Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы лицензияланатын қызметтің жекелеген түрлеріне (кіші түрлеріне) қойылатын біліктілік талаптарын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 қаңтардағы № 162 қаулысы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» 2001 жылғы 16 шілдедегі және «Лицензиялау туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы лицензияланатын қызметтің жекелеген түрлеріне (кіші түрлеріне) қойылатын біліктілік талаптары бекітілсін.
2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы қызметті лицензиялау ережесін және оған қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы № 555 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 23, 261-құжат);
2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы № 555 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 6 мамырдағы № 422 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 23, 221-құжат).
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
К.МӘСІМОВ.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 қаңтардағы № 162 қаулысымен бекітілген
Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы лицензияланатын қызметтің жекелеген түрлеріне (кіші түрлеріне) қойылатын біліктілік талаптары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы лицензияланатын қызмет түрлеріне (кіші түрлеріне) қойылатын біліктілік талаптар (бұдан әрі – біліктілік талаптар) жобалау және іздестіру қызметтері мен құрылыс-монтаж жұмыстарын жүзеге асыруға лицензияны алу үшін өтініш берушілерге немесе лицензиаттарға қойылатын талаптарды айқындайды.
2. Іздестіру қызметімен айналысу үшін қойылатын біліктілік талаптары
2. Іздестіру қызметімен айналысу үшін қойылатын біліктілік талаптары мыналарды қамтиды:
1) өтініш берушінің (лицензиаттың) біліктілік құрамына қойылатын талаптар, атап айтқанда:
жеке тұлға үшін – іздестіру қызметі саласында жоғары кәсіптік білімінің және лицензияланатын қызмет түрлерінің өтініш жасалған кіші түрінің құрамына кіретін жұмыс бейіні бойынша орындаушы (қызметкер) ретінде кемінде үш жыл еңбек стажының (еңбек қызметі) немесе іздестіру қызметі саласында тиісті орта кәсіптік немесе техникалық және кәсіптік білімінің және лицензияланатын қызмет түрлерінің өтініш жасалған кіші түрінің құрамына кіретін жұмыс бейіні бойынша орындаушы (қызметкер) ретінде кемінде бес жыл еңбек стажының (еңбек қызметінің) болуы;
заңды тұлға үшін – штатында іздестіру қызметі саласында жоғары кәсіптік білімі және лицензияланатын қызмет түрлерінің өтініш жасалған кіші түрінің құрамына кіретін жұмыс бейіні бойынша кемінде үш жыл еңбек стажы (еңбек қызметі) немесе іздестіру қызметі саласында тиісті орта кәсіптік немесе техникалық және кәсіптік білімінің және лицензияланатын қызмет түрлерінің өтініш жасалған кіші түрінің құрамына кіретін жұмыс бейіні бойынша кемінде бес жыл еңбек стажы (еңбек қызметі) бар инженерлік-техникалық қызметкерлердің болуы;
2) мыналармен:
лицензияланатын қызмет түрлерінің өтініш жасалған жұмыс түрлерін, кіші түрін орындауға қажетті әкімшілік-өндірістік ғимараттармен немесе үй-жайлармен жарақталған өндірістік базаның болуы. Егер бұл жұмыс жүргізген кезде еңбекті қорғау жүйесі мен қауіпсіздік техникасының талаптарына қайшы болмаса, өндірістік базаның әкімшілік, өндірістік және өзге ғимараттары немесе үй-жайлар біріктірілуі мүмкін;
еңбек жағдайларына сәйкес ұйымдастырылған жұмыс орындарымен;
инженерлік-геологиялық және/немесе инженерлік-гидрогеологиялық іздестірулер үшін аккредиттелген топырақтану (химиялық) зертханасымен жабдықталған меншік және/немесе жалға алу (шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару) құқығындағы өндірістік базаның болуы;
3) меншік және/немесе жалға алу (шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару) құқығында:
лицензияланатын қызмет түрлерінің өтініш жасалған кіші түрін орындау үшін қажетті техникалық талаптарға байланысты пайдаланылатын бақылау-өлшеу құралдарымен, аспаптарымен, тетіктерімен және құрылғыларымен;
инженерлік-геодезикалық жұмыстарды жүзеге асырған кезде есеп айырысуларды орындауға, графикалық және өзге материалдарды жасау мен ресімдеуге қажетті орнатылған бағдарламалық қамтамасыз етуі бар дербес компьютермен ең төменгі материалдық-техникалық жабдықталуы;
4) өтініш беруші (лицензиат) бекіткен жұмыстарды тиісінше орындауды және сапаны қамтамасыз етуді регламенттейтін сапаны бақылау жүйесі бойынша нұсқаулықтың (норманы бақылау, жұмыс жүргізу сапасын бақылау) болуы;
5) өтініш беруші (лицензиат) бекіткен жауапты инженерлік-техникалық қызметкердің оқудан өткені туралы растайтын құжаттарды қоса алғанда, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы жүйесі бойынша қағидалардың және нұсқаулықтардың болуы.
3. Жобалау қызметімен айналысу үшін қойылатын біліктілік талаптары
3. Жобалау қызметімен айналысу үшін ІІІ санаттағы лицензиаттарға қойылатын біліктілік талаптары мыналарды қамтиды:
1) өтініш берушінің (лицензиаттың) біліктілік құрамына қойылатын талаптар:
жеке тұлға үшін – жобалау қызметі саласында жоғары кәсіптік білімінің және лицензияланатын қызмет түрлерінің өтініш жасалған кіші түрінің құрамына кіретін жұмыс бейіні бойынша орындаушы (қызметкер) ретінде кемінде үш жыл еңбек стажының (еңбек қызметі) немесе жобалау қызметі саласында тиісті орта кәсіптік немесе техникалық және кәсіптік білімінің және лицензияланатын қызмет түрлерінің өтініш жасалған кіші түрінің құрамына кіретін жұмыс бейіні бойынша орындаушы (қызметкер) ретінде кемінде бес жыл еңбек стажының (еңбек қызметінің), сондай-ақ сейсмикалық қауіптілігі жоғары аудандардағы жұмыстар үшін рұқсатының болуы;
заңды тұлға үшін – штатында жобалау қызметі саласында жоғары кәсіптік білімі және лицензияланатын қызмет түрлерінің өтініш жасалған кіші түрінің құрамына кіретін жұмыс бейіні бойынша кемінде үш жыл еңбек стажы (еңбек қызметі) немесе жобалау қызметі саласында тиісті орта кәсіптік немесе техникалық және кәсіптік білімінің және лицензияланатын қызмет түрлерінің өтініш жасалған кіші түрінің құрамына кіретін жұмыс бейіні бойынша кемінде бес жыл еңбек стажы (еңбек қызметі) бар инженерлік-техникалық қызметкерлердің, сондай-ақ сейсмикалық қауіптілігі жоғары аудандардағы жұмыстар үшін рұқсатының болуы;
2) мыналармен:
лицензияланатын қызмет түрлерінің өтініш жасалған жұмыс түрлерін, кіші түрін орындауға қажетті әкімшілік-өндірістік ғимараттармен немесе үй-жайлармен жарақталған өндірістік базаның болуы. Егер бұл жұмыс жүргізген кезде еңбекті қорғау жүйесі мен қауіпсіздік техникасының талаптарына қайшы болмаса, өндірістік базаның әкімшілік, өндірістік және өзге ғимараттары немесе үй-жайлар біріктірілуі мүмкін;
еңбек жағдайларына сәйкес ұйымдастырылған жұмыс орындарымен жабдықталған меншік және/немесе жалға алу (шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару) құқығындағы өндірістік базаның болуы;
3) меншік және/немесе жалға алу (шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару) құқығында лицензияланатын қызмет түрлерінің өтініш жасалған кіші түрін орындауға қажетті есеп айырысуларды орындауға, графикалық және өзге материалдарды жасау мен ресімдеуге қажетті орнатылған бағдарламалық қамтамасыз етуі бар дербес компьютермен ең төменгі материалдық-техникалық жабдықталуы;
4) өтініш беруші (лицензиат) бекіткен жұмыстарды тиісінше орындауды және сапаны қамтамасыз етуді регламенттейтін сапаны бақылау жүйесі бойынша нұсқаулықтың (норманы бақылау, жұмыс жүргізу сапасын бақылау) болуы;
5) өтініш беруші (лицензиат) бекіткен жауапты инженерлік-техникалық қызметкердің оқудан өткені туралы растайтын құжаттарды қоса алғанда, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы жүйесі бойынша қағидалардың және нұсқаулықтардың болуы.
4. Жобалау қызметімен айналысу үшін ІІ санаттағы лицензиаттарға қойылатын біліктілік талаптары мыналарды қамтиды:
1) өтініш берушінің (лицензиаттың) біліктілік құрамына қойылатын талаптар:
жеке тұлға үшін – жобалау қызметі саласында жоғары кәсіптік білімінің және лицензияланатын қызмет түрлерінің өтініш жасалған кіші түрінің құрамына кіретін жұмыс бейіні бойынша орындаушы (қызметкер) ретінде кемінде сегіз жыл еңбек стажының (еңбек қызметі) немесе жобалау қызметі саласында тиісті орта кәсіптік немесе техникалық және кәсіптік білімінің және лицензияланатын қызмет түрлерінің өтініш жасалған кіші түрінің құрамына кіретін жұмыс бейіні бойынша орындаушы (қызметкер) ретінде кемінде он жыл еңбек стажының (еңбек қызметінің), сондай-ақ сейсмикалық қауіптілігі жоғары аудандардағы жұмыстар үшін рұқсатының болуы;
заңды тұлға үшін – штатында жобалау қызметі саласында жоғары кәсіптік білімі және лицензияланатын қызмет түрлерінің өтініш жасалған кіші түрінің құрамына кіретін жұмыс бейіні бойынша кемінде бес жыл еңбек стажы (еңбек қызметі) немесе жобалау қызметі саласында тиісті орта кәсіптік немесе техникалық және кәсіптік білімінің және лицензияланатын қызмет түрлерінің өтініш жасалған кіші түрінің құрамына кіретін жұмыс бейіні бойынша кемінде жеті жыл еңбек стажы (еңбек қызметі) бар инженерлік-техникалық қызметкерлердің, сондай-ақ сейсмикалық қауіптілігі жоғары аудандардағы жұмыстар үшін рұқсатының болуы;
2) мыналармен:
лицензияланатын қызмет түрлерінің өтініш жасалған жұмыс түрлерін, кіші түрін орындауға қажетті әкімшілік-өндірістік ғимараттармен немесе үй-жайлармен жарақталған өндірістік базаның болуы. Егер бұл жұмыс жүргізген кезде еңбекті қорғау жүйесі мен қауіпсіздік техникасының талаптарына қайшы болмаса, өндірістік базаның әкімшілік, өндірістік және өзге ғимараттары немесе үй-жайлар біріктірілуі мүмкін;
еңбек жағдайларына сәйкес ұйымдастырылған жұмыс орындарымен жабдықталған меншік және/немесе жалға алу (шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару) құқығындағы өндірістік базаның болуы;
3) меншік және/немесе жалға алу (шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару) құқығында лицензияланатын қызмет түрлерінің өтініш жасалған кіші түрін орындауға қажетті есеп айырысуларды орындауға, графикалық және өзге материалдарды жасау мен ресімдеуге қажетті орнатылған бағдарламалық қамтамасыз етуі бар дербес компьютермен ең төменгі материалдық-техникалық жабдықталуы;
4) өтініш беруші (лицензиат) бекіткен жұмыстарды тиісінше орындауды және сапаны қамтамасыз етуді регламенттейтін сапаны бақылау жүйесі бойынша нұсқаулықтың (норманы бақылау, жұмыс жүргізу сапасын бақылау) болуы;
5) өтініш беруші (лицензиат) бекіткен жауапты инженерлік-техникалық қызметкердің оқудан өткені туралы растайтын құжаттарды қоса алғанда, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы жүйесі бойынша қағидалардың және нұсқаулықтардың болуы;
6) басқа талаптар:
лицензиаттың кемінде бес жыл жұмыс тәжірибесі, бұл ретте лицензиаттың жұмыс тәжірибесі жобалау қызметін (жобалау бөлігінде жобалау-іздестіру қызметін) жүзеге асыруға лицензия алған сәттен бастап есептеледі немесе ІІІ санаттағы лицензиат ретінде кемінде бес жыл жұмыс тәжірибесі;
бас мердігер ретінде, құжаттамалық растауды (объектіні іске қосу туралы қол қойылған актілердің көшірмелерін) ұсына отырып, техникалық жағынан күрделі емес екінші және/немесе үшінші жауапкершілік деңгейінде кемінде бес іске асырылған құрылыс объектілерінің болуы не қосалқы мердігерлік шарттар бойынша, құжаттамалық растауды (орындалған жұмыстардың қол қойылған актілерінің көшірмелерін) ұсына отырып, бірінші және/немесе екінші жауапкершілік деңгейінде кемінде он объектінің болуы;
бас мердігер ретінде іске асырылған құрылыс объектілері бойынша тапсырысшылардан не пайдаланушы тұлғалардан кемінде бес оң пікірдің не қосалқы мердігерлік шарттар бойынша кемінде он оң пікірдің болуы.
5. Жобалау қызметімен айналысу үшін І санаттағы лицензиаттарға қойылатын біліктілік талаптары мыналарды қамтиды:
1) өтініш берушінің (лицензиаттың) біліктілік құрамына қойылатын талаптар:
жеке тұлға үшін – жобалау қызметі саласында жоғары кәсіптік білімінің және лицензияланатын қызмет түрлерінің өтініш жасалған кіші түрінің құрамына кіретін жұмыс бейіні бойынша орындаушы (қызметкер) ретінде кемінде он үш жыл еңбек стажының (еңбек қызметі) немесе жобалау қызметі саласында тиісті орта кәсіптік немесе техникалық және кәсіптік білімінің және лицензияланатын қызмет түрлерінің өтініш жасалған кіші түрінің құрамына кіретін жұмыс бейіні бойынша орындаушы (қызметкер) ретінде кемінде он бес жыл еңбек стажының (еңбек қызметінің), сондай-ақ сейсмикалық қауіптілігі жоғары аудандардағы жұмыстар үшін рұқсатының болуы;
заңды тұлға үшін – штатында жобалау қызметі саласында жоғары кәсіптік білімі және лицензияланатын қызмет түрлерінің өтініш жасалған кіші түрінің құрамына кіретін жұмыс бейіні бойынша кемінде бес жыл еңбек стажы (еңбек қызметі) немесе жобалау қызметі саласында тиісті орта кәсіптік немесе техникалық және кәсіптік білімінің және лицензияланатын қызмет түрлерінің өтініш жасалған кіші түрінің құрамына кіретін жұмыс бейіні бойынша кемінде жеті жыл еңбек стажы (еңбек қызметі) бар инженерлік-техникалық қызметкерлердің, сондай-ақ сейсмикалық қауіптілігі жоғары аудандардағы жұмыстар үшін рұқсатының болуы;
2) мыналармен:
лицензияланатын қызмет түрлерінің өтініш жасалған жұмыс түрлерін, кіші түрін орындауға қажетті әкімшілік-өндірістік ғимараттармен немесе үй-жайлармен жарақталған өндірістік базаның болуы. Егер бұл жұмыс жүргізген кезде еңбекті қорғау жүйесі мен қауіпсіздік техникасының талаптарына қайшы болмаса, өндірістік базаның әкімшілік, өндірістік және өзге ғимараттары немесе үй-жайлар біріктірілуі мүмкін;
еңбек жағдайларына сәйкес ұйымдастырылған жұмыс орындарымен жабдықталған меншік және/немесе жалға алу (шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару) құқығындағы өндірістік базаның болуы;
3) меншік және/немесе жалға алу (шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару) құқығында лицензияланатын қызмет түрлерінің өтініш жасалған кіші түрін орындауға қажетті есеп айырысуларды орындауға, графикалық және өзге материалдарды жасау мен ресімдеуге қажетті орнатылған бағдарламалық қамтамасыз етуі бар дербес компьютермен ең төменгі материалдық-техникалық жабдықталуы;
4) өтініш беруші (лицензиат) бекіткен жұмыстарды тиісінше орындауды және сапаны қамтамасыз етуді регламенттейтін сапаны бақылау жүйесі бойынша нұсқаулықтың (норманы бақылау, жұмыс жүргізу сапасын бақылау) болуы;
5) өтініш беруші (лицензиат) бекіткен жауапты инженерлік-техникалық қызметкердің оқудан өткені туралы растайтын құжаттарды қоса алғанда, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы жүйесі бойынша қағидалардың және нұсқаулықтардың болуы;
6) басқа талаптар:
лицензиаттың кемінде он жыл жұмыс тәжірибесі, бұл ретте лицензиаттың жұмыс тәжірибесі жобалау қызметін (жобалау бөлігінде жобалау-іздестіру қызметін) жүзеге асыруға лицензия алған сәттен бастап есептеледі немесе ІІ санаттағы лицензиат ретінде кемінде бес жыл жұмыс тәжірибесі;
бас мердігер ретінде, құжаттамалық растауды (объектіні іске қосу туралы қол қойылған актілердің көшірмелерін) ұсына отырып, бірінші және/немесе екінші жауапкершілік деңгейінде кемінде он іске асырылған құрылыс объектілерінің болуы не қосалқы мердігерлік шарттар бойынша, құжаттамалық растауды (орындалған жұмыстардың қол қойылған актілерінің көшірмелерін) ұсына отырып, бірінші және/немесе екінші жауапкершілік деңгейінде кемінде жиырма объектінің болуы;
бас мердігер ретінде іске асырылған құрылыс объектілері бойынша тапсырысшылардан не пайдаланушы тұлғалардан кемінде бес оң пікірдің не қосалқы мердігерлік шарттар бойынша кемінде он оң пікірдің болуы;
лицензиаттың қызметін қоса атқарып жүрген инженерлік-техникалық қызметкерлердің жалпы санынан 20 % артық болмауы.
4. Құрылыс-монтаж жұмыстармен айналысу үшін қойылатын
біліктілік талаптар
6. Құрылыс-монтаж жұмыстармен айналысу үшін ІІІ санаттағы лицензиаттарға қойылатын біліктілік талаптары мыналарды қамтиды:
1) өтініш берушінің (лицензиаттың) біліктілік құрамына қойылатын талаптар:
жеке тұлға үшін – құрылыс-монтаж жұмыстары саласында жоғары кәсіптік білімінің және лицензияланатын қызмет түрлерінің өтініш жасалған кіші түрінің құрамына кіретін жұмыс бейіні бойынша орындаушы (қызметкер) ретінде кемінде екі жыл еңбек стажының (еңбек қызметі) немесе құрылыс-монтаж жұмыстары саласында тиісті орта кәсіптік немесе техникалық және кәсіптік білімінің және лицензияланатын қызмет түрлерінің өтініш жасалған кіші түрінің құрамына кіретін жұмыс бейіні бойынша орындаушы (қызметкер) ретінде кемінде үш жыл еңбек стажының (еңбек қызметінің), сондай-ақ сейсмикалық қауіптілігі жоғары аудандардағы жұмыстар үшін рұқсатының болуы;
заңды тұлға үшін – штатында құрылыс-монтаж жұмыстары саласында жоғары кәсіптік білімі және лицензияланатын қызмет түрлерінің өтініш жасалған кіші түрінің құрамына кіретін жұмыс бейіні бойынша кемінде екі жыл еңбек стажы (еңбек қызметі) немесе құрылыс-монтаж жұмыстары саласында тиісті орта кәсіптік немесе техникалық және кәсіптік білімінің және лицензияланатын қызмет түрлерінің өтініш жасалған кіші түрінің құрамына кіретін жұмыс бейіні бойынша кемінде үш жыл еңбек стажы (еңбек қызметі) бар инженерлік-техникалық қызметкерлердің, сондай-ақ сейсмикалық қауіптілігі жоғары аудандардағы жұмыстар үшін рұқсатының болуы;
2) мыналармен:
лицензияланатын қызмет түрлерінің өтініш жасалған жұмыс түрлерін, кіші түрін орындауға қажетті әкімшілік-өндірістік ғимараттармен немесе үй-жайлармен жарақталған өндірістік базаның болуы. Егер бұл жұмыс жүргізген кезде еңбекті қорғау жүйесі мен қауіпсіздік техникасының талаптарына қайшы болмаса, сондай-ақ әкімшілік, техникалық және өндірістік қызметкерлердің еңбек жағдайларын бұзбайтын болса, өндірістік базаның әкімшілік, өндірістік және өзге ғимараттары немесе үй-жайлар біріктірілуі мүмкін;
еңбек жағдайларына сәйкес ұйымдастырылған жұмыс орындарымен жабдықталған меншік және/немесе жалға алу (шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару) құқығындағы өндірістік базаның болуы;
3) меншік және/немесе жалға алу (шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару) құқығында лицензияланатын қызмет түрлерінің өтініш жасалған кіші түріне қойылатын талаптарға байланысты құрылыс-монтаж жұмыстарын орындауға қойылатын техникалық талаптарға сәйкес белгіленген жабдықтардың шағын жинақтары, бақылау-өлшеу құралдары, аспаптары, тетіктері және құрылғылары бар ең төменгі материалдық-техникалық жабдықталуы;
4) өтініш беруші (лицензиат) бекіткен жұмыстарды тиісінше орындауды және сапаны қамтамасыз етуді регламенттейтін сапаны бақылау жүйесі бойынша нұсқаулықтың (норманы бақылау, жұмыс жүргізу сапасын бақылау) болуы;
5) өтініш беруші (лицензиат) бекіткен жауапты инженерлік-техникалық қызметкердің оқудан өткені туралы растайтын құжаттарды қоса алғанда, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы жүйесі бойынша қағидалардың және нұсқаулықтардың болуы.
7. Құрылыс-монтаж жұмыстармен айналысу үшін ІІ санаттағы лицензиаттарға қойылатын біліктілік талаптары мыналарды қамтиды:
1) өтініш берушінің (лицензиаттың) біліктілік құрамына қойылатын талаптар:
жеке тұлға үшін – құрылыс-монтаж жұмыстары саласында жоғары кәсіптік білімінің және лицензияланатын қызмет түрлерінің өтініш жасалған кіші түрінің құрамына кіретін жұмыс бейіні бойынша орындаушы (қызметкер) ретінде кемінде сегіз жыл еңбек стажының (еңбек қызметі) немесе құрылыс-монтаж жұмыстары саласында тиісті орта кәсіптік немесе техникалық және кәсіптік білімінің және лицензияланатын қызмет түрлерінің өтініш жасалған кіші түрінің құрамына кіретін жұмыс бейіні бойынша орындаушы (қызметкер) ретінде кемінде он жыл еңбек стажының (еңбек қызметінің), сондай-ақ сейсмикалық қауіптілігі жоғары аудандардағы жұмыстар үшін рұқсатының болуы;
заңды тұлға үшін – штатында құрылыс-монтаж жұмыстары саласында жоғары кәсіптік білімі және лицензияланатын қызмет түрлерінің өтініш жасалған кіші түрінің құрамына кіретін жұмыс бейіні бойынша кемінде үш жыл еңбек стажы (еңбек қызметі) немесе құрылыс-монтаж жұмыстары саласында тиісті орта кәсіптік немесе техникалық және кәсіптік білімінің және лицензияланатын қызмет түрлерінің өтініш жасалған кіші түрінің құрамына кіретін жұмыс бейіні бойынша кемінде бес жыл еңбек стажы (еңбек қызметі) бар инженерлік-техникалық қызметкерлердің, сондай-ақ сейсмикалық қауіптілігі жоғары аудандардағы жұмыстар үшін рұқсатының болуы;
2) мыналармен:
лицензияланатын қызмет түрлерінің өтініш жасалған жұмыс түрлерін, кіші түрін орындауға қажетті әкімшілік-өндірістік ғимараттармен немесе үй-жайлармен жарақталған өндірістік базаның болуы. Егер бұл жұмыс жүргізген кезде еңбекті қорғау жүйесі мен қауіпсіздік техникасының талаптарына қайшы болмаса, өндірістік базаның әкімшілік, өндірістік және өзге ғимараттары немесе үй-жайлар біріктірілуі мүмкін;
еңбек жағдайларына сәйкес ұйымдастырылған жұмыс орындарымен жабдықталған меншік және/немесе жалға алу (шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару) құқығындағы өндірістік базаның болуы;
3) меншік және/немесе жалға алу (шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару) құқығында лицензияланатын қызмет түрлерінің өтініш жасалған кіші түріне қойылатын талаптарға байланысты құрылыс-монтаж жұмыстарын орындауға қойылатын техникалық талаптарға сәйкес белгіленген жабдықтардың шағын жинақтары, бақылау-өлшеу құралдары, аспаптары, тетіктері және құрылғылары бар ең төменгі материалдық-техникалық жабдықталуы;
4) өтініш беруші (лицензиат) бекіткен жұмыстарды тиісінше орындауды және сапаны қамтамасыз етуді регламенттейтін сапаны бақылау жүйесі бойынша нұсқаулықтың (норманы бақылау, жұмыс жүргізу сапасын бақылау) болуы;
5) өтініш беруші (лицензиат) бекіткен жауапты инженерлік-техникалық қызметкердің оқудан өткені туралы растайтын құжаттарды қоса алғанда, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы жүйесі бойынша қағидалардың және нұсқаулықтардың болуы;
6) басқа талаптар:
лицензиаттың кемінде бес жыл жұмыс тәжірибесі, бұл ретте лицензиаттың жұмыс тәжірибесі құрылыс-монтаж жұмыстарын жүзеге асыруға лицензия алған сәттен бастап есептеледі немесе ІІІ санаттағы лицензиат ретінде кемінде бес жыл жұмыс тәжірибесі;
бас мердігер ретінде, құжаттамалық растауды (объектіні іске қосу туралы қол қойылған актілердің көшірмелерін) ұсына отырып, техникалық жағынан күрделі емес екінші және/немесе үшінші жауапкершілік деңгейінде кемінде бес іске асырылған құрылыс объектілерінің болуы не қосалқы мердігерлік шарттар бойынша, құжаттамалық растауды (орындалған жұмыстардың қол қойылған актілерінің көшірмелерін) ұсына отырып, бірінші және/немесе екінші жауапкершілік деңгейінде кемінде он объектінің болуы;
бас мердігер ретінде іске асырылған құрылыс объектілері бойынша тапсырысшылардан не пайдаланушы тұлғалардан кемінде бес оң пікірдің не қосалқы мердігерлік шарттар бойынша кемінде он оң пікірдің болуы.
8. Құрылыс-монтаж жұмыстарымен айналысу үшін І санаттағы лицензиаттарға қойылатын біліктілік талаптары мыналарды қамтиды:
1) өтініш берушінің (лицензиаттың) біліктілік құрамына қойылатын талаптар:
жеке тұлға үшін – құрылыс-монтаж жұмыстары саласында жоғары кәсіптік білімінің және лицензияланатын қызмет түрлерінің өтініш жасалған кіші түрінің құрамына кіретін жұмыс бейіні бойынша орындаушы (қызметкер) ретінде кемінде он үш жыл еңбек стажының (еңбек қызметі) немесе құрылыс-монтаж жұмыстары саласында тиісті орта кәсіптік немесе техникалық және кәсіптік білімінің және лицензияланатын қызмет түрлерінің өтініш жасалған
кіші түрінің құрамына кіретін жұмыс бейіні бойынша орындаушы (қызметкер) ретінде кемінде он бес жыл еңбек стажының (еңбек қызметінің), сондай-ақ сейсмикалық қауіптілігі жоғары аудандардағы жұмыстар үшін рұқсатының болуы;
заңды тұлға үшін – штатында құрылыс-монтаж жұмыстары саласында жоғары кәсіптік білімі және лицензияланатын қызмет түрлерінің өтініш жасалған кіші түрінің құрамына кіретін жұмыс бейіні бойынша кемінде үш жыл еңбек стажы (еңбек қызметі) немесе құрылыс-монтаж жұмыстары саласында тиісті орта кәсіптік немесе техникалық және кәсіптік білімінің және лицензияланатын қызмет түрлерінің өтініш жасалған кіші түрінің құрамына кіретін жұмыс бейіні бойынша кемінде бес жыл еңбек стажы (еңбек қызметі) бар инженерлік-техникалық қызметкерлердің, сондай-ақ сейсмикалық қауіптілігі жоғары аудандардағы жұмыстар үшін рұқсатының болуы;
2) мыналармен:
лицензияланатын қызмет түрлерінің өтініш жасалған жұмыс түрлерін, кіші түрін орындауға қажетті әкімшілік-өндірістік ғимараттармен немесе үй-жайлармен жарақталған өндірістік базаның болуы. Егер бұл жұмыс жүргізген кезде еңбекті қорғау жүйесі мен қауіпсіздік техникасының талаптарына қайшы болмаса, өндірістік базаның әкімшілік, өндірістік және өзге ғимараттары немесе үй-жайлар біріктірілуі мүмкін;
еңбек жағдайларына сәйкес ұйымдастырылған жұмыс орындарымен жабдықталған меншік және/немесе жалға алу (шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару) құқығындағы өндірістік базаның болуы;
3) меншік және/немесе жалға алу (шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару) құқығында лицензияланатын қызмет түрлерінің өтініш жасалған кіші түріне қойылатын талаптарға байланысты құрылыс-монтаж жұмыстарын орындауға қойылатын техникалық талаптарға сәйкес белгіленген жабдықтардың шағын жинақтары, бақылау-өлшеу құралдары, аспаптары, тетіктері және құрылғылары бар ең төменгі материалдық-техникалық жабдықталуы;
4) өтініш беруші (лицензиат) бекіткен жұмыстарды тиісінше орындауды және сапаны қамтамасыз етуді регламенттейтін сапаны бақылау жүйесі бойынша нұсқаулықтың (норманы бақылау, жұмыс жүргізу сапасын бақылау) болуы;
5) өтініш беруші (лицензиат) бекіткен жауапты инженерлік-техникалық қызметкердің оқудан өткені туралы растайтын құжаттарды қоса алғанда, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы жүйесі бойынша қағидалардың және нұсқаулықтардың болуы;
6) басқа талаптар:
лицензиаттың кемінде он жыл жұмыс тәжірибесі, бұл ретте лицензиаттың жұмыс тәжірибесі құрылыс-монтаж жұмыстарын жүзеге асыруға лицензия алған сәттен бастап есептеледі немесе ІІ санаттағы лицензиат ретінде кемінде бес жыл жұмыс тәжірибесі;
бас мердігер ретінде, құжаттамалық растауды (объектіні іске қосу туралы қол қойылған актілердің көшірмелерін) ұсына отырып, бірінші және/немесе екінші жауапкершілік деңгейінде кемінде он іске асырылған құрылыс объектілерінің болуы не қосалқы мердігерлік шарттар бойынша, құжаттамалық растауды (орындалған жұмыстардың қол қойылған актілерінің көшірмелерін) ұсына отырып, бірінші және/немесе екінші жауапкершілік деңгейінде кемінде жиырма объектінің болуы;
бас мердігер ретінде іске асырылған құрылыс объектілері бойынша тапсырысшылардан не пайдаланушы тұлғалардан кемінде бес оң пікірдің не қосалқы мердігерлік шарттар бойынша кемінде он оң пікірдің болуы;
лицензиаттың қызметін қоса атқарып жүрген инженерлік-техникалық қызметкерлердің жалпы санынан 20 % артық болмауы.
Достарыңызбен бөлісу: |