Сәрсеке М. Шығармалары



Pdf көрінісі
бет75/244
Дата07.11.2023
өлшемі3.61 Mb.
#482631
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   244
3 Қаныш роман-эссе

«Сүйікті Тася!
Соңғы хатыңызды алдым. Көңілімде жабырқау туғызғанын 
жасырғым келмейді. Өзіңіз жазғандай, соңғы уақыттың, «күту 
және әр қилы шыр ғалаңдардың» Сізді де қажытып, қа мы ғуға 
душар еткенін, әрине, түсінемін. Сөйтсе де біз бір жайтты та-
лассыз мойындауға ти іс піз: өмір – күресу мектебі, оған көрген 
түстей жеңіл қа 
рауға болмайды; ғұмырымыздың алғашқы 
кезеңінде осындай жағымсыз «үзі лістер дің» кездесуі әбден ық ти-
мал. Бұларды мен сөзсіз болуға тиіс «аксиомаларға» балаймын 
және әлі де кездеседі деп күтемін. Ал Сіз маған «ертекке сенгіш 
аңғал адамсыз» деп, «баянды болашақтан ешқандай үміт-дәмеңіз 
жоқ» дегенге саясыз. Бұл мә лімдемеңіздің мен үшін жаңалық 
екенін мәлімдеуге рұқсат етіңіз. Жаңалық болғанда, Сізге ту-


181
ШЫҒАРМАЛАРЫ
расын айтайын, жанымды әлем-тапырық еткен. Әңгіме бұған 
ауса, осы күнге дейін кәміл сеніп, өзара әлпештеп келген «мінез-
құлық үйлестігіміз» әншейін сөз болып шыққан. Олар, демек, 
қарама-қарсы негізде жаралған. Соны сезіну менің көңілімде өте 
ауыр және жабырқау ойлар туғызды. Сізден бұларды жасырғым 
келмейді: біріншіден, күзде сіз күтпеген сәтте Оралға кетіп 
қалдыңыз; қоштасуды да қажетсінбей кете бардыңыз; егер мені 
шынайы сүйсеңіз – мұныңызды қалай тү сі не мін?.. Тіршіліктің 
болмашы сәт сіз дігінен шорт үзілетін махаббат берік бола ма? 
Немесе сіздің сәл нәрсеге шытынай қалатыныңызды ойласам-ақ 
әр не ге шүбәлана бастаймын. Айталық, маған деген сезіміңізде 
байыпты мінезден гөрі, қас қағымдық «серпіліс» пен «жарылыс-
тар» соң ғы кезде көбірек байқалып жүр. Бұл жайт тарға мен 
көптен бері ойланудамын, әсіресе күзден бері, ал соңғы хатыңыз 
сол ойымды ашық айтуға мәжбүр етіп отыр.
 Өз ойымды ақырына дейін айтайын, әм бе ешқандай бүкпесіз. 
Өйткені біз алдымызға жеңіл мақсат қойып, өзара «әзіл десіп» 
жүр геміз жоқ. Біз сезім мен мақсаттың өз ара үндесіп, үйлескен 
жағдайында жұ 
мыс істеуге тиіспіз, өйтпейінше болашақта 
өте қолайсыз реніштерге тап болуымыз кәдік. Сол себепті, 
Тася, өзіңіздің келешекке деген жос 
 
пар 
лары 
ңызды түгелдей 
қайыра тексеріп шығуға әлі де мүмкін дігіңіз бар. Оларға тек 
«түске енетін ертегілерді» қоспаңыз, өмірден тек қана «әсі ре 
қуаныштар» күту де дұрыс бола қоймас, келешек бір ғана «қара 
түн» деп те түңілмеңіз. Өмір ді қарапайым қалпында қабылдау 
шарт: айталық, жарқын болашақ үшін күрес деп, бұл жолда 
«өрлеу» мен «құлдилау» да қат-қабат кездесерін, сірә, ұмытпай...
Өзіңізге мынандай сұрау қойып: «Мен оны мен бірге жүріп, 
өмір ұсынар әр түрлі қиыншылық пен шырғалаңдарды бірге ке-
шуге әзірмін бе?» деп ойланып көріңізші. Ме нің тұлғамды Сіз 
жет кі лік ті білесіз: мен қазақпын – жаратылысым да, жаным да 
қазақы; ой-түйсігім бойынша да қазақпын; алдағы өмірімді тек 
қана туып-өскен Қазақстанда өт кізбекпін; бұл жолда айға қол 
созған армандарға беріліп асқақтаудан адамын; сондай-ақ сөзсіз 
кездесер қиыншылықтардан да алабөтен безінгім кел мей ді; жан 
тыныштығын да шат-шадыман тұрмыстан гөрі рухани күрес 
жолында өткізгенді жөн көремін; сол үшін тір ші лік тің барлық 
жақсы күйтінен бас тартып, Қазақстан қиырында «кезбе» бо-
лып, өмір-бақи кен іздеуге де әзірмін...»


182
Медеу СӘРСЕКЕ
Барлау мұрағаттарын шұқшия зерттеу нәтижесінде жас гео-
лог Жезқазған қыртысына тыңнан бұрғылау жүргізу қажет деген 
байламға келген-ді. Көкейін тескен көп сұраудың нақты жауабы 
да сөйткенде ғана белгілі болмақ. Қарама-қайшы болжамдар – 
«бар», «жоқ», «аз» деген долбарлардың жұмбағы да тыңғылықты 
барлаумен шешіледі. Олай болса?..
Сол қыста-ақ ол Ленинградқа, Геолком басқармасына барған. 
Ол – Кеңес Одағындағы геологиялық барлау жұмыстарын өз қо-
лында ұстап отырған үлкен ұжым. Мамандары да дабыра ата-
ғына сай: қарапайым инженер, техниктер ғана емес, қызметінде 
небір білгір профессор, атақты академиктер бар; сол замандағы 
геологиялық ғылыми ой дың бірден-бір орталығы да сонда... Сон-
дықтан да Геолкомның пікірі даусыз деп есептелетін. Ал Сәт-
баев Геологиялық комитетке мәнді өтінішпен келіп отыр. Сонда 
қандай? Бұдан үш жыл бұрын осы комитеттің геологиялық кеңесі 
бекіткен Жезқазғанды барлау жоспарына түзету жасап, қымбатқа 
түсетін бұрғылау жүргізу. Қандай дә лелмен? Байқап көру үшін. 
Бетке ұстар беделі? Диплом алғанына бір-ақ жыл болған жас ма-
ман, ғылыми атағы, ашқан кені де жоқ, геологтар қауымына есімі 
бейтаныс қазақстандық... «Жоқ, шырағым, бұл мәселені ең әуелі 
Иван Степанович Яговкинмен келісіңіз. Орталық Қазақстандағы 
барлау жұмыстарында оның айтқаны заң!» – деген жауап естіді. 
– Сөйтіп, тереңге үңілгіңіз келеді? – Иван Степанович жас 
әріптесін жаңа көргендей таңдана қарады. – Ау, қиыр дала 
жағдайында жер бұрғылаудың қаншалықты зор бейнет екенін 
білесіз бе? Жезқазғанның мерейін көтеруге құлшынып тұр екен-
сіз – қарсы тұруға бола ма, көтеріңіз, меселеңізді бір жолға қай -
тармайын. Оның үстіне трест басқармасы қаражат босатқан соң 
шаруам қанша, бай қап көріңіз. Бір жазға бұрғылаушылар брига-
дасын, бір станок беруге қарсы емес пін.
– Иван Степанович, әйтеуір кіріскен соң екі станокпен қатар 
бастаған жөн болар еді.
– Жоқ, қымбаттым. Бір станок алғаны ң ыз ға тәңір жарылқа-
сын деңіз. Оны да сіз үшін, аптыққан көңіліңізді қимағандықтан. 
Біле білсеңіз, мұндай мырзалықты Жез қаз ған тыңында мен өзіме 
де жасаған емес пін...
Ақыры, осыған келісті. Мәскеуден ол бі 
р 
ін 
ші мамыр күні 
(1927 ж.) пойызбен шықты. Самарадан өткенін, купенің ысып, оң-
түстіктің әсері сезіле бастағанын Таисия Алексеевнаға екінші ма-
мырда жолдаған хатынан білеміз. 


183
ШЫҒАРМАЛАРЫ
Қ.И. Сәтбаев – Т. Кошкинаға, Қарсақбай, 23.05.1927 ж.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   244




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет