Семияр «Жетіжар» ауылдық округінің тезистері
Семияр ауылдық округіне төрт елді мекен кіреді:Семияр, Кривинка, Лесной, Грачи. Округ бойынша 2013 жылға халық саны-1697 адам (Семияр-820, Кривинка-561, Лесной-157, Грачи-159) оның ішінде: 304-зейнеткер, 1124- еңбекке жарамды адам, 222-жұмыс істейтіндер, 583- өзін-өзі қамтыған,жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде-2 адам еңбек биржасында есепте тұр. 2012 жылға халық саны – 1709 адам (Семияр – 820, Кривинка – 561, Лесной -157, Грачи-159) 2013 жылда тіркеуден шыққан – 17 адам, тіркеуге алынған-22 адам. 2012 жылы тіркеуден шыққан -31 адам, тіркеуге алынған -19 адам.
Бюджеттің орындалуы 2013 жылы - 97,0%
Ауыл шаруашылығы
Ауылдық округте ауыл шаруашылығына көп көңіл бөлінеді, бұл бағыт бойынша ауылдық округінде нақты жұмыстар жүргізілуде.Семияр ауылдық округінде ІҚМ, ҰҚМ, жылқылардың, құстардың саны ұлғайды.
|
01.10.2012
|
01.10.2013
|
%
|
ІҚМ
|
3966
|
4112
|
104
|
ҰҚМ
|
6238
|
6273
|
101
|
Жылқы
|
706
|
707
|
100
|
Құстар
|
2073
|
2277
|
110
|
Ауылдық округ бойынша 2013 жылдың 9 айымен мен салыстырмалы 2012 жылдың 9 айы ет, сүт, жұмыртқа өнімдерінің өсуі байқалуда
|
01.10.2012
|
01.10.2013
|
%
|
Ет, центнер
|
2645
|
2655
|
100
|
Сүт, центнер
|
36671
|
36675
|
100,2
|
Жұмыртқа,
|
142807
|
150355
|
105
|
Жүн
|
143
|
147
|
104
|
2013 жылы егістік жер 4243,8 га жерді құрайды, оның ішінде: «Ас Ай и К»ЖШС, «Еңбек и К» ФШ, «Бахшан», «Азамат», «Сынтас», «Арман» шаруа қожалықтары және халық 40 га арпа, 1280 га астық, 35 га картоп, 8,8 га көкөніс, 222,4 га бір жылдық шөп, 2697,6 га көп жылдық шөп егті. Жыл сайын «Ас Ай и К»ЖШС, «Бахшан», «Азамат», «Медет», «Даулет», «Ажар» шаруа қожалықтары қатаң мал азығын дайындауда белсенді қатысады. 2013 жылы қатаң мал азығын дайындау жоспар бойынша-9000 тонна, бүгінгі күні 115% шөп дайын.
Ауылдық округ бойынша 54 шару қожалығы, «Ас Ай и К»ЖШС мен 9 жеке кәсіпкерлер тіркелген. Шару қожалықтары көбінесе мал шаруашылығымен айналысады, олардың ішінде «Ас Ай и К» ЖШС асыл тұқым мал өсіреді, асыл тұқымды мәртебесі ие, «Омск-Майкапшағай» 45-ші шақырым жол бойында 8 орынға арналған қонақ үйі, АЗС, СТО, 45 орынға арналған кафесі, МТШ, диірмені бар. Шаруа қожалықтары мал шаруашылығымен айналысады, қалғандары жеке шаруашылықтарына қатаң мал азығын дайындаумен айналысады.
2012 жылы біздің Семияр ауылы тірек ауылы бағдарламасына енді.
Іс-шаралар жоспары. 2012 жылға 498 млн.099 мың теңгеге 15 жоба жоспарланды. Оның ішінде: облыстық бюджеттен-228 млн.826 мың теңге, жұмыспен қамты-2020 -27 млн.298 мың теңге, өз қаражатынан-154 млн. 500 мың теңге, әлеуметтік жауапкершілік бизнесі бойынша-4 млн. 699 мың теңге және республикалық бюджеттен – 80 млн.теңге. Осы жобаларды енгізу нәтижесінде 106 жұмыс орны ашылды. 15 жобаның ішінен су құбырын орнату жобасы орындалмаған. Бұл жобаның сметалық құжаттары рәсімделуде,.Су құбырының құрылысына қаражат бөлінген жоқ, Ауыл шаруашылығы бойынша -4 жоба, 4 жобаның барлығы да орындалды, бұл: «Ас Ай иК» ЖШС бордақлау аланының құрылысы, «Азамат», «Сейлханов» шаруа қожалықтарының ІҚМ өсірумен айналысу және Рахимбаев Б құс фермасын ашты. 2012 жылы 9 қараша да облыс әкімінің қатысуымен салтанатты түрде 80 балаға арналған жаңа мектеп ғимараты ашылды. Химия, физика, мультимедиялық кабинеттер барлық құрал жабдықтармен жабдықталған, сонымен қатар спорт зал мен асхана да. 2012 жылы аббаттандыру жұмыстарынан – 5 жоба, түгелдей орындалды. Орталық көшені аббаттандару, ескерткіштің маңайы қырлы тастармен төселуі, көшелердің жарықтандырылуы, рұқсатсыз қоқыс тасталатын жерді жою.
2012 жылы «Зияданова» ЖК 1 млн 500 мың теңге несие алып наубайхана ашты, өз меншік қаражатына тігін цехы мен шаштараз ашты
Жоба бағдарламаларының жүзеге асуы үшін аймақ дамуының және іс-шараның жоспары әзірленген. 2013 жылға 11 жоба әзірленіп, 56 млн. 673 мың теңгеге жоспарланған. Оның ішінде республикалық бюджеттен 11млн. 321 мың теңге, 1 млн.теңге аудандық бюджеттен, меншікті ақы-пұлдар – 39,0 млн,мың теңге, бизнес-әлеуметтік жауапкершілігі 5 млн. 352 мың тенге. Айтылмыш жобаның енгізуінің ұйымдастырылуы нәтижесінде 24 жұмыс орны ашылады.
Бүгінгі күнде 11 жобаның ішінен орындалғаны - 4, 4- қазіргі кезеңде орындалуда, 3-і басталған жоқ.
25 қыркүйекке 39 млн.979мың.теңге немесе ортақ сомадан 71 пайызға орындалды.
2013 жылы ауыл шаруашылығы бойынша 6 жоба 46млн.теңгеге, оның ішінде 36 млн. «Азамат» шаруа қожалығының өз қаражаты, 10,0 млн. теңге қарыз қаражаты. 15 жұмыс орны құрылады. Мұздықұдық нүктесінде асыл тұқымды ІҚМ «Азамат» шаруа қожалығы сатып алды.Жобаның мақсаты халықты етпен қамтамасыз ету.5 жұмыс орны ашылды. Қазіргі таңда ол Көкпекті ауданынан 165 бас асыл тұқымды ІҚМ сатып алды. Келешекте бордақылау алаңдарын салып, асыл тұқымды мәртебесін алуды жоспарлауда.Тәттімбетова Фарида «Қамту 2020» бағдарламасының аясында ірі қара малды көбейту үшін 1 млн.теңгеге несие алды. Ол 4 бас ІҚМ сатып алды. 2 жұмыс орнын ашты. «Қамту 2020» бағдарамасының аясында «Рауан» шаруа қожалығы Камзин Сакен несиеге ие болып, балық және кәртоп өсіруге 1,5 млн.теңге алып, 2 жұмыс орнын ашуды жоспарлауда. Оның жерінде өзен бар, ол 25 кг карп балығын өзенге жіберіп, кәртоп отырғызды. Қазіргі таңда ол келесі жылға тұқым дайындауда.
Кәсіпкерлік бойынша 2 жоба 0,4 млн.теңгеге өз қаражатынан жеке кәсіпкер Раушан Зияданова наурыз айында кондитерлік цех ашып, 1 жұмыс орнын ашты. Аяқ киім жөндеу шеберханасын ашуды жоспарлайды.1 жұмыс орнын ашады. Қазіргі таңда бұл жоба орындалуда. Аяқ киім тігетін машина сатып алынды. Бүгінгі күнде ғимаратта күрделі жөндеу жүріп жатыр. Қараша немесе желтоқсан айларында шеберхана іске қосылады.
2 жоба инфроқұрылым және көркейту
Бизнес әлеуметтік жауапкершілігі арқылы 5 млн.352 мың теңгеге балалар алаңы құрылады. Уақытша 3 жұмыс орны ашылады. Бизнесмендер мен ауылдың мықты азаматтарымен меморандум жасалған. Қазіргі уақытта саябақтың ішінде ата-анасы мен балаларға арналған саңырау құлақ типтес ойын орындары, орындықтар орнатылған. Ойнайтын алаң цементтеліп, ағаштар отырғызылып және аққу, матрешкалар, қонжықтардың бейнелері орнатылған. Жақын арада әткеншек орнатылады.
Семияр ауылында көркейту бағдарламасы бойынша - 1 жоба. Маусым айында жұмыстар жүргізілді. Бұзылғын үйлердің қалдықтары 1млн.321 мың теңгеге республикалық бюджеттен бөлінген қаражатқа тазаланды. Бұрынғы 2 қабат кеңсе және 2 қабат аурухананың орындары қоқыс-қалдықтардан тазаланды. Уақытша 2 жұмыс орны құрылды.
Әлеуметтік салада қаңтар айында биылғы жылы 2млн.600 мың теңгеге оқушыларға мұз айдыны салынды. «Семей орманы» өз қаражатына салды. Уақытша 2 жұмыс орны ашылды. 2-ші транш бойынша 3 жоба 7,5 млн.теңгеге жоспарланған. Қарсыбеков Б, Нұғманов Е ІҚМ өсірумен, Қайдарова Ж. Ұсақ мал өсіріп, тері қабылдау пунктің ашылуын жоспарлауда. Бұл жобалар мақұлдданды
Денсаулық сақтау
Округ аумағында 1 ФАП-Семияр ауылында, 2ФП Кривинка, Лесной және ғимаратсыз Грачи ауылында. 6 медбике және 1 дәрігер қызмет етеді. 2013жылдың ішінде туған балалар саны-13, қайтыс болғандар-15, 2012 жылы туған балалар -12, қайтыс болған-6 адам. Округ халқы флюрографиядан өтті. 14 жасқа дейінгі туберкулез ауруымен ауыратын балалар жоқ. Округ бойынша 2 адам туберкулез ауруымен тіркеуде тұр, екеуі дәрі-дәрмек алуда. 2012 жылы 5 кісі туберкулез ауруымен тіркеуде тұрды.
Мәдениет және спорт
Округте мәденит ұйымдастырушы мәдени шаралар, ауыл жастарына би кештерін, Наурыз мейрамы, Халықаралық әйелдер күні, Отанды қорғау күні, Жеңіс күні, «Қарттар күні» және т.б мерекелер күндері концерт және спорт іс-шаралармен ұйымдастырылып, ауыл тұрғындары белсене қатысады. Жыл сайын округ мамандары қолдаушылардың көмегімен балаларға арнап шырша өткізеді, әр біреуіне сыйлықтар таратады, биыл 93 сыйлық берілді. Біздің спортсмендер өткізілетін спорт іс-шараларға қатысып, жүлделі орындарға иеленеді. Біздің хоккейшілер «Жұлдызша 2012» облыстық жарыста күміс жүлдегерлері атанды, ал 2013 жылы Қола жүлдегерлері болды. Кривинка спортсмендері волейбол мен теннистен жүлделі орындарға ие.
Әлеуметтік қорғау.
Округ бойынша соғысқа қатысқандар-2 адам, тыл ардагерлері-18 адам, ауғандар-3 адам, Чернобль АЭС қатысушылары-1 адам, «Алтын алқа»-30 адам, «Күміс алқа»-33 адам, 4 және одан да көп балалы -9, 18 жасқа дейінгі мүгедек балалар -5 адам
Округ бойынша жұмыссыздықпен және кедейшілікпен белсенді күрес жалғасуда. 2013 жылы аз қамтылған- 5 жанұя, 2012 жылы аз қамтылған 8 жанұя, 2013 жылы мемлекеттік жәрдемақы 23 жанұя алды, 2012 жылы 14 жанұя алды. 2013 жылы аз қамтылған- 5 жанұя,олардың ішінде 18 алушылар 291597 тенгені құрайды, мемлекеттік жәрдемақы – 23 жанұя,оның ішінде 54 бала, 543703 тенгені құрайды.
Жұмыс орындарын ашу, жоспар бойынша-9 адам. Орындалған 9 адам «Зияданова»ЖК жұмысқа бір адамды орналастырды, «Азамат» ШҚ Кадылбекова К 7 жұмыс орнын ашты, «Бахшан»ШҚ 2 жұмыс орнын ашып, екі адамды жұмысқа орналастырды. Уақытша жаз айларында 54 адам жұмыспен қамтылған, бұл орман шаруашылығына және шөп шабуға.
Ауылдық округінде зейнеткерлерге, жалғыз басты тұрғындарға, аз қамтылған отбасыларға, шектеулі мүмкіншіліктері бар балаларға көп көңіл бөлінеді. Олармен әлеуметтік қызметкерлер айналысады. Округ бойынша жалғас басты тұратындар- 9 адам, зейнеткерлерді және шектеулі мүмкіншіліктері бар балаларды үш әлеуметтік қызметкер күтеді. Жалғыз басты қарт адмдар мен мүгедектерге «Азамат», «Бахшан» ШҚ-тары, «Магауя», «Зияданова», «Алия», «Жадра» ЖК-лер әрдайым демеушілік жасап көмек көрсетеді.
Салық.
2013 жылы жиналған салық 503640 тенгені құрайды(мүлік салығы-153398 тенге, көлік салығы-269405 тенге, жер салығы- 77837 тенге), 2012 жылы 411617 тенгені құрады (мүлік салығы-109349 тенге, көлік салығы-249776 тенге, жер салығы-52492 тенге)
Білім беру
Округ бойынша 3 мектеп бар, екі орта мектебі (Семияр, Кривинка) және т бастауыш Грачи мектебі. Округ бойынша оқушылар саны 2013 жылдың 1 қыркүйек айына 147 баланы, 2012 жылы 167 оқушы болды, 2013 жылы мұғалімдер- 37, 11 сынып оқушылары -6, 1 сыныпқа барған оқушылар саны -14(Семияр-4, Кривинка-8, Грачи-2), мектепке дейінгі-18 баланы(Семияр-5, Кривинка-9, Грачи-4) құрайды.Тегін тамақпен 82 бала қамтылған.
ҰБТ Семияр орта мектебі аудан бойынша 2-ші орында, Кривинка орта мектебінде 3 оқушының ішінен 2 оқушы ҰБТ өтті, орташа балл 59. Жазғы уақытта балалардың барлығы сауықтыру демалумен қамтылған. Жазғы уақытта округтің барлық мектептерінде мектеп алды лагерлері ұйымдастырылған, мектептерде жөндеу бригадалары жұмыс істеді. Балалар жолдама арқылы «Голубой залив», «Матросова», Астана қаласында, Семейде дем алды. Мектептерде қайырымдылық акциялары өткізіледі. Футбол, жеңіл атлетика, волейбол, баскетбол, теннис секциялары жұмыс істейді.
2012 жылдың желтоқсан айында ММ «Семей орманы» 2,6 млн. теңге қаржысына хоккей корты салынды, сонымен қатар «Туған жерге - тағзым» акциясымен мектеп түлектері 189 мың теңгеге доптарға, спорт киімдеріне қаржы берді. 2013 жылдың ақпан айында жергілікті бюджеттен 1,5 млн. теңге қаржы бөлініп хоккей командасына спорт инвентарі алынды. Сонымен қатар «Туған жерге - тағзым» акциясымен ауыл белсенділері, 2003 жылғы мектеп түлектері 120 мың теңгеге түрлі-түсті принтер, гүл сауытына салынған жанды және жасанды гүлдер сыйлап және де ауыл белсендісі Н.Карманов оқушыларға 20 мың теңге қаражат бөліп, оқушылар Өскемен қаласына экскурсияға барып келді.
Округ аумағында қоғамдық комиссия кеңестері өз қызметтерін жүзеге асыруда, әйелдер кеңесі, ақсақалдар кеңесі, жастар кеңесі әкімдікпен бірлесе белсенді әрекет етуде.
Ауылдың санитарлық тазалау және абаттандыру жұмыстары жүргізілуде, сонымен қатар әрдайым сенбіліктер өткізілуде. «Бесқарағай інжу-маржанын сақтайық » атты сенбілік Ертіс өзені бойында өткізілді.
Құқық бұзушылық саласында
2013 жылы 2 қылмыс тіркелген, 55 әкімшілік құқық бұзушылық жасалды. Оның ішінде: қоғамдық жерде мас күйінде немесе алкогольдік ішімдіктерді қолданған үшін-14 адам, қоғамдық жерде шылым шеккен үщін-6 адам, сағат кешкі 11.00-ден кейін кәмелеттік жасқа толмаған – 9 бала, ұсақ бұзақылық жасаған үшін-4 адам, санитарлық тазалық бойынша – 2 адам, отбасылық-тұрмыстық бұзақылық үшін – 6 адам, заңсыз балық ұстаған үшін-3 адам, автокөлік жүргізу ережесін бұзған үшін – 3 адам, қаруды сақтаған үшін – 3 адам, жеке куәліктері жарамсыз тұрғындар – 3 адам, ішімдіктен емделуге – 2 адам жіберілді.
2012 жылы 36 әкімшілік құқық бұзушылық жасалды. Оның ішінде: ұсақ бұзақылық жасаған үшін- 4 адам, қоғамдық жерде мас күйінде немесе алкогольдік ішімдіктерді қолданған үшін-11 адам, қоғамдық жерде шылым шеккен үщін- 4 адам, тұрғылықты жерде тіркелмегені үшін – 1 адам, сағат кешкі 11.00-ден кейін кәмелеттік жасқа толмаған – 2 бала, отбасылық-тұрмыстық бұзақылық үшін – 4 адам, қаруды сақтаған үшін – 2 адам, санитарлық тазалық бойынша – 1 адам, тыныштықты бұзған үшін- 3 адам,басқа -2, ішімдіктен емделуге – 2 адам жіберілді.
Жоспарлануда:
-Жетіжар ауылында бос тұрған ескі мектеп ғимаратын әкімшілік ғимаратына жөндеу жүргізу, жобалық-сметалық құжаттарды дайындау
- «Ас Ай и К» ЖШС 300 бас «Жабе» тұқымды жылқы және 300 бас ІҚМ алуды жоспарлауда.
- «Жаңбыр» жобасы агроөнеркәсіптік алаңында гидромелиоративтік кешен құрылысы, суландырылатын жерлер 4041 га егістік жерлерді суару үшін суландыру жүйесін қалпына келтіру
-2013 жылдың наурыз айында «Азамат» ШҚ Кабылбекова К асыл тұқымды ІҚМ сатып алды және бордақлау аланының құрылысын салуды жоспарлауда, келешекте асыл тұқымды шаруашылық мәртебесін алмақ.
- тері, жүн жинау пунктін ашу
-Жетіжар ауылында жолдарға орташа жөндеу жұмыстарын жұргізу Иманов, Нұртазин көшесі
-Округ аумағында ескі бұзылған үйлердің қоқсығын тазалау
Кривинка орта мектебінің жылу беретін жүйелерінің күрделі жөндеуден өткізу
Округ әкімі м.а: К.Байбекова
Достарыңызбен бөлісу: |