Зерттеу жұмысы тақырыбы: Ауыз суға қойылатын талаптарды талдау Орындаған: Калбаев Б. Тобы: хт-19-4К



Дата21.11.2022
өлшемі20.78 Kb.
#465356
Бекзат Зерттеу жұмысы НК


М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті

-

ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСЫ


Тақырыбы: Ауыз суға қойылатын талаптарды талдау

Орындаған: Калбаев Б.
Тобы: ХТ-19-4К
Қабылдаған: Жорабаева Н. К.

Шымкент 2022
Ауыз суға қойылатын талаптарды талдау
1.Судың физиологиялық, гигиеналық және эпидемииологиялық
маңызы
2.Суды нормалау және суды пайдалану тәртібі
3.Ауыз суға қойылатын талаптар
Адам организмі өзін қоршаған ортамен үнемі алмасуда болады.
Су органикалық орта дами алмайтын қоршаған ортаның бір элементі
болып табылады. Адам денесінің 60-70 % судан тұрады: Организмнің
тіршілікке маңызды процестері: ассимиляция, диссимиляция, осмос,
диффузия, сорылу, сүзілу судың қатысуымен жүреді. Тәулігіне адамның
суға деген физиологиялық қажеттілігі орташа есеппен 2,5 л. құрайды. Бұл
қажеттілік нормасы адамның қызметіне, жасына, климаттық-географиялық жағдайларына байланысты өзгеріп отырады.
Тұрғындар арасында жұқпалы аурулардың дамуында судың алатын
орны ерекше. Әсіресе ішек ауруларының дамуы су арқылы жылдам өтеді,
оған тікелей әсер ететін төменде көрсетілген жағдайлар:
- науқас немесе бациллотасымалдаушы шығарыстарымен инфекция
қоздырғышының су көзіне түсуі;
- қоздырғыш суда өзінің өмірін және вируленттілігін ұзақ сақтайды;
- ластанған су адамның асқазан-ішек жолына тҥсуі.
Су эпидемиясына тән қасиет бір мезгілде көптеген адамның
науқастануы, ол су көзін пайдаланатын тұрғындар арасында басталады. Су
арқылы берілетін инфекциялар: холера, іш сүзегі, лептоспироз,
эндемиялық гепатит және т.б.
Суды нормалау және суды пайдалану тәртібі
Су көзін пайдаланудың екі түрі бар: - санитарлық-тұрмыстық
мұқтаждықта қаматамасыздандыру; - өндірістік мақсатта пайдалану.
Жұмсалған суды есептеу су пайдаланудың меншікті көлемі болып
саналады, яғни бір адамға тәулігіне жұмсалған су көлемі.
Суды пайдаланушылардың негізгі категориялары:
- тұрғындардың ауыз су, тұрмыстық және шаруашылық қажеттілігін
қамтамасыздандыруға пайдалануы;
- қоғамдық, коммуналды-тұрмыстық, мәдени-ағартушылық, емдік-профилактикалық, балалар, қоғамдық тамақтану кәсіпорындарын
қамтамасыздандыруға пайдалану;
- көшелерді жууға, жасыл желектерді суаруға;
- өрт сөндіруге.
Тұрғындарға берілетін ауыз судың сапасы МЕСТ «Ауыз суы» 2874-
82 және кейінгі бекітілген «Орталықтандырылған ауыз су жүйесіндегі су сапасына қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» №
3.02.002.04, сондай-ақ «Су көздеріне, шаруашылық-ауыз су мақсаты ҥшін
су жинау орындарына, шаруашылық ауыз сумен жабдықтауға, суды
мәдени-тұрмыстық пайдалану орындарына және су объектілерінің
қауіпсіздігіне қойылатын санитариялық эпидемиологиялық талаптар» (ҚР
ҤҚ №104 18.01.2012 ж) санитариялық қағидалары талаптарына сәйкес
болуы тиіс.
Ауыз суға қойылатын талаптар .
Ауыз судың сапасына қойылатын санитарлық – гигиеналық талаптар:
органолептикалық қасиеттері бойынша дәмі және иісі 2 баллдан,
мөлдірлігі Снеллен шрифті бойынша 30 см, түсі платинді кобальт шкала
бойынша 20 – 35 0С – тан, тұнба әлсіз ғана байқалатын температура 7-12
0С – тан аспауы қажет. Химиялық құрамы бойынша: РН 6,5-8,5,
хлоридтер 350 мг/л аспайды, сульфаттар 500 мг/л – ден аспайды, темір 0,3
мг/л – ден аспауы қажет. Йод пен фтордың микроэлемент ретінде
гигиеналық бағасы мен физиологиялық маңызы эндемиялық зоб және
флюороз сияқты ауруларды тудырушы ретінде зерттеледі.
Бактериологиялық қасиеттері бойынша қойылатын талаптар: ауыз суында
эпидемиологиялық жағдай бойынша ауру қоздырушы микробтар болмауы
қажет. Жалпы микроб саны 100 – ден аспайды. Коли – титр 333 мл – дегі 1
микроб санынан аспауы қажет, коли-индекс 1 л 3 ішек таяқшасынан
аспауы керек.
Орталықтандырылған және орталықтандырылмаған сумен қамтамасыз
ету жүйесі және оның гигиеналық сипаттамасы.
Сумен қамтамасыздандыру – тұрғындар, өндірістік кәсіпорындар
сияқты тұтынушыларды сумен қамтамасыздандыруға арналған
шаралардың жиынтығы. Тұтынушыларға су жеткізуші тасымалдаушы,
суды тазалаушы, табиғи су көздерінен суды жеткізуші қондырғылар мен
жабдықтардың инженерлік – техникалық кешені сумен
қамтамасыздандыру жүйесі деп аталады. Орталықтандырылған және
орталықтандырылмаған су жүйесін бөледі. Мұндай бөлудің негізгі белгісі
суды тарту әдісіне негізделген. Орталықтандырылған су жүйесінде су жер
беті және жер асты су көздерінен механикалық жол арқылы
тұтынушыларға жеткізіледі. Жергілікті су жүйесінде су тікелей су кӛзінен
алынады.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет