Серикова Карлыга Ергешовна ОҚО, Сайрам ауданы, Ақбай ауылы, №28 Ақбай жалпы орта мектебі



Дата12.07.2016
өлшемі113.94 Kb.
#195145



Серикова Карлыга Ергешовна

ОҚО, Сайрам ауданы,

Ақбай ауылы, №28 Ақбай жалпы орта мектебі.

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі және

директордың ғылыми-әдістемелік

жөніндегі орынбасары



Жас маманмен жұмыс


Бала - өміріміздің мәні, болашақтың сәні. Бүгінгі жас ұрпақ – келер күннің егелері.

Сондықтан, бала тәрбиесі - бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: «Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында»- дегенін барлығымыз білеміз. Бала бойына ата-анадан кейінгі ақыл-ой, адамгершілік, әдептілік, ар-ұят, ұлттық сана-сезімді сіңіруші адам – мұғалім. Ал мектептегі мұғалім кеше ғана оқуды аяқтаған жас маман баланы қалай тәрбиелейді? Теориялық білімін практика жүзінде іске асыра ала ма?- деген сұрақтар ата-аналарды мазалайды. Бірақ мектептерде жас мамандарға тәжірибелі тәлімгер ұстаздар көмекке келеді. Жас мамандарға әдістемелік көмек көрсетуде ата- аналар жиналысы мен тәрбие сағаттарын ұйымдастыру, өзара сабаққа қатысу, семинар, тренингтердің рөлі өте зор. Сонымен қатар жас мамандарға психологиялық қолдау да қажет. Педагог этикасы, педагогикалық такт, оқушылармен қарым- қатынас жасау ережелері, тренинг өткізу. Мектеп құжаттарын толтыруды, құжаттармен жұмыс жасауды меңгеру.Оқушылардың жеке құжаттарын толтыру. Ата- аналармен танысу жиналысы, сауалнамалар толтыру уақытылы жүргізілу тиіс. Ата−аналармен қарым-қатынас жасау,оларға бала оқытудың қазіргі кездегі талаптары мен қиыншылықтары туралы мағлұмат беру, бала психологиясына көңіл бөлу т.с.с. кеңестер берілу.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашақта еңбек етіп, өмір сүріңдер- бүгінгі мектеп оқушыларын мұғалім оларды қалай тәрбиелесе Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұстазға жүктелген міндет ауыр» - деген болатын.

Осы ұстаздар жайында халқымыздың ұлы батыры Бауыржан Момышұлы “Ұстаздық - ұлы құрмет. Себебі, ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді. Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді... Өмірге ұрпақ берген аналарды қандай ардақтасақ, сол ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздарды да сондай ардақтауға міндеттіміз” деген. Міне, осындай міндеттерді алға тарта отырып жас мамандарға көмек:

1.     Жас баланы ересек адамша құрметтей де, жақсы көре де біліңіз.

2.     Балалармен жұмыс жүргізуден туындайтын сүйсіну сезімдерін бойға сіңіруге тырысыңыз, өйткені ол бірден емес, біртіндеп қана қалыптасатын сезім.

3.     Өзіңіздің білім қорыңызды қызықты тарихи оқиғалармен, ертегілермен, жануарлар әлемінен, табиғаттан және т.б. алынған қызықты фактілермен толықтырыңыз.

4.     Жұмысты әрқашан жақсы көңіл-күймен атқарыңыз. Бұл мұғалім ешқашан қабақ шытпасын деген сөз емес. Бұл жерде әңгіме адамның жұмысқа өзін өзі даярлауы туралы болып отыр.

5.     Әрқашан сабаққа қосымша артық ойын түрі болсын. Олар бастаған сабақтың барысын өзгертуге немесе оны жоспардан тыс өткізуге тура келген жағдайда қолдану үшін қажет. Сабаққа «запасымен» әзірленіңіз. Материалдың жетпей қалғанынан гөрі, артық болып пайдаланылмай қалғаны жақсы.

6.     Адал көңілмен қарым-қатынас жасаңыз, балалар оны сезеді және бағалайды.

7.     Әділеттілік «кодексін» сақтауға тырысыңыз. Жасөспірімдер әділетсіздік көріністеріне тым шамшыл келеді.

 

Өзін өзі ашу тренингі

(жас мамандарға арналған)

Тренинг мақсаты:

-         тренингтік топтың жұмыс жүргізуіне қолайлы жағдай жасау;

-         тілектестік атмосферасын қалыптастыру;

-         тренингке қатысушыларды жас мамандармен таныстыру;

-         қарым-қатынас дағдысын қалыптастыру, өзара тиімді әрекеттестікке кедергі келтіретін ішкібарьерлерді, ширығуларды жою;

-         жас мамандардың ашылуына, өз әріптестеріне өздерін көрсете білуіне көмектесу;

-         жас мамандар өздерін педагогикалық ұжымның бір бөлшегі ретінде сезінуіне, бейімделуіне ықпал жасау;

-         қатысушыларды тренингтік топтардың негізгі жұмыс принциптерімен таныстыру.

Тренинг бағдарламасы

1.     Жүргізушінің тренингке қатысушылар мен топтарды бір-бірімен таныстыруы.

2. Сабақ бағдарламасы тақыланады, іс-әрекет ережелері белгіленеді.

3.     Іс-әрекет ережелерін қатысушылар өздері белгілеуіне немесе жүргізуші ұсынған нұсқаны пайдалануына болады.

4.     Практикалық бөлім.

5.     Соңғы бөлім, Тренингтің қорытындысын шығару.

Тренинг барысы

-         Саламатсыздар ма, құрметті тренингке қатысушылар! Бұл біздің осы тоқсанда өтіп отырған өзін өзі ашу жөніндегі бірінші тренингіміз. Біздің кездесулеріміз ендігі жерде тұрақты болады деп сенемін! Біздіңтоп мектептегі жас мамандарды лицей әкімшілігімен, өздерінің баулушы тәлімгерлерімен, алдағы кезде бірге қызмет ететін мұғалімдермен таныстыру мақсатында құрылып отыр. Бүгін біз бір-бірімізбен жақынырақ танысатын боламыз. Ішкі барьерлерді алып тастауға, толқуларды сабырға түсіруге, оң зарядтар алуға тырысамыз.

          Біздің сіздерге ұсынатын бірінші жаттығуымыз - бой сергіту. Ол бізге аздап денені ширатып, күш қосып алуға, сөйтіп жұмысқа жаңа жігермен кірісуге көмектеседі. Бір-бірімізді жақсырақ білу үшін оған жағдай жасау керек.

Бой сергіту: «Орын алмасамыз»

Қатысушылар шеңбер жасай орындықта отырады. Жүргізуші ортаға шығып былай дейді: «Кәнеки, кімде-кімнің...(шашы ұзын болса, көзілдірігі болса)немесе кім...(ұнамағандарды қуып шыға алатын болса, тігін тіге алатын болса деген секілді жұрттың сыртқы белгілері немесе қабілеттері аталады)бір-біріңмен орын ауыстырыңдар». Мақсат аталған белгілері немесе қабілеттері бірдей кісілердің орындарын ауыстыру. Жүргізушінің мақсаты - кез келген босаған орынға жылдам отыра қою. Кім отырып үлгіре алмаса, енді сол жүргізуші болады.

-         Бәріңізге де үлкен рахмет! Бәріңіз де бой сергіту жаттығуын ойдағыдай орындадыңыздар! Енді түгел орындарыңызға қайта отырыңыздар. Сабақты одан ары жалғастыру үшін топта жұмыс жүргізу ережесін келісіп алуымыз керек(ережені алдынала тақтаға жазып қоюға немесе оны топпен ақылдаса отырып жасап, ватман қағазға түсіргеннен кейін, көрнекті орынга іліп қоюға болады).

Ереженің үлгі тізімі(жүргізуші ереже тармақтарының әрқайсысын жеке-жеке түсіндіреді).

1.     Қарым-қатынастағы бір-біріне деген сенім(қарым-қатынас жасау стилінің бірыңғай формасы, бұл орайда дүрысы «сен» деп сөйлесу.)

2.     «Осы жердегі» және «қазіргі» принципі бойынша қарым-қатынасжасау(қатысушыларды man қазір толғандырып отырғанжайлар туралы айтамыз, олардың топтағы іс-әрекеттерін талқылаймыз).

3.     Қарым-қатынастағы адалдық(не сезгенімізді және тек шындықты ғана айтамыз).

4.     Топтағы жәйттердің құпиялылығы(сабақ уақыты кезінде өткен жәйттердің бәрі топтың өз арасынан сыртқа шықпайды)

5.     Тұлғалардың күшті тұстарын, мықты қабілеттерін анықтау(жаттығулар мен тапсыр- маларды талқылау кезінде қатысушылар міндетті түрде сөйлеушінің оңды қасиеттеріне ерекше көңіл аударып отырулары тиіс).

 

6.  Жаттығуларға өз еркіне қарай қатысу(ТОҚТА ережесі, осы сөздіайтып кез келген сәтте жаттығудан шығуға болады).



Барлық ереже келісілді, енді танысуға кезек келді!

Таныстық


Қатысушылар екі-екіден бөлінеді. Сонан соң бұл жұптар жан-жаққа тарасады. Оларға 3-5 минут уақыт беріледі. Осы уақыт ішінде жуптар бір-біріне өзі туралы, соның ішінде ең маңызды дегендерін айтады. Әркім өз тұлғалық қасиеттерін, соның ішінде оңды тұстарын алдыңғы орынға шығарғаны дұрыс. Жуптардың міндеті бір-бірін тыңцап, кейін әркім өз жубын топқа таныстыру. Қатысушылар оларға нақтылайтын сұрақтар беруі мүмкін.

Рахмет,(бір-бірін арқадан қағып қоюға болады),міне біз таныс болдық, бір-бірімізге қарай алғашқы қадамдарымызды жасадық.



«Кәсіптік герб» жаттығуы

-         Біз бәріміз де педагогтармыз. Мен сіздерге өз жеке кәсіби гербтеріңізді жасауды ұсынамын. Оның сипатын, формасын, қандай болуы керек екендігін әркім әр түрлі пайымдайды. Мен бәріңізге бір-бір ватман парағын, түрлі түсті қарындаштар үлестіремін. Сіздер соған кәсіптік герб контурын бейнелеп алып, сосын оның ішін мазмұнды бейнелермен толықтырасыздар. Бұл үшін кәсіби қызметтің бірқатар маңызды тұстарына көңіл аудару керек:

-         қатысушы өзінің кәсіби қызметінде неғұрлым маңызды деп есептейтін жетістік немесе оқиға;

-         сізді бақытты етуге оқушыларыңыз пайдалана аларлықтай нәрселер немесе білім аясы;

-         сіздің педагогикалық қызметте көмектесетін немесе көмектесе алатын жеке тұлғалық қасиеттеріңіз.

Бұл жаттығуды орындаудың басты шарты: қатысушылар сөзбен емес, сурет салу арқылы көрінеді. Гербтер салынып болғаннан кейін, олар тақтаға ілінеді. Нәтижесінде қатысушылардың өмірлік кәсіби позициялары туралы езіндік бір ерекше галерея пайда болады.

Талқылау

Қатысушылар барлық гербтерді қарай отырып, мынадай сұрақтарға жауап береді:

-         Гербтегі бейнелер оның иесі туралы не айта алады?

-         Суреттер неге осыншама әр келкі болып шыққан?

-         Қай гербтегі қандай бейнелерді өзгертіп, тузетер едіңіз, неге?

-         Ең жақсысы қайсысы және ол несімен жақсы?

Қорытынды жасау кезінде жаттығуды орындауға ненің қиындық тудырғанын және ненің көмектескенін бірлесіп айқындаган жөн.

-         Бәріңізге де атқарылған жұмыстар үшін алғыс айтамын!

-         Сіздер, шамасы, ептеп шаршаған шығарсыздар. Олай болса, бой сергіту жаттығуын жасайық.

 Бой сергіту: «Молекулалар»

Топ бөлме ішінде бей-берекет хаосты түрде қозғалады. Жүргізуші «Қанеки, 3-5 адамнан бірнеше топқа бөлінейік» деп хабарлайды. Жұрт тез арада айтылған мөлшермен жинақталып, бірнеше топ құрайды.

-         Сонымен, одан әрі жалғастырамыз ба?



«Бәрібір де сен жақсысың, өйткені...» жаттығуы

-         Енді жұп-жұпқа бөлініңіздер. Алғашқы жұптың біреуі «Мені жақсы көрмейді, себебі...» деп әңгіме бастайды. Екіншісі тыңдап болып: «Бәрібір де сен жақсысың, өйткені...» деп жалғастырады. Сонан соң бір-бірімен рөл алмасады.

Қатысушылар әрекетке орай жауап әрекет етудің қандай жағдайда да серіктес беделін түсірмейтіндей тәсілін қолдануға мүмкіндік жасау керек.

Талқылау

-         Сіз серіктесіңіздің әңгімесіне түгелдей лайықты жауап әрекет жасай алдыңыз ба?

-         Жауап әрекет жасау қиын болған жоқ па, болса не нәрсеге байланысты еді?

-         Қолдау тапқан кезіңізде қандай сезімде болдыңыз?



Жаттығу «Аталған мөлшерде кісі қатарының алға шығуы»

-         Мұғалімдер ұжымы - үлкен бір команда. Бәрінің қызметі бір-біріне тәуелді. Сондықтан ұжымның бірін-бірі сезіне қимылдауы маңызды нәрсе. Қазір біз өткізетін жаттығу командада бірлесіп әрекет ете білу қажеттігін көрсетеді. Бәріңіз сап түзеп тұрыңыздар. Мен жүргізуші ретінде командадағы адам санынан аспайтын мөлшерде бір санды айтамын. Сонда саптан бірден сонша адам ырғып шығуы керек. Кеңесуге тыйым салынады! Жаттығу нәтижеге қол жеткізгенше қайталана береді. Әр ретте әрқандай сан аталады(бір-бірін тіл қатпай-ақ түсіну сезімі пайда болады).



Талқылау

-         Сізге қиын болған жоқ па?

-         Бұл жаттығудан қандай әсер алдыңыз, қандай сезімдер пайда болды?

-         Қанеки,бір-бірімізді арқадан қағып қояйық! Жарайсыңдар!

-         Біздің тренингіміз аяқталуға жақындап келеді. Енді сіздерге қорытынды жаттығу - психодраманы ұсынамыз! Бұл жаттығу творчестволық қабілетіміз қаншалықты деңгейде дамығандығын керсететін болады. Мен мәтінді(кез келген мәтін болуы мүмкін, мәселен, мысал, өлең, қандай да бір шығармадан үзінді)оқимын, ал сіздер жай ғана сол оқыған нәрсені ойнап көрсетесіздер. Қазіргі оқылатын шығарманың аты «Айна мен Маймыл». Крыловтың мысалынан алынған. Ахмет Байтұрсынов аудармасы. Үзінді. Алдымен басты кейіпкерлерді белгілеп алу керек. Бұлар: Мәтін оқушы, Маймыл, Маймылдың айнадағы бейнесі және т. б.

Тілек білдірушілер аудитория ортасына шығып, белгіленген рөлдерге сәйкес өз образдарын жасасын(кейілкерлердің мәтінге сәйкес әрекеттеріне байланысты костюм элементтерін алдынала даярлап қою қажет; олар әр түрлі орамалдар, гүлдер және т. б. болуы мүмкін). Сонымен, рөлдер бөлініп берілді, актерлер ойынға әзір, ал онда бастаймыз!

Айнаның қарсы алдына Маймыл барып

Айнада өз суретін көре салып,

Аюға жанындағы күліл айтты,

 Ақырын аяғымен түртіп қалып:

«Бері қара!

Бұкім өзі мынау перің?

Білмеймін қайдан шыққан мұндай көрім?

Он екі мүшесінің бірі оңды емес,

Көз салып қарап тұрсам әрбір жерін.

Мен бұған титтей ғана ұқсас болсам,

Ішіме пышақ салып өлер едім.

Ол рас бесеу-алтау бар екені

Кейіпсіз нақ осындай бөлелерім».

«Маймылжан, біраз гана етсең төзім,

Менің бар жалғыз ауыз айтар сөзім:

Әуре бол бөлелерің санағанша,

Абайлап қарашы әуел өзіңе өзің!»

 Аюдың бір ақылы айтқан досқа,

Бір жүріп, бірге тұрған көңіл қосқа,

«Алды жөн адасқанның» деген сөз ғой,

Тыңдаусыз, құр дал ада қалды босқа.

Талқылау


-         Өздеріңізді қалай сезіндіңіздер?

-         Не нәрсені ойнау жеңіл, не нәрсе ауыр болды?

-         Біздің актерлеріміз тапсырманы орындап шыға алды ма?

(Қажет болған жағдайда жаттығуды қайталауға болады, бірақ мүмкін болса, өзге мәтінмен өзге қатысушылар ойнағаны дұрыс).

Қанеки, актерлерімізге қол соғып қояйық! Рахмет!

Қорытынды.

Осындай тренингтер арқылы жас мамандарымыз алға қойған міндеттерін орындай отыра кәсібін шыңдайтыны анық.

Мұғалім болу- үлкен абырой, зор еңбек, ішкі қажеттілік және балаларға деген жалындаған махаббат. Ұстаз деген атаққа ие болудың өзі бір бақыт. Қай заманда болмасын, ұстаз үздіксіз ізденуші, ұшқыр ойлы болуы тиіс деп ойлаймын. Мектеп табалдырығын тарыдай болып аттаған бүлдіршіндері білім тұңғиығына еркін сүңгісе, шәкірттері білім додасында қатарласынан оза шауып, оң нәтижеге қол жеткізіп жатса, ұстазға бұдан артық қуаныш бар ма?


Кезінде ұлы ғұламалардың бірі «Баланың бақыты жақсы ұстаздың қолында» деген екен. Бұл қанатты сөз ешқашан өзінің мәнін жойған емес. Сондықтан ертең ел тұтқасын ұстайтын бүгінгі жас ұрпақтың болашағы бірінші кезекте мұғалімнің берген білімі мен тәлім-тәрбиесіне тікелей байланысты.

Мұғаліміне қойылатын талаптар

Біріншіден, мұғалім жеке көқарасы бар және қорғай білетін жігерлі тұлға және маман мұғалім болуы қажет. Зерттеушілік, ойшылдық қасиеті бар мұғалім ғана түпкі нәтижеге қол жеткізе алады. Осындай мұғалім әрбір күніне есеп беріп отырады, азаматтық ар- ожданың үнемі қорай алады.

Екіншіден, мұғалім педагогтік, психологиялық білімін жетілдіріп үйренумен қатар, сол білімін күнделікті ісінде пайдалана білетін болуы керек. Дүние жүзінде ғаламдану үрдісі жүріп жатқандықтан ақпараттар ағыны көбейді. Мұғалім қай пәннен сабақ берсе де, ол баланың өмірінің әр саласына қатысты кез келген сұрағына жауап беруге дайын болуы керек.

Әр мұғалімнің педагогикалық басты заңдылық. «Адам өзінің шаруашылық өзгерушілік қызметі арқылы адамдармен қарым – қатынас жасайды және жеке ойлау қабілеті зор жеке тұлға болып қалыптасады» дейді. Көп білу үшін көп оқып, тоқу керек. «Интернет» жүйесін меңгеру қажеттігі туындайды.

Үшіншіден, міндетті орта білім беру, стандарты оқулықтарды пайдалану, ақпараттарды көбейту, т.т. мұғалімнің білім берудегі жетекші рөлін жойды. Енді білім негіздерін өз бетінше оқып үйренуге оқушыны баулу міндеті тұр. Өзінің оқушысының өз бетінше білім алуға үйретпеген мұғалім қазір түпкі нәтижеге қол жеткізе алмайды. Жан- жақты даму үшін балаға осы салада мұғалім ғана көмектесе алады.

Төртіншіден, мұғалім ұйымдастырушылық, құрылымдық, бейімділік, сараптамалық қабілеттерімен қатар өз бойындағы педагогикалық жағдаяттарды, дәйектерді, құбылыстарды талдай білуі және солардың пайда болуының себеп- салдарын анықтай білуге де шарт. Соның негізінде күрделі жағдайларда шешім таба алатын дәрежеге жету мүмкін.

Бесіншіден, мұғалімнің адамгершілік, саяси- идеялық ұстанымы жұмысында көрініс тауып. Ол ұстанымды бала тәрбиесіне негіз алуы шарт. Қысқасы, бала ықпал ету объектісі емес, ынтымақтаса қызмет ететін тұлға айналуы керек.

Тәуелсіз ел атанып, төбемізге ту тігіп, тіліміздің мәртебесі артып, әлемге атымызды танытып жатқан кезеңде ұлттың, елдің болашағы жас ұрпақ тәрбиесіне мықты көңіл бөлетін - мұғалім.

Әрбір ұстаз ұлттық құндылықтарды, яғни этнопедагогика мен этнопсихология негіздерін меңгеріп, өз ісінде инновациялық әдістерді пайдалануы қажет. Сонда ғана ұстаз деген ұлағатты атқа лайық бола аламыз.




Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет