам-Қоғам-Табиғат»



бет1/3
Дата07.09.2023
өлшемі21.33 Kb.
#476814
түріҚұрамы
  1   2   3
Каппасова А


Каппасова А.Ш.
Е.А.Букетов ат.Қарағанды мемлекеттік университеті, оқытушы
Фразеологизмдер аркылы «жаксылық/жамандык» концептілерінің берілуі 
«Адам-Қоғам-Табиғат» құрамының «Адам» макрожүйесіндегі «ер адам», «әйел» концептілері сияқты «жақсылық» және «жамандық» қарама-қарсылық концептілері күрделі концептілік құрылымға жатады. Сонымен қатар олар әр ұлттың дүниетанымында өмір сүретін негізгі концептілер. Бұл жөнінде зерттеуші Ж.Уматова былай дейді: «Базовыми концептами являются: правда и истина, свобода-воля-вольность, человек и личность, добро и благо, долг и обязанность, ум и глупость, судьба, интеллигенция, совесть, дух и душа и.др. Они употребляются в контекстах разных типов сознания – обыденном, художественном и научном, что делает их предметом изучения культурологов, историков различных религий, антропологов, философов» [1, 8]. Орыс әлемінің тілдік бейнесін зерттеген Г.А. Хамитова жақсылық пен жамандық концептілерін «ядерные концепты» деп атайды: «... выделяются ядерные концепты, или концепты-доминанты, к которым в русской картине мира относятся пронятия добро/зло» [2, 5]. Қысқасы, жақсылық/жамандық концептілері концептуалды өрісі күрделі, мазмұны терең, оппозициялық мәндегі негізгі концептілер болып табылады. Этикалық тұрғыдан алып қарағандағы жақсылық/жамандық концептілерінің эстетикалық мәніне келсек, ол сұлулық пен ұсқынсыздықты береді. Бұған мысалдарды эпос-жырлардан көптеп табуға болады.

Қазақ тіліндегі қарама-қарсы мағынадағы «жақсылық» және «жамандық» концептілері – тақырыптық аясы кең, мазмұны терең, қамтитын мәселелері өте маңызды, концептуалды өрісі де күрделі концептілер болып табылады. Жақсылық пен жамандық адам өмірінде араласып жүретін екі түрлі, біріншісі «+», екіншісі «-» таңбаға ие, біреуі жағымды қасиет болып жақсы істерге бастайтын, біреуі жағымсыз қасиетке ие болып тек жамандыққа батыратын күрделі ұғымдар. Сондықтан бұлар қарама-қарсы табиғатқа ие болып есептеледі. Кез келген адам танымында олар белгілі бір дәрежеде өзгешеліктері бар ассоциацияларды тудырады.


Жақсылық пен жамандық әлемнің тілдік бейнесінде және әлемнің көркем бейнесінде (художественная картина мира) көрініс тапқан ең негізгі, орталық категория болып табылады. Этика мен философияда да осындай қызмет атқарады: оларда адамның өзіндік тұрмысының көрінісі бейнеленеді, сол арқылы адам өзінің осы өмірдегі тіршілігін анықтайды, олар барлық жағымды және жағымсыздықтың өлшеуіші болады. Осылар арқылы адам өзінің жасаған істеріне баға бере алады. Философиялық сөздікте жақсылық пен жамандыққа адамдық қызметтің жағымды және жағымсыз аспектілерін білдіретін, бір-біріне қарама-қарсы ұғымдар деп жалпылай түсініктеме берілсе, қазақ тілінің түсіндірмелі сөздігінде бұл ұғымдарға мынадай анықтама келтірілген: «Жақсылық – 1. Қайырымдылық, рақымдылық, мейірімділік. 2. Белгілі бір заттың бойындағы тәуір қасиет, сапа. Жамандық – жағымсыз іс, оқиға, зұлымдық, қастық, жауыздық» [3, 324]. Н.А.Бердяев, И.А.Ильин, Н.О.Лосский, В.С.Соловьев, Л.М.Лопатин, Л.П.Карсавин сынды орыс ойшылдарының ойынша, жақсылық және одан ажырамайтын жамандық мәселесін шешпесе толыққанды этикалық жүйенің жұмысының жүруі мүмкін емес. Жақсылық пен жамандық ұғымының салыстырмалы характеріне қарамастан, көп зерттеушілер адамдық қызметтің позитивті бағыты жақсылық екенін баса айтады.
Философ В.А.Канкенің пайымдауынша, «Жақсылық – бұл істің, қимылдың дұрыс құндылығы. Жақсылық – бұл жауапкершілік. Ал жауапкершілік – жақсылықтың қазіргі ұғымы». «Жақсылық», «жамандық» лигвистикалық құбылмалы сөздер. Жақсылық туралы былай дейді: өте жақсы, ең үздік, теңдесі жоқ, баға жетпес, кемшілік жоқ, керемет, аса маңызды т.б.» [4, 150]. Одан соң ғалым «Жақсылықты өлшеуге бола ма?» деген сұрақ қояды да, қайдағы бір құрылғының көмегімен емес, эстетикалық құндылықтармен өлшеуге болады деген шешімге келеді. Философ Канке одан соң шындық, сұлулық, жақсылықтың бірлігін былай қарастырады: «Осы үш құндылық үндескенде ғана адам өмірі толық мәнге ие болады. Шындық, сұлулық, жақсылық – қастарында өмір бойы адасушылық, тұрпайылық, жамандық сияқты қарсы ұғымдар қатар жүретін идеалдар» [4, 224]. Сөз соңында философ «Бізде жақсылықтың не екенін мәңгіге анықтай аламыз деген үміт бар. Негізі жақсылықтың не екенін білеміз, сонымен қатар оны қайта іздейміз. Бұл – өмір заңдылығы» [4, 152] деген қорытындыға келеді
Діни тұрғыдан алып қарасақ, жақсылық – адамгершілік пен имандылықты сипаттайтын жалпы ұғым. Ислам дінінде жақсылық пен жамандықтың адамның өз ниетіне байланыстылығы айтылады. Адамға жағымды нәрселердің бәрі жақсылық ұғымы арқылы жүзеге асады немесе қарама-қарсы мәндегі жамандық жаман пиғыл арқылы өз мақсатына жетеді. Жақсылық арқылы жеке адамдардың іс-әрекеттеріне, қоғамдық қатынастарына, адамаралық байланыстарына тиісті баға беріледі. Жақсылық әр түрлі деңгейде тұлғалық қасиеттердің ізгілігін айқындайды. Жамандық болса, керісінше, тек зұлымдық, өтірік, жауыздық сияқты жағымсыз істердің көрінісі. Жалпы адам баласы тумысынан жақсылыққа да жамандыққа да бейім жаратылады. Бұл екеуі бір-бірімен астасып жатқан қасиеттер. Жаратушы осы арқылы адамды тепе-теңдікте ұстап, оны қай жаққа да бейімділікте жаратқан. Адамгершілік ойларын сопылық ілімнің өкілі Иассауи де дін арқылы түсіндіреді. «Жақсылық пен жамандық, әділеттілік пен әділетсіздік, адамның жақсы және жаман іс-әрекеттері сияқты моральдық сипаттары оның құдайға сенуіне байланысты болады. Кімде-кім жамандық жасаса, ол күнәдан арыла алмайды, кімде-кім жақсылық жасаса, ол құдайдың сүйіктісі болады» [5, 95].
Жақсылық пен жамандық лексемаларының лингвистикалық түсіндірілуіне келсек, жақсылық дегенде игілік, амандық, мейірімділік, рақымдылық, әдептілік, адалдық, пайда, бақыт, сәттілік, парыз, жақсы, игі іс, жақсы қарым-қатынас, молшылық, келісу т.б. деген ұғымдармен нақтылана түсетін «бәрі жақсы, оң, адамгершілік (жамандыққа қарама-қарсы)» сияқты жалпы компоненттер бөлініп шығады. Бұл компоненттер арқылы адамның тек жақсы мінезі мен іс-әрекеттері беріледі. Мысал ретінде көркем шығармадан жинастырылған сөйлемдерді келтірейік: Дауылдың қара бұлтындай болып, әдейі басына арналып келе жатқан қайғы-қасіретті көріп, соның алдынан айласыз-әлсіз күйде өзінің отырғанын біліп тұрса да, кемпірдің жүзінде үлкен 

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет