13 АЭРОЗОЛЬДІ ӨРТ СӨНДІРУ ҚОНДЫРҒЫЛАРЫНА ҚОЙЫЛАТЫН ҚАУІПСІЗДІК ТАЛАПТАРЫ 13.1 Аэрозольді өрт сөндіру қондырғыларды құрылымдауға қойылатын қауіпсіздік талаптары
13.1.1 Аэрозольді өрт сөндіру қондырғыларында автоматты және қашықтықтан қосу
бар болуы керек. Қондырғыларды жергілікті қосуға рұқсат етілмейді.
13.1.2 Өрт сөндіргіш аэрозоль генераторларын әрекетке келтіру электрлі іске
қосудың көмегімен жүзеге асырылуы тиіс. Генераторларды іске қосуды бір уақытта (бір
топпен) немесе үй-жайдағы артық қысымды төмендету мақсатында өрт сөндіргіш
аэрозольді беруде үзіліссіз бірнеше топтармен жүргізуге рұқсат етіледі. Аэрозольді өрт
сөндіру қондырғыларының құрамында құрамдастырылған іске қосылатын генераторларды
қолдануға тыйым салынады.
13.1.3 Қондырғы өрт сөндіргіш аэрозольді қорғалатын үй-жайға шығуын
генераторларды қосқаны туралы дыбысты және жарық сигнал хабарламасы берілгеннен,
сондай-ақ желдету жабдығы толық тоқтағаннан, ауа қақпақтары, өртке қарсы
қақпақшалар және т.с.сс жабылғаннан кейін адамдарды көшіру үшін қажетті уақытқа
кідіруін қамтамасыз етуі тиіс, бірақ 30 секундтан кем емес.
13.1.4 Қорғалатын нысанда өрт сөндіргіш заттардың есептік мөлшерінен басқа оның
100% қорын қарастыру керек.
Нысанда бірнеше модульді қондырғылар бар болған кезде қор кез-келген
қорғалатын үй-жайдағы іске қосылған өрт сөндіру қондырғысының жұмысқа
қабілеттілігін қалпына келтіру үшін жеткілікті көлемде қарастырылады.
Қорды нысан қоймасында сақтау керек.
13.1.5 Қондырғыларды жобалау кезінде қорғалатын үй-жайлардағы қолданылатын
өрт сөндіргіш аэрозоль генераторларынан тұтанудың пайда болу мүмкіндігін
болдырмайтын шаралар қабылдануы тиіс.