«Еңбек адамын ардақтайық!»
Республикалық балалар сурет және шығармалар байқауының
өткізу ережесі
-
Жалпы ережелер
1. Осы «Еңбек адамын ардақтайық!» Республикалық балалар сурет және шығармалар байқауын (әрі қарай – Байқау) ережесін, оның мақсатын, міндеттерін және өткізу тәртібін анықтайды.
2. Байқаудың мақсаты: білім алушыларда еңбекшінің жағымды бейнесіне еліктеуді, Қазақстан Республикасында тұратын халықтардың дәстүрлі құндылықтарын сақтап, дамыту үшін позитивтік көзқарасты қалыптастырады;
Міндеттері:
жас ұрпақта туған елінің, қаласының, ауылының тарихындағы үздік өкілдеріне қызығушылығын дамыту;
республика білім алушыларының отаншылдық сезімін, аға буындарға, еңбек адамдарға деген құрметін тәрбиелеу;
қазіргі әлеуметтік-экономикалық жағдайындағы өзінің болашақ мамандығында іске асыратын шығармашылық, белсенді, тез бейімдеуші тұлғаны қалыптастыру;
-
Байқауды Қазақстан Республикасының Білім және ғылым Министрлігінің бекіткен «Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы» идеясы ақпараттық шығару бойынша іс-шараға пунктерді бекітуді орындау үшін өткізеді.
-
Байқауды ұйымдастырушылар қазылар алқасы мен ұйымдастыру комитетінің құрамын жасайды.
-
Өткізілетін орны мен уақыты
-
Байқау 2014 жылғы 11 тамыз – 10 қыркүйек аралығында сырттай өткізіледі.
-
Тапсырыстар және байқау жұмыстары 2014 жылғы 10 қыркүйекке дейін жолдануы қажет.
Әділ-қазылар алқасының жұмысы – 2014 жылғы 12 қыркүйекте өтеді .
-
Тапсырыстар және қатысушылардың жұмыстары тізімі облыстардың, Астана және Алматы қалалары Білім басқармалары бастықтарының қолымен қыркүйектің 10-на дейін мына мекен-жайға: 010000, Астана қаласы, Жеңіс даңғылы 16/1 жолданады.
-
Қатысушылар
-
Байқауға жалпы орта және қосымша білім беру ұйымдарының білім алушылары қатыса алады.
-
Қатысушылардың жас санаты:
орта жастағы санат: 11-13 жас;
жоғарғы жастағы санат: 14- 17 жас.
4. Жұмыстың мазмұндылығына және ресімделуіне
қойылатын талаптар
10. Ұсынылған балалар суреттері мен шығармалары байқау мақсаттарына, міндеттеріне, тақырыптарына сәйкес келуі тиіс.
11. Балалар суреттерінің байқау жұмыстарына қойылатын талаптар:
а) сурет байқауына қатысу үшін 30 см х 40 см пішінді ватман қағазына орындалған жұмыстар қабылданады.
б) суреттердің жиектері ерекшеленбеуі керек.
в) әр суреттің артында мемлекеттік және орыс тілдерінде тегі, аты, жасы, мектеп нөмірі, мекен-жайлары, (үй, ұялы) телефондары, жұмыстың атауы, орындау техникасы көрсетіліп жазылуы қажет.
г) гуашь, акварель, қарындаш, фломастер және т.б. әртүрлі техникада орындалған суреттердің түп-нұсқалары қабылданады.
12. Балалар шығармаларының байқау жұмыстарына қойылатын талаптар:
а) шығармалар қолмен жазылған немесе басылған түрде (компьютерде: әріп өлшемі – 14, жоларалық интервалы бір жарым (Tiemes New Roman) орындалу керек. Жазбаша жұмысы қазақ және орыс тілдерінде, көлемі екі басылған беттен кем болмау керек,.
б) қатысушылар жеке шығармалары үшін жанрды таңдайды: әңгіме немесе эссе немесе әңгіме өлең түрінде;
13.Әрбір шығармашылық жұмыстың титул парағында толық мекенжайы ( қала, ауыл, білім беру ұйымының атауы); қатысушы мен жоба жетекшісінің толық аты-жөндері, байланыс телефондары көрсетілу керек.
14. Жұмыстың бағалау критерийлері:
жарияланған тақырыптың мазмұнына сәйкестігі, тақырыптың ашу деңгейі;
шығармашылық тәсілдеме;
материалдың бейнелігін, тұпнұсқалығын және көркемдік мәнерлігін көрсету;
-
Байқауды өткізудің шарттары мен талаптары
15. Байқауға қатысу үшін автор сұраным бланкісін толтырып және авторлық жұмыстарына «Еңбек адамын ардақтайық» балалардың сурет және шығарма конкурсы» белгісі бар суретпен немесе шығармасымен қоса 1-қосымшаға сәйкес тапсырысты ұйымдастыру комитетіне Астана қ., Жеңіс даңғылы 16/1 мекен-жайына хатпен немесе бандерольмен жіберуі қажет.
16. Байқауды өткізу мен дайындау бойынша ұйымдастыру жұмыстарын үйлестіру мен іске асыру үшін республикалық ұйымдастыру комитеті құрылады.
17. Жоғарыда аталған талаптар бұзылған жағдайда байқауға ұсынылған жұмыстар қарастырылмайды және байқауға қатыса алмайды.
18. Ұсынылған жұмыстарға пікір жазылмайды және қайтарылмайды.
19. Байқау ұйымдастырушылары қатысушылардың авторлық құқықтарын сақтай отырып баспасөз және ғаламтор-баспа беттеріне жариялауға, көрмеге қоюға құқығы бар.
-
Байқау нәтижесі мен ең үздік жұмыстары Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының ресми сайтында www.ziyatker.kz орналастырылады.
-
Байқаудың нәтижесін қорытындылау және жеңімпаздарды марапаттау
21. Байқау қорытындысы жас санаттары бойынша ұйымдастыру комитеті қорытындылап, хаттамамен ресімдейді және Қазақстан Республикасының Білім және ғылым Министрлігі Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының ресми сайтында орналастырылады.
-
Байқаудың барлық жұмыстарын қазылар алқасы санатына сәйкес 5-балдық жүйемен бағалайды.
-
Байқау жеңімпаздары және шығармашылық жобалардың жетекшілері дәрежелеріне сәйкес дипломдармен марапатталады. Әрбір жас санаты бойынша 4 жеңімпаз (Гран-при,1,2,3 орын) анықталады. Қатысушылардың барлығына электрондық пошта арқылы онлайн-сертификаттар жіберіледі.
Ережеге 1-қосымша
«Еңбек адамын ардақтайық» байқауына қатысу туралы тапсырыс
Конкурсқа қатысушының
ТАӘ
|
|
Туған жылы
|
|
Облысы, қаласы
|
|
Үйдің мекен-жайы, ұялы телефон номері
|
|
Мектеп
|
|
Сынып
|
|
Жұмыстың атауы
|
|
Орындау техникасы
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |